Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар

Тут можно читать онлайн Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая документальная литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - описание и краткое содержание, автор Мұхтар Сейтжанов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қарсақбай және қарсақбайлықтар» кітабы Қарсақбай мыс қорыту зауытын салу, өндірістік қуатын игеру және одан әрі дамыту тарихына арналған.Қарсақбай зауыты Қазақ елінің, Арқаның, Ұлытау өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына игі ықпал жасады.Қарсақбайлықтардың 90 жылдық даңқты жолы, ұйымшылдығы мен жаңашылдығы, жоғары өндірістік мәдениеті мен тәжірибесі бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін құнды мәдени-рухани қазына болып табылады.Кітап жалпы оқырманға арналған.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұхтар Сейтжанов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Беласқанов Смайыл 1885 жылы Қарсақбай ауданында туған, комбинаттың «Ұлытау» кеңшарының моторисі. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1937 жылы 11 қарашада ату жазасына кескен.

Баржаксынов Хакім 1896 жылы Қарсақбай ауданының 9-ауылында туған. Байкоңыр көмір ошағының десятнигі. IIXK Қарағанды облысы басқармасыныц үштігіi 1937 жылы 1 қазанда ату жазасына кескен.

Бірәлинов Ағайдар 1929 жылы Қарсақбай ауданының 9-ауылында туған. Қарсақбай комбинаты №18 шахтасының откатчигі. IIXK Қарағанды облысы басқармасының үштігі 1937 жылы 1 қазанда ату жазасына кескен.

Федчук Юстаниан Викторович 1904 жылы Польшада туған, Жезқазған кентіндегі кірпіш зауытының нормалаушысы, IIXK №599 хаттамасы бойынша 1937 жылы 22 желтоқсанда ату жазасына кесілген.

Кетебаев Әлібай Қарсақбай ауданының 8-ауылында туған, Карсакбай мыс зауыты электр (силовой) орталығының қазан тазалаушысы, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1937 жылы ату жазасына кескен.

Ахметбеков Бақберген 1907 жылы Қарсақбай ауданының 6-ауылында туған. «Жезқазған» кенішінің партком хатшысы. ІІХК Қарағанды облысы бойынша баскармасының үштігі 1938 жылы ату жазасына кескен.

Батырбеков Шахілияс 1904 жылы Қарсақбай ауданында туған. Қарсақбай кентіндегі орта мектеп мұғалімі. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 22 қазанда ату жазасына кескен.

Баймағанбетов Құрмансейіт 1897 жылы Қарсақбай ауданында туған. Қарсақбай ауаткомының төрағасы. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 28 қазанда ату жазасына кескен.

Бауман Александр Августович 1891 жылы Волын облысында туған. Латыш. Қарсақбай мыс комбинаты механикалық цехының токapi. IIXK Қарағанды облысы бойынша баскармасының үштігі 1938 жылы 5 қазанда ату жазасына кескен.

Горбенко Иван Данилович 1886 жылы туған, Қарсақбай кентінің тұрғыны, Қарсақбай мыс комбинатының бухгалтері, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 7 шілдеде ату жазасына кескен.

Жаманбаев Әбдунағым 1908 жылы Қостанай облысы Жетіқара ауданында туған. «Байқоңыр» кенішінің партком секретары. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 14 ақпанда ату жазасына кескен.

Волошин Дмитрий Антонович 1888 жылы Киев губерниясында туған, Қарсақбай мыс комбинаты механикалық цехының бастығы, КСРО Жогары Соты Әскери Коллегиясы 1938 жылы 8 наурызда ату жазасына кескен.

Егистаев Асанхан 1895 жылы туған, Қарсақбай кентінің тұрғыны, Жезқазған кентіндегі электр станциясының слесарі, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 21 ақпанда ату жазасына кескен.

Иванов Прокопий Сергеевич 1909 жылы Новосибирск облысында туған. Қарсақбай аудандық ОСОВИАХИМ кеңесінің төрағасы. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 16 акпанда ату жазасына кескен.

Қарсақбаев Төкен 1896 жылы туған. Қарсақбай кентінде жумыскер. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 22 қазанда ату жазасына кескен.

Кравченко Николай Юлианович 1897 жылы Ақмола қаласында туған, Қарсақбай мыс комбинатының бас бухгалтері. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 13 қазанда ату жазасына кескен.

Оспанов Әбділман 1895 жылы Қарсақбай ауданында туған. Қарсақбай кентіндегі жер өңдеу серіктестігінің төрағасы, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 22 ақпанда ату жазасына кескен.

Пурвин Павел Андреевич, 1892 жылы Витебск губерниясында туған, Қарсақбай темір жолының машинисі, КСРО IIXK қаулысымен 1938 жылғы 4 ақпанда ату жазасына кескен.

Ребров Иван Сидорович 1878 жылы Самара губерниясында туған, Қарсақбай Kipпіш зауытының шебері. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 2 қыркүйекте ату жазасына кескен.

Рыженко Иван Федорович 1905 жылы Атбасарда туған. Қарсақбай комбинаты байыту фабрикасының слесарі, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 9 қазанда ату жазасына кескен.

Самодинов Иван Иванович 1881 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шортанды станциясында туған. Қарсақбай комбинатының қуюшы-шебері. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасыныц үштігi 1938 жылы 22 қазанда ату жазасына кескен.

Суницкий Иосиф Никифорович 1885 жылы Чернигов губерниясында туған, Қарсақбай теміржолы зауыт ішіндегі депосының шебepi, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 26 қазанда ату жазасына кескен.

Соколов Александр Иванович 1888 жылы Калинин облысында туған, Жезқазған кентінде жұмысшы, жабдықтау бөлімінің бухгалтері, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 28 қарашада ату жазасына кескен.

Өміртаев Айман Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған, Қарсақбай кентінде орта мектеп мұғалімі, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 22 қазанда ату жазасына кескен.

Өтжанов Кәрібек 1909 жылы Қарсақбай ауданының 5-ауылында туған, аудандық атқару комитеті жанындағы сауатсыздықты жою жөніндегі инспектор, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 22 қазанда ату жазасына кескен.

Юмашев Павел Яковлевич 1884 жылы Ақмола қаласында туған, Қарсақбай мыс комбинаты металлургиялық цехының шебері, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 5 қазанда ату жазасына кескен.

Вишняков Илья Иванович 1906 жылы туған, Қарсақбай мыс қорыту зауытының бақылау-өлшеу жүйесінің шебері, Қарағанды облыстық сотының 1941 жылғы 23 қарашадағы үкімімен ату жазасына кесілген.

Кирюшенко Константин Гурьевич 1896 жылы Томскі облысында туған. Байқоңыр көмір ошағындағы №19 шахтаның проходкалаушысы, Қарағанды облыстык сотының 1941 жылғы 24 тамыздағы үкімімен ату жазасына кесілген.

Майер Иван Андреевич 1914 жылы Чкалов облысында туған, Қарсақбай кентінде тракторшы, Қарағанды облыстық сотының 1941 жылғы 20 желтоқсандағы үкімімен ату жазасына кесілген.

Суницкий Дмитрий Иосифович 1913 жылы Cпaccкi зауытында туған, Қарсақбай мыс қорыту зауытының телім бастығы, Қарағанды облыстық сотының 1941 жылғы 23 қарашадағы үкімімен ату жазасына кесілген.

Фризен Генрих Исакович 1900 жылы Днепропетровск облысында туған, Қарағанды облыстық сотының Қарсақбайдағы бөлімінің бухгалтері, Қазақ КСР IIXK әскери трибуналы 1941 жылы 8 желтоқсанда ату жазасына үкім еткен.

Дүйсембеков Қияс 1986 жылы Қарсақбай ауданында туған, Жезқазған кенттік кеңесінің төрағасы. IIXK Қарағанды облысы бойынша баскармасының үштігі 1937 жылы 20 тамызда ату жазасына кескен.

Қайтанов Балмұқан 1911 жылы Қарсақбай ауданында туған. Жезқазған кенішінің асханасында жұмыскер. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1937 жылы 20 тамызда ату жазасына кескен.

Осылай коммунизм идеясына, кеңес үкіметіне шындап берілген азаматтар әкімшілік жүйенің қанды шеңгеліне ілікті. Өмip өз заңымен өтіп жатты.

«Азалы кітап». Қарағанды және Қарағанды облысы. Алматы. 1957.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұхтар Сейтжанов читать все книги автора по порядку

Мұхтар Сейтжанов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қарсақбай және қарсақбайлықтар отзывы


Отзывы читателей о книге Қарсақбай және қарсақбайлықтар, автор: Мұхтар Сейтжанов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x