Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Название:Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005105080
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание
Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:

Гурба Виктор
Гулин Виталий Степанович(25.04.1892, Уфа губерниясы, Сатка қаласы – 26.08.1965, сонда) – 1935 жылғы мамырдан 1939 жылға дейн Қарсақбай мыс комбинатының директоры. 1906 жылы екі сыныптық училищесін бітірген соң, Саткинск шойын қорыту зауытында тазалаушы болып жұмысқа тұрған. 1908 жылдан бастап қазіргі «Магнезит» комбинатында электр жөңдеуші болды. 1914 жылы әскер қатарына алынып, майданға аттанды. 1917 жылы күзде фельдфебель әскери атағымен Сатқаға қайтып оралып, революциялық іс-шараларға араласып, эсерлер партиясынан қалалық жұмысшылар мен жауынгерлік депутаттар Кеңесіне сайланды. 1918 жылы ақпанда зауытты национализациялауға қатысып, АҚ басқармасының құрамына кірді.

Гулин Виталий
1920 жылы наурызда Сатка шойын қорыту зауытының басқарма төрағасы болды. 1926 жылға дейін Надежинскіде Богословск тау-кен зауыттық комбинатында басқарма төрағасының қызметін атқарды. 1923 жылы 9-шы Бүкілресейлік Кеңес съезінің делегаты болып сайланып, кейін «Госпромцветмет» тресінің басқарма төрағасының орынбасары болды. 1928 жылдың қаңтарынан Бастүстіметтің басшысы, КСРО халық шаруашылығы бүкілодақтық кеңесінің төралқа мүшесі. 1930 жылы шетел іссапарларында болып, Германия мен АҚШ-тың түсті металл өнеркәсібінің даму тәжірибесімен танысты.
1934 жылдың наурызынан Жоғары академиялық өнеркәсіп курстарының тындаушысы. 1935 жылы мамырда инженер-металлург дипломын алғаннан кейін Қазақстанға Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинатына директор болып тағайындалды. 1938 жылы репрессияға ұшырады. Гулин 1939 жылы 11 қаңтарда Қарсақбайда тұтқындалды. 1939 жылы 29 шілдеде КСРО Жоғары соттың әскери коллегиясының шешімімен РКФСР ҚК 58—8 бабымен 15 жылға түзету-еңбек лагеріне айдалды. 1957 жылы қарашаға дейін Магадан облысының түрмелері мен лагерлерінде отырып, ақталып шығып, өз туған жеріне оралды.
Далабаев Шенеу(1892, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы «Тайкеткен» ауылы – 1974, Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы) ағылшындар тұсында Қарсақбай мыс зауыты құрылысында бетон құюшы, теміржол цехында жөндеуші болып істеген. 1926—1938 жылдары Қарсақбай болаткомы төрағасының орынбасары, комбинаттың мал көлігі артелінің бастығы, ауатком төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған. Одақтық маңызы бар комбинаттың құрылысына жұмысшыларды, материалдарды, құрал-жабдықтары Жосалыдан, Атбасардан, Спасскіден жеткізу үшін жұмысқа жүздеген кірешілер тартылған, 1500 бірішке (жүк арбасы), шаруалардан 3 мыңнан астам түйе жалданған. Сөйтіп, Далабаев басқарған кезде жылына ағылшындарға қарағанда жүк тасымалдау көлемін екі есе арттыру мүмкін болған. «Атбасартүстімет» тресінің басқарма мүшесі геолог Қ. Сәтбаев тұңғыш рет Қарсақбайға Далабаевтың көлігімен келген. Аудандық «Қызыл кенші» газетінің редакторы болашақ қазақтың белгілі ақыны Ә. Тәжібаев Кеңгір бойындағы ұжымшар төрағасы Далабаев «Мені Абайға жақындатып, оны сүйіп оқуға себепкер болды» деп жазды. Қ. Сәтбаев, И.В.Деев сияқты ірі тұлғалармен аралас-құралас, жолдас болған. Ұлытау ауданы ұйымдастырылғанда туған жеріне оралып, ұжымшар төрағасы, ферма басқарушы, бригадир болып еңбек етіп, аудан мал шаруашылығын дамытуға еңбек сіңірді.

Далабаев Шенеу
Ө. Мұқанов .
«Даладағы дабыл» – құжаттарға негізделген көсемсөз романы «Жазушы» баспасынан үш мәрте жарық көрген. Кітаптың авторы – академик Мұхамбетжан Қаратаев. Тарихи деректерді негізгі конструкция бөлігі етіп алған шығармада Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ елінің тұрмыс-тіршілігі баяндалады. 1913 жылы Москвадан Байқоңырға жер аударылып келген И.В.Деевтің көргендері мен басынан кешкендері кітаптың арқауы етіп алынып, қазақ жерінде А. Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысының белсенді тұлғаларының іс-әрекеті баяндалады. Кітаптың «Самородок», «Халық көзімен», «Будақтайды түтіні Қарсақбайдың», «Болашаққа саяхат» тарауларының өзі әңгіме Үлкен Жезқазғанның қалыптасу және даму кезеңдері жайлы екенін баяндайды, «Даладағы дабылдың» 1981 жылғы соңғы басылымының көлемі 25 б.т.
Дәулетбаев Қайырбек(т.ө.ж.б.) – тұңғыш сайланған Қарсақбай аудандық К (б) П комитетінің бірінші хатшысы. Арнаулы техникалық білімі болмаса да Атбасар уездік пен Ақмола губерниялық партия комитеттерінде біраз жыл істеп, тәлім-тәрбие алған, ысылған, ұйымдастырушылық қабілеті мол, жігерлі жас жігіт болатын. Дәулетбаев бастаған аудандық партия комитетінің құрамы Қарсақбай комбинаты құрылысын бітіру жолындағы ең өзекті мәселелердің төңірегіне аудан партия ұйымы мен комбинат басшыларының назарын үнемі аударып отырды. Сол кездегі бұл саладағы ең қиын мәселе, бұрынғыша, өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшыларға азық-түлік мәселесі еді. 1926—1927 жылдардың елді жұтқа ұрындырған, боранды-аязды ауыр қысы бұл жұмыста одан әрі қиындата түсті. Аудандық партия комитеті құрылған 1926—1927 жылдардың қысы ерте түсіп, даланы қалын қар басып, одан әрі жаңбыр жауып, көктайғақ болып, Атбасармен екі арадағы жол қатынасы үзілді. Осының қырсығынан комбинат бірнеше ай бойы Атбасардан азық-түлік ала алмады. Мұның өзі комбинат құрылысына кідіріс жасау хаупін туғызды. Бірақ осындай аса бір ауыр қиындықтарға қарамастан комбинат құрылысы бір күнде, бір сағатта тоқтаған жоқ. Барлық коммунистер мен аудан активтері, комбинат басшылары үнемі құрылысшылар арасында болып, қолдан келген мүмкіндікті жасай отырып, қыс қиыншыларын жұмысшылармен бірге жүріп атқарысты.
Ә. Әміралин.Арқада туған алып. Қарағанды, «АРКО» ЖШС. 2011 ж.
Дәуітбаев Батырбек(т.ө.ж.б.) – Қарсақбай мыс қорыту зауытында қазақтар арасынан шыққан тұңғыш аға горновой. Бүкіл өмірі ауыр бейнет пен күрес үстінде өткен өз заманының жайсаң жігіттерінің бірі. Атбасар қаласының түбіндегі Лепин қалашығындағы Илья Фаутов деген көпестің тері зауытында бұғанасы қатпаған бала кезінен жұмыс істеген. Орысша сауат ашып, орыс тілін бір кісідей меңгерген.

Дәуітбаев Батырбек
Дәуітбаев 1925 жылы туған жері Қарсақбайға оралады, зауыт құрылысында тың жігермен беріле жұмыс істейді. Жас жігіт металлургия цехында қара жұмыскер болып, шетелден жеткізілген құрал-саймандардың, технологиялық агрегаттардың тілі ағылшын тілін үйренді. Қарсақбай аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланды. Қарақұм және Созақ ауданы төңірегіндегі байлар мен «кулактардың» көтерілісін басуда тапқырлық пен өжеттік көрсеткені үшін оған өз аты жазылған тапаншаны сыйлыққа тартты. Дәуітбаев өз еркімен ІІ дүниежүзілік соғысына қатысты. 1944 жылдың аяқ шенінде ауыр жараланып, елге қайтап келді, бірақ сол ауыр жарадан қайтыс болды.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: