Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Тут можно читать онлайн Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Крутой детектив, год 2021. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание

Сарман алты таңба кітабы - описание и краткое содержание, автор Алпамыс Сырманов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Сарман алты таңба кітабы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Алпамыс Сырманов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Бұл нені білдіреді? Қораптың ішінде, кітап болғаны ма? – деп, кітаптың ішін ашып еді, оның ішінде ешқандай жазу, ештеңе болған жоқ, Ерұлан кітапты бірнеше рет парақтап қарап шықты – ештеңе таппады, ол кітаптың бос екенін түсінді, – қарғыс атқыр! – деп ол кітап пен бас сүйекті қоржындарға салып, онымен қоса көптеген қағаздар мен Бабадүрдің кітабын қолтығына қыстыра, сыртқа алып шықты.

Сыртта оны сарбаз алып келген күйме күтті, баспалдақпен жылдам түсіп, сарбазға:

Есікті аш! – деп айқайлады. Есік ашылысымен ішіне қолындағыларын лақтырып, ол жылдам Сұлу жатқан бөлмеге қайта оралды, бөлмеге кірген кезде, Сұлу баласын қолына алып, оның жүзіне күлімсіреп қарап отырды. Сұлу бірден назарын Еұланға аударып:

Мұнда не болып жатыр? – деді. Ерұлан есі ауысқан адам сияқты бөлме ішінде ары-бері жүріп, көзіне түскен матамен ес-түссіз жатқан дәрігерді қолдарын арқасына байлады. Сұлудың жанындағы семсерін қолына алып, қайта қынабына салды да:

Жылдам жинал, біз қаладан қашамыз.

Не? Сен маған тіпті не болып жатқанын да айтқан жоқсың ғой, мынаның барлығы не үшін болып жатыр? Неге сені дәрігер өлтірмек болды? Не үшін біз қашуымыз керек? – деп ол Еұланға айқайлай сөйледі. Ерұлан терең дем тартып, күрсіне қайта шығарды, Сұлудың жанына барып, қолындағы баланың арқасын көрсетті:

Мына таңбаны көрдің бе? Дәрігерлер қалада бостан-босқа жүрген жоқ, олар денесінде таңбасы бар балаларды іздеп жүр; дәрігер біздің баламызды тартып алғысы келді, себебі балалар ханға керек және оларға мұндай балалардың не үшін керек екендігін мен білмеймін, бірақ олар балаға қол жеткізбей тоқтамайды, ал егер біз мұнда осылай сөйлесіп отыра берсек, оларға бізді ұстауға үлкен көмек көрсетеміз… – деп орнынан тұра, – маған сен, өтінемін, тек маған сен, енді артық сөзді қойып, соңымнан ерші, – деді Ерұлан оны құшақтай.

Сұлу орнынан атып тұрып, баланы Ерұланға ұстата, үстіне қалыңдау киім киіп, Ерұланға дайынмын дегендей басын изеді. Ерұлан: бір қолымен баласын, екінші қолымен Сұлуды ұстап сыртқа асыға жүрді.

***

Бұл уақытта әскери қоныста қарбалас басталды, дабылдың дыбысын естіген сарбаздар асыға киініп, сыртқа шығып, тізіліп сап түзеді. Қатты дауыстан жеке шатырында жатқан Дат шошып оянды, далаға жартылай жалаңаш күйі жүгіре шыққан ол айналасындағы қарбаласты көріп:

Мұнда не болып жатыр? Дабыл не үшін соғылуда? – дегені сол еді, ол қаланың оңтүстігіндегі алып көк түтінді көріп, баланың табылғандығын түсінді. – Жылдам қақпаларға барыңдар, қақпаларды жабыңдар, ешкім менің рұқсатымсыз қаладан шығушы болмасын, – деп айқайлады. Оның жанына әлгі сарбаз келіп:

Мырза, дабыл беріп жатқан адамды не істейміз? – деді.

Оның бізге қазір қажеті шамалы, баланың қайда екенін, біз ана көк түтіннің арқасында табамыз, бірақ сонда да оны тауып, маған алып келіңдер, – деп шатырына кірді.

Дат ұзын бойлы, арық денелі мұртты адам, сол көзінің астыда үлкен тыртық бар, Дат әлсіз көрінгенімен, қару-жарақты шебер қолданады, ал жіңішке жүзі суық әрі қатал көрінеді.

Ол шатырына қайта оралып, ағаш ілгіштегі сауыт-сайманын асыға киіп, аз уақыттың ішінде сыртқа шықты – әскери қоныстың алдында мыңға жуық атты әскер жиналды, Дат олардың алдында тұрып, барлығына көз жүгірте, оған алып келген аттың үстіне үндеместен қонып:

Қазір біздің жолымызды бөгеп, мақсатымызға жетуге кедергі жасағандардың бәріне аяушылық танытпайсыңдар, соңымнан еріңдер, – деп түтін тұрған жаққа қарай аш қасқыр сияқты шаба жөнелді.

***

Ерұлан Сұлуды жетектеген күйі сыртқа ұмтылды, оның бойын қорқыныш пен қобалжу торуылдады, жүрегінің қатты соққандығы соншалықты, кеудесінен атып шығып кететіндей күйге түсті, ал денесінен мұздай тер бөлініп, тынысының қатты болғандығы сонша, оның дыбысы Сұлуға естілді.

Біз енді қайда барамыз, барлық қалада, барлық жерде сарбаздар бар емес пе? – деді Сұлу.

Мен бағаналы бері соны ойлап келемін, қайда барамыз, не істейміз және мынаның ақыры не болып аяқталмақ? – деді, оның Сұлудың қолын қысқандығы соншалықты, Сұлудың саусақтарының ұшы қызарып кетті. Сұлу ешқашан Ерұланның бұлай қобалжығанын көрген емес. – Менің әкемнің інісі Нариманды білесің бе? Ол Жент қаласының сұлтаны – ол бізге көмектеседі, кезінде әкем оны бір өлімнен алып қалған, ол бізге кез келген уақытта және кез келген жағдайда көмектесетінін айтқан, сонда баруымыз қажет, алайда онда жету оңайға соқпайтын сияқты… – деп кішкене кідірді де, – біз ол қалаға жету үшін Батыс орман арқылы жүруге мәжбүрміз… – дегені сол еді.

Батыс орман! Ерұлан, сен шынымен айтып тұрсың ба? – деп Сұлу тоқтап қалды.

Иә, бізде басқа амал жоқ, себебі айналамыздың барлығы жазық дала, олар бізді кез келген жерден тауып алады, тауға қашып құтыламыз деп ойлайсың ба? Жо-жоқ, тауда бізді табу әлдеқайда оңай, ал біз Батыс орманның ішінде бойтасалай аламыз және Жентке де жылдам жетеміз.

Бірақ өзің білесің ғой орманға кірген адам тірі шықпайтынын, сен сонда біздің өмірімізді қатерге тікпексің бе?

Мұның барлығы сендер үшін, менде басқа таңдау жоқ, өтінем маған сенші, – деді ол Сұлудың бетіне қолын қойып, осы сәтте Сұлу күйеуінің ең аянышты жүзін көрді, ол жұбайының өміріндегі ең қиын таңдауды жасап, бекінгендігін түсінді де, оған жымия:

Мен саған сенемін, – деді ол.

Сарай алдында елуге жуық сарбаз жиналды, олардың жүзінде білместік байқалды, «не болып жатыр?» деген сұрақ айтпаса да жүздерінен көрінді, Ерұлан сыртқа шыққан сәтте олардың назарының барлығы Ерұланға ауды, ол кішкене кідірді де, ары қарай жүрісін жалғастырып, Сұлуды күймеге отырғызды. Ол қайта сарайдың алдына көтерліп, алдында жиналған адамдарының жүзін шолып шықты. Осы сәтте:

Қақпаны ашыңдар, – деген Батыраның дауысы естілді. Ерұлан қақпаның алдындағы сарбазға.

Жылдам аш! – деп айқайлады. Қақпа ашылып ішке қарай сексенге жуық сарбазымен бірге Батыра кірді.

Қақпаны жаппай тұра тұр! Мен бірнәрсе айтуым қажет, сосын жаба беруіңе болады, – деді Ерұлан. – Мұнда не болып жатыр деген сұрақ барлығыңды мазалаған болар, мен сендерге түсіндірем, мен бүгін әке атандым: иә, жақсы жаңалық, бірақ баламды менен хан жіберген дәрігер тартып алғысы келді, себебі оның денесінде таңбасы бар, оның не екенін мен білмеймін, бірақ әлгі дәрігерлер мұнда ауруды тоқтату үшін емес, сондай балаларды жинау үшін келген, естіген боларсыңдар, үш апта бұрын осындай бала үшін Қамшат қаласында қақтығыс болғандығын, егер естімесеңдер, олар сендердің білгендеріңді қаламайды, себебі бұл жағдай олардың былығын әшкерелуі мүмкін, – деді ол ары-бері жүре.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Алпамыс Сырманов читать все книги автора по порядку

Алпамыс Сырманов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Сарман алты таңба кітабы отзывы


Отзывы читателей о книге Сарман алты таңба кітабы, автор: Алпамыс Сырманов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x