Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Название:Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005105080
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание
Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:

Әбдірахманов Төлеген
Әбиев Білал(1900, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Ақтұма ауылы – ө.ж.б.) 1917 жылдан Атбасар ауданының Құлымбай ауылында малайлық еткен. Қарсақбайда болған Сабит Мұқанов Білал Әбеевтің үйінде бірнеше күн болады. Ерлі-зайыпты жастар Білал мен Қасым жөнінде жылы лебізбен жазады. Әбей зауытта көсеуші (кочегар болып істейтін). «Қазақша шығатын газет, журналды көп қарайтын оның жап-жақсы сауаты бар» – деп атап көрсетеді. (С. Мұқанов. «Есею жылдары». 3-ші кітап. Алматы, «Жазушы» баспасы. 1970, 340-бет). 1926—1934 жылдары Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинатының Жезқазған кенішінде кен қазушы, кеніш басқарушысының орынбасары, мыс қорыту зауыты партия комитетінің хатшысы. 1936—1937 жылдары Алматыдағы марксизм-ленинизм институтының тыңдаушысы. 1937 жылы марксизм-ленинизм институтының екінші курсынан Байқоңыр көмір кенішінің партком хатшы қызметін атқаруға арнайы жіберілген. 1938—1940 жылдары Қарсақбайда, Қарағанды қаласындағы Сталин аудпартком бірінші хатшысы. Мемлекеттік марапаттары бар.
Әбсаттаров Бектай Әшірбекұлы(1923, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Қарсақбай кенті – 29.09.2002) – ІІ дүниежүзілік соғысының ардагері. Еңбек жолын Қарсақбай мыс зауытында бастаған. 1942 жылы 17 маусымда өз еркімен майданға аттанған. Солтүстік-Батыс майдандағы артиллерия батальонының құрамында Курск доғасындағы ұрыстарға, Берлинді алуға қатысқан. Аумақтық партия органдарында, қалалық және ауылдық сауда жүйесінде жауапты қызметтер атқарған. І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы», екі мәрте Қызыл жұлдыз, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің және бірнеше медальдардың иегері. Жезқазған қаласының Құрметті азаматы.

Әбсаттаров Бектай
Әбуов Бақ(1906, Ақмола облысы, Кеңгір болысы – ө.ж.б.) – Қарсақбай мыс балқыту зауытының күрделі құрылыс бөлімінің атақты пеш салушысы. Зауытқа 1928 жылы келген. 1930 жылға дейін қара жұмысшы болып істеп жүріп, ерен еңбегімен көзге түскен. Пеш салу және тас қалау ісі бойынша шәкірттікке ұсынылған. 1930 жылдан бастап пеш салушы және тас қалаушы болып, он жылдан астам уақытта жоспарды асыра орындап, өнім сапасын арттырып отырған. Сондай-ақ, 1940 жылы 9 ай ішінде Әбуов жоспарды 155% орындаған. Өмірінің соңғы жылдары Ұлытау ауданының «Қаракеңгір» кеңшарының құрылыс телімінде қалаушы болып еңбек етті.
Әбілдинов Құлмағанбет(1914, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы – 2003, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы) Қарсақбай зауытының мыс балқыту телімінде металл балқытатын конверторлік пештердің жөндеуші-шебері болып еңбек етті. Өндірістің қалыпты жұмыс істеп, сапалы өнім шығаруға маңдай терімен үлес қосқан Құлмағанбеттің еңбектегі ерлігін көргендер әлі күнге дейін таңдай қағады. Металды балқыту температурасы өте жоғарғы екені белгілі. Сол пештерді суытуға уақыт өткізбеймін деп, құлаған кірпіштерін, от камерасына дем беретін ауа үрлегіш көздерін қып-қызыл пешке кіріп жөндегенін көргендер аз емес. Мұндайда Құлекең үстіне әлсін-әлсін суық су құйғызып тұрып жұмыс істейді екен.

Әбілдинов Құлмағанбет
Қ. Әбілдинов кешегі өткен майданда да сондай ерлік көрсеткен жауынгер. Ыстық пеште жұмыс істегенде шоқ ұшқыны, металл қорытпасының тамшысымен шұрық-шұрық тесілген, киізден тігілгін киімдерін мұражайға экспонат ретінде тапсырды. Оны қабылдап алған ғылыми қызметкерлер «Аға, киіммен өртеніп кетпей қалай аман қалғансыз?» деп таң қалды. Құлекең болса «Е, қарақтарым-ай, біз бұл киіммен бірнеше рет жанып тұрған пешке кіргенбіз» дейтін көрінеді жайбырақат қалпында. Бір бұл ғана емес, ол қолына түскен, мұражайға лайық деген дүниенің бәрін жасына қарамай, сонау Қарсақбайдан өз қолымен әкеп беріп жүрді. Өзінің киген тақиясы, тымағы, қурайдан қиып жасап тартқан сыбызғысы, қынабына салып жүретін пышағына дейін табыс етті. Қ. Әбілдиновтың өз өмір тарихында да ғибратты естеліктер жеткілікті. Ұлы Отан соғысында алдыңғы шепте майданға қатысып, 76 мм зеңбіректерге ат арбамен снаряд тасушы болған. Көз алдыңызға елестетіп көріңіз: фашистердің қарсы алдында, снаряд тиеліп келе жатқан арба нысанаға ең бірінші ілігетіні түсінікті.
– Маке, талай рет от ішінен, өлім аузынан аман қалдым. Сонда анамның айтқан аманаты, тілегі есімнен кетпеуші еді, – дейді майдан жолдарын еске түсіргенде.
Анасы баласын соғысқа аттандырып тұрып:
– Қарағым, «жалғыздың жаршысы құдай» деген. Алла тілеуімді берсе, сені қорғайды. Қатарыңнан қалмай азаматтық борышыңды өте. Маған алаңдама, қолыңнан келгенше аянбай еліңді қорға. Құдай көрісуге жазса, аман-есен ораларсың, – деп аманат айтыпты.
Алғы шепте жүрген жауынгерге небір қиын сәттерде анасының ақ тілеуі қуат берген секілді. Арбаға жегілген ат оққа ұшып, оқ-дәрі тиелген көлік от болып лаулап, аударылып жатқанда аман қалған Құлекеңді шындығында ананың құдіреті қорғаған.
– Соғыс аяқталып, елге аман-есен оралдым. Түн қараңғысында ауылға жетіп, жүрегім алып-ұшып, туған үйімнің есігін ашсам, анам Шаштыбике табалдырықтың бір бұрышында, тақыр тулақтың үстінде, бір уыс болып жатыр екен. Сөйтсем, қайран шешем мен аттанған күннен осындай ырым қылып, жылы орын, мамық төсектен безіп, жалаңаш тулақ үстінде, білегін жастық қылып тілеуімді тілепті. Ұлым көрген ауыртпашылықты бірге көтерейін деген ғой жарықтық.
М. Төрегелдин. «Мәдени мұра», Қарағанды, 1998
Әбілдинов Мұхамбетжан(01.12.1935, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Қарсақбай кенті) Қарсақбай зауыты орналасқан жердің иесі Қарсақбайдың шөбересі. Еңбек жолын 1951 жылы жергілікті поштада пошта таситын автокөлікте жүргізуші болып бастаған. 1952 жылы Қарсақбай зауытының автокөлік шаруашылығына слесарь болып жұмысқа қабылданды. 1954—1957 жылдары Кеңес әскерінің Архангельск қаласында әуеге қарсы қорғаныс күштерінің қатарында әскери борышын өтеді. 1958—1960 жылдары Қарсақбай кеңшарында жүргізуші болып еңбек етті. 1960 жылдан 1986 жылы зейнеткелікке шыққанға дейін Қарсақбай металлургиялық зауытында көлік жүргізуші болып абыроймен еңбек етті. Жұбайы Битенова Қолқоз екеуі бес ұл, бес қыз тәрбиелеп өсірген.

Әбілдинов Мұхамбетжан
Әбілдинов Сейтжаппар(1925, Ақмола губерниясы, Қарсақбай қалашығы – 1995, Жезқазған облысы, Сәтбаев қаласы) – КСРО-ның Құрметті металлургі (1972), Қарсақбай зауыты орналасқан жердің бұрыңғы иесі Қарсақбай Әуелбекұлының шөбересі. Төрт сыныптық білімі бар, әкеден ерте айырылған он бес жасар Сейтжаппар 1940 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытына қабылданады. Содан 1975 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін зауытта үзбей еңбек етеді. 1942 жылдан ОЭС-да көмір тасушы, 1955 жылдан металлургиялық цехта аға фурмашы, 1964 жылдан аға тиеуші болып істеді. С. Әбілдиновтың еңбек кітапшасы алғыстар мен ақшалай сыйлықтар алғаны туралы жазбалармен жайнап тұр. Ол «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» (1970), «Социалистік еңбек үздігі» төсбелгісімен және мемлекеттік грамоталармен марапатталған.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: