Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Тут можно читать онлайн Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Крутой детектив, год 2021. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание

Сарман алты таңба кітабы - описание и краткое содержание, автор Алпамыс Сырманов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Сарман алты таңба кітабы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Алпамыс Сырманов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Тыңдап тұрмын, – деп ол орындыққа қайта жайғасты.

Мен Бабадүрдің кітабынан бір дүние таптым: ол адамдар мен жануарлар, жалпы осы әлемдегі тіршілік иелерінің өмірі бес жылға қысқарғаны жөнінде жазған. Сонымен қатар тағы үстемділердің ұзақ ғұмырын зерттеген ғалымдардың белгісіз себептермен жоғалып немесе ажал құшатынын жазған.

Түсінбедім! – деді ол жүзі бозара.

Қысқаша айтқанда, әлемдегі барлық тіршілік иелерінің өмірі соңғы сексен бес жылда бес жылға қысқарған. Сонымен қатар билеушілердің өмірін зерттеген ғалымдар қаза болған.

Бабадүр себебін жазды деп айтшы, – деді Батыра

Өкінішке орай жоқ, себебін жазбаған, мүмкін қорыққан шығар, мүмкін жазған – мен түсінбеген болармын.

Бұл енді мүлде түсініксіз.

Мен оның шындықты жазғанына шүбәм жоқ, – деді Ерұлан.

Қорқынышты жаңалық екен.

Иә, қорқынышты, – деп ол кішкене кідірді, – жарайды сені ұстамайын, кездескенше, абай бол! – деп екеуі қол алыса қоштасып, Батыра кітапханадан жылдам шығып кетті.

Ерұлан кітапханасында қалып, Ескендір Торғынның кітабындағы руналарды қарады, екі қатар жазылған рунаның жанында аудармасы болды, дегенмен Торғынның кітабы адамдардың ежелгі тілінде жазылғандықтан, Ерұланға аударманы аударуға тура келді. Ол жұмысты аяқтады, ондағы рунаның мағынасы: «Өмір – ол ұлы сый, ал оны жоғалту – ұлы қасірет»

Өмір – ол ұлы сый, ал оны жоғалту – ұлы қасірет, – деп Ерұлан бірнеше рет қайталады, – бұл нені білдіреді? – деп ойлана сөйледі. Ол тағы да басқа дәйектерді табу үшін кітапты толықтай ақтаруға кірісті.

Ерұланның кітапты мұқият оқып шығуына бірнеше күн уақыт кетті, алайда ол осы уақыт арасында қораптың ішінде не бар екендігі жайында ешқандай дәйек кездестірмеді, тіпті қорапты қалай ашуға болатыны жөнінде жазылмаған, оның қолында тек қорап сыртындағы аударма ғана болды.

***

Арада екі апта өтті, бірақ Батыра сол күйі келген жоқ. Ерұланның қорқынышты түстері де басылар емес, оларды күнде көрді. Сұлудың да босанатын уақыты жақындап, оған зиянын тигізуден қорқып, Ерұлан өзін кітапханасына жауып алды. Тек анда-санда ғана Сұлудың жағдайын білу үшін шығып тұрды.

Ол таң атқанға дейін кезекті кітапты қарады, қорап пен бас сүйек әдеттегідей үстел үстінде жатты. Ерұланның дұрыс ұйықтамағанына жиырма шақты күн болса да, ол өзінен шаршау сезінген жоқ. Бүкірейіп отырғаннан белі ауырған соң, кітапты шетке қойып, орнынан тұра керілді, кенеттен қораптағы руналары ақшыл жасыл түсті сәуле шашып, сәуле біртіндеп үлкейе бастады, кішкенеден кейін қорапты толықтай ашық жасыл түс көмкерді, не болғанын түсінбеген Ерұлан бірнеше қадам артқа шегінді. Сол сәтте есікке біреу асыға келіп, оны қатты соқты.

Мырза! Мырза! Осындасыз ба? – деген қызметшінің жан ұшырған айқайы естілді.

Иә-иә, қазір, – деп сасқалақтағанынан не істерін білмей, үстіндегі киімін шешіп, оны қорапқа жапты да, есікке қарай жүгірді.

Не болып қалды? – деді ол есікті аша.

Сұлу ханым… Сұлу ханым… – деп қызметші ентіге сөйлейді, арғы жақтан Сұлудың айқайлаған дауысы естілді.

Сұлуға не болды? – деп, ол Сұлуға қарай жүгіре кетті.

Ол… босанып жатыр… – деп қызметші Ерұланның соңынан айқайлады.

Ерұлан Сұлу жатқан бөлмеге жүгіріп, бөлменің жанына жақындаған сайын, Сұлудың шыңғырған дауысы қатты естіле түсті. Есікті ашып ішке кірмек болғаны сол еді, ішінен дәрігер оны сыртқа итеріп шығарып:

Сіз сыртта күтіңіз, қалғаны біздің жұмысымыз, – деп есікті Ерұланның алдында тарс жапты.

Ерұлан сыртта, іштен шыққан Сұлудың айқайын естіп, өзін қоярға жер таппай, ары-бері жылдам жүріп, баспалдақпен ақырын сарайдың ауласына түсті. Ол қобалжығаны соншалықты, қораптың жарқырағанын да ұмытып кетті. Қарсы алдында тұрған тауға қарады. Жаңадан атып келе жатқан таңның нұры, қып-қызыл бола таудың төбесінен шашылды. Жүзіне соққан салқын таза ауамен терең тыныс алып, өзінің қобалжуын басуға тырысты. «Барлығы дұрыс болады, барлығы дұрыс болады» деп іштей өзіне қайталаумен болды. Осы сәтте оған баланың шыр етіп жылаған үні естілді.

Ерұланның басқан әрбір қадамы гүрсілдей естіліп, асыға баспалдақпен көтеріліп, Сұлу жатқан бөлменің алдына келе, тойқтай қалды да, есікке ақырын қолын созды. Есікті ақырындап ашып, ішке сығалай қарады, іштегі шырылдаған баланы дәргердің матаға орап, сүртіп жатқанын көріп, бөлмеге аяқ басты, ал Сұлу есінен танып жатты.

Сұлуға не болды? – деді ол ішке аяқ баса.

Оны мен тыныштандырдым, – деп дәрігер суық дауыспен сөйледі. Ерұлан үнсіз баласын ұстаған дәрігерге жақындап:

Баламды көрсем бола ма? – деп дәрігердің қолындағы балаға үңіле қарады. Дәрігер баланы кеудесіне қарай жасырып, оны Ерұланға көрсеткісі келген жоқ. – Баламды көрсем бола ма? Ұл ма, әлде қыз ба?

Міне , балаңмен болатын осы бір сәтті пайдалынып, оның иісін иіскеп құшақтап ал, – деп ол баланы Ерұлаға ұсынды.

Ал Ерұлан дәрігерге түсінбестікпен қарап:

Бұл не дегенің? – деп түрі өзгеріп кетті.

Оның түсінбейтін несі бар, баланың арқасына қара – сол кезде түсінесің, – деді дәріге.

Ерұлан матаға оралған баласын, жылдам арқасын аша, арқасына қарады, оның арқасында қанатсыз айдаһарға ұқсас ірі жануардың басы мен денесі бейнеленген, ол әлгі Тұмандыдан алып келген бойтұмардағы таңбадан еш айырмашылығы жоқ, оны көрген Ерұлан орнында қадалған қазықтай қатып, сөйлеу қабілетінен айрылған адам сияқты, не дерін білмейді.

Бұл… бұл… – деп қайталай, – бұл нені білдіреді? – деп дәрігерге тесіле қарады.

Бұл – сенің балаңды қарғыс атқанын білдіреді, сондықтан оны басқаларға зияны тимей жатып алып кетуіміз керек, – деді дәрігер Ерұланға мұқият қарай.

Бөлмеде үнсіздік орнады.

Енді түсінген боларсың, бұдан былай ол сенің балаң емес, енді ол ханның мүлкі, – деп дәрігер орнынан тұра, көмекшісінің жанына келіп, астаудағы жылы суға қанмен былғанған қолын жуды.

Ерұлан баланың арқасына көз алмай қарап тұр, дәрігердің айтқан сөздерін естіген соң, оның бойынан біртүрлі сезім толқын сияқты жүріп өтті. Қолындағы баласын құшағына басып, баланы ақырын Сұлудың жанына жатқызды. Сосын ол есін жиды ма, оған сөйлеу қабілеті қайта оралды:

Мүмкін бұл бір белгі шығар, мүмкін сен маған өтірік айтып тұрған боларсың, жаңадан туылған бейкүнә сәби неліктен қарғысқа ұшырауы керек? Сендер өтірік айтып тұрсыңдар, баланың сендерге не үшін керек екенін білмеймін, бірақ оны мен бұлай оңайлықпен беріп қоймаймын, – деп Ерұлан маңдайын тыржитып, сұсты жүзімен дәрігерге қарағанымен, оның сөздерінде қорқыныш байқалды. Осы сөздерді естіген дәрігер қолын жуып жатып қызметшісіне:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Алпамыс Сырманов читать все книги автора по порядку

Алпамыс Сырманов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Сарман алты таңба кітабы отзывы


Отзывы читателей о книге Сарман алты таңба кітабы, автор: Алпамыс Сырманов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x