Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Тут можно читать онлайн Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Крутой детектив, год 2021. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание

Сарман алты таңба кітабы - описание и краткое содержание, автор Алпамыс Сырманов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Сарман алты таңба кітабы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Алпамыс Сырманов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Суды төгуге шыққанда, сарбаздарға дабыл бер, – деп өздерінің түсініксіз тілінде сыбырлады.

Дәрігер қолын жуып бола, бір-екі рет ақырын сілкіді.

– Батыл айтылған сөздер, бірақ ханның мыңдаған сарбаздары сенің сарайыңның алдына қарумен келсе не істемексің?

Хан бұл баланы әлемнің кез келген жерінен тауып алады, одан да осы жерде, барлығы дұрыс кезде баланы бер, осылай істесең, саған және сенің отбасыңа ешкім, ештеңе істемейді, тіпті сен ойыңа келмеген байлыққа кенелесің. Оның үстіне саған ханға неліктен мына сияқты балалар керек екенін білудің қажеті шамалы, аз білсең ұйқың тыныш болады, – деп Дәрігер қолын таза матаға сүртіп, өтірік жымиды.

Көмекші ақырындап қолына астауын алып, Ерұланға қайта-қайта көз қырымен қарай, сыртқа кетіп бара жатқан сәтте, Ерұлан жылдам белбауындағы семсерін суырып, көмекшінің мойнына тақады. Көмекші селк етіп тұрған орнында қозғалыссыз қалды. Астаудағы судың дірілдегенінен, оның қолдарының дірілдеп тұрғаны байқалды. Ол әрең жұтынып Ерұланға қарады.

Бұл бөлмеден ешкім сыртқа шықпайды, – деп ол өзіне сенімді түрде сөйледі.

Бөлмеде барлығы орындарынан тапжылмады, дәрігер Ерұланға бірнеше қадам жақын тұрды. Ол Ерұланның нақты қадамға бекінгенін түсіне, сөздің пайдасыз екендігіне көзі жетіп, оны күшпен тоқтатуды ұйғарды, ақырындап қолын қалтасына салып, қалтасындағы инені алды да, үстелдің үстінде, ыдыстың ішінде тұрған сұйықтыққа инені Ерұланға байқатпай малып, қысып ұстап:

Ақымақ болма, Ерұлан, қаруыңды түсір, – деп дәрігер оның назарын аударып , жылдам инені Ерұланның сол жақ желке тұсына сұқты, сол сәтте Ерұланның қолынан семсері түсіп, шатқалақтай бірнеше қадам артқа шегінді де, қабырғаға гүрс етіп соғылып, жерге отырып қалды. Сол жақ аяқ-қолы оған бағынар емес, құдды ұйып қалғандай.

Дәрігер көмекшісіне:

Қаш! – деп айқайлады.

Маған не істедің? – деп Ерұлан бар дауысымен сөйледі.

Көмекші астауды жерге тастай сала қашты. Дәрігер үндемей еңкейіп, жерде жатқан семсерді алып. Ол ақырын жүре, мысқылдай күліп, Ерұланның жанына келді, семсерді ақырын аспанға көтерді де:

Мен саған барлығы дұрыс кезде баланы бер деп айттым, ал сен менің сөздерімді құлағыңа асқан жоқсың, ал енді өзіңнің ақымақтығыңның кесірінен өлесің, – деді дәрігер, Ерұлан оның көзіне тік қарады, осы сәтте дәрігердің көз қарашығы үлкейіп, көзі толықтай қап-қара түске ие болды.

Сен өзі адамсың ба? – деп Ерұлан, сол жақ желке тұсында қадалған инені суырып, жұлқына жерге лақтырды.

Жоқ, – деп дәрігер мысқылдай күле, қылышты барынша жоғары көтеріп, семсерді оның жүрегіне сұқпақ болған сол еді, оның алқымына Сұлу артынан келіп пышақ тақады.

Тағы бір қимыл жасасаң өлесің, – деп қолындағы пышағын дәрігердің алқымына қаттырақ басты. Алқымы кішкене тілініп, шыққан қан төмен ақты.

Ал енді қолыңдағыны Ерұланға бер, – деді Сұлу.

Дәрігер кішкене ойланып, басқа таңдауы қалмағанын түсінді де, семсердің сабын жерге қаратып Ерұланға ұсынды, Ерұлан жерде отырған күйі семсерді оң қолымен, қатты қысып ұстады.

Енді ақырын отыр, ешқандай артық қозғалыс болмасын, – деп онымен бірге Сұлу жерге тізерлей отырды.

Бұл істеріңе әлі өкінесіңдер, себебі сендер баланы қайда алып қашсаңдар да, хан оны тауып алады, – деді Дәрігер.

Оған бала не үшін керек? – деді Ерұлан.

Мен оны саған өлсем де айтпаспын.

Дәрігер аяғын бүгіп отырғаны сол еді, Ерұлан семсердің жалпақ бетімен оның жүзінен ұрды, әлгі соққыдан дәрігер есінен танды. Сұлудың әлі құрығаны соншалықты, ол аяқтарында әрең тұрды.

Мұнда не болып жатыр? – деді ол бәсең дауыспен.

Ерұлан орнынан тұрып жансызданған қол-аяғын сілкіді де, ес-түссіз жатқан дәрігерге көз тастап:

Саған барлығын кейін түсіндіремін, мынадан көз алушы болма, егер артық қимыл жасаса, сен білесің не істеу керектігін, – деп оған қылышты беріп, сыртқа қарай жүгірді.

Тоқта, Ерұлан, қайда барасың? – деп Сұлу артында айқайлап қалды.

Бұл уақытта көмекші сарайдан сытылып шығып, белбауында тұрған көк түсті таяқшаны қолына алып, аспанға қарата, түбінен соқты, тарс етіп жарылыс естілді де, аспанда көк түсті түтін пайда болды және ол бірден жайыла Ерұланың сарайының төбесін жапты.

Айнала қараңғылау болғанына қарамастан, түтінді көру ешқандай қиындық тудырған жоқ. Сосын көмекші, белбауындағы сыбызғыға ұқсас дабылдағышты қолына алып, терең ауа жұта, оны барынша үрледі – қасқырдың ұлығанына ұқсас дабылдағыштан шыққан дыбыс, қалада жаңғыра естілді. Дабылдың дауысынан шырт ұйқыда жатқан қала тұрғындары да ояна бастады.

Бұл уақытта әскери қоныстағы сарбаздардың барлығы ұйқыда жатты, тек жиырмаға жуығы кезекшілікте болды, Ерұланның сарайы әскери қоныстан алыста орналасқандықтан, көмекші берген дабылдың дыбысы оларға ақырын естілді.

Мынау дабылдың дыбысы емес пе? Сен естіп тұрған жоқсың ба? – деді кезекшіліктегі сарбаз екіншісіне, олар кішене үнсіздікте қалды, алайда дабылдың дыбысын естіген жоқ.

Жоқ, саған жай естілген болар, – деді ол, бірақ артынша екінші рет берілген дабыл олардың құлағына анық естілді

Естідің бе? – деді біріншісі жолдасына жалт қарай.

Иә… мынау дабыл, кәне дауылпазды қақ, мен қолбасшыға хабар берейін, – деп ол айқайлады.

Олардың бірі қоршаудың үстімен жүргіріп, дауылпазға беттеді, ал екіншісі әскери қоныстың қолбасшысы Даттың шатырына бет алды. Сарбаз дауылпазды соққанда, оның күркіреген үні қалада жаңғырды.

***

Ерұлан сыртқа шығып жан-жағына жылдам қарап көмекшіні іздеді, оның ойында дәрігердің көмекшісін тоқтату. Ол сыртқа шыға салысымен, аспанды жапқан көк түсті түтінді көрді, ал артынша көмекшінің берген дабылын естіді, сол сәтте Ерұланға қарай бірнеше сарбаз жүгіріп келе жатты.

Қарғыс атқыр! – деді ол, сосын сарбаздарға қарап: – Сарайдың барлық қақпаларын жабыңдар, барлық сарбаздарды жинаңдар және маған Батыраны тауып келіңдер… – деп ол кідіре, – күйме дайындаңдар, ең жылдам шабатын жылқыларды жегіңдер, – дегені сол еді, оның құлақтарына әкери қоңыраулардың дыбысы жетті. Ерұланның ойына бірінші кезекте соңғы бірнеше ай бойы оған маза бермей жүрген түсі келді, құдды оның түсінде көргені өңінде қайталанып жатқандай, бойын үрей басып, не істерін білмей кішкене орнында тұрды.

Сосын есін жия кітапханасына жүгірді, кітапханасына асыға кірді, алайда қорап орнында жоқ болды, оның орнында Ерұланның киімі ғана жатты. Ерұлан мұны көріп, санасында сан қилы ойлар туындады. Ол үстелге ақырын жақындап, киімін алған кезде, үстел үстінде оған беймәлім кітап жатты, Ерұлан басында ештеңені түсінген жоқ, ол кітапқа қарап тұрды, Ерұлан қорапты біреу алып кетті деген ойға келді, бірақ кітапты қолына алғанан кейін – бәрін түсінді… Қоңыр түсті кітаптың сыртында алты түрлі, ол бұрын-соңды көрмеген жануардың таңбасы екі қатарда бейнеленді, ал Ерұланда ондай кітап болған емес. Кітап бетіндегі ең соңғы таңба жаңа ғана дүниеге келген баласының арқасындағы таңбадан еш айырмашылығы жоқ.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Алпамыс Сырманов читать все книги автора по порядку

Алпамыс Сырманов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Сарман алты таңба кітабы отзывы


Отзывы читателей о книге Сарман алты таңба кітабы, автор: Алпамыс Сырманов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x