Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Название:Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005105080
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание
Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:

Боранбаев Иса
Бөкейханов Сергей (Үгедей) Әлиханұлы (1905—1957) – инженер-геолог. Алаш Орда автономиясын қалаушылардың бірі, «Алаш» қазақ ұлттық партиясының төрағасы, сол саяси аласапыран кезде ұлт көсемі атанған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың отбасында дүниеге келген. 1929 жылы Москва кен академиясын бітірді. Еңбек жолын Қарсақбай мыс комбинатында бастаған. Оған себеп болған Қаныш Сәтбаевтың жан-жақтан бұрғылаушылар мен инженер-техниктерді жинап, Жезқазғанда барлау жұмыстарын қарқындату еді. «Бөкейхановты Қарсақбайға баруға біржола көндірген сияқтымын» – деп жазады Қ. Сәтбаев Москвадан жұбайы Т.А.Кошкинаға жіберген хатында.
Бөкейханов 1930 жылы Қарсақбай комбинатының геологиялық кеңсесінде аймақтық геолог болып жұмысқа қабылданды. 1934 жылы Москвада өткен КСРО Ғылым Академиясының Үлкен Жезқазған мәселесін талқылаған төтенше ғылыми сессиясында жас геолог мінбеге шығып «Жезқазғанның кен аймағы және структурасы» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол баяндама келесі жылы жарық көрген «Большой Джезказган» жинағында жарияланды.
1935 жылдан бастап, әкесі Москвадан шығу мүмкіндігінен айырылғандықтан, Бөкейханов өз мамандығы бойынша Оралдағы Блява мыс өндірісіне ауысады. Кейін Хакас автономия облысының Сор қаласында геологиялық барлау экспедициясының бас инженері болды. Мыс және уран кендері бойынша бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрген.
Дереккөз: Қаныш Сәтбаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. Алматы. «Қазақ энциклопедиясы». 2011 жыл. М. Сейтжанов.
Бөрібаев Сергей Әлімжанұлы(1943, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы – 2004, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы) 1967 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін өз мамандығы бойынша инженер-электрик болып еңбек етті. Кеңес әскері қатарында борышын өтеп келгеннен кейін партия қызметіне шақырылады. 1973—1983 жылдары Жезді ауданы «Байқоңыр» кеңшары партия комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды. 1983 жылы еңбекшілер депутаттарының аудандық кеңесі аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы етіп бекіткен. Қарсақбай мыс қорыту зауыты жабылып, оның материалдық базасы негізінде шойын қорытатын зауыт қалыптасып жатқан кезеңде зауыттың партия бюросына жетекшілік етті, соңғына зауыттың бас инженері болып еңбек етті. Бөрібаев аудандық партия комитетінің бюро мүшесі, ауаткомның мүшесі болды. Жұмыстың қай саласы болсын өзінің біліктілігімен, іске берілгендігімен, қағидашылығымен көпке көріне білді.
Бұқабаев Науан Қапарұлы(22.06.1935—23.05.2010) – инженер-металлург. 1960 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. Қарсақбай мыс қорыту зауытында горновой (1960), аға инженер-зерттеуші, шарпу пешінің аға шебері (1961), өндірістік телімінің шебері (1962), конвертор телімінің бастығы (1963), металлургиялық цехтың бастығы (1972). 1973 жылы зауыттың бас инженері болып тағайындалды. 1979 жылы зауыт партия комитетінің хатшысы болып сайланды. Мыс өндірісі тоқтап, зауытты басқа салаға бейімдеу қолға алынғанда тәжірибелік-сынақ телімін басқарды. Қазақ ұлттық металлургиясының қарашаңырағын мақтан тұтты, оның жабылып қалмауына атсалысты, шойын қорытатын тәжірибелік телімді өз қолымен іске қосты.

Бұқабаев Науан
Бұқарбаев Арықбай(1899, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы – ө.ж.б.) 1928 жылы Қарсақбай мыс зауытының электр станциясына шуровшы болып қабылданады. 10 жыл отжағушы, аға отжағушы, қазандықты тазартушы болып істейді. 1949 жылы шуровшы болды. Өзі сауатсыз болса да мамандығының қыры-сырын жетік білді. Марапат парағында зауыт директоры В. Багреев төмендегідей мінездеме береді: «Бұхарбаев жолдас орталық электр станциясындағы ең үздік стахановшылардың бірі, жұмыс нормасын 168% асыра орындап келеді. Өте үлгілі және адамгершілігі зор жұмысшы. Аса белсенді, бастамашыл, қажырғырлы. Өзіне де, өзімен бірге істейтін әріптестеріне де қатан талаппен қарайды. Тәртіпбұзушылық мүлде болған емес. Орталық электр станция қоғамдық өміріне белсене қатынасады. 1951 жыл 23 шілде». А. Бұқарбаев «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен, КСРО Жоғары Кеңесі төлалқасының қауылысымен елдегі ең жоғарғы марапат – Ленин орденімен (1951) марапатталған.

Бұқарбаев Арықбай
Бұлқышев Баубек(1916, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Сарлық ауылы – 1944, Украина, Днепропетровск, Софьевск ауданы, Серпухов селосы) – жазушы-публицист. Отан соғысының жауынгері. Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. Қарсақбайдағы ФЗО мектебін бітірген (1934). Алматы сауда-қаржы техникумында оқи жүріп, 1938 жылдың 1 қазанынан Қазақстан жазушылар одағы жанындағы жас жазушылар мен ақындар курсында оқыған. Көптеген өлең, «Балалық шақ» поэмасын, «Ауылдан Алматыға» атты әңгімесін жазды. 1939 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, кейін «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі болған. Бұлардан соң Қазақ мемлекеттік баспасында іс басқарушы, «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі. 1940 жылдың наурызынан Кеңес әскері қатарына шақырылып, Мәскеу әскери училищесінде оқиды. Ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғау, Украинаны азат ету шайқастарының бел ортасында болды. 1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты. Жезқазғанда, Жездіде, Ұлытау кентінде Бұлқышев атындағы көшелер бар. Сәтбаев қаласында орталықтандырылған кітапханаға жауынгер-публицистің есімі берілген. Ұлытау кентінде елімізде аты мәшһүр сұңғат өнерінің шебері Төлеген Досмағанбетов сомдаған Бәубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың ескерткіші көз тартып асқақ тұр.

Бұлқышев Баубек
Бүркітбаев Әшір(17.12.1906, Жетісу облысы, Сарысу уезі, Әшір Бүркітбай ауылы – 28.02.1938, Алматы қаласы) Ташкент балалар үйінде тәрбиеленген. Еңбек жолын Қарсақбай мыс қорыту заводында токарь (1925—1927) болып бастаған. 1927 жылғы қараша айынан бастап Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1929—1932 жылдары бірінші хатшысы, 1933 жылы Риддер қалалық партком бірінші хатшысы. 1934 жылы Орал-Қазақстан өнеркәсіп академиясын бітірген. Қазақстандағы алғашқы техникалық жоғарғы оқу орыны Қазақ кен- металлургия институтын (қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) ұйымдастыру жұмыстарын басқарды және оның тұңғыш директоры (1934—1937) болды. Бүркітбаев 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілді. 1958 жылы 25 наурызда толық ақталды.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: