Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар

Тут можно читать онлайн Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая документальная литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - описание и краткое содержание, автор Мұхтар Сейтжанов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қарсақбай және қарсақбайлықтар» кітабы Қарсақбай мыс қорыту зауытын салу, өндірістік қуатын игеру және одан әрі дамыту тарихына арналған.Қарсақбай зауыты Қазақ елінің, Арқаның, Ұлытау өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына игі ықпал жасады.Қарсақбайлықтардың 90 жылдық даңқты жолы, ұйымшылдығы мен жаңашылдығы, жоғары өндірістік мәдениеті мен тәжірибесі бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін құнды мәдени-рухани қазына болып табылады.Кітап жалпы оқырманға арналған.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұхтар Сейтжанов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать
Бейсекбаев Әбдіраман Бексұлтанов Қуанышбек12051928 Көкшетау облысы - фото 30

Бейсекбаев Әбдіраман

Бексұлтанов Қуанышбек(12.05.1928, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, «Қызыл егіс» ауылы – 1996) – инженер-металлург. Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. 1948 жылы Зеренді ауылдық мектебін басында қазақша, кейін орысша оқып, бітіріп шыққан. 1948 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтына түсіп, оны 1953 жылы түсті, сирек және асыл металл металлургиясының инженер-металлургі мамандығы бойынша бітірген. 1953 – 1954 жылдары Қарсақбай мыс қорыту зауытының байыту фабрикасында ауысым шебері. 1954 – 1956 жылдары байыту фабрикасының технологы. 1956 – 1957 жылдары Қарсақбай мыс зауытының ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы. 1956 жылдан бастап КОКП мүшесі. 1957 – 1958 жылдары қайтадан байыту фабриканың технологы болды. 1958 – 1959 жылдары Жезді марганец кеніші партбюросының хатшысы. 1959 – 1960 жылдары Қарсақбай мыс зауыты партбюросының хатшысы. 1960 жылы 29 шілдеде Қ. Бексұлтанов Қарсақбай мыс зауытының директоры Купряков Ю. П. ғылыми жұмысқа ауысуына байланысты оның орнына директор болып тағайындалды. Зауыт директорлығына әріптесі, әрі тұңғыш қара домалақ қазақ баласы тағайындалғанын қарсақбайлықтар тәубе десіп, қушақ жайып, мақұлдап қарсы алды. Оған тағы бір себеп бар. Куанышбек қарапайым халық тілегіне сергек, өз ісінің білгірі, екі сөйлемейді, гуманитарлық салада да білімі терең, насихатшы. Осының заңды көрінісі оған Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мәдениет қызметкері құрметті атағы берілген.

Бексұлтанов Қуанышбек Жезқазған кенметаллургия комбинаты партком хатшылығына - фото 31

Бексұлтанов Қуанышбек

Жезқазған кен-металлургия комбинаты партком хатшылығына сайланды. Жезқазған мыс зауыты іске берілгенде шихта дайындау цехына бастық болып ауысты және бұл қызметті зейнеткерлікке шыққанша атқарды. КСРО-ың орден, медальдарымен марапатталған.

Дереккөз: «Жезқазғантүстімет» ӨБ архив қоры. М. Сейтжанов

Бектепберген ұста Үдербайұлы(1870, Торғай уезі, Қайдауыл болысы, Терісбұтақ өзенінің бойы – 1922, Қарақұм) – ұста, Амангелді Имановтың ағасы. Ауыл молдасынан және өз анасынан сауатын ашқан. Киіз үйдің шаңырағын, уық, керегесін, шана жасаған. Қарсақбай, Байқоңырға барып, өндірісте еңбек еткен. 1916 жылғы Торғай көтерілісікезінде Балықтың қарасуында ұстахана ұйымдастырып, қару-жарақ соғатын және жөндейтін ұсталар тобын басқарған.

Биназаров Қазыбай(18.02.1936, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Қарсақбай кенті) – КСРО түсті металлургия саласының құрметті металлург (1978). Жамбыл Жабаев атындағы алтыжылдық мектепте орташа білім алған. Еңбек жолын 1953 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытында токарьдын шәкірті болып бастаған. 1954 жылдан Қарсақбай темір жолында кочегар, 1959 жылдан машинист көмекшісі, 1961 жылдан темір жолдың бас кондукторы болды. 1975 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Қарсақбай металлургиялық зауытының құю-механикалық телімінде дайындаушы, шихтовшы, ұста болып абыройлы еңбек етті. «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100-жыл толуы құрметіне» (1970), «Ерлік еңбек үшін» (1981) медальдарымен марапатталған.

Биназаров Қазыбай Богатырев Марк Евсеевич1902 Сталинград облысы Илавлин - фото 32

Биназаров Қазыбай

Богатырев Марк Евсеевич(1902, Сталинград облысы, Илавлин ауданы – ө.ж.б.) 1913—1925 жылдары туған жерінде ауыл шарушылығы саласында еңбек етті. 1925—1929 жылдары Сталинград қаласындағы «Красный октябрь» зауытында жұмысшы, кейін бригадир болды. 1929—1930 жылдары сол қаладағы трактор зауытында тойтарғыш, бригадир жұмысын атқарды. 1930 жылдан бастап БК (б) П мүшесі. 1930—1933 жылдары Магнитогорск қаласындағы домна цехында шебер, домналарды монтаждау бойынша прораб болды. 1932 жылы домна пештерін монтаждауда нормасын асыра орындаған үшін Одақтық атқару комитетінің алғыс хатымен және ақшалай 200 рубльмен марапатталған. 1933—1934 жылдары Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытында Мартен пештерін монтаждау бойынша шебер болып істеді. 25.10.1934 жылы Харьков қаласындағы Украина өнеркәсіп академияның металлургия факультетіне түсіп, 15.07.1938 жылы болат құюшы мамандығын алып шықты. Богатырев 1938 жылы 17 тамызда КСРО Ауыр өнеркәсібінің халық комиссары Л.М.Кагановичтың өкімімен Қарсақбай мыс қорыту комбинаты директорының орынбасары етіп тағайындалды. 1500 рубль жалақы бекітіліп, жеке пәтер берілді. 1938 жылы Қарсақбай комбинатынан Жезқазған мыс кеніші заңды тұлға болып бөлініп шықты. Байқоңыр көмір ошағы Қарсақбай мыс зауыт құрамында қалды. Зауыт директорлығына Богатырев тағайындалды.

Болманов Қыдырәлі Нұртайұлы(1964, Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Өрнек ауылы) Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясын (1991) бітірген. 1987 жылы Грозный қаласында жас әншілер конкурсында лауреат атанған. 1988 жылы «Жігер-88» республикалық конкурсының лауреаты, 1990 жылы Данияда өткен «Борнхольм-90» халықаралық конкурсының бірінші орын иегері, 1991 жылы «Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты. 2001 жылы «Золотой диск» атты конкурстың жүлдегері болған. 2010 жылы «Бал-бала» атты ұлттық реңктегі ойыншықтар жасау жобасын іске асырған және осы идеяның авторы. 2001 жылы ҚР Прзиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан Алғыс хат алған. Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.

Болманов Қыдырәлі Боранбаев Иса1923 Қостанай облысы Торғай уезі Қайдауыл - фото 33

Болманов Қыдырәлі

Боранбаев Иса(1923, Қостанай облысы, Торғай уезі, Қайдауыл болысы, Байқоңыр кенті – 1984). Жастайынан әкеден жетім қалған он бір жасар жасөспірімді кеңес органдары Шымкент қаласындағы жетім балалар үйіне тапсырған. Оқуды жақсы оқыған Боранбаев Түркістандағы мәдени-ағарту қызметкерлерін даярлайтын екі жылдық мектепке оқуға жіберілген. 1942 жылы қаңтар айында өзі сұранып ҰОС аттанды. Елге 1945 жылы оралғаннан кейін Қарсақбай аудандық партия және атқару комитетінің жауапты қызметтерде істеді. Жезқазған кен-металлургия комбинатының мыс қорыту заводында партком хатшысы, қалалық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. СОКП Орталық Комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыз Пленумдарының қаулыларына сәйкес отыз мыңдықтардың сапында В. И. Ленин атындағы ұжымшардың басқарма төрағасы болып сайланды. 1957 жылы наурыз айында оның негізінде құрылған Сарысу кеңшарының директоры. «Сарысу» кеңшары асыл тұқымды еділбай қойын өсіретін ірі қой зауытына айналды. 1973 жылы Жезқазған облыстық ауыл шаруашылығы жайылымдықтарын суландыру басқармасының бастығы болып тағайындалды. Еңбек Қызыл Ту (1964) орденімен, медальдармен марапатталған.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұхтар Сейтжанов читать все книги автора по порядку

Мұхтар Сейтжанов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қарсақбай және қарсақбайлықтар отзывы


Отзывы читателей о книге Қарсақбай және қарсақбайлықтар, автор: Мұхтар Сейтжанов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x