Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар

Тут можно читать онлайн Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая документальная литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - описание и краткое содержание, автор Мұхтар Сейтжанов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қарсақбай және қарсақбайлықтар» кітабы Қарсақбай мыс қорыту зауытын салу, өндірістік қуатын игеру және одан әрі дамыту тарихына арналған.Қарсақбай зауыты Қазақ елінің, Арқаның, Ұлытау өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына игі ықпал жасады.Қарсақбайлықтардың 90 жылдық даңқты жолы, ұйымшылдығы мен жаңашылдығы, жоғары өндірістік мәдениеті мен тәжірибесі бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін құнды мәдени-рухани қазына болып табылады.Кітап жалпы оқырманға арналған.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұхтар Сейтжанов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Жезқазған – Бейнеу темір жолының 300 км бөлігі Ұлытау ауданы арқылы өтеді. Қарсақбай, Байқоңыр, Көктал, Қоскөл станциялары салынды, 8 разъезд іске қосылды. Мұның үстіне барлығы 60 шақырым жол айырықтары, станцияаралық жолдар, бірнеше суағар көпірлер пайдалануға беріледі. Жұмыстың күрделілігін Жезқазған қаласының жанындағы Жезді өзенінің үстінен түскен көпір айтып тұр. Ол тек жаңа темір жол бойында ғана емес, бүкіл Қарағанды облысындағы ең үлкен көпір болып саналады. Оның ұзындағы 144 м, ал биіктігі 27 метр. Сондай-ақ, Ұлытау аймағында Шотыбассай, Қумола көпірлері жаңа үлгідегі техникалық талапқа сай құрылыстар.

Бұл жол толық қуатына шыққанда жылына 21 млн тонна жүк тасылатын болады. Халықаралық жолаушылар поезы жүре бастайды. Жезқазғанда темір жол вокзалы жаңа қалпына келтірілуде. Қаланың іргесінде қуатты өндірістік база және шағын қалашық іске қосылды. Жезқазған – Бейнеу темір жолының Ұлытау телімінде жүздеген адам жұмысқа тартылды. Темір жолдан аудан бюджетіне түсетін қаржы қомақты. 2016 жылы 15 наурызынан бастап Жезқазған-Қызылорда бағытында жолаушылар поезы жүре бастады.

Жеңсікбаев Жүрсін(1934, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Өрнек ауылы – 2009, Қарсақбай кенті) 1951 жылы Қарсақбай металлургиялық цехында еңбек жолын бастаған. Аспалы кран жүргізушісі. 1965 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген металлургі құрметті атағы берілген. Еңбектегі үздік жетістіктері үшін 1975 жылы ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, 1978 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Жеңсікбаев Жүрсін Жоғары марапат иелеріҚарсақбайлықтардың ерен еңбегін - фото 70

Жеңсікбаев Жүрсін

Жоғары марапат иелері.Қарсақбайлықтардың ерен еңбегін Отанымыз жоғары бағалады. Ұзақ жылғы өнімді еңбегі, мінсіз қызметі, жаңашылдығы және бастамашылды үшін 17 қарсақбайлық Ленин орденімен, қырықтан астам металлург Еңбек Қызыл Ту оренімен, үш жүздей металлургтер, балқытушылар, энергетиктер, көміршілер «Ерлік еңбегі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Тың және тыңайған жерді игергені үшін» медальдерімен марапатталды. Ленин орденімен марапатталғандар ішінде Қарсақбай геологиялық кенсесінің бастығы Қаныш Сәтбаев, аға конверторшылар Қозыкен Жампейісов, Мұзафар Жүсіпов, Мақсұт Жұмабеков, Оразалы Мейрамов, аға балқытушы Тұрсын Смайылов, аспалы кран машинисі Байқас Мәмбетов, Қарсақбай орталық электр станциясының бастығы Василий Шпак, турбина машинисі Мұқыш Есенбаев, аға фурмовшы Мақсұт Жұмабеков, қазандық тазалаушы Арықбай Бұқарбаев, аға классификаторшы Петр Мельников, боровшылар Нұртаза Самұратов, Тайшығара Нұртазаев, автокөлік жүргізуші Көдей Мамақов, орталық электростанциясының цех бастығы Ю. Я. Юмашев т. б. болды.

Мәмбетов Байқас Юмашев Г Жұмабеков Мақсұт - фото 71

Мәмбетов Байқас

Юмашев Г Жұмабеков Мақсұт Еңбек Қызыл Ту орденін жарқыратып төсіне таққандар - фото 72

Юмашев Г.

Жұмабеков Мақсұт Еңбек Қызыл Ту орденін жарқыратып төсіне таққандар ішінде - фото 73

Жұмабеков Мақсұт

Еңбек Қызыл Ту орденін жарқыратып төсіне таққандар ішінде металлург-екпінділер Жәкен Нұрханов, Василий Безбатько, Рамазан Мұнсызбаев, Әбдірашит Мәселеев, Әбдірахман Шығысов, т.б. бірнеше ондаған металлургтер болды.

Қарсақбайдан Қазақ КСР мен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген металлургтер, қайраткерлер, рационализаторлар шықты.

Жуков Борис Степанович(1913, Украина, Киев қаласы – ө.ж.б.) – электр станцияларының ІІ-рангалы директоры жеке атағы бар. Лохвицкі механикалық техникумын бітірген. 1934—1949 жылдары Кузнецкі жылу-электр орталығының құрылысында, Кузнецкі металлургиялық комбинатында қазандық шебері, конструктор, инженер, қазандықта от жағушы болып істеген. Жуков 1949 жылы білікті маман ретінде Қарсақбай мыс қорыту зауытына жұмысқа жіберілді. Зауыттың орталық электр станциясында қазандық цехының бастығы, станцияның бас инженері, 1957 жылғы 20-қарашадан станцияның бастығы болып тағайындалды. Оның келуімен станцияның техникалық-экономикалық көрсеткіштері жақсарды. «1941—45 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін», «Ерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. «Қара металлургиядағы социалистік жарыстың үздігі» төсбелгісінің иегері.

Жұмабаев Ахмет(1905, Жамбыл облысы, Байқадам ауылы – 1978, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) 1930 жылы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. Химия пәнінің мұғалімі. Қарсақбайдағы №1 орта мектепте химия, биология пәнінің оқытушысы. 1969 жылы Қарсақбайда ашылған академик Қ.И.Сәтбаевтың мұражай-үйінің алғашқы меңгерушісі. Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметіне қатысты Алматы, Томск, Баянауыл, ғалымның туған жері Ақкелін ауылына арнайы сапарлармен барып жинақтаған деректері бүгінде мұражайдың негізгі қорын құрайды. Мұражай-үйі ғимаратының екінші жартысында отбасымен тұрған А. Жұмабаев өмірінің соңына дейін осы мәдениет ошағының меңгерушісі, қор сақтаушысы, күзетшісі, бағбаны, әрі экскурсия жүргізушісі қызметтерін бір өзі атқарды.

Жұмағұлов Сәрсембек(1906, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Кішітау ауылы – 1982, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Жезді кенті) – кенші. 1928 жылы Қарсақбай комбинатының Байқоңыр көмір ошағында еңбек ете бастаған. 1937—1942 жылдары бұрғылаушы, 1942—1950 жылдары ауысым бастығы. 1950 жылы аудандық партия комитеті тәжірибелі жұмысшы ретінде Жезді марганец кен басқармасына жібереді. Шахтада бекітуші болып өндіріс астында екінші топтағы мүгедектік алғанша 1954 жылғы қазанға дейін еңбек еткен. Еңбектегі ерлігі және жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Жүсіпов Мүзафар(1906, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы – 1980, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Жезді кенті) – Қарсақбай мыс қорыту зауытының озат металлургі. Қарсақбайға 1925 жылдың жазында келген. Жаңа салынып жатқан тар табанды темір жолдың жерін қазып тегістеп, топырағын үйіп көтерген. Негізгі құрал-сайманы – кетпен мен күрек, қайла, аға тәшке. «Бізбен бірге көптеген орыстар да қоса істеді. Жұмыстың бәрін осылардан көріп біліп істесіп жүрдік. Олар бізден гөрі ықшам, пысық, ыңғайлылық сияқты» – дейді естелігінде. Жүсіпов 1928 жылы 28 тамызда зауыттық металлургия цехына жұмысқа ауысқан. Онда шлак тасушы, тиеуші, шихтовшы, дабылшы, соңынан конверторшы, ауысым шебері, аға ауысым шебері болып істеді. 1938 жылы шала сауаттылар мектебін бітірген. Ташкент политехникалық институтында жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқыды. Мысты тез балқытудың шебері атанды. 1941 жылы қазанда шарпу пешінің көмейі күлге толып, тартуы төмендеп, шихта қорытылуы құлдырап кетті. Бірақ пешті тоқтатуға болмайды, мадан тапсырмасы орындалмай қалады. Ал, жұмысы 120—150 градус ыстықта пештің көмейін бітеген қатып қалған күл сынықтарын сүйменмен, ауыр балғамен сындырып алу керек еді. Көмейге сәл су себелеп, сәл ыстық басылғанда бірінші болып ауысым шебері Мұзафар Жүсіпов, конверторшы Қаржан Бәйжіков енді. Небәрі 5 минутте олар қатқан күлді сүйменмен, балғамен сындырып, сыртқа шығарды. Бұдан артық жұмыс істеу мүмкін емес еді. Егер қабырғаға денең тисе, күлің қалатыны, балғаң тисе, бірің майып болатының анық еді. Осылай жұмыс жалғасты, металлургтер бірін-бірі ауыстырды. 26 сағатқа созылған теңдесі жоқ ерлік пеш жұмысының тоқтаусыз істеуді қамтамасыз етті.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұхтар Сейтжанов читать все книги автора по порядку

Мұхтар Сейтжанов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қарсақбай және қарсақбайлықтар отзывы


Отзывы читателей о книге Қарсақбай және қарсақбайлықтар, автор: Мұхтар Сейтжанов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x