Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар
- Название:Төңкеріс. Пиесалар
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:Литагент Ридеро
- Год:неизвестен
- ISBN:9785448378027
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар краткое содержание
Төңкеріс. Пиесалар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Ғабдуррахман . О-һо! Асеке, мұныңыз не? Дәл сізді қолыңызға қару алады деп ешқашан ойламап едім.
Асқар . Алуға тура келді. Сіз маған басқа амал қалтырмадыңыз. Мен сізді теріс жолдан тайдырамын деп бақтым. Аллаһ куә – сіз сөзге көнбедіңіз. Енді қарудың күшімен көндіргеннен басқа амал қалмады. Өйткені мен сол мыңдаған адамдарды, бейкүнә балаларды өлтіргізіп қоя алмаймын. Сөзбен тоқтата алмасам, қарудың күшімен тоқтатамын.
Ғабдуррахман . (күледі) Қызық екен! Бірдей бір қаланың имамы, кеше ғана мешіттің мінберінен имандылыққа, ізгілікке, рақым мен мейірбандыққа шақырып жалынды уағыз айтқан адам енді өзінің мұсылман бауырына қол көтеріп, оны өлтіріп тастауға дайын тұр. Қойыңыз, Асеке, сізге бұл іс жараспайды. Сіз өзіңізді айнадан көрсеңіз… (тағы да күледі) жоқ, сіз ата алмайсыз. Сіз адамды өлтіре алмайсыз. Адам өлтіру оңай шаруа емес.
Асқар . Иә, мен ешкімді өлтіргім келмейді. Бірақ, он мың… барлық қаланың тұрғындарын санағанда алпыс мың адамның өмірін сақтап қалу үшін мен сол күнәні мойыныма артып алуға бармын. Ал, қойыңыз телефонды столға. Қолыңызды көтеріңіз де шегініп кетіңіз. (Ғабдуррахманның қозғала қоймағанын көріп) Ғабдуррахман, мен сізді шынында да атып тастаймын!
Ғабдуррахман . Ата алмайсыз! (тапаншасын көтеріп Асқарға кезейді) Ал мен сізді оп-оңай атып тастаймын. Есіңізде болсын – мен ешқашан мүлт жібермеймін. Егер тапаншаңызды шошаңдатуыңызды қоймасаңыз мен стадионды жарып тастаймын! (телефон ұстап тұрған қолын жоғары көтереді)
Асқар . Ғабдуррахман! Тоқтат! Тоқтат деймін! А-а! (тапаншаның шүріппесін басады, тапанша екі-үш оқ атып жібереді. Бір оқ Ғабдуррахманның телефон ұстап тұрған қолына тиіп ол телефонды еденге түсіріп алады; іле Асқардың ұстап тұрған тапаншасы да тарс етіп еденге құлап түседі)
Ғабдуррахман . (таңқалған кейіппен) Ә?! Сіз… сіз шынымен маған оқ аттыңыз ба?! (құлай жаздап, үстелге сүйенеді, еденде жатқан телефонына қарайды, ол тым алыс жатыр, оны алмақшы болып бір қадам жасайды, бірақ басы айналып, теңселіп біраз тұрады да, телефонға жете алмайтынына көзі жетісімен бойын түзеп тапаншасын имамға кезейді) Мына оқ… маған тиген оқ жәй емес… бұл уландырылған оқ. Бұл оқты… бұл тапаншаны сізге кім берді? Ә… түсінікті. Олар… әлгі полковник Ысмайыловты өлтіргендер… иә, дәл солар. Полковник те тап осындай жеңіл жарақат алып жан тапсырған. Сонда оның ағзасынан күшті у табылды. Сонымен, мен қазір жан… жан тапсырамын. Сіз… имам Асқар, сіз сонда жендет болғаныңыз ба? (имам үндемейді) Иә, иә! Білемін не айтпағыңызды… «Сен де жендетсің» дейсіз ғой. Бірақ мен Алла тағаланың жендетімін… ал сіз ше? Сіз… сіз шайтанның жендетісіз. Иә, дәл солай… Ал онда… онда ренжімеңіз, Асеке. Онда мен жәй кете алмаймын. (жерде жатқан телефонға қарайды) Әттең! Әлгі кәпірлерді бірге ала кете алмадым. Сіз дегеніңізге жеттіңіз. Сондықтан сізге кешірім жоқ. Ал, қош… Асеке… мүмкін кездесерміз… қиямет күні… сонда… сонда… Аллаһ тағала… егер ол… ол… бізді сонда кездестірсе…
Тапанша гүрс етіп оқ атып шейхың қолынан еденге құлап түседі. Асқар шалқасынан түседі; Ғабдуррахман бір-екі секунд теңселіп тұрады да, ол да сылқ етіп құлап түседі. Біраз уақыт тыныштық орнайды. Ашық қалған есіктен Халел кіреді, оның қолында атуға дайын тапанша. Оның соңында көмекшісі.
Халел . (сұлап жатқан шейхті көріп) Шейх Ғабдуррахман?! (көмекшісіне) Көрдің бе, біздің жанымыздан сып беріп өте шыққан адамның кім екенін? (столды айнала беріп Асқар мен Иванның мәйіттерін көріп тізерлей кетіп тамырларын басып олардың өтіп кеткеніне көзі жетіп алақандарымен бетін сипайды да орнынан тұрады) Аллаһү акбар! Қайтып кетіпті. Өкінішке орай біз шейхті танымай қалдық.
Көмекшісі . (жерде жатқан шейхтің ұялы телефонын көріп оны алайын деп еңкейе беріп) Мынау не? Шейхтің соткасы ма?
Халел . (қатал үнмен) Тиме! Еш нәрсеге тиме. (көмекшісін ығыстыра телефонды зор абайлықпен, екі саусағымен алып столға қояды) Мен білсем, әлгі жарылғыш миналарды іске қосатын пульт осы телефон. (көзімен бөлмені шалып өтіп) Иә, бұл жерде болған оқиғаның астары енді түсінікті. (телефонды бұзып батареясын алып тастайды) Шейх стадионды жармақшы болған тәрізді, ал мына жігіт оған қарсы шыққан. Алайда шейх оқ атқанда мүлт жібермейді, ал мына жігіттің тәжірибесі жоқ. Ал имам… ол кісі де шейхті тоқтатпақшы болған, ол оны тоқтатты да… алайда, өзі де оққа ұшты. Жарайды, болған іс болды. Енді уақыт тығыз… (ұялы телефонын алып шығып орталықпен байланыс жасайды) Орталық! Орталық! Байланыста – «Ақ сұңкар». Стадиондағы жарылғыш миналарды іске қосатын пульт біздің қолымызға түсті де істен шығарылды. Шейх Ғабдуррахман мерт болды. Жоқ, біз емес, – оны имам Асқар атып тастады. Жоқ, ол кісі де қаза тапты. Имам Асқар ерен ерлік көрсетті, мыңдаған адамдардың өмірі үшін өзінің өмірін пида етті. Иә, иә! Біз енді қаланы азат етуге арналған жоспарымыздың екінші тарауына кірісеміз. Қалаға шабуылды бастамай тұра тұруды өтінемін. Иә! Құп болады! (телефонын сөндіріп, көмешісіне) Ал, мен кеттім! Сен қазір мешітке тарт! Намазхандар таң намазына жиналып жатқан болар. Оларға имамның қазасын естірт, ақсақалдар келіп мәйіттерді оң жаққа жатқызсын. Содан кейін гарнизонға кел, мен біздің офицерлер мен сержанттарды көтере берейін.
Көмекшісі басын изейді де екеуі кетеді.
Эпилог
Біраз уақыттан кейін Жамал, Гүлнәр, Берік және Лариса келеді.
Гүлнәр . (сұлап жатқан Ғабдуррахманды көріп, столдың арғы жағында жатқан Асқар мен Иванды көрмейді) Ой! Мынау кім-ей?!
Жамал . О Алла! Бұл шейх Ғабдуррахман ғой! Бұған не болған? Мынау не ағып жатқан оның астынан? Ойбай! Мынау қан ғой!
Гүлнәр . (Ғабдуррахманды айналып өтіп Асқар мен Иванға көзі түседі де шыңғырып жібереді) Папа! Ваня! (не істерін білмей екі мәйітке кезекпен қарап тұрып қалады)
Жамал . Гүлнәр! Не болды? Асқар… (столды айналып өтіп Асқардың өлігінің жанына тізерлей отыра кетеді де күйеуінің басын қолына алып көз жасын ағытады)
Лариса . (жүгіріп барып ағасының мәйітінің жанына отыра кетіп ол да егіледі) Аға! Ағатай! Енді сенен де айырылдым ба?! Кешір! Манағы сөздерім үшін кеш мені… а-а…
Жамал . Е-ей! Асыл ерім ай! Асқарым ай! Өз қолыңмен жіберген қателігіңді өз қолыңмен түзеген екенсің ғой. Өз күнәңді өз қаныңмен жуған екенсің ғой. Иә Алла! Кеш мені! Кешегі сөзімді қайтып алдым. Қайтып алдым. (егіліп жылайды)
Гүлнәр әкесі мен жігітінің ортасына отыра кетеді, оның екі қолы екеуінің үстінде, ол да егіліп отыр. Берік шешесінің жанында отыр, Жамал оны бір қолымен құшақтап алған.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: