Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Название:Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005105080
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание
Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Жаңғалин 1932 жылы қаңтарда Қазақ педагогикалық институтының тарихи-экономикалық факультетін бітірген. Мемлекеттік тапсырыс бойынша Қарсақбай жұмысшы қалашығына келеді. Фабрика-зауыт мектебінің директоры болып тағайындалады. Сонымен қатар кен-металлургия техникумы директорының міндетін қоса атқарады. 1935 жылы мамырда Қарсақбай мемлекеттік мыс балқыту комбинаты директорының көмекшілігі қызметіне жоғарлады.
1935 жылғы тамыздан қазақ өлкелік партия комитеті насихат бөлімінің қарауында болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін Маркс. Энгельс. Ленин институты қазақ бөлімшесінде қызметкер, Қазмембаспасының, ҚазКСР министрлер кеңесі жанындағы архивтер басқармасының директоры. ҚазКСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі.
Жанділдинов Мәжит Мырзамсейітұлы(1947—2010) – Қарсақбайдың генерал-майоры. Ташкент темір жол транспорты инженерлері институтын (1969), КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы мемлекеттік хауіпсіздік комитетінің Жоғары мектебінің жанындағы шет тілін менгерген басшы кадрларын дайындайтын екі жылдық курсты Москвада тәмамдаған. Институт бітіргеннен кейін Қазақ Темір жолының Семейдегі №2 жол дистанциясында электромеханик болып еңбек етеді. 1972 жылдан мемлекеттік хауіпсіздік органдарында қызметте. 1980—1981 жылдары Ауғанстан Демократиялық Республикасында болып, міндетін атқаруда ерлік, жүректілік, шешімділік, бастамашылдық, айла керліктің үлгілерін көрсеткен. 1987 жылы Мемлекеттік Хауіпсіздік комитетінің облыстардағы басқармаларының бастығының орынбасары, 1992 жылы Жанділдинов ҚР Ұлттық Хауіпсіздік Комитеті Қарағанды облысы басқармасының бастығы. 1997 жылы отставкіге шыққан. Мемлекеттік марапаттары бар.

Жанділдинов Мәжит
Жанділдинов Мырзамсейіт(1914, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Қарсақбай ауылы – 1981, Алматы). Қарсақбай фабрика-зауыт оқуы мектебін бітірген. Қарсақбайда кеніште, темір жолда, «Қызыл кенші» газеті редакциясында, аудандық комсомол органдарында қызмет атқарған. Семей, Гурьев, Жамбыл облысы бойынша КСРО мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті басқармаларында бастық болған, полковник. Ленин, Қызыл жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен және көптеген медальдермен марапатталған. Семей қаласында оның есімі берілген көше бар.
Жанділдинов Сейіт(1904, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Білеуті ауылы – 1987, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) Қарсақбай мыс қорыту зауытының «Кентас алаңында» 1934 жылы жүк тиеуші, аға жұмысшы болып істеген. 1938 жылы кен алаңына бастық, 1957 жылы кен алаңы кентасты уату-транспорт цехы болып қайта құрылғанда цехтың техникалық жетекшісі, көп ұзамай бастығы болып тағайындалды. Жанділдинов кәсіпорынның бұл буынының бірқалыпты өнімділікпен, сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Зауыт ұжымы арасында үлкен беделге ие болды. Жанділдинов басқаратын цех өндірістік тапсырманы үнемі 135—170% асыра орындап отырды. Социалистік жарыста жоғары өндірістік көрсеткіштерге жеткені үшін үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1940,1946,1958) марапатталған. Еңбек Қызыл Ту орденінің (1953), «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» (1946), «Ерлік еңбегі үшін» (1949) медальдарының иегері.

Жанділдинов Сейіт
Жанпейісов Қозыкен(1908, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Кеңгір болысы – ө.ж.б.) – құрметті металлург. 1929 жылы Қарсақбай мыс комбинатына қара жұмыскер болып жұмысқа орналасқан. 1930 жылы металлургиялық цехқа жұмысқа шақырылды. Бесаспап металлург болды, кіші фурмашы, конверторшының көмекшісі, аға горновой, аға балқытушы, аға конверторшы. Еңбек кітапшасында тек бір цехта жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққаны көрсетілген. Оның сапалы өнімі, қажырлы еңбегі, ерекше жұмыс қабілеті металлургтер аузында аңыз болып қалды. Ленин орденімен, медальдермен марапатталған. Сәтбаев қаласында атақты металлург атындағы көше бар. 2008 жылы Қ. Жанпейісовтың туғанына 100 жыл толған атаулы күнді жұртшылық салтанатпен атап өтті.

Жанпейісов Қозыкен
Жәкеева Сақып(05.11.1941, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай кенті) еңбек жолын 1960 жылы Қарсақбай мыс зауытының телефон станциясында телефонистка болып бастады. 1974 жылдан бастап байланыс машина қондырғыларын жөндеуші. 1986 жылы Жезді байланыс торабына электрмеханик болып жұмысқа қабылданды. Сол жылдары халық депутаттар Жезді аудандық Кеңесіне депутат болып сайланды. 1994 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін «Жезқазғантүстімет» АҚ-нда еңбек етті. Еңбек кітапшасы еңбекте жеткен көрсеткіштері үшін берілген алғыстарға толы. Қ. Сәтбаев атындағы тау-кен комбинатының, Қарсақбай зауытының, «Жезқазғантүстімет» АҚ-ның басшылықтары Жакееваның еңбегін жоғары бағалап бірнеше грамоталар және алғыс хаттармен марапаттаған.

Жәкеева Сақып
Жезқазған кен-металлургия комбинаты – одақтық маңызы бар түсті металлургияның ірі кәсіпорыны. Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинаты Жезқазған мыс кен орнын игере бастады. Әуелде жаңадан іске қосылған мыс қорытатын зауытты мыс кентасымен қамтамасыз ету мақсат болса, Қ. Сәтбаев бастаған геологтардың Жезқазғанда Одақта теңдесі орасан мыс кені қорын ашуына байланысты Үлкен Жезқазғанның комбинатының құрылысын бастау күн тәртібіне қойылды. 1936 жылы құрылыс басталғанымен оның қарқыны мен көлемі өте мардымсыз болды. Тек 1938 жылы №31 және көмекші №32, қуаты одан күштірек «Покро-центр», «Петро-центр» шахталарының проходкасы құрылысы қарқын алып, 1940 жылы алғашқы өнімді берді. Уақытша Кеңгір плотинасы салынды. 1940 жылы Кеңес Үкіметі Үлкен Жезқазған құрылысын КСРО Ішкі істер министрлігінің ГУЛАГ-ына тапсырды.

Жезқазған мыс қорыту зауыты
Үлкен Жезқазғандағы орасан құрылыс және өндіріс істерін басқару, үйлестіру және өнім өндіру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді түрлері іздестірілді. 1958 жылы 16 шілдеде Қарағанды экономикалық әкімшілік ауданының халық шаруашылығы кеңесі Жезқазған кен-металлургия комбинатын құру туралы Жарлық шығарды. Комбинат құрамына Жезқазған кен басқармасы, Жезқазған мыс зауыты мен байыту фабрика, Қарсақбай мыс балқыту зауыты енгізілді. Бұл басшылықты орталықтандыруға, оны жедел және икемді жүргізуге мүмкіндік берді.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: