Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы
- Название:Сарман алты таңба кітабы
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:2021
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание
Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Атыңдар, – деген Батыраның дауысы шықты, жүзге жуық жебе тар көшеге қарай ұшып, қарсыластарының алдыңғы шебін жайратып салды, осы сәтте жарылыс болып, көпір ортасынан қирай өзенге опырылып түсті.
– Оларға оқ жаудырып, мұнда тұрудың қажеті жоқ, тездетіп қақпаға барайық, біз кішкене уақыт ұттық деп ойлаймын, – деп Ерұлан алдыға қарай ұмтылды.
Мұндай жарылысты бұрын-соңды көрмеген Батыра:
– Ерұлан, сен қып-қызыл жындысың! – деп қуана оның соңынан ерді.
Өзеннің жанында үлкен үйдің бұрышында Сұлу отырған күйме алдыға қозғалып, оны сарбаздар қоршай барлығы қақпаға бет алды. Батыра Ерұланның жанына жақындай:
– Сендерде ешқандай шығын болмаған сияқты ғой, – деді ол басын артқа бұра.
– Жоқ, өкінішке орай, бірнеше сарбаз мерт болды.
– Түсінікті, ары қарай не істейміз, қақпадан қалай шығамыз? Көпірді жарғандай, оны да жарамыз ба? – деді Батыра Ерұланға.
– Иә, дәл таптың, – деді Ерұлан, оның жүзі мұңды болды, Батыра оны көріп.
– Не болды ? Қорқып тұрсың ба?
– Жоқ, ештеңе болған жоқ, тек мен осы жайтты түсімде көрдім, – деді Ерұлан.
– Иә, түсіңде көрсең не болыпты? Бәрімізде болатын жағдай. Ерұлан үндеместен назарын алдыға қарай алыста орналасқан қақпаға аударды. Оның көрген түсі өңінде болып жатқанына ол сене алған жоқ.
Барлығы үнсіз, тек жылқылардың тұяқтары мен пырылдап шыққан тынысы және сақырлаған жүгеннің дыбысы тыныштықты бұзды. Көшелердің шетінде оларға халық үйлердің арасынан сығалай қарады, бірақ ешкімнің көшеге шығуға дәті барған жоқ. Ерұлан оларға мұңды көзін тастай қақпаға шаба берді. Көп ұзамай олар тас жабылған қақпаға айтарлықтай жақындағанда, оның айналасында және қақпаның төбесіндегі сарбаздардың қалай садақтарын тартып, оларды көздеп жатқандығы Ерұланға анық көрінді.
– Қалқандарыңды дайындаңдар! – деп айқайлады. Барлығы қалқандарын төбесіне қойып, қарсыластарының шабуылын күтті.
Ерұлан қалқанының астынан оларға қарап келе жатты, сол сәтте оған «Атыңдар» деген дауыс естілді.
– Дайындалыңдар! – деп Ерұлан бұйрық берді. Суылдай ұшқан оқтар олардың қалқандарына тарсылдай тиді, кейбір оқтар жылқыларға тиіп, олар жерге домалай құлады, ал кейбір жолы болмаған сарбаздарға оқ тиіп, олар ажал құшты.
– Қазір екінші толқыны келеді, босаңсымаңдар! – деді Батыра.
Олар қақпаға жақындай берді, бірақ оларға қайта оқ атылған жоқ, құдды қарсыластары оларды ұмытып кеткендей, Ерұлан қалқанының астынан қақпаға қараған сәтте қақпа алдындағы сарбаздардың бір-бірімен шайқасып жатқандығы көрінді, ал ең қызығы, жабық қақпалар ашыла бастады.
Ерұлан қалқанын түсіріп, өз көзіне өзі сенбей, қақпаға анықтап қарады. Жоқ, олар шынында шайқасып жатыр, қақпа шынында ашылуда, ал біреу оларға «сыртқа шығыңдар» дегендей қолын былғады.
Ерұлан бір сәтке оларға күмәндана қарады, бірақ Қамшат қаласында болған сарбаздар арасындағы қақтығыс есіне түсіп, «олар да сол қақтығысқа қатысқан жауынгерлермен бір байланысы болар» деп іштей ойлап, сарбаздарымен қақпадан шығып, қала алдына күймені қоршай тоқтады.
Қақпа қайта жабыла, оларға қарай жүзге жуық сарбаз келді, олардың бірнешеуі Ерұланға қарай жақындады, үстеріне қаланың әскери киімін киген, жүздері суық, құдды олар баланы тартып алуға келе жатқандай.
– Бала сендерде ме? – деп сұрады.
– Оны қайтесің? – деп Батыра жауап қатып еді.
– Бала сендерде ме? – деп қайта сұрады.
– Иә, оны қайтейін деп едіңдер? – деді Ерұлан, әлгі адам артық сөз айтпастан:
– Оны бізге беріңдер, бізбен ол қауіпсіздікте болады, оны қайда апару керектігін білеміз, – деді Ерұланға суық жүзімен қарай.
– Сендер кімсіңдер? – деп олардың әңгімесіне Батыра араласты.
– Оны қайтесің, білгенмен, ол ештеңені өзгертпейді, уақытты созбай баланы беріңдер, қаладан шығып жатқан шуды естіп тұрған боларсыңдар, қазір мұнда одан да көп сарбаз келеді, – деді әлгі.
– Бала ешкімге берілмейді, егер сендер кім екендеріңді және бала сендерге неге керек екенін айтпайынша, – деді Ерұлан.
– Оны айтып отыратын уақыт жоқ, бермесеңдер күшпен аламыз, – деп ол қылышын суырып Ерұланға бағыттады.
Бейтаныс сарбаздар оларға садақтарын тартып, атуға дайын тұр, Ерұланның да сарбаздары қылыштары мен садақтарын сайлап, оларға кезеді. Екі жақта да бір сәтке тыныштық орнады, тек қаланың ішінде қақпаға қарай шауып келе жатқан аттардың дыбысы мен жауынгерлердің айқай-шуы ғана естілді. Сосын аяқ астынан:
– Ақымақтар! Не істеп тұрсыңдар? Қазір бір-бірімізге қару кезейтін уақыт емес, – деп біреу оларға жақындады, – мұнда кім басшы? – деді әлгі адам. Сарбаздар мен Батыра барлығы Ерұланға қарады. Ерұлан кішкене алдыға жүріп:
– Тыңдап тұрмын, – деп салмақты түрде сөйледі.
– Атың кім?
– Ерұлан.
– Ерұлан, баланы қайда алып барасыңдар?
– Жент қаласына.
– Онда сендерге көмектесетін кім бар?
– Менің әкемнің інісі, қала сұлтаны Нариман, – деген кезде.
– Олар жақындап қалды, – деп біреу қақпаның төбесінен айқайлады, шапқан жылқылардың шапқан дыбысы енді бүкіл қаладан естілді.
– Қақпаға жақындатушы болмаңдар, қанша болса сонша ұстаңдар, берілмеңдер! – деп айқайлады, сосын ол назарын Ерұланға қайта аударып: – Менің есімім Әли, Ерұлан бауырым, тыңда, менің ойымша, мына жерден біз тірі шықпайтын сияқтымыз, қашатын болсақ, олар бізге жетіп, баланы қолға түсіреді, сондықтан баланы біреу алып қашсын, ал біз осында қалып оларды қолымыздан келгенше ұстаймыз… – дегені сол еді, қақпаның төбесінен төмен қарай оқтар атылып, қабырғаның арғы жағынан шу естілді, осы сәтте Ерұланның құлақтары шыңылдай көрген түсі елестеді, ол бір сәтке көзін барынша жұмып, қайта ашты.
– Енді мені тыңда, Жент қаласына барған кезде әлгі Нариманға барушы болмаңдар, ол баланы ұстап береді, Жент қаласында біздің жолдастарымыз бар, олардың ішінен Еркін деген адамды тауып ал, ол саған ары қарай не істеу керектігін айтады… – дегені сол, қақпаның төбесінен қылыштардың бір-біріне соғылып, айқас басталғаны естілді, бірер сәттен кейін бірнеше адам қақпа төбесінен жерге құлады.
– Ей, тездетіңдер, олар қазір қақпаны бұзып өтеді! – деп біреу қақпаның үстінен айқай салғаны сол, оның арқасынан оқ тиіп, ол да жерге құлады.
– Міне, мынаны ал, – деп Әли Ерұланға Саһтирдің бойтұмарын берді, Ерұлан әлгіге көзі шарасынан шығып кететіндей қарап.
– Мұны қайдан алдың? – деді ол Әлиге жылдам басын көтере.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: