Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар

Тут можно читать онлайн Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая документальная литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - описание и краткое содержание, автор Мұхтар Сейтжанов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қарсақбай және қарсақбайлықтар» кітабы Қарсақбай мыс қорыту зауытын салу, өндірістік қуатын игеру және одан әрі дамыту тарихына арналған.Қарсақбай зауыты Қазақ елінің, Арқаның, Ұлытау өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына игі ықпал жасады.Қарсақбайлықтардың 90 жылдық даңқты жолы, ұйымшылдығы мен жаңашылдығы, жоғары өндірістік мәдениеті мен тәжірибесі бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін құнды мәдени-рухани қазына болып табылады.Кітап жалпы оқырманға арналған.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұхтар Сейтжанов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать
Байқоңыров Өмірхан Байманов Мұхамбет1924 Ақмола облысы Атбасар уезі - фото 24

Байқоңыров Өмірхан

Байманов Мұхамбет(1924, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қарсақбай болысы, Қарсақбай кенті – 2001). 1939—1942 жылдары ұжымшар мүшесі. 1942—1945 жылдары ІІ дүниежүзілік соғысқа белсене қатысқан. Бірінші Украин майданында Харьков облысын, ІІ Прибалтика майданында Литва, Эстония, Латвия республикаларын азат етушілер қатарында болған. Рига қаласын жаудан босатуда көрсеткен ержүректілігі және тапқырлығы «Ерлігі үшін» медалімен атап өтілген. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысқан. Әскерден оралғаннан кейін 1950—1980 жылдары еңбекшілер депутаттары Жезді кенттік атком төрағасы, Ұлытау ауаткомның бөлім меңгерушісі, Жезқазған банкілерінде қызметкер. І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, 10 медальмен марапатталған».

Байманов Мұхамбет Менің әкем жайлы Ұлытау Ұлытау ауданы энциклопедиясында - фото 25

Байманов Мұхамбет

Менің әкем жайлы «Ұлытау. Ұлытау ауданы» энциклопедиясында осындай ақпарат басылған екен. Батыр, епті, алғыр кісі болған. ІІ Прибалтика майданының құрамындағы саперлер бөлімшесінде өмір мен өлім арасында жүріп, жауынгерлік міндетін мінсіз атқарған. Осыны бағалаған дивизия командирі оны 1944 жылы 14 желтоқсанда Москва қаласында екі жылдық офицерлер курсына жібереді. Осы жылы әскери-техникалық мектепке оқуға қабылданады. Үздік оқиды, қатаң тәртібімен көзге түседі. Кеңес әскерінің офицері болуды армандаған. Мектеп бастығы генерал-майор Медведов Отан үшін қанын төккен жауынгерді Москвада 1945 жылы 24 маусымда өткен Жеңіс парадына қатысуды ұсынған. Осылай Ұлытау өңірінен Жеңіс парадына қатысқан жалғыз жауынгер болу бақытына ие болды.

Мен әкемнің алпыстан асқан шағында дүниеге келген екем. Атымды Аңсаған қойыпты. Балалық шағымда мойынына мінгізіп, еркелетіп өсірді. Мен де әке жолын қуып, тәуелсіз Қазақстанның әскері қатарында болуды мақсат еттім. Қазір ұлттық гвардияның құрамында қызмет етемін.

Аңсаған Мұханбетұлы, аға лейтенант.

Баймендинов Ермағамбет(1895, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Кеңгір болысы—ө.ж.б.) Қарсақбай мыс қорыту зауытындағы еңбек жолын 1930 жылы құрылыс цехында қара жұмысшы болып бастаған. 1933—1934 жылдары металлургиялық цехта вагонет жылжытушы болып еңбек етті. 1934—1935 жылдары кен бұзушы болды. 1935—1937 жылдары горновой, ал 1937—1952 жылдары аға горновой болып еңбек етті. 1952—1954 жылдары Қарсақбай темір жолына қазаншы болды. 1954 жылы өз еркімен күрделі құрылыс бөліміне жұмысшы болып ауысты. 1956 жылы 31 мамырда ІІ топ мүгедектікке шығуына байланысты жұмыстан босатылған. Е. Баймендинов өзін адал және білікті жұмыскер ретінде танытты. Ай сайынғы берілген жоспарды 110—115% асыра орындап отырған. Металлургиялық цехтің қоғамдық жұмыстарында белсенділік танытқан. Жасына қарамай сұрапыл соғыстың қиын кезінде зауыттағы ең ауыр жұмысты өзіне алып, тәуліктік норманы орындай алмаған кезі болмаған. 1946 жылы «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдардағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Баймендинов Жүнісбек(1905, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы— ө.ж.б.) еңбек жолын 1934 жылы Қарсақбай орталық электр станцияда қара жұмысшы болып бастады. 1935 жылы зауыттың Кен алаңыда жүк тасушы болып ауысты. Сол жылдың тамыз айында өз еркімен жұмысты тастап кетті. Бірақ, екі айдан кейін қайтып жұмысқа шақырылып, 1935—1936 жылдары сол Кен алаңында жұмысшы болып істеді. 1936—1940 жылдары электр станциясына шуровшы, 1940—1941 жылдары Қарсақбай темір жолында от жағушы болды. 1941—1947 жылдары ОЭС-да компрессор машинисінің көмекшісі. 1947—1950 жылдары сол жерде тіркеуші. 1950—1951 жылдары күл тасушы. 1951—1955 жылдары жүк түсіруші. «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Баймұхамедұлы Мұхамедия(1902, Орынбор облысы, Торғай уезі, Қызылжыңғыл болысы, Білеуті өз. Бойы – 1984, Жезқазған облысы, Жезқазған қаласы) – дін қайраткері. Әкесі Уайсұлы Баймұхамед (Баймен аталып кеткен) арабша білімі бар кісі болған. Қарнақ медресесін бітірген. Шешесі Достәуірқызы Рахия да арабша білімді болған. Мұхамедия 14 жасына дейін ауылда өз атасы Уайс қажыдан, Әубәкір қажыдан, әкесі Баймұхамед молдадан арабша білім алған. 14 жасынан 22 жасына дейін Жаңақорғанның «Ақтас» мешітіндегі медреседе оқып, оны үздік бітірген. 1937 жылға дейін ауылы Өзкентте араб тілінен сабақ берген. 1937—1941 жылдары Жезқазған аудандық төлқұжат столының бастығы. 1941 жылы Ұлытау аудандық қаржы бөлімінің бастығы, 1944—1949 жылдары осы ауд. тұтынушылар қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған. 1949 жылдан Қарсақбай теміржол станциясында еңбек етті, сол жерден зейнеткерлікке шықты. Енді өмірін Алланың ақ жолын, мұсылмандықты, ислам өркениетін түсіндіріп, насихаттауға арнады. Атеистердің айла-шарғы құйтырқы әрекеттеріне қарамастан сенімінен қайтпады. 1983 жылы 6 мамырда Жезқазған қаласында алғашқы мешітті ашты. Ол мешіт Комбинат елді мекеніндегі Дайрабай деген кісінің үйінде орналасқан. Мұхамедия қожа діни бірлестіктің жиналысында тұңғыш ашылған Жезқазған мешітінің имамдығына сайланды.

Байтасов Рахымбек(1908, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Ұлытау болысы – 1982) 1927 жылы Жезқазған кенішінде жұмыскер. Қарсақбай байыту фабрикасында электр монтері, ауысым бастығы, фабрика бастығының орынбасары. 1931—1932 жылдары Свердловскідегі кен-металлургия институты жанындағы өнеркәсіп академиясының тыңдаушысы. 1939 жылы Жезқазған аудпарткомының бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1940 жылы Жезқазған аудпарткомының кадрлар жөніндегі хатшысы, 1943 жылдың мамырынан 1945 жылдың сәуіріне дейін еңбекшілер депутаттары Жезқазған аудандық кеңесі атком төрағасы. Кейін Кеңес Одағындағы ең үлкен «Байқоңыр» қой кеңшарының директоры болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерлік еңбегі үшін» медалімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған.

Байтасов Рахымбек Балбырауын темір кені Қарсақбай кентінен оңтүстікке қарай - фото 26

Байтасов Рахымбек

Балбырауын темір кені – Қарсақбай кентінен оңтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан кен орыны. Барлау жұмыстары 1931—1949 жылдары Қ. Сәтбаевтің басқаруымен жүргізілген. Горизонтта 30-ға жуық кен денелері бар, олардың өлшемдері әр түрлі: бірнеше метрден 5 км-ге дейін жетеді. Ұсақ түйіршікті кварц және гематит агрегаттарынан тұратын темір-кварцит кентасындағы Ғе мөлшері 40%-ке жетеді. Барланған қоры 125,5 млн. т, оның 80%-ін ашық әдіспен өндіруге болады. Кенді байыту технология жоқтығынан Балбырауын темір кені игерілмей келеді.

«Ұлытау. Ұлытау ауданы» энциклопедия. Астана, 2018. 151-бет.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұхтар Сейтжанов читать все книги автора по порядку

Мұхтар Сейтжанов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қарсақбай және қарсақбайлықтар отзывы


Отзывы читателей о книге Қарсақбай және қарсақбайлықтар, автор: Мұхтар Сейтжанов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x