Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе
- Название:Шежірем сыр шертсе
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:Литагент Selfpub.ru (искл)
- Год:неизвестен
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе краткое содержание
Шежірем сыр шертсе - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Ал шежіреміздің 19,20,21 бөлімдеріндеқазақ халқының тең жартысына жуығын алып кеткен, ел тарихының қайғы-қасіретке толы қаралы беттері деп саналатын 1928–1932жылдары орын алған кәмпеске мен ашаршылық жайлы қилы-қилы оқиғалар мен олардың жұрт өміріне салып кеткен қанды іздері туралы әулет өмірімен сабақтастыра баяндадық. Бұлардың көбін Үрия әпкеміздің аузынан жазып алдық. Сонымен шежіреміз 2 тарау, 37 бөлімнентұрады. 1 тараубөлімдері, көріп отырсыздар, негізінен шежіренің теориялық жағын қамтыса, ал 2 тараубөлімдері бабалар өмірінен алынған естелік-эссе түрінде жазылды. Аталықтар мен ұрпақтарды тарқату кестелерін әңгіме барысына орай екі тарауға бөліп емес, топтап беруге тура келді.
Үрия әпкемізден өзге әулет тарихын жетік білетін жан қазір арамызда қалған жоқ. Ал әулет тарихы қағазға түспегесін бүгінгі біздер үшін ғана емес, келер ұрпақ үшін де ұмыт қалар дүние екендігі анық. Содан болар осындағы бірді-екілі бауырларымыз: "Тәке, білгеніңізді жазып қалдырып кету сіз үшін әрі парыз, әрі қарыз іс. Егер оны бүгін сіз жазып қалдырмасаңыз, ертеңгі ұрпақ оны кімнен естіп, кімнен сұрап, біліп жатпақ" ,– деп әбігерлері кеткені рас.
Бұлай дейтіндері орынды-ақ. Күнделікті араласып жүрген ағайындардың қайсысының кімнен тарайтындығын, олармен ара қашықтығымыздың алыс, жақындығын дұрыс айыра білгіміз келген қарабайыр қарақан басымыздың жайын ойлап ғана емес, бүгін болмаса да ертең арамызға келер әулет тарихын әу басынан жете оқып, зерттеп білгісі келер көзі қарақты, білімгер немере, шөбере, шөпшектер тұрқын ойлап жазып отырмыз. Өйткені араларынан: "Аталарымыз кілең оқыған, сауатты адамдар болғанымен қайдан өрбіп, қалай тарқап, тарайтындығымыз жөнінде жетемізге жетердей жеткізе айтып, ештеңе жазып кетпегендері несі?" , –дейтіндері табылып жатса бізге серт емес пе? Білгілері келгенін біле алмаған олар үшін мұның арты өзекті өртер өкінішті жайға әкелері ақиқат. Сондықтан мұның бәрін жазып, қалдырып кету үшін Аллаһниетімізге қарай Үриядай әпке беріп, оның өмір жасын ұзақ қылып қойғандығына шүкір дейміз.
Бұларды келер ұрпақ үшін дейміз ғой, ал бүгінгі ұрпақ үшін дер болсақ, тым аз болмаса да, тым мол болмаса да, бірақ біраз айтар дүниесі бар түпнұсқалар мен тарихи, шежіре кітаптарды олар қай кітапхананың қай есігін ашып, оның қай сөрелерінен уақыттарын сарп етіп іздеп жатпақ? Одан да алыстан арбаламай, жақыннан дорбалап, іздегендерін осы кітап ішінен беттерін әрлі-берлі аударыстырып отырып-ақ оп-оңай тауып алмай ма дегеніміз ғой.
Сосын құдайға шүкір, немере, жиендер қазір бәрмізде баршылық ғой, кездесе қалғанда бұлар кімдер, қайсысы кімнен өрбіп, қалай тарайды деп жатпай аттарын сұрап-біліп алсақ болғаны, қалғанын осы кітаптан-ақ ақтарыстырып, тауып алуымызға болады. Өйткені соларға қатысты деректерді де қамти жазуға тырыстық.
Ал шежіремізді әрі қарай тереңірек, кеңірек оқып, білем деушілер шығып жатса, олар үшін деректерімізді қай жерден, қай құжаттардан, оның қай беттерінен алғандығымызға сілтеме жасай отырып бердік.
Шежіреңді өз атыңнан емес көпшіліктің атынан жазыпсың деп жатқандар да бар. Егер оны Рашид, Шаймахан, Әлмахан, Шәдек, көзі тірі арамызда жүрген Үрия, Айтмахан сияқты аға, әке, көке, әпкелеріміздің аузынан, қалдырып кеткен жазу-сызуларынан алып, күнделікті қасымда жүрген өзге де бауырларымның айтуымен қағазға түсіріп жатсам неге ол тек менікі ғана болуы керек, көпшіліктікі емес пе дегім келеді.
Бүгіндері өзгелер шежірелерін басқаша стиль, жолмен жазып жүрген шығар, бірақ мен еңбегімді оқырманыма көпшіліктің атынан осылайша әрі шежіре, әрі төте оқу құралы, әрі қысқа, мәліметтері бір жерден табылатындай әмбебап анықтама сыпатында ұсынуды ниет еттім. Келер ұрпақ біз құсап баба, аталарымыз бен әже, апаларымыздың түр, кескіндері қандай болды екен демес үшін фотосуреттерді де табылғанынша мол етіп бердім.
Кейінгі ұрпақ шежіремізді осы тоқтаған жерімізден әрі қарай өздері жалғастырып әкетер, жазар деп ойлаймын. Біздікі–білгенімізше әулетіміздің бастау алар мұнар басын оларға мәлімет үшін ұмыт қалдырмай бастап беру, қағазға түсіріп кету болды.
СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар
07.03.2015 ж.
КІРІСПЕ
Алла-тағаласонау ықылым заманда әлемді бір тарының қауызына сиып кетердей жоқтан бар етіп жаратқанда оған алдымен берген асыл қасиеттерінің бірі кешегісі бүгінгісіне, ал бүгінгісі ертеңгісіне ауысып отыратын уақыт өлшемі болыпты. Содан бері төрткіл дүниеміз осы уақыт өлшеміне тәуелді болып келе жатқаны хақ . «Кешегімді білмей бүгінімді қалай түсінем, бүгінімді білмей ертеңіме қалай қол созам» ,-деп көне көз қария, шешендеріміз тегіннен тегін тебірене жырламаса керек.
Сол айтпақшы, өткен дүниенің парқын білмей, өтіп жатқан дүниенің нарқын түсіну, кешегі тарихымызды жете білмей, бүгінгі өмірімізді жеткілікті түсіну біздіңше мүмкін емес. Бұларсыз көмескі келешегімізге қорықпай көз тігу де, қомсынбай қол созу да, жатсынбай қадам басу да қиын. Бұл ретте бізді табан жолымыздан жаңылдырмай, темірқазық жұлдыздай жетелеп алға алып жүрер жалғыз жолбасшымыз тарих-шежіреміз екені анық. Ендеше, әңгіме арқауы сол тарих-шежіреміз жайлы болмақ.
Юнесконың соңғы деректері бойынша әлемде 1500 ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді екен. Мәселен, солардың бірде-біреуін шежіресіз деп айта алмайсыз. Бәрінің шыққан тектерін, басынан-кешкендерін ұрпаққа жыр етіп баяндап берер өзіндік қисса-дастандары мен жыр-аңыздары бар. Шежіре дегеннен шығады. Шежіре Қазақ Совет энциклопедиясында арабтың шаджарат–бұтақ, тармақ деген сөзінен шығатындығы, халықтың шығу тегі мен таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы екендігі айтылады (12 т. 231 б.).
Айтпағымыз, қазағымыз тегін білмейтін жетім ел емес. Жеті атасынан бастап, түптұқиянына дейін тарқатып, таратып бере алар шежіресі бар жетіскен ел. Өзге жұрттар қазақты жаһан халықтарының ішіндегі ең бір шежіре-жазбаларға бай ел дейтін көрінеді. Солай десе солай да шығар. Себебі халқымыздың өмірінен сыр шертетін жылнама іспеттес тарихи жыр-дастандарды былай қойғанда жүздер шежіресі, жүздер шежіресін қоя тұрғанда, бізде не көп әулеттер шежіресін саусақпен санап болмайды.
Әрбір әулет бабаларын, олар өмір сүрген орта тарихын, солардың басынан кешкен уақиғаларын өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі, тағлым етіп тарту үшін аянып қалған ба. Олардың ерлік істері мен көшелі тірліктерін барын салып, көсем сөзбен кестелеп жеткізіп беріп отырған жоқ па. Ондағы мақсаты–оларды бабалар тірлігімен, аталар ірілігімен рухтандырып, бойкүйезділікке салынбас, өмірдің келеңсіз жайларына бой алдырмас жігерлі жан етіп өсіріп, үлкенді сыйлар, кішіні құрметтер, ата-анасы мен жақын туыстарына қорғаушы, сұраушы болар намысты азамат етіп, тәрбиелеп шығару еді.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: