Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Тут можно читать онлайн Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Крутой детектив, год 2021. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание

Сарман алты таңба кітабы - описание и краткое содержание, автор Алпамыс Сырманов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Сарман алты таңба кітабы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Алпамыс Сырманов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Тірі қалсақ, мен саған бәрін айтып беремін, ал енді сәттілік, мен саған сенем, Ерұлан, айтпақшы мынаны Еркінге көрсеткен кезде, Әли беріп жіберді деп айтсаң болғаны, – деп артқа қарай бұрылып, – кәне жігіттер, көрсетейік оларға кім екенімізді және мұнда не үшін келгенімізді, – деп қақпаға атылды. Жылдам онда барып, барлығы қақпаны ұстауға кірісті.

Ерұлан Батыраға бұрылып, оған бойтұмарды ұсынып:

Сен бала мен Сұлуды алып кет, Жентке жет те, Еркінді тап! Мынаны ал, Әли берді деп айтасың! – деді ол бойтұмарды ұсына.

Ерұлан, жоқ, өзің бала мен Сұлуды алып кете бер, менің қолымнан бұл келмейді, – деп бас тартып еді.

Көріп тұрсың ғой бізде уақыт жоқ, – деп оның қолына бойтұмарды ұстатып, алақанын қысты.

Ерұлан, бірақ…

Ешқандай бірақ емес, – деп атынан секіріп түсті. – Бала мен Сұлуды Батыс орманға қарай алып кет, тек орман арқылы ғана Жентке тез жетуге болады, жолмен жүретін болсаң, қолға түсуің анық.

Ерұлан, ол жақтың қауіпті екенін білесің ғой…

Бізде басқа таңдау жоқ, себебі қазір мұнда ханның он мыңдаған сарбазы келеді, сол себепті сен ашық жерде жүре алмайсың, менің айтқанымды тыңда.

Жарайды, түсінікті, – деді ол басын жылдам изей. Бұл уақытта қала ішіндегі сарбаздар, қақпаны бұзғышпен соғып, қиратуға кірісті, қақпаны сырттағы сарбаздар жібермей ұстады.

Ерұлан жылдам күймеге жақындай бере одан аққан қанды байқады, оның зәресі қалмай, жүгіріп есікті ашты, күйме ішінде баласын құшақтап Сұлудың қансырап жатқан денесін көрді. Күймені тесіп өткен садақ оғы оны оң жақ көкірегіне тиген. Бұл көріністі көрген Ерұланның кеудесіне тістері бар қанжар қадап, оны ақырын қайта суырғандай күй кешті. Оның бойынан бір сәтке бар әлі кетіп қалғандай оның тізесі бүгіліп, жерге отыра жаздады, ол келген жасын ұстай алмай, ыстық тамшы көзінен ақты.

Жо-жо-жоқ, Сұлу, жоқ! – деп ішіне кірді де, Сұлудың иығынан ұстап, оның жүзіне қарады. Ерұланға Сұлудың қиналып тыныс алып жатқандығы естілді.

Ерұлан… – деп сыбырлады, – баланы ал… – деп оған сәбиді созды, – оған қамқорлық жаса, өкінішке орай мен сендермен бірге бола алмайтын сияқтымын, – деді ол.

Сұлу дірілдеген қолын созып, оның жүзіне қойды. Ерұланға оның қолының суықтығы сезілді.

Жылама, саған жылаған жараспайды… – деді, Ерұланның ыстық жасы Сұлудың жүзіне тамды, ол барынша тістеніп, дыбыс шығармауға тырысқанымен, еріксіз қайғырған үні естілді, – берік бол… сен бәрін еңсересің… бастысы баланы аман алып қал, ол сенің қолыңнан келеді, мен саған сенемін… – сол сәтте Сұлудың қолы жерге құлап, тынысы тоқтады – бұл Сұлудың ең соңғы сөзі болатын.

Жо-жоқ, Сұлу! – деп Ерұлан оны құшағына басып, қайта жіберді де, анасының қанына малынған баласын оның жансыз қолдарынан ақырын алып, сыртқа шықты.

Не болып жатыр? – деп келген Батыра күйменің ішіндегі көріністі көріп жерге тізерлей отырды, ол да көзіне келген еріксіз жасты ұстай алған жоқ, тіпті ұстауға да тырыспады.

Батыра, енді баланың әкесі де, шешесі де сенсің, оған жақсылап қара, сен маған жақсы дос болдың, енді балама жақсы әке болады деген ойдамын, оны өзің сияқты батыл етіп өсір, – деп баланы созды, – жоқ деп айтушы болма, Батыра мен мұндай ауыртпалықпен өмір сүре алмаймын, мына жайт мені ішімнен өлтіріп барады, сен менің қазір қандай жағдайда екенімді елестете алмайсың… – деп кішкене кідірді, оның көздерінен жас шығуын доғарар емес, сондықтан сенен өтінемін баланы алып кет, сенен басқа ешкімнің қолынан келмейді, – деді басын шайқай.

Батыра баланы ақырын қолына алып, оның жүзіне қарады, тыныш ұйықтап жатқан баланың бетінде қан тамшылары қатты. Ерұлан да бір сәтке баласына үңіліп, белбауындағы қанжарын, оның үстіне қойды:

Есейгенде берерсің және күйменің ішіндегі заттарды алып кет, сен осының барлығының артында не жатқанын анықтауың керек және мына былықтың барлығын тоқтат, мен жете алмаған, аяқтай алмаған істі енді сен соңына жеткізесің, менің және басқаларының өлімі бекер болмасын, берілме, – деді ол Батыраның иығына қолын қоя, – ал енді сәттілік, шап! Сен Батыс орман арқылы Жент қаласына барасың, далада жүрсең сені қолға түсіреді, – деді ол.

Бірақ орман қауіпті екенін білесің ғой.

Бізде басқа таңдау жоқ… – деп ол басын шайқады, – Батыра басқа таңдау қалмады, тек осылай ғана құтылуға мүмкіндік бар, оның үстіне Қамшат қаласында дүниеге келген сәбиді құтқарған сілеусіндер сонда кеткен… – деген сәтте, қақпаға бұзғының ауыр соққысы келіп тиді де, бір шеті жарылды, – жылдам қаш!.. Тоқтаусыз шап!… Тоқтама!.. Тоқтаушы болма! – деп онымен құшақтаса қоштасып, артқа бұрылып, – кәне жігіттер, соңымнан еріңдер, – деп қақпаны ұстап тұрған сарбаздарға, өз адамдарын ерте көмекке кетіп бара жатып, Батыраға:

Мойныңа ауыртпалықты салғаным үшін кешір, досым, – деді. Атты сарбаздар жылқыларын жіберіп, қақпаға ұмтылды.

Саған да сәттілік, – деп Батыра оның артында қалды.

Батыра жылдам матаға оралған баланы алдына байлап, қанмен былғанған күймедегі Ерұлан айтқан қапшықтарды, жылқының үстіне жайғастырды да, қақпа алдында болып жатқан қақтығысқа бір қарап, оңтүстік-батысқа беттеп, сосын қайта оңтүстікке жол тартты, оған Ерұлан айтса да, Батыра Жент қаласына жол арқылы баруды шешті.

Қақпа алдында нағыз соғыс басталды, ішінде сыртқа ұмтылған мыңдаған сарбаз қақпаны соқты, олар жан-жақтан қабырғалардың төбесіне мініп, үстіндегі қарсыластарының көзін құртып, төбеден төмен қарай қақпаны ұстаған сарбаздарға оқ жаудыртты, тіпті көз жұмған қарсыластарының денелерін төмен лақтырудан тайынған жоқ.

Қалқандарыңды көтеріңдер, – деп айқайлады Ерұлан. – Оларды бұлай ұзақ уақыт ұстап тұра алмайтын сияқтымыз, іштегілерді қайта қалаға қарай ығыстырып, қақпаның дәл астына тұрып алғанымыз абзал – сонда олар бізге төбеден оқ атуын тоқтатады, кәне сап түзеп, оларды сыртқа жіберейік, – деді Ерұлан Әлиге.

Жігіттер, менің бұйрығыммен қақпаны жіберіп, кірпі шебіне құрыңдар, – деді Әли. Олар қақпаны кішкене ұстағаннан кейін.

Сап! – деп айқайлаған Әлидің дауысы естілді, қақпаны ұстаған сарбаздар бірден оны жіберіп, қалқандарын алдыға тосты да, найзаларын қарсыластарына созып, артқа қарай шегінді, ал олардың артындағы садақшылар садақтарын тартып, қақпаны бұзып шыққан қарсыластарына оқ жаудырды. Ерұлан қала ішіне көзі түскен кезде, қақпаға қарай шұбыра келе жатқан жауды көрді, ал олардың соңында Дат тұрды.

Алдыға қарай қысыңдар, жоғарыдағылардың көзін құртыңдар! – деді Әли.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Алпамыс Сырманов читать все книги автора по порядку

Алпамыс Сырманов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Сарман алты таңба кітабы отзывы


Отзывы читателей о книге Сарман алты таңба кітабы, автор: Алпамыс Сырманов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x