Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Тут можно читать онлайн Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Драматургия, издательство Литагент Ридеро. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар краткое содержание

Төңкеріс. Пиесалар - описание и краткое содержание, автор Қайыркелдi Руспаев, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітапта оқырманға әр түрлі жанрда жазылған пиесаларымды ұсынамын: трагедия, драма, комедия, жастар мен балаларға арналған шығармалар.

Төңкеріс. Пиесалар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Төңкеріс. Пиесалар - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қайыркелдi Руспаев
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Әкім . Шамалы екен. (шалқалай түсіп) Мен білсем, ал мен мұндайлардың талайын көргем, мен білсем, сол екеуі сау сиырдың боғы емес. Қай жерде байы жоқ қатын болса, әсіресе сол қатын сұлу болса, және де қалтасы толық болса – сол жерде ойнассыз болмайды. (Жұмағалиға жақындай түсіп) Енді жақсылап тыңдап ал – маған сол қатынды бірдеңе қылып қолға түсіріп алу керек.

Жұмағали . Ол қалай – сіз… сіз де Жазираны ұнатып қалдыңыз ба?

Әкім . (қарқ-қарқ күледі) Өй! Сен өзің қызық жігіт екенсің! Жо-жоқ, ештеңе айта алмаймын – қатын өте көрікті, дидары көз тойдырады. Бірақ маған оның өзі керек емес – … һм… жоқ, мүмкін керек те боп қалар. Тек дәл қазір маған оның ойнасының үстінен түсіп, қылмысын әшкерелеу керек. Маған ол қатынды ең жанды жерінен шап беріп ұстап алу керек. Сонсоң менің жетегіме көнбегенін көрейін. Өзің естідің ғой, не деп кеткенін? «Әкім болмақ түгіл кім болсаң да бағынбаймын» деген жоқ па. Өзің ойлашы – егер мен бір жаман қатынды бағындыра алмасам, қалай мен бүкіл ауданды бағындырмақпын? Сондықтан саған мынадай тапсырма беремін – сол екеуінің былығын анықтап, ойнастарының үстінен түсіп ұстап аласың.

Жұмағали . Сонда не – маған оларды аңду керек пе?

Әкім . Тү-ү! Ештеңе түсінбейсің бе? Сенің міндетің – соларды аңдып компромат жинайтын адамды тауып алу. Әлгі жеке детектив дегендер бар емес пе? Түсіндің бе енді?

Жұмағали . Түсіндім. Бірақ сол детективты қайдан алмақпын? Біздің ауданда ондайлар жоқ. Тек РОВД – ның оперлеріне тапсырма бермесек…

Әкім . Өй, қой оныңды! Астанаға бар да жалдап әкел. Қашан бара аласың о жаққа?

Жұмағали . Білмеймін…

Әкім . Саспа – сен онда әкімнің арнайы тапсырмасымен, әкімшіліктің жұмысымен барасың. Командировочный да төленеді. Детектив жалдауға ақшаны мен өзім беремін.

Жұмағали . Онда мен бүгін де аттануға дайынмын.

Әкім . Жақсы. Есіңде болсын – бұл іс жөнінде ешкімге тіс жарушы болма! Үйіңдегі замандасқа да айтушы болма, білдің бе! Сенің келіншегіңді айтам. Түсіндің бе?

Жұмағали . Түсіндім.

Әкім . Жақсы, бір істі тындырдық. Тағы не бар?

Жұмағали . Саудагерлер бар…

Әкім . Е-е, иә, иә! Олар жиналды ма екен? (селекторды басып хатшысынан) Шолпан, саудагерлер жиналды ма?

Шолпанның дауысы . Иә. Кіргізейін бе?

Әкім . Жібер, кірсін.

Кабинетке оншақты ер, әйел саудагерлер кіріп, сәлемдесіп орындықтарға жайғасады.

Әкім . Осы қаланың бүкіл саудагерлері толық жиналды ма?

Жұмағали . (көзімен жиналғандарды шолып өтіп) Иә, ірі саудагерлер тегіс осында. Ә! Смағұлов жоқ…

Саудагерлер дабдырласып бір-бірінен Смағұловтың қайда екенін сұрасып жатыр.

Әкім . (қаламмен столды тықылдатып) Тынышталыңдар! Бір кісіге бола соншама даурықпайық. Смағұловың ешқайда қашып кетпес. Сендерді жинап отырғанымыз – баға жөнінде әңгіме. Мен бүгін дүкендер мен базарды аралап шықтым. Сондағы тауарлар мен бұйымдардың бағасы маған ұнамады. Сондықтан сендерге талап қоямын… (алдындағы бірнеше парақ қағазды саудагерлер отырған столға сырғытып жіберіп) міне, мына тізімге назар аударыңдар.

Саудагерлер бір-бір парақтан таратып алып көз жүгіртіп жатыр.

Әкім . Бұл негізгі тауарлардың, азық-түлік пен жиі пайдалантын бұйымдардың тізімі, және олардың халыққа тиімді бағалары. Бүгіннен бастап әркім өз қарамағындағы сауда орнындағы тауарлардың бағасын осы тізімдегі бағаларға сәйкестендіруге тиісті.

Бір саудагер . Сонда бұл не – бұйрық па?!

Әкім . Қалай деп түсінсеңдер өз еріктерің. Тек бағаларың осы тізімдегі бағалардан аспаса болды.

Саудагерлер шуласып кетеді.

Әкім . (тағы да қаламмен столды тықылдатады) Тынышталыңдар! Бұл не?! Бұл сендерге базар емес. Қай жерде отырғандарыңды ұмыттыңдар ма?

2-ші саудагер . Мына шешіміңіз заңсыз! Әлде қазір нарық заманы екенін ұмыттыңыз ба?

Әкім . Қарағым, есіңде болсын – мен ешқашан, еш нәрсені ұмытпаймын. Және мен заңды да жақсы білемін. Мұны бұйрық деп қабылдағың келмесе, өтініш деп ұқ.

2-ші саудагер . Онда мен бұл өтінішіңізді орындай алмаймын.

Әкім . (иығын қиқаң еткізіп) Жақсы. Орындамасаң – орындама. Тек бұдан былай біз екеуміз дос бола алмаймыз. Ал дос болмағандар кім болады? Ә?

2-ші саудагер . Жоқ, мен сізбен қастасқым келмейді.

Әкім . (жымиып) Иә, мен де ондай ойдан аулақпын. Сонымен біз дос боламыз. Солай ма?

2-ші саудагер . Бірақ мен мына өтінішіңізді орындай алмаймын. Онсыз да менің дүкенімдегі бұйымдардың бағасы төмен. Енді қайда төмендетпекпін?

Әкім . Оны, ағайындар, өздерің біліңдер. Ол сендердің бастарыңның сақинасы. Ал маған өзімнің сақинам да жеткілікті.

Саудагерлер бастарын төмен түсіріп, бір-бірімен ақырын күбірлесіп отырып қалады.

Әкім . Ал, тағы кім менің ұсынысыммен келіспейді? (көзімен барлығын шолып өтеді, бірақ біреуі де қарсылық білдірейін деп басын көтермейді) Е! Бәрекелді! Сонымен – келістік қой. Онда мен сіздерді бөгемеймін.

Саудагерлер орындарынан тұрып есікке қарай беттейді.

Әкім . (қолына бір қағазды алып) Әй, біреуің мынаны әлгі Смағұловқа жеткізсін. Жаңағы менің өтінішімді де айтыңдар. Бір-екі күннен кейін мен тағы сауда орындарын тексеріп шығамын. Сосын менімен достасқысы келмегендермен оңаша сөйлесемін. Бірақ ондай ақымақ табылмайтын да шығар.

Саудагерлер шығып кетісімен әкім Жұмағалиға қарап көзін қысады.

Әкім . Бұлармен осылай сөйлеспесең болмайды. Және осы бастан олардың тиісті оындарын көрсету керек. Әйтпесе басқа мініп алады.

Жұмағали . Ол дұрыс қой. Бірақ… бірақ саудагерлердің крыша дегенін қайтеміз? Ертең солардың мықтыларының біреуі келіп біздің басымызды қатырмай ма?

Әкім . Ха! Ал менде ше? Қалай ойлайсың – менде крыша жоқ па?

Жұмағали . Білмеймін… бар шығар…

Әкім . «Бар шыға-ар!» Сырт жағымда бір мықты тұрмай мен бір ауданды басқарып нем бар дейсің? Ал және қалай деп ойлайсың? Кімнің крышасы мықты – менікі ме? Әлде жаңағы саудагерлердікі ме? Ә?

Жұмағали үндемей қалады.

Әкім . (қағаздарын ерсілі-қарсылы қозғап қойып селекторды басады) Шолпан! Тағы біреу бар ма?

Шолпанның дауысы . Горкомстройдың бастығы қабылдауыңызды сұрап отыр.

Әкім . Ол не ғыл дейді?

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қайыркелдi Руспаев читать все книги автора по порядку

Қайыркелдi Руспаев - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Төңкеріс. Пиесалар отзывы


Отзывы читателей о книге Төңкеріс. Пиесалар, автор: Қайыркелдi Руспаев. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x