Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Тут можно читать онлайн Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: samizdat, издательство Литагент Selfpub.ru (искл). Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Шежірем сыр шертсе
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    Литагент Selfpub.ru (искл)
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    нет данных
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе краткое содержание

Шежірем сыр шертсе - описание и краткое содержание, автор Тажис Мынжасар, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.

Шежірем сыр шертсе - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Шежірем сыр шертсе - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Тажис Мынжасар
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Жеті ататақырыбында атап кеткен текпен түп ата, түп бабаларымызжайлы баяндарда деректерімізді неліктен көбіне олардың отан қорғау жолындағы батырлық істері мен шешендік, даналық сөздерін насихаттауға құрғанымыз бәрімізге түсінікті ғой ойлаймыз. Мұндағы мақсатымыз – олардың жалынды патриоттық істері мен жеке бастарына тән бірегей қасиеттерін кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие ретінде қалдырғымыз келгендігі. Келменбетбабамыз жайлы хикаяларымыз солардың бірі. Оны да өз алдына дербес, 13 бөлімдебаяндап бердік.

Бұл үшін бабамыз туралы жазған Тұрлыбек Деменұлының «Келте тонды Келмембет»шежіресін тауып оқып, пайдаландық. Ол кісіге бұл үшін рақметтен басқа айтарымыз жоқ. Ал өз шежіремізді жазарда жатпай-тұрмай іздегеніміз осы Келменбет батыр жайлы көп бұрындары жазылған жыр-дастан еді. Таба алмай көп қиналдық. Мұның басты себебі – авторын, қай жылы, қандай атау, тақырыппен жазылғандығын біз ғана емес, сұраған өзге кісілер де білмейтін болып шықты.

Бірақ сұрай-сұрай Меккеге де жетесің дейді ғой халық. Сырдың Рашид деген сарықасқа жігіті өтінішіміз бойынша осы дастаны бар шежіреші кісіні ақыры табады. Хабарын күтіп, қуанып қалғанбыз.Бірақ өкініштісі әлгі адам сөйлесе келе дастанның көшірмесін түсіріп алу үшін алдына қиын шарт қояды. Ол бұған кезінде қордаланып, өтпей қалған, дастан жазылған басы артық шежірелерін түгел сатып алуды ұсынады. Шежіресінің біреуін, мейлі екеуін, мейлі үшеуін сатып алуға болар еді, бірақ бәрін емес ғой. Әу, бабамыз жайлы жазылған дастанымен тегін бөлісудің орнына оны қып-қызыл саудаға салып, әкесінің құнын сұраған мұндай да жан болады екен ғой деп әлгі бауырымыз қатты ренжіп, онымен әрі қарай сөйлесуден бас тартады. Бірақ абырой болғанда, атын, авторын білмесек те ғаламтор мұрағатын соқыр адамша күні-түні түрткілеп іздеп жүріп, ақыры құдайға шүкір, әлгі дастанды бір шежірешінің жинағынан кездейсоқ болсын әйтеуір таптық-ау. Аруағы разы болсын, оны 1946жылы марқұм метей сарықасқа Молдахмет Дабылұлы деген ақын кісі жазыпты. Бұл туралы шежіремізде мағлұматтар келтірдік.

Дастан жазулары кей жері ескіріп, өше бастаған екен. Қайта теріп, өздеріңізге ұсынып отырмыз. Осы жырда және бірқатар шежірешілердің жазба, мәтіндерінде Сарықасқасөзі «ы»әрпі түсіріліп Сарқасқадеп жазылған. Одан бұл атаудың мән-мазмұны пәлендей өзгеріп кетіп жатқан жоқ. Сондықтан біз жазушылардың авторлық құқын сақтау мақсатында оны шежіремізге сол күйінде өзгертпей енгіздік.

Ендігі бір айтпақ әңгімеміз–ол біреулерімізге алтыншы, екіншілерімізге жетінші, ал үшіншілерімізге сегізінші ата болып келетін Жаңай батыр мен әулие Ораз ахун жөніндегі аңыздар, Жаңай батырдың қолынан қаза тапқан көшбасшы жігіт жөнінде түйген ой, түсініктеріміз. Бұларды шежіреміздің 14,15,16бөлімдерінде бердік. Осы Жаңай атамыз бен Ораз ахунға дейінгі буындар Деменұлы сияқты өзге шежірешілер қалдырған жазу-сызуларда ұшырасқанымен, бірақ олардан тарқайтын бергі ұрпақтар жайлы еш жерде мардымды ештеңе айтылмайды. Сондықтан осы Жаңай атамыздың Зәуір, Әділ, Сабыры мен солардан өрбитін толып жатқан буындар турасындағы деректерді шежіре білетін кісілер аузынан өзіміз теріп алып жаздық.

Оларды әңгімеміздің 17, ал Қалабай бабамыз жайлы 18, ал әулетіміздің бергі, Әлібек атамыздан басталар көз көрген адамдары жайлы айтылар тұстарын, "сүйегі сіздікі, еті біздікі" дегендей, жады тасқа таңба басқандай әлі күнге дейін қуатты, бүгіндері тоқсанның төртеуінен асып бара жатқан Үрия әпкеміздің айтуымен, бірақ біздің сиямызбен шежіреміздің 19–37 бөлімдеріндеқағазға түсірдік.

Шежіреміз жазылып бітіп, баспағаға берілгелі жатқанда бірқатар деректер Әлмахан көкемізде де болған деген сөзді естіп, тез кенже ұлы Ермек інімізге сұрау салдырдық. Рас екен. Кештеу болса да оларды қолға түсірдік. Ашып қарағанда таңғалғанымыз–парақтары сарғайып кеткен қалыңдау дәптер бетіне шежіре мәтіні үш түрлі қолтаңбамен түсіріліпті. Бірі 30 жылдардағы қазақ тілі грамматикасына ыңғайланып, көне кириллица қаріптерімен ұсақтау, екіншісі бүгінгі қаріптермен ірі, түсінікті етіліп, ал үшіншісі сол күйінде қалдыра берсеңіз де болатындай қызыл сиямен құдды жіпке тізген моншақ-маржандай әдемі өрнектеліп жазылыпты. Ермек әкесінің қолтаңбасын таниды ғой, екіншісі сонікі, ал былайғы екеуін білмеймін деді.

Естуімізше, Рашид ағамызда да мұндай шежіре болған. Кішкентай болсам да бірде ол кісінің дастарқан басында үлкендерге "Үркетай", "Садақбай" деп бүгінгі біздерге таныс есімдерді айтып отырғанын өз құлағыммен естігенмін. Әрине ол кезде аты аталған бұл кісілердің кім екендігін білмесем де құдайдың құдіретімен аттары жадымда жақсы сақталып қалыпты. Сондықтан Рашид ағамыздай кісіде мұндай шежіренің болмауы мүмкін емес деп санаймыз. Болған, оны дүниеден озар алдында қағазға әдемілеп түсіру үшін көкемізге табыстап кетті деп ойлаймыз. Көпшілік арасында кезінде мұндай әңгіменің болғаны рас. Әйтпесе көкеміз әрідегі аталардың атын атап, түсін түстеп тарқатып берер ондай шежірені кімнен, қайдан алмақ. Сондықтан майда жазуды сауатын көне кириллица, кейін латиницалармен ашқан Рашид ағамыздың қолы, ал құсни (каллиграфиялық) әдіпті қолтаңбаны көкеміз өрнектетіп жаздырған оның көп оқушыларының бірінікі деп пайымдаймыз. Шежіре мәнері, жоғарыда айтпақшы, аталарды бір-бірінен тарқату үлгісімен ғана жазылған.

Егер бәрі осылай болса, онда қайран Рашид аға өзінен кейінгі жас толқын шыққан тектерін білмей кетпесін деп істеп жүрген өзге тірліктерімен қатар рухани азық боларлық өмірдің бұл жағын да ұмытпай қағазға түсіріп кеткісі келген екен ғой деп ойлаймыз. Аллаһ-тағалапешенеге жазса, қандай іс болмасын түбі болмай қоймайды ғой. Ағамыз бен көкеміздің әулет шежіресін кітап құсатып қалдырғысы келген сол кездегі үкілі үміттерін, әлхамду лиллах,құдай қаласа бүгіндері біз шындыққа айналдырып, жүзеге асырсақ деп отырмыз.

Ақиқат қашанда біреу емес пе, жазбаларын өз шежіремізбен салыстыра қараған кезімізде пәлендей бір үлкен айырмашылық таба алмадық. Дегенмен, біз үшін оның құндылығы жоқ емес. Мәселен, Сабыр ата ұрпақтарын біршама кеңірек таратыпты. Ал Дабыл ата жөнінде де аздап болса да мәліметтер береді. Сосын арамызда жүрген ұрпақтары кезінде жас болғасын ба жадыларынан шығарып алған кейбір аталарымыз мен олардың азан шақырып қойған есімдерін беріп кетеді. Біз оларды қайта жаңғыртып, түлетіп, қағазға түсірдік. Мысалы, Мәниден тарайтын Сәдуақас атамыздың Сахи есімді інісі болғандығы туралы Үрия әпкеміздің әңгімесінен талай құлаққағыс естісек те, онымызды Сапарбек ағамыз пәлендей мақұлдай қоймағасын қойғанбыз. Бірақ қолымызға түскен осы, соңғы шежіреден оның тасқа таңба басқандай етіліп, өрнектеліп жазылған атын тауып алдық. Сонымен қатар, одан Сәдуақас атамыздың Сахидан бөлек Сәби, Әлиакбар деген ағалары болғандығын да зерделеп отырмыз. Сол сияқты Шәдек ағамыздың азан шақырып қойған есімі Шадықұл екендігін де енді оқып, білдік. Әйтпесе "Шәдек" сөзінің қай тілден алынғанын қанша сарқыла сараптасақ та анықтай алмағанбыз. Шәдек, Сапарбек ағаларымыз Сәдуақастан туылса, Садық пен Мәлік ағаларымыз Сәби атамыздан өрбитін ұландар екендігін де осыннан оқып, зейіндедік.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Тажис Мынжасар читать все книги автора по порядку

Тажис Мынжасар - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Шежірем сыр шертсе отзывы


Отзывы читателей о книге Шежірем сыр шертсе, автор: Тажис Мынжасар. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x