Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Название:Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005105080
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание
Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Айтмұқанов Жұмабек(03.1937, Қарағанды облысы, Қарсақбай ауданы, Кішітау ауылдық кеңесі) жалпы орта білімімен үздіксіз ізденуі нәтижесінде Қарсақбай мыс қорыту зауытында ұзақ жыл инженерлік қызметті абыройлы атқарған азамат. 1953 жылы Қарсақбай кентінде орталау мектепті бітірген соң темір жол цехына жөндеуші болып орналасады. Өндірістен қол үзбей сол кездегі өзінің замандастары кешкі мектепте орта білім алады. Кеңес әскері қатарында әскери міндетін өтеп қайтады. Металлургиялық цехта жөндеуші, дәнекерлеуші, механик болып еңбек етті. 1973 жылдан зауыттың конструкторлық бюросының бастығы. 1979 жылдың басынан механикалық цехтың телім бастығы болып тағайындалған. Мыс қорыту зауыты өндірістік бағытын түбірінен өзгертіп, шойын балқытып, ірі қосалқы бөлшектерге дайындауға көшіп жатқан шақта құю-механикалық телімнің бастығы қызметіне келді. Қиын ауқыт еді. ҚазКСР түсті металлургия министрлігінің, Шымкент қорғасын, Өскемен қорғасын-мырыш зауыттарының, ауыл шаруашылығы құрылыс кәсіпорындарының тапсырыстарымен қосалқы бөлшектер, темір торлар, басқа да өндіріске қажетті жабдықтарды құйды, механикалық өңдеу жұмыстарын жүргізді. Металлургия зауыт өнімдері «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен, металлургия, құрылыс салаларының қажетіне сай келіп, сұраныс көбейіп отыр. Айтмұқанов коммунистік еңбек екпінді. Бірнеше жыл қатарынан түсті металлургия саласындағы социалистік жарыс үздігі төс белгісіне ие болды.

Айтмұқанов Жұмабек
Академик Қ. И.Сәтбаевтың музей-үйі1969 жылы сәуірде академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай Қарсақбайда ұлы ғалым 15 жыл тұрған үй мемориалдық музей болып ашылды. Осылайша бүкіл қарсақбайлықтар үлкен шаңырақ санайтын киелі орын мәдениет ошағына айналды. Қ.И.Сәтбаевтың жеке мұрағатынан алынған, оның ұрпақтары жинақтап өткізген жәдігерлер мұражай қорының басты құндылығы. Музей экспозиясын құруға ғалымның қыздары Ханиса, Шәмшиябану, Мейіз Қанышқыздары көп еңбек сіңірген. Көрмелерде Қ. И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметін жан-жақты көрсететін, өлкенің өндірістік тарихын сипаттайтын деректер, қолжазба құжаттар, минералдар үлгілері, ғалымның еңбектері, ол жайлы әдебиеттер мен әр жылдардағы баспа материалдары жинақталған. Кішігірім 5 залды қамтитын музей экспонаттары құндылығы, мазмұны жағынан ерекше бағалы. Ұлы академиктің киім-кешектері, күнделікті қолданған, тұтынған заттарына дейін қаз-қалпында сақталған. Ғалымның зайыбы Таисия Алексеевна Кошкина-Сәтбаева қысылған сәтте нан тақтай ретінде қамыр жаятын геологтың сызба столын көргенде уақыт тоқтап қалғандай, осы үйдің иесі қазір кіріп келетіндей әсер қалдырады. Негізгі қорды құрайтын 3 мыңға жуық жәдігерлердің барлығы дерлік түпнұсқа ретінде бағаланады.

Академик Қ. И. Сәтбаевтың музей-үйі
1995 жылдан ғалымның музей-үйі Жездідегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі комплексінің құрамына енгізілді.
Зейпін Қазанбаева.
Ақдәулетов Нұркамал(01.01.1931, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Байқоңыр қалашығы – 23.01.2013, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті) – КСРО-ның Құрметті металлургі (1966). 1939 жылдан Байқоңыр орта мектебінде оқып жүріп, Сталин атындағы ұжымшарда егін егіп, торғай қорып, шөб шауып, мал бағумен соғыс жылдарындағы жастық шағын өткізеді. 1956 жылы ақпанда Кеңес әскерінің қатарында борышын өтеп, Қарсақбай мыс зауытына фурмашы болып жұмысқа қабылданады. 1961 жылдан конвертор телімінде шебер болып, 1981 жылы зейнеткерлікке шыққанына қарамастан, 1994 жылдың ақпанына дейін еңбек етті.
Н. Ақдәулетов екі мәртеден аупарткомының пленум мүшесі болып, аудандық және қалашық кеңестерге депутат болып сайланған. «Құрмет белгісі» (1976) орденімен, «1941—1945 Ұлы Отан соғыс жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» (1946), «Ерлік еңбегі үшін. В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» (1970), т.б. медальдар, төсбелгілер және грамоталармен марапатталған.
Сәуле Ақдәулетова.

Ақпанбетов Мырқы
Ақпанбетов Мырқы Асқарұлы(1933, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Қарсақбай кенті) Қазақ кен-металлургия институтын (1955) бітірген. Инженер-металлург. Еңбек жолын Қарсақбай мыс зауытында балқытушының көмекшісі болып бастады. Конверторшы, конвертор телімінің шебері, телім бастығы, металлургия цехы бастығының орынбасары, бастықтың міндетін атқарушы болды. 1964 жылы мыс зауыты партия комитетінің хатшылығына сайланды. 1972 жылы Жезқазған мыс қорыту зауытына жұмысқа шақырылып, жаңадан салынып жатқан күкірт қышқылы цехына бастық болып тағайындалды. Мырқы Ақпанбетов былай деп жазады: «1973 жылдың маусым айында Жезқазғанда ең алғаш рет күкірт қышқылы өндірістік жолмен алына басталды. Бұл біздің жезқазғандықтардың ғана қуанышы емес, бүкіл елдің қуанышы еді. Ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыш жасайтын Жамбыл суперфосфат зауыты шикізатты басқа республикалардан алатын. Ол үшін көп шығын жұмсалатын. Енді оның жолы табылды. Зауыттың негізгі цехтарының барлығы іске қосылғаннан кейін күкірт қышқылы цехының қуаты да артты, оның екінші, үшінші, төртінші желілері іске қосылды. Жұмыс көлемі ұлғайды… Бізде металлургиялық газдан күкірт қышқылын өндіру 70% жетті, ал бұл көрсеткіш деңгейі Одақ бойынша 45% қана болатын». (Алматы. «Өлке» баспасы. 2004). Кейінгі жылдары зауыт бас инженерінің техникалық еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орынбасары, бас технолог болып істеді. Республикалық «Қазақ тілі» қоғамы Жезқазған облыстық ұйымы басқармасы төрағасының орынбасары, Жезқазған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болған. «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
Ақпарат, насихат жұмысы.1931 жылы 7 қарашада Қарсақбай аудандық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесінің органы ретінде «Қызыл кенші» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді. Тұңғыш редакторы Ә. Тәжібаев, орынбасары Шалтай Оспанов, бөлім меңгерушісі Жұмағали Саин болды. Газет Қазақстанда қазақ ұлттық жұмысшыларын қалыптастыруда, түсті металлургияны және мал шаруашылығынн өркендетуде маңызды роль атқарды. 1940 жылы 3 маусымнан бастап Жезқазған аудандық газеті ретінде шықты. «Қызыл кенші» мыс қорыту зауытының өндірістіқ тынысы мен стахановтық қозғалыс жайлы жүйелі түрде жазды. Сонымен қатар «Әдебиет альманахы» атты бет шығарып, онда Тайжан Қалмағанбетов, Болман Қожабаев, Әбілда Тәжібаев, А. Райымбеков, т.б. туындылары жиі жарияланып тұрған. Газетте А. Хангелдин, Ә. Әміралин, Ғ. Алматов, Р. Көккөзов, С. Ыбыраев, С. Ниязов, Ә. Нысанбаев, С. Мырзатов, И. Жауыртаев, С. Аққошқаров, С. Кенебаев, Б. Сейітжанов, Ж. Мұқанов сияқты журналистер істеген. Газет 1957 жылы «Еңбек жолы», 1962 жылы «Октябрь туы», 1991 жылдан бастап «Жезді өңірі» аталды. 1997 жылы Жезді ауданының аумағы Ұлытау ауданына қосылғаннан кейін газет шығуын тоқтатты.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: