Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Тут можно читать онлайн Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Крутой детектив, год 2021. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание

Сарман алты таңба кітабы - описание и краткое содержание, автор Алпамыс Сырманов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Сарман алты таңба кітабы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Алпамыс Сырманов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

«Қазір бұл туралы айтатын уақыт емес», – деп үшіншісі олардың сөзін бөлді. Одан кейін олардың әлгі зат туралы айтқандарын естіген жоқпыз, не болса да олардың Тұмандыда бірдеңе іздеп жүргендері анық.

Не екенін анықтау қажет… бірақ оны анықтауға тырысудың өзі өте қатерлі дүние, алайда біз мынаның барлығының артында не жатқанын білуге міндеттіміз, – деді Ерұлан.

Мұның соңында не жатқанын білгім-ақ келеді, бірақ мен шаршадым, – деді Жақып Ерұланға қарай.

Сендерге бір нәрсе айтайын, Бабадүрдің кітабында тағы бір дүние жазылған, онда: «Біздің әлем ақырын өліп бара жатыр, ұзақ уақыт өткеннен кейін біздің жеріміз де Тұманды сияқты тіршілігі жоқ, өлі жерге айналады, ал тіршілік мәңгілікке жоғалып кетеді» – деген.

Бірақ ол мұның барлығын қайдан білген, ол да мұның бәрін бір жерден білуі керек, бірақ қайдан? – деді Нұрлан.

Біз оны енді ешқашан біле алмаймыз, мен кешіктім – хан Бабадүрді өлтіріп, оның отбасын ешкім білмейтін бір жерге жіберді немесе олардың да көзін құртты, – деді Ерұлан. Олардың арасында тынышық орнады, барлығы бас сүйекке, әлгі қорапқа қарап отырды. Сосын Ерұлан:

Ал мына бойтұмар, ол жайлы білесіңдер ме? – деді бойтұмарды сұқ саусағымен көрсете, бойтұмар көк түсті домалақ тастан жасалған, ал оның бетінде алтын түспен қанатсыз айдаһарға ұқсас жануар бейнеленді.

Жоқ, оның не екенінен хабарымыз жоқ, – деді Жақып.

Сендер осының барлығын мұнараның бір бөлігінен ғана таптыңдар ма?

Иә, ары қарай өтетін жол болған жоқ, қирандылармен бітелген, – деді Нұрлан. Ерұлан кішкене ойлана, екеуіне қарады:

Егер сен бізге мұнараның жабық бөлігінің арғы жағында не бар екенін біліп беруді сұрамақ болсаң, онда біз бас тартамыз, әлгі қарғыс атқан жерге қайта оралғымыз жоқ, енді тек тыныш өмір сүргіміз келеді, – деді Нұрлан.

Жоқ, менің ойымша, сендердің мына әкелген дүниелеріңнің өзі жеткілікті, ары қарай не істеймін десеңдер де өз еріктерің, бірақ бұл жайлы ешкімге айтпауларыңды сұраймын.

Әрине, бұл жайлы айтып басымызға бәле таба алмай жүр дейсің бе? – деп олар әзілдей сөйледі. Сосын орындарынан тұрып:

Онда біз жүрейік, саған бар білгеніміз бен көргенімізді айттық, енді қалғаны өзіңнің қолыңда, абай бол, саған тек сәттілік тілейміз…

Бірнеше күн осында болсаңдар қайтеді? Мен тек қуанатын едім, сендерді мына күйде жібергім жоқ, – деді Ерұлан.

Сенің бұл қонақжайлылығыңа алғысымыз шексіз, бірақ біз кетуіміз керек, – деді Жақып .

Сендерді райларыңнан қайтара алмайтын сияқтымын, ең болмағанда мен беретін сыйлықты қабыл алыңдар, – деп оларға Ерұлан бір қапшық алтын берді.

Ерұлан оларды қақпаға дейін шығарып салып, құшақтаса қоштасты:

Сендердің мына істегендерің, менің өмірімде болған ең керемет жаңалық, сендерге қалай рахметімді айтарымды білмей тұрғаным, – деді де, – абай болыңдар, тағы да кездесеміз деген үміттемін, – деп сарбаздарына оларды шығарып салуын бұйырды. Олардың артынан қарап кішкене тұра, Ерұлан кітапханасына жол тартты.

ЕКІНШІ БӨЛІМ. АЛТЫ ТАҢБА КІТАБЫ

Осыдан кейін Ерұлан уақытының басым көпшілігін кітапханасында, қорап пен бас сүйекті зерттеумен өткізіп, бастың суретін салып, салмағы мен ұзындығын – бәрі-бәрін өлшеп, өзінің күнделігіне жазды. Бас сүйектің құрылысының адамдікінен ерекшеліктерін қағазға түсірді. Ерұлан бас сүйек туралы басқа кітаптарда жазылған деген үмітпен көптеген кітаптарды ақтарып шықты, алайда бас сүйекке қатысты ештеңе тапқан жоқ.

Арада төрт күн өтті, осы уақыттың бәрінде Ерұланға қорқынышты түс әрбір ұйықтаған сайын кірді, ол бұл түстің кездейсоқтық емес екеніне, бір күні оның өңінде қайталанатынына көзі жетті, тіпті Ерұлан қылышпен жүретін болды.

Бірде кешкі уақытта Ерұлан әдеттегідей кітапханасында отырды, ол қорап сыртындағы руналарды қай жерде көргенін іздеп, өзіне белгілі кітаптарды ақтарды, сосын ол Ескендір Торғынның «Тұманды тарих» деген кітабынан қораптың сыртында бейнеленген руналарды кезіктірді, басында ол бұл бір кездейсоқтық шығар деген ойда болды, себебі руналар бір-біріне ұқсағанымен, айырмашылықтары болды. Ерұлан оларды біраз уақыт тексере келе олардың бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ екендігіне көзі жетіп, руналардың аудармасын оқуға кіріскен сәтте, сырттан біреу асыға жүріп келіп, есікті жылдам тоқылдатты. Ерұлан бас сүйек пен қорапты бар шапшаңдығымен үстел астына жасырып, «Бұл кім?» деп сұрамай жатып.

Ерұлан, есікті аш! Бұл мен Батыра , – деген дауыс есік сыртынан естілді. Ерұлан орнынан атып тұра, есікті ашты.

Саған айтарым бар, – деп екеуі бір-біріне қатар айтты.

Онда сен бірінші, – деді Батыра.

Ішке кір, – деп ол Батыраны кіргізіп, өзі оның алдына түсіп, асыға жүрді. Батыра жан-жағына жалт қарай, құдды біреу оның артынан түскендей күйде болды.

Екеуі үстелге жайғасып, Ерлан бас сүйек пен қорапты үстел астынан алып шықты.

Мыналар не?.. – деп бастап жатыр еді.

Олардың не екенін менен сұрама, мен әлі өзім де, олардың не екенін толық білмеймін, – деді.

Мынау бас сүйек пе? – деді Батыра таңырқай.

Иә.

Мына бас сүйекті ібілістікі демеш! – деді ол маңдайын тыржита.

Жоға, қайдағы ібіліс, айттым ғой жаңа ғана – мен көп білмеймін.

Жарайды, оларды қайдан таптың?

Бастақ Бабадүрдің кітабындағы Тұманды аймағы жайында айтқан болатын, онда мұнараның бар екендігі, тіпті жолсызбасын да жасағандығы жөнінде, міне қара, – деп жолсызбаны Батыраға ұсынды.

Иә, Тұманды аймағы жайында естуім бар, – деп жолсызбаны қолына алып қарады.

Мыналардың барлығы сол мұнараның ішінен табылған заттар, – деп Ерұлан болған жайттың барлығын бүге-шүгесіне дейін Батыраға айтып берді.

Мардалармен соғысқа түскен дейсің бе? Бірақ не үшін?

Үстемділердің ұзақ ғұмырының сырын жасыру үшін, – деді Ерұлан еш кідірмей, – бірақ бұл – менің ойым, онда әлі біз білмейтін дүниелердің болуы ғажап емес, – деді ол. Батыра Ерұланға, сосын қорап пен бас сүйекке кезектей көз тастады. Көпке созылмаған үнсіздіктен кейін:

Сен маған не айтайын деп едің? – деді Ерұлан үнсіз отырған Батыраға.

Сенің дұрыс айтқаныңды айтайын деп келдім, – деді ол.

Қалай?

Сен маған айтып едің ғой дәрігерлер аурудың алдын алу үшін емес, олар ерекше сәбиді іздеп жүр деп.

Иә.

Сенің айтқаның дұрыс болды, олар мұнда ешқандай да аурудың алдын алу үшін емес, ерекше балаларды табу үшін келген. Хан оларды сол үшін жіберген, ал ауру ол жай ғана желеу, ауруды да олар өздері таратқан, – деді Батыра.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Алпамыс Сырманов читать все книги автора по порядку

Алпамыс Сырманов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Сарман алты таңба кітабы отзывы


Отзывы читателей о книге Сарман алты таңба кітабы, автор: Алпамыс Сырманов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x