Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Название:Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005105080
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание
Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:

Багреев Иван
Бағаналы ауданыАқмола облысы, Атбасар уезі аумағында 1920 жылы 11 мамырда құрылды. Орталығы – Қарсақбай зауыты. Ол тікелей Атбасар уездік атқару комитетіне бағыныста болды. Оның құрамына 10 болыс енді. Олар – Айыртау, Айнакөл, Жаңа Сарысу, Жезді, Кеңгір, Құмқоңыр, Сарысу, Таранкөл, Ұлытау, Үлкен Жезді болыстары. Осы аралықта Балталы, Баршақұм, Қарабала, Қаракеңгір болыстары таратылған. 1921—1922 жылдары Үлкен Жезді, Айнакөл болыстары Жезді болысымен, Айыртау болысы Ұлытау болысымен, Таранкөл болысы Кеңгір болысымен бірікті. Әуелде ауатком төрағасы Хасен Қасқабаев болды. 1922 жылы 26 шілдеде Бағаналы ауданын таратқанда оның құрамында болған болыстар Ақмола губерниясының Атбасар уезіне берілді.
Байғорин Шәймен Байғараұлы(1932, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Ворошилов атындағы ұжымшар – 1989, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай қалашығы) 1956 жылы кеңес әскер қатарында әскери міндетін өтеп келісімен Қарсақбай мыс қорыту зауытында балқытушы болып еңбек жолын бастады. Кейін ауысым шебері, аға шебер, электр пеші бөлімінің бастығы болып 1982 жылы зейнеткерлікке шыққанша еңбек етті. 1969 жылы Қарағанды облыстық Кеңесіне депутат болып сайланған. Ш. Байғорин сіңірген қажырлы еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Ол Еңбек Қызыл Ту (1974) орденімен, «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100-жыл толуы құрметіне» (1970) медальдармен марапатталған.
Байжіқов Қаржан(1907, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, №8 ауыл – ө.ж.б.) 1928 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытының темір жол бөліміне отжағушы болып орналасқан. 1931 жылы металлургиялық цехқа қара жұмыскер болып ауысады. Өндірісте жүріп металлургтердің жүріс-тұрысына, мамандығының қыры-сырына, тұрмыс-тіршілігіне қаныға берді. 1932 жылы дабылшы, 1933 жылы кіші горновой, 1933 жылдан зейнеткерлікке шыққанша фурмовшы, аға фурмовшы, 1946 жылы аға конверторшы болып үздіксіз еңбек етті. Мінсіз қызметі және ерен еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен (1949), «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Байзақов Хамзе(1896, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Ұлытау өңірі – ө.ж.б.) Қарсақбай мыс қорыту зауыты металлургия цехына 1929 жылы 22-желтоқсанда қара жұмыскер болып жұмысқа қабылданған. 1930 жылдың 16-сәуірінен тиеуші, 1932 жылдың 18-тамызынан горновой, 1938 жылдың 7-сәуірінен балқытушы. 1938 жылдың 11-шілдесінде ауысым шебері болып тағайындалады, 1949 жылдың 15-қарашасында балқытушы мамандығына қайта оралады. 1945 жылы КОКП мүшелігіне қабылданады. Байзақов Ұлы Отан соғысы жылдары ауысым шебері болса, оның кіші інісі байыту фабрикасында машинист, екіншісі флотатор, үшіншісі шарпу пешінде горновой, төртіншісі конвертор цехында фурмовщик болып жоғары өнімді еңбек етті. Байзақов Еңбек Қызыл Ту орденімен (1949), «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Байқоңыр көмір ошағыҚарсақбай кентінен оңтүстік батысқа қарай 60 км жерде орналасқан. Көмір өндірілген жер иесінің есімімен әуелі Шоқпар, кейін көмірлі аймақты 1905 жылы ағылшындарға жалға берген жамантымақ қыпшақ Байқоңыр байдың атымен аталған (Географические названия мира. Топономический словарь. М. Аст. Поспелов Е., 2001). Ағылшындар геологиялық барлау жұмыстарын қарқынды жүргізді. Бірнеше жылда қоңыр көмір қоры 714840 т жеткізілді. Бұл жылына 56500 т көмір өндірілсе, ол жылына 5000 т қара мыс беретін Қарсақбайды мыс қорытуға 12 жылға қамтамасыз ететіні анықталды. Сондықтан да зауыт Жезқазған мен Байқоңырдың тең ортасында дерлік Қарсақбай ашағында салынатын болды. Олардың арасы ұзындығы 120 шақырым тартабанды темір жолмен байланыстырылған.
Байқоңыр көмір ошағында 1911 жылы 200-дің үстіне жұмысшы болды. 1911—1917 жылдары 34419 т қоңыр көмір өндірілген. Оны негізінен Қарсақбай, Жезқазған және Байқоңыр кенттерінің тұрғындары, жергілікті өндіріс отын ретінде жақты. Ұлы Отан соғысы жылдары көмір өндірісі бірнеше есе артып, жылына 130 мың тоннаға дейін жетті. Жезқазған өнеркәсіп ауданы көмірмен жеткілікті қамтамасыз етілді. Көмір ошағында орта есеппен 650—790 адам жұмыс істеді. Қарсақбай мыс қорыту зауыты іске қосылғанда 1937 жылы Қарағанды-Жезқазған темір жолы арқылы Қарағандының жоғары қызулы тас көмірі жеткізілгенше Байқоңырдың көмірін пайдаланды. Байқоңырда көмір өндіру 1961 жылы тоқтады.
Байқоңыров Өмірхан Айтмағанбетұлы(14.9.1912, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Кеңгір болысы – 15.3.1980 ж., Алматы) – техникалық ғылымдар докторы (1972), профессор (1959), Қазақ ҒА-ң академигі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1971). Әкесі Айтмағанбет Қаракеңгір бойынан көшіп келіп, жаңадан салынып жатқан Қарсақбай мыс қорыту зауытының құрылысына жұмыскер болып кірген. Ұлы Өмірхан ағаш шеберінің оқушысы. Күн тәртібінде жас қазақ жұмысшыларын дайындау өткір тұрды. Еңбекқор, білімге құмар жас жігіт Қарсақбай фабрика-зауыт мектебін бітіреді. Содан кейін Қарсақбай геологиялық кен барлау кеңсесінде коллектор болып істейді. Бірде Өмірханның әкесін Қ. Сәтбаев шақырып, былай депті: «Алеке, сіздің ұлыңыз жақсы азамат болып өсіп келеді. Ақылды, ойлы жігіт, бастамашыл және іздемпаз азамат болып өсіп келеді. Оқуы керек. Ол кәсіптік мектепте оқып жүрген соңғы жылдары тамаша бұрғышы болды, оқу бітіргеннен кейін үздік коллектор. Алайда табиғатынан дарынды баланы ұстай беруге болмайды, оқыту керек. Сіз, Айтмағанбет аға, келісіңіз, мен батырыңызға Қазақ кен-металлургия институтына түсуге ұсыныс-жолдама беремін. Менің мына сөзімді ұмытпаңыз, түбі қарсақбайлық коллектор академик болады». Айтекең де Қаныш Сәтбаевтың ақылымен келіседі. Ө. Байқоңыров 1935 жылы Қазақ кен-металлургия институтына оқуға түседі. 1940 жылы институтты бітіріп, тау-кен инженерінің дипломын алады. Өзіне етене жақын Жезқазғанға оралады. Әлі де сонда еңбек етіп жүрген және осы уақытта есімі Одақ, Қазақ еліне кеңінен танымал болған Сәтбаевпен қызметтес болады. 1941—1952 жылдары Жезқазған кен басқармасында басшылық қызметтер атқарған. 1952—1962 жылдары Қазақ кен-металлургия институтының басшысы. Негізгі ғылыми еңбектері жер астында кен қазу жұмыстарын кешенді механикаландыруға, қазба орындарының сейсмикалық қауіпсіздігін және тау-кен жыныстарының физика-механика қасиеттерін зерттеуге, т.б. арналған. Ол жер астынан кен алу жүйелерінің матрицалық жіктелімін және оларды үйлесімдендірудің геометрикалық тәсілін жасады. Сондай-ақ кен өндірудің техникалық-экономика тиімділігі жоғары кенүңгірлік жүйемен шапшаң бұрғылаудың жаңа тәсілін тауып, өндіріске енгізген. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған. Жезқазған университетіне аты берілген.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: