Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Название:Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005105080
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание
Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Балқыбаев Әбдірасыл(1931, т.ж.б. – 2010, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы) Қарсақбай фабрика-зауыт мектебінде оқып, жөндеуші, флотатор мамандықтарын меңгеріп шығады. 1948 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытының байыту фабрикасына әуелі классификаторшы, кейін диірмен машинисі болып тағайындалды. Табиғатында сөзден гөрі еңбекке бейім жас жігіт бұл жұмысты қысқа мерзімде игеріп, дөңгелетіп әкетті. Өткен ғасырдың 60-жылдарының басында Жезқазғанда қуатты байыту фабрикасы салынып, Қарсақбайдағы фабрика өз жұмысын тоқтатты. Балқыбаев Жезқазғанға жұмысқа шақырылды. Жезқазғандағы байыту фабрикасындағы өндіріс технологиясы Қарсақбаймен салыстырғанда күрделі екен. Сондықтан да ішінде Балқыбаев бар бірнеше қарсақбайлық жігіттерді Балхаштағы комбинатта өндірістік тағлымдамадан өткізуге жіберді. Бұл жылы көп нәрсеге көзі қанығып, үйреніп, біраз нәрсені ой сарабынан өткізіп, көңілге түйіп қайтты. Жезқазған байыту фабрикасында да диірмен машинисі болып істеді. 1988 жылы зейнеткерлікке шыққанда осы мамандық бойынша еңбек өтелі барлығы 40 жыл болды.

Балқыбаев Әбдірасыл
Балқыбаев Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Балтабаев Байжан(1910, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Бала Жезді – ө.ж.б.) Еңбек жолын 1932 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытының металлургиялық цехында қара жұмысшы болып бастаған. 1932—1934 жылдары Орталық электростанциясында шуровшы. 1934—1936 жылдары Қарсақбай темір жолында жұмысшы. 1936 ж. металлургиялық цехке жұмысшы болып ауысты. 1936—1937 жылдары сол цехте жүк тиеуші. 1937—1939 жылдары кіші горновой, ал 1939—1946 жылдары аға горновой болды. 1939 жылдан бастап БК (б) П мүшесі. Алдына қойылған еңбек жоспарын күн сайын орташа 107% орындап отырды. Қарсақбай мыс қорыту зауытында Б. Балтабаевтың адал еңбегі жоғары бағаланды. «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен, бірнеше рет ақшалай сыйлықтармен марапатталған.
Бапов Әйтен(1920, Қостанай губерниясы, Торғай уезі, Қайдауыл болысы, №5 ауыл – 1986) – ІІ дүниежүзілік соғысының ардагері. 1944 жылдан бастап Қарсақбай кенттік кеңесі атком төрағасы, кейін Қарсақбай мыс қорыту заводының кадр бөлімінің бастығы, Қарсақбай МТС-да, «Байқоңыр» кеңшарында партком хатшысы, «Шеңбер» кеңшарының директоры қызметтерін атқарды. 1976 жылдан өмірінің соңына дейін «Жайремтяжстрой» тресінің кадр бөлімінің бастығы. Бапов І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Бәйменов Әлихан Мұхаммедияұлы(1959, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай кенті) – мемлекет және қоғам қайраткері, Техника ғылымдарының кандидаты (1988), доцент (1991). Жаратылыстану ғылымдары Ұлттық Академиясының мүшесі. Қарағанды политехникалық институтын (1981) бітірген. 1981—1992 жылдары ҚарПТИ Жезқазған филиалында ассистент, аға оқытушы, доцент, Жезқазған тау-кен технология институтында деканның орынбасары болып істеді. Кейін әкімшілік-басқару жұмысына ауысып, Жезқазған облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 1995—1999 жылдары ХІІІ шақырылған ҚР Жоғары кеңесінің депутаты. 2003—2007 жылдары ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, 1997—1998 жылдары ҚР Еңбек министрінің орынбасары, бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1997—1998 жылдары Премьер-министр кеңсесінің жетекшісі. 1998—1999 жылдары Президент Әкімшілігінің жетекшісі болды. 1999—2001 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2011 және 2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы. 2001 жылдан «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігі саяси кеңесінің мүшесі, «Ақжол» демократиялық партиясының тең төрағасы – саяси атқару комитетінің төрағасы болды. Ә. Бәйменов 2014 жылғы қыркүйектен мемлекет қызмет саласы бойынша өңірлік хаб басқарушы Комитетінің төрағасы. «Ұлытау» қоғамдық қозғалысына жетекшілік (1989) етті. Тоғызқұмалақ бойынша халықаралық және республикалық федерациялардың президенті. Бірқатар ғылыми, ғылыми-көпшілік және әдеби-көркем шығармаларының авторы.

Бәйменов Әлихан
Бәтеев Қарабек(15.01.1912, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Қарсақбай ауылы – 19.03.1996, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) еңбек жолын 1939 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытында жүк тиеуші болып бастаған. 1944 жылдан откатчик, 1951 жылдан ҚТЖ-да слесарь, 1953 жылдан вагон бақылаушы, 1963 жылдан 1967 жылғы 7 шілдеде зейнеткерлікке шыққанға дейін вагон депосында бригадир болып еңбек етті. Қ. Батеевтің еңбек кітапшасы жұмысына жауапты қарағаны үшін алғыстар мен ақшалай сыйлық алғаны туралы жазбаларға толы. Ол 1943 жылы соғыс қажеттілігіне атқарған нәтижелі жұмысы үшін стахановшылардың қатарынан көрінді. «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жалдарындағы ерең еңбегі үшін» (1946) медалімен, «Коммунистік еңбегінің үздігі» (1966) төсбелгісімен және мемлекеттік грамоталармен марапатталған.
Бегімбетов Әбдібай(1917, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қарсақбай елді-мекені – 1998, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы) Ұлы Отан соғысының майдангері. 1939 жылы кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Ақфиндермен, фашистік Германиямен, милитаристік Жапониямен соғысуға қатысты. Елге 1947 жылы оралғаннан соң ұжымшар партия ұйымының хатшысы, ұжымшар басқармасының төрағасы болып сайланған. 1952 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытына жұмысқа түседі. Металлургия цехында аспалы кран машинисі, балқытушы болып еңбек еткен. Өндірісте тапсырманы жыл сайын 102% асыра орындап отырған. Мінезі баладай ақкөңіл, ешкімнің бетін қайтармаған, жұмыс орынында жауаптылығымен, біліктілігімен көзге түскен. Өз мамандығына оннан астам жас жігітті үйреткен. «Ерлігі үшін» (1943), «1941—1945 Отан соғысы жылдарыфашистік Германияны жеңген үшін», «Жапонины жеңген үшін» медальдарының иегері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.

Бегімбетов Әбдібай
Бейсекбаев Әбдіраман(1909, Ақмола облысы, Атбасар уезі) – Қарсақбай байыту фабрикасында аға фильтровщик. Уақтау цехында 1930 жылдың 31 желтоқсанынан откатчик болып еңбек жолын бастады. 1933 жылдың шілдесінен байыту фабрикасында фильтровщик. Тәжірибелі байытушыны 1938 жылы шілдеде жобалық қуатын игеруде үлкен қиыншылық көріп отырған Балқаш байыту фабрикасына мамандығы бойынша жұмысқа жіберілді. Ол мұнда 1 жыл 7 ай 18 күн еңбек етті. Қарсақбайдың атын ақтады. 1940 жылдың 4 мамырынан зейнеткерлікке шыққанша Қарсақбай байыту фабрикасында аға фильтровщик болып еңбек етті. Еңбек Қызыл Ту орденімен, «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін», «Ерлік еңбегі үшін» (1950) марапатталған.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: