Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Название:Қарсақбай және қарсақбайлықтар
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005105080
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар краткое содержание
Қарсақбай және қарсақбайлықтар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
1992 жылы Жезқазған комбинаты «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірлестігі болып қайта құрылды. Комбинат 1986—1991 жылдары товарлы өнімді жоспарға қарағанда 11% көп өндірді. Таза пайда 967 млн рубль, немесе белгіленген межеден 160 млн рубль асып түсті. Жоғары сапалы катод мысы, алтын, күміс, селен, теллур, товарлы қорғасын, тозаңдағы қорғасын, цинк, кадмий, висмут, перренат аммонийіндегі рений, концентраттағы осьмий, күкірт қышқылы шығарылды. Кеншілер бір жұмысшыға шаққанда орта есеппен бір ауысымда 6,72 текше метр кенді жер бетіне көтерді немесе бұл одақтық көрсеткіштен 2,3 есе көп болатын. 1974 жылы 19 қарашада зауыттың қара мыс өндірісінің екінші кезегі іске қосылды. Сөйтіп, осы күні кен өндіруден металл қорытуға дейінгі толық циклді қамтитын Үлкен Жезқазған комбинатының құрылысы аяқталды. Жезқазған кен-металлургия комбинатының 9 өндіріс озатына Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді. Олардың ішінде комбинаттың директоры Виктор Васильевич Гурба, Жезқазған кен басқармасының көп жыл тізгінін ұстаған Мұқит Құлжанұлы Бөпежанов, кеніште шахта салушылар мектебін қалыптастырған, ел таныған үлкен тау-кен ұйымдастырушы Ғазиз Омаров, екпінді еңбегімен ерекше көзге түскен Ұлытаудың ұландары Әубәкір Құсайынов, Қазымхан Кентаев бар. 1966 жылы өндірістегі табыстары үшін Жезқазған кен-металлургия комбинаты Ленин орденімен марапатталды.
Сағындық Қожамсейітов.
Жезқазған қаласыныңнегізі 1936 жылы қаланған. 1939 жылы қалада 3207 адам тұрды. 1941 жылы 23 мамырда Үлкен Жезқазған елді мекені жұмысшы қалашығы қатарына жатқызылды. 1954 жылы 20 желтоқсанда қала мәртебесіне ие болды, 1973—1997 жылдары аттас облыстың әкімшілік орталығы, теміржол станциясы. Қала халқының саны 89 мың (2014) адам.

Кетбұқа ғо уанға ескерткіш
«Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігі, Жезқазған мыс қорыту зауыты, «Жезқазғансирекметалл» мемлекеттік кәсіпорыны, Қарағанды құю-механикалық зауытының бөлімшесі, т.б. орналасқан. Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, 10 колледж, 14 орта мектеп, С. Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театры, филармония, 2 мұражай, мұрағат, спорт сарайы, стадион, қалалық орталық аурухана, «Самсунг» медицина орталығы, отбасылық амбулаториялар жұмыс істейді. Жезқазғанның даму жоспары 2011 жылы бекітілген. Абылай ханға, Қ. Сәтбаевқа, С. Сейфуллинге, А. Имановқа, Ә. Жанкелдинге және көтерілісші сарбазға, Ұлы Отан соғысына қатысқан жезқазғандықтарға ескерткіштер орнатылған. 2017 жылы күзде Шығысхан дәіріндегі жырау, күйші, ғо уан бабамыз Кетбұқаға сәулетті ескерткіш орнатылды. Жезқазған арқылы Қарағанды – Жезқазған – Жезді, Жезқазған – Бейнеу, Жезқазған – Шұбаркөл – Арқалық теміржолдары өтеді. Сондай-ақ, республикалық маңызға ие әуе және автокөлік жолдары бар.
Жезқазған мыс кен орыны – Ұлытау өңірінде, Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км қашықтықта орналасқан. Кен орнында кейінгі неолит заманынан (б.з.б. 6000 жыл) кен өндіріліп, мыс балқытылған. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің тайпалары мыс өндіруді жеке шаруашылыққа айналдырды. Мыйлықұдық, Сорқұдық, Айнакөл, Кресто, т.б. металлургиялық мекендер пайда болды. Олардың ең ірі қалашығы Мыйлықұдық шамамен ХVІІ ғасырға дейін, яғни Ұлы Жібек жолы құлдырағанға дейін жұмыс істеп тұрды. Қазіргі заманғы алғашқы мыс кәсіпшілігін 1847 жылы орыс көпесі Н. Ушаков ашқан. 1904 жылы кен орны ағылшындардың «Атбасар мыс кентасы» акционерлік қоғамына концессияға берілді. Олар 1907 жылдан 1912 жылға дейін бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Жалпы тереңдігі 20 мың метрді құрайтын 234 ұнғыма бұрғыланды. 1914 жылы жалпы 335 метр тереңдік 14 шахта жүрілді. («Большой Джезказган». АН СССР. Москва. 1935. Статья Сыромолотова Ф. Ф. «Госплан СССР. Джезказган» ). Кен барлау жұмыстары 1925 жылы кең көлемде жүргізіле бастады. Бірінші отандық мыс 1928 жылы Қарсақбай комбинатында балқытылды. Академик Қ. И.Сәтбаевтың 1929 жылы қолға алуымен басталған геологиялық барлау жұмыстарын үздіксіз жүргізген. Жезқазған мыс кенінің геологиялық құрылысы таскөмір, пермь және кайнозой шөгінділерінен құралған. Таскөмір жүйесінің орта және жоғарғы бөлімдерін қамтитын кен қабаттары Тасқұдық, Жезқазған свиталарына жіктеледі. Қалыңдығы 250 – 300 м Тасқұдық свитасы 3 кенді горизонт құрайтын қызыл және сұр түсті 16 қабаттан тұрады. Қалыңдығы 350 – 400 м Жезқазған свитасы 7 кенді горизонт түзейтін қызыл және сұр түсті 36 қабаттан тұрады. Бұл қабаттар литол құрамы бойынша қызыл және сұр түсі аргиллит, алевролит, құмтастан және аз мөлшерде жұмыртас, жентектас, әктас қабаттарынан тұрады. Кен сұр түсті құмтас қабаттарында шоғырланған. Тектоникалық құрылымына шығыс жағын шектейтін меридиан бағыттағы Шыңғыс Ұлытау, оңтүстіктен Теректі терең жарылымдары кіреді. Жезқазған синклиналі аумағында орналасқан кенді алаң Спасск мульдасы, Ақши күмбезі, Златоуст мульдасы, Кресто күмбезі, Анненск мульдасы және Анненск күмбезі атты бірінен бірі флексуралармен бөлінген құрылымдардан тұрады. Жезқазған мыс кені алты геологиялық-өндірістік телімге бөлінген: Ақши – Спасск, Оңтүстік-Батыс Покро, Солтүстік Покро, Златоуст, Кресто және Анненск. Кеннің минералдық құрамы: борнит, халькозин, халькопирит, галенит, бетехтинит, сфалерит, пирит, домейкит, арсенопирит, альгондит. Тереңдігі 10 – 60 м, тотығу белдемінде азурит, малахит, хризоколла, куприт, элит және таза мыс түзіледі. Негізгі кен құрамдас бөліктері: мыс, мырыш, қорғасын, қосымша Au, Ag, Re, Os, Mo, Nі, Co, Cd, Ge, Se, Te, Ga, S, т. б. Кен денелері таспа, линза, кейде күрделі пішінді. Инженерлік-геологиялық жағдайлары бойынша кен алаңдары оңтайлы, орташа, күрделі және өте күрделі түрлерге бөлінеді. Кен өндіру ашық және жер асты әдістерімен жүргізіледі.
Жезқазған – Сексеуіл – Бейнеутрансконтиненттік темір жолы 2014 жылы 22 тамызда жүк таси бастады. Күші кемелденіп мүмкіндігі артқан Азия пен Парсы шығанағы, кәрі құрлық Европа елдері арасында тікелей темір жол байланысы орнатылды. Қытайдан Европаға жүк жіберу және Европадан Қытайға тасу уақыты транзиттік дәліздің қазақстандық телімінде үш есе дерлік кеміді.

Қарсақбай темір жол станциясы
Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл темір жолдары небәрі екі жыл ішінде салынды. Құрылыс кезінде 1200 км темір жол бойына 46 млн. текше метр топырақ, құм төселді. 46 көпір және жолайырықтары қолдан жасалды, 570 су ағатын тұрба орнатылды, 4200 км қуаты ВЛ-110 35 және 10 киловольт электр желісі тартылды. 23 станция, 33 разъездің құрылысы жүріп жатыр, бірқатары 2015 жылдың өзінде іске қосылды.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: