Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар

Тут можно читать онлайн Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая документальная литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - описание и краткое содержание, автор Мұхтар Сейтжанов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қарсақбай және қарсақбайлықтар» кітабы Қарсақбай мыс қорыту зауытын салу, өндірістік қуатын игеру және одан әрі дамыту тарихына арналған.Қарсақбай зауыты Қазақ елінің, Арқаның, Ұлытау өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына игі ықпал жасады.Қарсақбайлықтардың 90 жылдық даңқты жолы, ұйымшылдығы мен жаңашылдығы, жоғары өндірістік мәдениеті мен тәжірибесі бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін құнды мәдени-рухани қазына болып табылады.Кітап жалпы оқырманға арналған.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұхтар Сейтжанов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать
Ванюков Владимир 1909 жылға дейін Ванюков ТТИ металлургия кафедрасының - фото 42

Ванюков Владимир

1909 жылға дейін Ванюков ТТИ металлургия кафедрасының аспиранты. 1910 жылы күзде институт кеңесінің қаулысымен Ванюков екі жылға шетелге іссапарға жіберілді. Бірінші жылы ол Аахенде профессор В. Борхаста жұмыс істеді, ал 1911 жылы жазда Германияның мыс, қорғасын және мырыш зауыттарында тәжірибе жинақтады. Кейін Америкада Бостон технологиялық институтында профессорлар Г. Гофман мен Р. Ричардтың қарамағында жұмыс жасады. 1911 жылы жазда АҚШ-тың мыс, никель, қорғасын және мырыш зауыттарында, байыту және алтын айыру фабрикаларында оқу-тәжірибелік жұмыстарда болды. Осы уақытта Ванюков жүргізген жұмыстардың нәтижесінде жаңа қыздыру (термикалық) сараптау әдісі ашылып, әзірленді.

1920 жылдың наурызынан бастап Ванюков өндірісті қалпына келтіру бойынша құрылған Орал – Сібір комиссиясының құрамында жұмыс істеді. 1922 жылғы мамырдан 1926 жылғы 19 ақпанға дейін асыл металдар бойынша ғылыми кеңесші ретінде КСРО Қаржы халық комиссариатының валюталық басқармасымен серіктестік орнатты. Осы мерзімде ол хлормен алтынды тазалау жаңа тәсілдерін әзірлеп, оның қатысуымен қалқымалы – аффинажды лаборатория құрылып, іске қосылды.

Ванюков 1926 жылы Москваның тау—кен академиясының профессоры болып сайланды және түсті металлдар факультетін құруға бастамашы болды. 1930 жылы осы факультеттің негізінде дүние жүзінде ең бірінші Москва түсті металл және алтын Институты құрылды. Ванюков 1930-жылдары Қарсақбайда тұрып, іс үстінде Жезқазған кентасы концентратты қорытудың технологиясын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беріп отырды. ІІ дүниежүзілік соғысы жылдары мыс қорыту зауыттарында тотыққан мыс кендері мен концентраттарын қорытудың жаңа әдісін әзірлеп қолданысқа еңгізді. Нәтижесінде, аса бай штейндер мен жоғары кремний шлактары бар мыс кендерін балқыту проблемасын шешті.

Еңбек Қызыл Ту (1939), В.И.Ленин (1950) ордендерімен марапатталған, Сталиндік (Мемлекеттік) сыйлықтың (1946), ғылым және техникада еңбегі сіңген қайраткер (1945) атағының иегері.

Дерек көзі: Профессор Ванюков. Қазақстанның мыс кені мен концентратын балқыту жолы. Металлургиздат. 1947. Москва. 184 бет. М. Сейтжанов.

Волошин Дмитрий Антонович(т.ж.б. – 1938, Қарағанды облысы, Қарсақбай ауданы, Қарсақбай қалашығы) Спасскі зауытының қолынан өнері тамған токарі, қоғам белсендісі. 1919 жылы Қарағанды көмір ошағы ревкомының төрағасы болып сайланған. 1920 жылы 3 маусымда Сібір халық шаруасы кеңесінің Сібір тау-кен кеңесі Спасскі комбинатының басқарма төрағасы етіп сайлаған. 1926 жылы «Атбастүстімет» тресінің қарауына берілген Спасскі зауытының жұмысы тоқтатылып, консервацияға қойылды. Сол жылы жазда үйреншікті кәсібіне қайта оралғысы келген Спаскінің жұмысшылары үлкен көш-керуенмен Қарсақбайға келді. Күзге дейін алты пәтерлік алты шағын үй салып алды. Қалашықтағы шағын оралым ХХ ғасырдың 30—40 жылдары Спасскі көшесі деп аталатын.

Д. Волошин механикалық цехтың бастығы болып тағайындалды. Бұл цех жаңа құрылыстың аса маңызды телімі болды. Зауытта шетел машиналарының механизмдері және құрал-жабдықтарына қажет бөлшектер табылмайтын. Қосалқы бөлшектерді жасау, технологиялық агрегаттарды жөндеу «Волошин цехының» басты үлесі болды. 1930 жылы шілдеде зауытта болған «Советстепь» газетінің тілшісі Алдан Семенов мақаласында Дмитрий Волошинді, Өсербай Үдербаевты, Тихон Қазазаевты өндірістік майданның батырлары деп жазды. Цех тұңғыш рет Марси диірменінің үлкен шестерналарын қалыпқа келтіруді игерді, болттарды пресстеп шығарды, қажетке қарай құрамы әртүрлі металдан құймалар жасады. Цехта 5—6 жылда 50 астам қазақ жігіттері металл өндеуші мамандығын алды, еңбектің озық әдістеріне көзі қанық меңгерді. Д.А.Волошинді 1938 жылы 21 ақпанда цехтын ішінде «халық жауы» деген жалған жаламен тұтқындап, үйіне айдап әкелді. ІІХК-ының тергеушілері үйдегі барлық бағалы заттарды, неке жүзіктерін, сырғаларды, тіпті бүкілодақтық староста М.И.Калинин сыйлаған алтын шынжыр баулы қалта сағатты алып кетті. Осы жолы Д.А.Волошинмен бірге Спасскілік сегіз жұмысшы үштіктің шешімімен кеңес үкіметіне қарсы контрреволюциялық және зиянкестік бүлдіру әрекеті үшін деген жалған айыппен Қарсақбайда атылды. Сталин өлгеннен кейін атылғандардың бәрі ақталды.

С. Қожамсеиітов.

Гетман Емельян Дмитриевич – Қарсақбай мыс қорыту зауытында конвертордың обер-шебері. Қарсақбайлықтардың көз алдында мыс пісіру технологиясының алдына жан түспеге шебер болып шықты. Ауылдан келген орыс баласы Қарсақбай комбинатына қара жұмыскер болып қабылданған. 1929—1930 жылдары дабыл қағушы, 1930—1932 жылдары әуелі кіші, бір жылдан кейін аға фурмовшы болып істейді. Содан конвертор шебері, обер-шебері, металлургиялық цех бастығының орынбасары, бастығы болып көтеріле берді. Гетман бастамасымен металлургтер бір тоқсанда шапшаң балқыма алу санын 120-дан 160-қа жеткізді. 10 жыл ішінде шарпу пешін сапалы жөндеуді ұйымдастырғаны, екпінді еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болған, грамоталар алған, костюм киген, велосипед мінген.

Гетман Емельян С Қожамсеиітов Гурба Виктор Васильевич1914 Украина - фото 43

Гетман Емельян

С. Қожамсеиітов.

Гурба Виктор Васильевич(1914, Украина, Сумы облысы, Глухов қаласы -1981, Жезқазған облысы, Жезқазған қаласы) – 1936 жылы Екатеринбург тау-кен институтын бітірген тау-кен инженері. Өмірінің 40 жылы Жезқазған – Ұлытау өңірімен, Жезқазған кен-металлургия комбинатымен байланысты. 1952 жылы сәуірде Жезқазған мыс комбинатының бас инженері, 1953 жылы қарашада Жезқазған тау-кен басқармасының директоры болып тағайындалды. 1958 жылдың шілдесінен өмірінің соңына дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия комбинатының директоры болып істеген. Қарсақбай мыс зауытының, қарсақбайлықтың мәселелеріне аса мұқият қарады. Қарсақбай байыту фабрикасы, орталық электр станция жабылғанда әрбір жұмысшының, әрбір инженер-техниктің жұмыспен қамтамасыз етілуіне, жаңа қоныста үйлі-жайлы болуына ерекше маңыз берді. Жезқазғанда жаңа мыс қорыту зауыты іске қосылғанда кейбір басшылардың қарсақбайлық металлургтердің білімі мен біліктілігіне күманмен қарағанда, ол туынды мәселені мемлекеттік тұрғыдан әділ шешті, қарсақбайлықтар түгелдей жұмысқа қабылданды. Бұрыңғы облыс орталығының 6-шы мөлтек ауданында металлургтер көшесі пайда болды. Гурба 1960 жылдан үзбей Қазақ КП ОК құрамына сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің (1965), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің (1955) депутаты, КОКП XXV съезіне делегат болып сайланды. Екі мәрте Ленин орденімен (1961, 1966), 5 медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген кенші. Техника ғылымдарының кандидаты. Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Гурба атында Жезқазған, Сәтбаев қалаларында көшелер бар.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұхтар Сейтжанов читать все книги автора по порядку

Мұхтар Сейтжанов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қарсақбай және қарсақбайлықтар отзывы


Отзывы читателей о книге Қарсақбай және қарсақбайлықтар, автор: Мұхтар Сейтжанов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x