Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар

Тут можно читать онлайн Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая документальная литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - описание и краткое содержание, автор Мұхтар Сейтжанов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қарсақбай және қарсақбайлықтар» кітабы Қарсақбай мыс қорыту зауытын салу, өндірістік қуатын игеру және одан әрі дамыту тарихына арналған.Қарсақбай зауыты Қазақ елінің, Арқаның, Ұлытау өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына игі ықпал жасады.Қарсақбайлықтардың 90 жылдық даңқты жолы, ұйымшылдығы мен жаңашылдығы, жоғары өндірістік мәдениеті мен тәжірибесі бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін құнды мәдени-рухани қазына болып табылады.Кітап жалпы оқырманға арналған.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұхтар Сейтжанов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

М. Сейтжанов.

Әлиакпаров Қаппас(1918, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Терісаққан болысы). 1930 жылы анасы Қарсақбай зауытында жұмыс істеп жұрген ұлдарын жинап алып, «қысы жылы, жері құнарлы оңтүстікке көшейік» деп ой салды. 1932 жылы Мақтааралға баратындардың тізіміне ілегіп, Жосалы арқылы Шымкентке келді. Әлиакпаров фабрика-зауыт оқуы мектебінде радист мамандығын меңгерген. Шымкенте ауылшаруашылық техникумында оқып жүргенде 1939 жылы кеңес әскеріне шақырылған. ҰОС алғашқы айларында жау қолына тұтқынға түскен. Одан қашып шығады. 1943 жылы 3 ақпанда Ровно маңайында әрекет етіп жатқан атақты Д.Н.Медведевтің «Жеңімпаздар» партизан отрядына кіреді. Кеңес Одағының Батыры барлаушы-партизан Николай Иванович Кузнецовпен бірге қимыл жасаған. Берлинді алу үшін болған айқаста ауыр жараланған. Елге оралған соң Қарсақбай мыс зауытының өндірістік орындарында жұмыс істеген. 1962 жылы Жезқазған үй құрылысы комбинатында директордың орынбасары болып қызмет етті. І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, жауынгерлік және еңбектегі жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін медальдармен марапатталған. Жезқазған қаласының Құрметті азаматы.

Әлиакпаров Қаппас Әлменов Болат Жолмұханұлы12051968 Қарағанды облысы - фото 18

Әлиакпаров Қаппас

Әлменов Болат Жолмұханұлы(12.05.1968, Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) Қарсақбай металлургиялық зауытының техникалық жабдықтау бөлімінің жұмысшысы. Еңбек жолын 1989 жылы сәуірде зауытта газдыэлектрдәнекерлеуші болып бастаған. «Қазақмыс» корпорациясының жүйесінде істеп жүрген жұмысында Әлменов өзін тек жақсы жағынан көрсетіп, өмірлік ынтасын телім мен зауыттың қоғамдық өміріне белсене жұмсайды. Оның еңбегін зауыт әкімшілігі бағалап бірнеше рет ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапаттаған.

Әлменов Болат Әлібеков Әкбай1931 Қызылорда облысы Қарсақбай ауданы Айыртау - фото 19

Әлменов Болат

Әлібеков Әкбай(1931, Қызылорда облысы, Қарсақбай ауданы, Айыртау ауылы – 2015, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы) 1944 жылы 13 жасында Қарсақбай темір жолына көмекші жұмыстарға қабылданды. Уақыт өте келе токарь мамандығын меңгеріп алады. Ол кезде тар табанды жолға лайықталған паровоздар мен вагондар кеңес жағында шығарылмайтын болған. Істен шыққан тораптар мен бөлшектерді жергілікті жерде қолдан жасап шығаруға тура келді. Осындай жағдайда жөндеушілермен токарьлар бөлшектерді жасауда оңтайландыру әдісін қолданып, берік және алмастыруға ыңғайлы бұйымдар шығаруды игеріп алды. Осының нәтижесінде ХХ ғасырдың басында ағылшындар, кейін кеңес инженерлері алдырған паровоздар мен вагондар ұзақ жылдар қолданыста болды. Әлібеков зауытта қолы алтын, ойұшқыр аты танымал рационализатор да болды. Қарсақбай зауытының жабылуына байланысты Әлібеков 1975 жылдан Жезқазған мыс қорыту зауытында балқытушы болып істеді.

Әлібеков Әкбай Әміралин Әбілқасен1912 Ақмола облысы Атбасар уезі Кеңгір - фото 20

Әлібеков Әкбай

Әміралин Әбілқасен(1912, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Кеңгір болысы – 1991, Жезқазған облысы, Жезқазған қаласы) – Ұлытау өңірінен шыққан тұңғыш журналист. Қарсақбай ауданы «Қызыл Кенші», Ұлытау ауданы «Коммунизм туы» газеттерінде редактор, Қарағанды облысы «Советтік Қарағанды» газетінің бөлім менгерушісі болған. Жезқазған облыстық телерадиохабарларын тарату комитетінде бас редактор болып істеген. «Жамалым – жаным, амалым – наным», «Жөкей сот», «Май сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер» атты және басқа мақалалары мен фельетондары танымал болған. 1943 жылы Шашубай мен Болманның айтысын ұйымдастырған, өзі ақын Иманжан Жылқайдаровпен айтысқан. 1985 жылы Қарсақбай-Жезқазған өңірі өнеркәсібінің дамуы жайлы «Арқада туған алып» атты публицистикалық кітабын жазған. Қазақстан Журналистер одағынын алғашқы мүшелерінің бірі. Бірнеше медальдармен марапатталған.

Әміралин Әбілқасен Әубәкіров Мұханбетқали Смағұлұлы19121956 Қарағанды - фото 21

Әміралин Әбілқасен

Әубәкіров Мұханбетқали Смағұлұлы(19.12.1956, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай кенті) Қарсақбай орта мектебін бітірген соң еңбек жолын Қарсақбай металлургиялық зауыттың темір жол орталығында слесарь болып бастаған. 1980 жылы қаңтарда АТС-ке электромонтер болып жұмысқа қабылданды. 1980 жылдан 1998 жылға дейін зауыттың электр-қосалқы шаруашылығында көлік жүргізуші, кейін механик болды. 1999 жылдан осы күнге дейін көлік телімінде шебер болып еңбек етеді. Әубәкіров ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, зауыттың 85-жылдығына орай «Нива» автокөлігімен және басқа да зауыт әкімшілігі мен кент әкімдігінің бағалы сыйлықтармен марапатталған.

Әубәкіров Мұханбетқали Бабасов Әлихан Гайнуллаұлы1983 Жезқазған облысы - фото 22

Әубәкіров Мұханбетқали

Бабасов Әлихан Гайнуллаұлы(1983, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) Мәскеу қаласындағы тау-кен университетін (2008) бітірген. Экономика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) (2014), экономика ғылымдарының кандидаты (2012). Тау-кен инженері Бабасов еңбек жолын «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі жер асты кеніштерінде ауысым шеберлігінен бастады. Жас маман өндірісте бастамашылдығымен, іскерлігімен көзге түсті. Ауысым шеберлігінен жерасты телімінің техникалық жетекшісі, содан кейін «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігінің техникалық және инвестиция жобалау бөлімінің экономика жөніндегі маманы болып тағайындалды. 2014 жылдың қаңтарынан «Қазақмыс» корпорациясына қарасты бас жобалау институты техникалық-экономикалық бөлімінің бас маманы. 2012 жылы «Қазақмыс» Тобы конкурстік таңдау негізінде ұйымдастырған «Таланттарды дамыту» бағдарламасы бойынша «Үздік бизнестік жоба дайындау» номинациясынан жеңімпаз болды.

«Мысты өңір», 2015 ж. 16 қазан, Серік Қуанышбайұлы.

Багреев Иван Григорьевич(1899, Ресей, Курск облысы, Щебек ауданы, Нещеголь селосы – ө.ж.б.) – 1935 жылы Москва түсті металдар институтын бітірген инженер-металлург. Жастайынан кеңес өкіметін қорғауға белсене қатысқан. Институт бітіргеннен кейін Москва облысындағы қалайы зауытында инженер (1935), Кыштым электролит зауытының директоры (1937), Пермь облысындағы Медногорск комбинатының директоры (1939), Орск никель комбинаты №2 цехының бастығы (1946). 1947 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытының директоры болып тағайындалған. Багреев директор болып істеген 1947—1955 жылдары зауыттың өндірістік қуаты 3 есе артты. Қарсақбай кентінде тұрғын үй құрылысы кең қанат жайды. Көшелер абаттандырылды, жаңадан скверлер пайда болды. Багреев Отан алдындағы қызметі үшін Ленин (1939), «Құрмет белгісі» (1942) ордендерімен, «Үздік еңбегі үшін» (1949) медалімен марапатталған.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұхтар Сейтжанов читать все книги автора по порядку

Мұхтар Сейтжанов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қарсақбай және қарсақбайлықтар отзывы


Отзывы читателей о книге Қарсақбай және қарсақбайлықтар, автор: Мұхтар Сейтжанов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x