Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе
- Название:Шежірем сыр шертсе
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:Литагент Selfpub.ru (искл)
- Год:неизвестен
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе краткое содержание
Шежірем сыр шертсе - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Шежіреге бай елміз деп отырмыз ғой. Олай болса, алдымен сол шежірелердің ірі, мазмұндыларын іріктеп алып, атын атап, түсін түстеп кеткен жөн сияқты. Шежірелердің ең үлкені, құндысы Рашид ад-Диннің«Түрік-моңғол шежіресі», Жамал Қаршидың«Оғыз-қыпшақ шежіресі», «Қарахан шежіресі», Ұлықбектің«Шад-жарат әл-атрак шежіресі», Әбілғазының«Шежіре-и түркі», «Шежіре-и тарахимесі», қазақ хандығы құрылған жылдары көп қолданылған «Насаб-наме Шыңғыс», «Насабнаме қазақ», Бейбарыс пен Ибн Халдун жазған«Қыпшақ шежіресі», «Жаһаннаме», ел арасына кең тараған «Абылай шежіресі» мен «Әбілхайыр шежіресі», кейіңгі қазақ оқымыстылары мен ойшылдары топтастырып жазған Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қыдырғали Қосынұлы Жалаиридің«Көшен–Қарауыл шежіресі», «Жәңгірхан шежіресі», Ш.Уәлихановтың«Ұлы жүз шежіресі», Абдулла Ниязовтың«Үш жүз шежіресі», Мұса Шорманұлының«Шежіресі», Өтеу Бөжейұлының«Қазақ жұрты шежіресі», Қорғанбек Бірімжанұлыныңбастауымен жинақталған «Орта жүз және кіші жүз шежіресі», Ақмолданың«Ғажайып шежіресі», «Насаб Шыңғыс», «Шыңғыснама» шежірелері», Ш.Құдайбердіұлының«Қазақ шежіресі», Халиди Құрбанғалидың«Қазақ шежіресі», Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының«Қазақ шежіресі», «Бұл қазақ қай кезде «Үш жүз» аталған шежіресі», Нұржан Наушабайұлының«Қазақ пен түрікмен шежіресі», сыр бойынан Торғай бижинаған «Үш жүз шежіресі», Диханбай батырдың«Ұлы жүз шежіресі», Қазыбек Тауасарұлының«Өзімнен түптұқияныма дейін» шежіресі, Зайыр Сәдібековтың«Қазақ шежіресі», Тұрлыбек Деменұлының«Келте тонды Келмембет» шежіресі, Хамит Мадановтың«Кіші жүз шежіресі», Тынышбек Дайрабаевтың«Кете–Шөмекей шежіресі», «Қаратамыр шежіресі», Мақсұт Неталиевтің«Кіші жүз шежіресі», Жарылқап Бейсенбайұлының«Кіші жүз шежіресі», « Нұрмұхамедұлы Жанқожа батыр шежіресі».
Өткен өміріміз мен тегіміз жайлы, ел бастаған биіміз бен қан майданда қаһарымен жауын қашырған батыр бабаларымыз туралы шымырлаған шындықты шынайы, бүкпесіз жеткізіп бере алатын тек осы шежірелер. Еліміз бен жеріміздің сол кездегі жағрафиясынан да, тарихынан да, ел басқару ісіндегі ерекшеліктерінен де, салт-сана, дәстүрлерінен де, тіпті тұрғын жұртының түтін саны мен талшық етер тамағы мен мал азығының түр, шамасынан да ақпарат берер осы шежірелер.
Қазақтың сол заманда өмір сүрген көкірегі ояу, көзі қарақты азаматтары үшін оқыр ілімі де, зерттеп, ойына тоқыр білімі де, ақ қағаз, көк сиямен жалықпай жазып, ұрпаққа аманат етіп қалдырып кетер жазу-сызулары да негізінен осы шежілер болды.
Ардақтап " шежірем, алтын тұғырым"дейтініміз де, оны тәбәрік тұтып, жоғары ұстайтынымыз да осыдан. Құдайға шүкір, қазақ деген әулетіміз бар, сол әулеттің ешкімнен кем түспейтін әлеуетті шежірелері де бар екенін тағы айтып кетпекпіз. Солардан теріп алып жазарымыз жұқа болса да жұтаң емес, жұрнақты болар деп үміттенеміз. Кейінгі толқын буынға одан шама-шарқымызша сыралғылатып сыр қозғап көрмекпіз.
1 тарау
1 бөлім
ЖЕТІ АТАМ МЕН ЖЕТІ БУЫНЫМА ДЕЙІН
Қазақ шежіресі «әу» дегенде жеті атасынанбасталады. Жеті атамызды білмейтін шежіре жетімсіреп тұратыны анық. Жеті атамызды білу үшін әкемізден бастап, жетінші буынға дейінгі тегімізді: әкемізді, атамызды, арғы атамызды, бабамызды, арғы бабамызды, түп атамызды, тек атамызды білуіміз шарт. Кері қарай санайтын болсақ бұл енді атаемес, ұрпақсанын білдіреді. Демек: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, жүрежат (жүре келе жат) болып келеді де, сегізінші ұрпаққа жеткенде туажат деп аталады. Мағынасы: ол кім, мен оны білмеймін, ол маған қандас туыс емес, туғалы жат жан дегенді аңғартады. Сондықтан осы «туажатқа»дейін біздер қыз алыспайтын туысқан, бауырмыз. Қазақ бұл дәстүрді ұрпақ қанын бұзбай, оның ағза мен жан тазалығын сақтау мақсатында ұстанғаны белгілі.
Жақын адамдар қан араластырса бойларында белең алған ауру-сырқау, тағы басқа ағза кемшіліктері келесі ұрпаққа тұқым қуалап, күшейіп жетерін бүгінгі медицина мен биология ғылымдары әлдеқашан дәлелдеп берген. Ата, ұрпақтүсініктерімен қатар оларға туыс буындеген де ұғым бар. Бірақ бұларды бір-бірімен шатастырып алмауымыз керек. Буынсөзі атамен ұрпақтүсініктеріне олардың реттік сандарын анықтарда қосылып айтылар ортақ атау. Мәселен, 13-ата немесе 5-ұрпақ деп емес, 13 буындағы атасы, 5 буындағы ұрпағы деуіміз дұрыс естілмек. Сонымен Атадегеніміз атынан-ақ көрініп тұр, шаңырақ құрған, артында ұрпақ қалдырған буын. Ал артында ұрпақ қалдыра алмаған буындыешкім атадей алмайтындығы бесенеден белгілі. Ол тек буынкүйінде қала бермек.
Буынды ортақ атау дейтін себебіміз – өмірде бір әке, бір шешеден бір-ақ бала тумайды ғой, олардың бірнешеу болып келетіндігі әбден мүмкін. Бірақ осындай біртуған, біртуған болмаса да құрсақтас, құрсақтас болмаса да кіндіктес, кіндіктес болмаса да ағайын болып келетін аталар мен ұрпақтар саны қаншау болмасын реттік санын өзгертпей бір буын болып саналатындығы екібастан белгілі.
Бәз біреулер жеті атасын өзінен бастап тарқатады. Бұл дұрыс емес. Қандай ұрпақ болмасын жеті атасынәкесінен бастап санауы тиіс. Егер туыс буындардың жетінші аталары бір адам болса олар әлі де болса қыз алыспайтын жақын туысқандар. Себебі тұқым қуалайтын қандық белгілер биологиялық деректер бойынша жетінші буыннан кейін ғана әлсіреп, өше бастайтын көрінеді. Әлбетте, жеті атадәстүрін тек бұл мақсат үшін ғана ұстанбаймыз. Бастысы–тегімізді білу үшін қолданамыз. «Тегін білмеген–тентек, жеті атасын білмеген–жетесіз» ,-деп көне көз қариялар бекер айтпаса керек. Тексіз деген ауыр сөз. Тексіз болу қиын. Тегі мен жеті атасын қу жетімдер ғана білмеген. Кімнен туып, кіммен туыс екендігін білу әркімге шарт. Басы ауырып, балтыры сыздай қалғанда жанашыр болып кеңес берер, арқа сүйер жақыны жоқ жалғызіліктік кімге болса да ауыр сын екені анық. Жалғыздық Аллаһқағана жарасқан дейді халық. Төле бибабамыз : «Балығы жоқ көл жетім, құрағы жоқ жер жетім, бұлағы жоқ тау жетім, шежіресі жоқ ел жетім. Тегін білмеген ел жетім, жеті атасын білмеген ер жетім» ,-деп бекер күңіреніп, тебіренбесе керек.
Арқалық қаласының тұрғыны жазушы, мәдениеттанушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлының 2010 жылы "Ана тілі" газетінің 4 бетінде басылған "Жеті атаны білуіміз керек" деген мақаласында:" Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын білер. Жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер ",- деген жүйелі сөз қөп мағынаны білдіреді. Сондықтан да біздің атабабаларымыз өз ұрпақтарына жеті атасының аты-жөнін, ата мекенін, өз руынан шыққан белгілі батыр, би, жақсылардың есімін айтып, үйретіп отырған. Бұл жолды қазақтың аяулы әрі білімдар перзенті Дінмұхамед Қонаев та ұстанған. Өзінің "Ақиқаттан аттауға болмайды" атты кітабында ("Санат" баспасы, 1994 ж.) былай деген:"Ал енді өзіме дейінгі жеті атамды қуалап айтсам былай: Жолын–Нұрмамбет–Азынабай–Қонай–Жетібай–Жұмабай–Меңліахмет–Дінмұхамед" (13–14 бет). Басқа білетіндер де, мысалы Сәбит Мұқанов та осылай таратқан, осыған тоқтаған. Ал бұған біз неге тоқтамай жүрміз?
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: