Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Название:Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005105080
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание
Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:

Жүсіпов Мүзафар
Жүсіпов өндірісте жоғарғы көрсеткішке жеткені, Отан алдындағы қызметі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ол бұл жоғарғы марапатты Кремль сарайында Одақтың құрметті ақсақалы М.И.Калининнің қолынан алды. Бұл салтанатқа И.В.Сталин, К.Е.Ворошилов, т.б. партия, үкімет басшылары қатысқан.
Жүсіпов Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындаға еңбек ерлігі үшін», «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», т.б. медальдармен марапатталған. Бірінші сайланған Қарағанды облыстық кеңесінің депутаты.
Жүсіпов есімі Жезқазған қаласындағы көшелердің біріне берілген.
( Л.А.Пинегина, С.А.Федюкин.Жезказган – город меди. «Наука». Алматы.1966.
С. Бүкіров.Жарқын жылдар жаңғырығы. Алматы, 2010).
Жылқайдаров Әбдікәрім(1903, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, №8 ауыл – 1949, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай қалашығы) 1918—1924 жылдары Қызылорда облысында бір байда жалшы болады, 1924 жылы Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинатының металлургия цехына фурмашы болып қабылданады. Осында 1938 жылы сауатсыздықты жою мектебін бітірген, мамандық шеберлігін көтеру үшін техминимумды меңгеріп, сынақтан сүрінбей өткен. Коммунистік партияның мүшелігіне қабылданады. 1937 жылы конвертор шебері болып тағайындалды. Стахановшылар қозғалысына қатысқан конверторшылар конвертордың жөндеу аралық кезеңде беретін балқымалардың санын 65-тен 220-ға жеткізді. Цех бастығы Е.Д.Гетманның бастамасымен бір топ майталман металлургтер, оның ішінде Жылқайдаров бар, бір тоқсан ішінде шапшаң балқыма алу санын 120-дан 160-қа жеткізді. Ұлы Отан соғысы жылдары шапшаң балқыманың санымен салмағы 15—40 пайызға дейін өсті.
Зенковский Аркадий Иванович(1920, Ресей, Тюмень облысы, Аромашев ауданы, Большой Кучеряк селосы – ө.ж.б.) – Кеңес одағының батыры. Соғыс басталғанда Қарағанды облысы Қарсақбай кентінде еңбек етті. 1943 жылы 13 ақпанда Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, Воронеж майданына аттанды. Курск иінінде болған ұрыстарда 6 гвардия атқыштар дивизиясының қатарында пулеметшы Зенковский ерлік пен батырлық көрсеткен. 1945 жылы 31 қаңтарда Суворов орденді Қызыл Тулы №6 Ровно атқыштар дивизиясы Богдан Хмельницкий орденді 10-гвардиялық атқыштар полкының 5-ротасының командирі кіші лейтенант Зенковский КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығымен Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Зенковский Аркадий
Зуб Григорий Павлович(1872—1944) – күн күйдірген тастақты, жері құнарсыз Қарсақбай кентінің жанында аумағы 13 га үлкен саябақтың негізін қалады. Әуелі барлығы алты қатар жас терек пен қараағашты екті. Артынан акация, шие, итмұрын, жиде өсіп шықты. Зуб әрбір ағашты, бұтаны, жеміс-жидекті, гүлдерді қалын кілемдей әдемі орналастырды. Саябақ ішінде футбол, жеңіл атлетика алаңы, жазғы театр, парашют мұнарасы, т.б. жұмыс істеді. Металлургтердің сүйікті демалыс орны болды. Бұл Ұлытау өңіріндегі тұңғыш саябақ еді, кейін ол барлық ірі елді мекендерде пайда болды. Зуб осы өзі өсірген саябақта жерленген.

Зуб Григорий
Иванов Василий Иванович(1898, Тверь қаласына жақын елді мекенде шаруа отбасында туған) 1911 жылы Санкт-Петербергтегі финлянд пароход қоғамында қолбала болып істеген. 1917 жылдың ортасында әскери қызметке қабылданған. Осында қызыл әскердің бірінші Ленинград темір отрядының қатарына кіріп, Финляндия майданында соғысқа қатысқан.
БК (б) П Орталық Комитетінің қауылысымен Орталық Бақылау Комиссиясының қарамағына жіберілген. Орал округінде жұмысшы-шаруа инспекциясы бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып, округ тарағанша істеді.
Иванов 1931 ж. қазан —1935 ж. шілде аралығында Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинатының директоры болып істеді. Оның келуімен комбинаттағы жағдай жақсарды. 1932 жылы – 3879,29 т, 1933 жылы – 3526,219 т, 1934 жылы – 3945, 1935 жылы – 4376 т мыс балқымасын алдырды. Осы кезеңде мыс кенін өндіру 15 пайыз көбейді. Қалың көпшілік арасында үгіт-көпшілік, мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізуге белсене қатысты.
Қазақстан партия ұйымында өлкелік жұмысшы-бақылау инспекциясы бақылау комитетіне мүше, кейінірек өлкелік партия комитетінің, Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің, сонымен қатар қазақ өлкелік Орталық атқару комитетінің, облаткомның мүшесі болды.
ҚР МОМ, қор 141, т-16, іс 4212, 3—13 беттер.
Иванишко Федор Яковлевич(1910 – ө.ж.б.) Қызыл әскер қатарына Қарсақбайда жұмыс істеп жүрген кезінде шақырылды. Отан үшін болған соғыста өзін ержүрек, мерген пулеметші жауынгер ретінде көрсетті. 1943 жылы 31 желтоқсанда ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, 1944 жылы 2 наурызда ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, одан кейін біраз уақыттан соң І дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Иванишко 76-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының жеке гвардиялық атқыштар батальонның пулеметшілер тобының командирі болып, 1944 жылы жазда Белоруссия жерінде болған шайқаста ерекше көзге түсті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 24 наурыздағы жарлығымен «Даңқ» орденінің толық иегеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Иванишко Федор
Игібаев Уәлі(1902, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Ұлытау болысы – 1960, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай қалашығы) 1936 жылдың шілдесінен зейнеткерлікке шыққанша Қарсақбай темір жолында паровоз машинисі болып істеген. Жұмыста міндетін жауапты атқаратын, мамандығына жетік, үздік паровоз машинисі екенін көрсетті. Өндірістік нормасын ай сайын 110—115 пайыз асыра орындап отырды. Талай жастар Игібаевтін тәрбиесін көріп, тәжірибесін үлгі етіп, даңғайыр темір жолшылар қатарына қосылды. «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» (1946), «Еңбекте үздік шыққаны үшін» (1949), «Ерлік еңбегі үшін» (1951) медальдарымен марапатталған. Игібаев адамгершілігі мол, жүрегі жылы, қол ұшын беруге дайын дара тұлға болатын. Торқалы тойда, топырақты өлімде шаруаның ортасында жүруші еді. Ақеділ ағаның сауапты еңбегіне қарсақбайлықтар дән риза болып жүрді.

Игібаев Уәлі
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: