Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Тут можно читать онлайн Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Крутой детектив, год 2021. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание

Сарман алты таңба кітабы - описание и краткое содержание, автор Алпамыс Сырманов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Сарман алты таңба кітабы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Алпамыс Сырманов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Ерұланның жанына Батыра келіп, үндемей оның сөзін тыңдады. Осы сәтте қаланың солтүстігінен шыққан атты сарбаздардың дыбысы естілді, барлығының назары сонда ауды.

Естіліп жатқан шығар бізге қарай атты сарбаздардың шауып келе жатқандығы, бұл мұнда қазір Қамшаттағыдай қақтығыс болады деген сөз, кетемін десеңдер өз еріктерің, мен сендерді ұстамаймын, бірақ сендердің көмектерің маған керек екенін біліп қойғандарың абзал, тезірек шешім қабылдамасаңдар кеш болады, – деді де, ол Батыраға қарап: – Мынаның барлығын қайдан тауып келгенсің? – деді ол.

Өткен жолы келген сарбаздар, мыналарды ай-шай жоқ сатқындықта айыптап, оларды абақтыға қамамақ болды, «өтірік сатқындықта айыпталып, абақтыда отырғанша, әділетсіздікке қарсы шыққан дұрыс» деп, менің соңымнан ерді. Сонымен, бала қайда? Ол денесінде таңбамен туылды дегенге сене алмай тұрмын, – деді ол.

Иә, өкінішке орай, оның арқасында таңба бар… Бәрі осылай аяқасты болады деп ешқашан ойламаппын.

Сұлу қайда? Сенде қандай жоспар бар? Қала толықтай жабық, бізге қарағанда қарсыластарымыздың саны он, тіпті жиырма есе көп, – деп оған сұрақ жаудыртты.

Ерұлан басын изеп, төменде тұрған күймені көрсете:

Сұлу мен балам күймеде, ал жоспарға келер болса, менде ол бар, – деп Бтыраға қарады. – Бірақ сенен сұрасам бола ма? Сен екі апта бойы қайда жүрдің? – деді ол.

Менің жауынгерлеріме олар өтірік айып тақты, мен солармен бірге болдым.

Ерұланның сарбаздардың көбі оның сөзінен кейін ойланбай, қаруларын тастап, сарайдан асыға шығып кетті, тек жиырмаға жуығы ғана қалды. Ерұлан оларға:

Жылдам атқа қонып, бар керектерді алыңдар, өз шешімдеріңе өкінбейді деген ойдамын, – деді ол.

Жоқ, мен мұнда не болып жатқанын толық түсінген жоқпын, бірақ билеушілердің барлық қалаларға сарбаз жіберіп, ондағы тұрақты сарбаздарды тергеуі, мұнда шынында бір шикіліктің бар екенін білдіреді және сіздің айтқан сөзіңіз жалған емес екеніне менің шүбәм жоқ, біз соңына дейін сіздің жағыңыздамыз, бәрібір Дат бізді жайымызға қалдырмайды, ол қолындағы билігін пайдаланып, барынша бізді жазаға тартқысы келеді, – деді сарбаз.

Сонымен, жоспар қалай? – деді Батыра.

Барлығын айтып отыратын уақыт жоқ, сен адамдардың жартысын бастап, оңтүстік қақпаға жетпей, ең бірінші көпірден өте сонда жайғастыр, Сұлуды да өзіңмен бірге ала кет, ал мен осында қалып, оларды ұстаймын. Саны жағынан көп болғандықтан, олармен ашық алаңда шайқасудың мәні жоқ, орталық қақпаның аймағы ашық болғандықтан, оларды қалада тастап кету қажет, мен белгі берген кезде сен менің келе жатқанымды білесің, сол кезде дайын бол, ал енді сәттілік, сарбаздар мен күймені бастап тездетіп кет, – деп ол Батыраға мұқият қарады. – Айтпақшы, ең маңызды дүниені айтамын деп ұмытып кетіппін, әлгілер мен біздің киген сауыттарымыз бірдей болғандықтан, біз қолымызға ақ мата байлап аламыз, егер мата жоқ болса, онда олар біз емес – осыны есіңнен шығарма. Батыра оның қолдарының дірілдеп тұрғанын көрді.

Сен маған қандай белгі бересің? Және орталық қақпадан қалай шығамыз, әрине, егер онда аман-сау жетсек, – деп әзілдей сөйледі.

Менің белгім сенің құлағыңнан мүлт кетеді деп ойламаймын, егер сен сол сәтке дейін саңырау болып қалмасаң, – деді Ерұлан жымия, – ал қақпаға келер болсақ, бір амалын табармыз, онда қаладағыдай сарбаздар көп емес, енді жылдам кет! – деді.

Әміріңізге құлдық, – деді де, Батыра сарбаздардың жартысын бастап күймемен бірге сарайдан шыға қаланың оңтүстік қақпасына беттеді.

Қақпаны жабыңдар! – деп Ерұлан артынша айқайлады. – Кәне жігітте, аттарыңа қоныңдар! Қазір біз оларға сыйлық жасаймыз, сосын іш көйлектеріңнен кішкене жыртып, көрінетіндей етіп қолдарыңа байлаңдар, – деп әмір етті.

Оларға шапқан жылқылардың дыбысы барған сайын қаттырақ естіліп, жер дірілдей бастады, әлгі дыбыстан сарайдағылардың бойын қорқыныш биледі.

Үлгеретін шығармыз деп ойлаймын, – деді Ерұлан дыбыс шыққан жаққа бас бұра, – екеуің соңымнан еріңдер! – деп жанында тұрған сарбаздарға бұйрық берді. Ол шеберханасына қарай беттей, ішіне кіре, тікелей зеңбірекке барып, бетін жапқан матаны жұлып алды да, оған кішкене қарап тұра Ерұлан сарбаздарға:

Мынаны сарайдың алдына алып барыңдар! – деп бұйрық беріп, өзі оқтық пен зеңбірек оқтарын арбаға салып, сарбаздардың соңынан ерді.

Бұл уақытта сарайға Дат та жақын қалды, ол түтіннің Ерұланның сарайының төбесінде тұрғанын түсініп, жымиғаны соншалықты, езуі құлақтарына дейін жетті.

Сарайға жақындай келе жорғалай шапқан жылқылардың дыбысы қаттырақ естіле түсті, олар шұбыра сарайды тар көшелермен айнала қоршай бастады, іштегі жауынгерлер қабырғаның арғы жағынан естілген аттардың дыбысынан қалай оларды қоршап жатқандығын түсінді. Сырттан келген дыбысты естіп, олардың тынысы тарылып, жүректері жылдам соқты. Даттың әскері бірнеше сәттен кейін сарайды толық қоршап, садақтарын дайындықта ұстап, Даттың келесі бұйрығын күтті. Дат жабық тұрған қақпаны көріп, олардың әлі іште екенін түсінді.

Ерұлан зеңбірегін оқтап, оны қақпаға бағыттап қойды да:

Жылқыларыңды бекем ұстаңдар және сарайға жақын тұрыңдар, – деп сыбырлай сөйлеп, қолымен артқа шегініңдер дегендей жауынгерлеріне белгі берді.

Сендер кімге қарсы шығып тұрғандарыңды білесіңдер ме? Қаруларыңды тастап, беріліңдер, баланы бізге беріңдер, осы істегендеріңе көз жұма қараймыз және сендер бұрынғыша өмір сүре бересіңдер; естіп тұрған боларсың, Ерұлан, бәрібір қаладан шыға алмайсың – барлық қақпалар жабық және сарбаздар саны да көп. Сенің тек бір-ақ таңдауың бар – баланы бізге бер, мен саған ойлануға уақыт берем, – деп Дат дауысын көтере сөйледі. Сосын Дат қасындағы жауынгерлеріне:

Қақпа бұзғышты дайындаңдар, – деп бұйырды.

Одан да бірден шабуыл жасап, баланы тартып алармыз, – деді сарбаз.

Жоқ, бала бізге тірідей керек, сондықтан біз оларды көрмей жатып шабуылға шыға алмаймыз, көрейік соңына дейін не болатынын, бәрібір бізден қашып құтыла алмайды, олар торға түскен тышқандай, – деді.

Жауынгерлер көп ұзамай бұзғышты дәл Ерұланның табалдырығының төбесінде ұстап, онымен соққы жасауға дайын болды.

Ерұлан, текке қан төгіп қайтесің, тыныш баланы бер де, осы жерде мына ақымақтықты тоқтат! – деді Дат, қолын аспанға көтеріп сарбаздарға күтуін ескерткендей.

Бір сәт тыныштық орнап, екі жақ та өздерінің қолбасшыларының бұйрығын күтті. Ерұлан қолына от ұстап зеңбіректі атуға дайын тұр, оның тынысы тарылып, маңдайынан суық тер бөлінді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Алпамыс Сырманов читать все книги автора по порядку

Алпамыс Сырманов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Сарман алты таңба кітабы отзывы


Отзывы читателей о книге Сарман алты таңба кітабы, автор: Алпамыс Сырманов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x