Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Тут можно читать онлайн Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Драматургия, издательство Литагент Ридеро. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар краткое содержание

Төңкеріс. Пиесалар - описание и краткое содержание, автор Қайыркелдi Руспаев, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітапта оқырманға әр түрлі жанрда жазылған пиесаларымды ұсынамын: трагедия, драма, комедия, жастар мен балаларға арналған шығармалар.

Төңкеріс. Пиесалар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Төңкеріс. Пиесалар - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қайыркелдi Руспаев
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Әкім . (Жұмағалиға) Жұмағали-ау, айтшы – түсінсем бұйырмасын – мынауың кім өзі? Қызметі не – соншама әкімге әкіреңдейтін?

Жұмағали Мақпалға қарайды.

Мақпал . (қызараңдап орынан тұрып) Қалкен біздің газетіміздің корреспонденті. Бірақ оның мына жеке пікірімен біздің ұжым келіспейді.

Қалкен . Мақпал Бәкеновна, сіз қалай бүкіл ұжымның атынан сөйлейсіз? Сіз тек өзіңіздің көзқарасыңызды білдіріңіз.

Мерген . Қалкен-әй, қойсаңшы енді! Қалай сен үп-үлкен адаммен тайталасасың? Мына Мақпал да, жақсы болсын, жаман болсын, бастығың емес пе! Және де бастық бола тұрып ұжым атынан сөйлемей қайтпекші?

Әкім . (өзінің орнына қайтып келіп отырған) Мерген! Тоқтай тұр! (Мақпалға) Мақпал Бәкен қызы, мына немені жұмыстан босатасың. Дәл қазір, осыннан шығысымен. Басқарып отырған газетің – әкімшіліктің газеті, сондықтан мұны бұйрық деп ұқ.

Мақпал . (Қалкенге кейіспен қарап) Жақсы, Басар Базарови… Базар ұлы. Тек қана…

Әкім . Не?! Орнына кісі таба алмаймын дейсің бе? Табамыз! Мұндай аққұлақтардың адвокатымен қызметтес болғанша, мүлдем газет шығарамай-ақ қояйық.

Қалкен . (блокноты мен қаламын қалтасына салып, кетуге ыңғайланып) Жарайды… екі қолға бір жұмыс табылар. Осымен менің аузымды жабамын деп ойламаңыз. Әкімшілік газетінен басқа да басылымдар бар. (кетеді)

Әкім . Бар, бар! Ол басылымдарды да көреміз. Билікке көнбейтіні қайдан келіпті.

Жазира . (орнынан тұрып) Осы сөзіңізді дұрыс деп айтып тұрсыз ғой, иә? Менің қоластымдағы басылым – менің жеке меншік газетім. Мен қазір Қалкенді жұмысқа қабылдап аламын. Сосын көреміз сіздің билігіңізді. Қандай әкім болсаңыз да заңға қарсы шыға алмассыз. (ол да кетеді)

Әкім . Өй, өңкей жаман неме! Көрсек көрерміз! (столының үстіндегі қағаздарды ерсілі-қарсылы бір қозғап қойып, Жұмағалиға) Сонымен, білім беру бөлімінің бастығын орнынан түсіріп, орнына әлгі Сәкенді тағайындау жөнінде бұйрық дайында. (Мақпалға) Ал жаңағы неме бүгіннен қалмай жұмыстан босатылсын. Қолма-қол. Түсінікті ме?

Мақпал . Иә, түсінікті.

Әкім . Сосын орнына біреуді табармын – журфак бітіріп жатқан жастар жеткілікті. (отырғандарды бір шолып өтіп) Ал, тағы сұрақтар бар ма?

Мерген . (орнынан тұрып) Басеке, менде бір сұрақ бар еді.

Әкім . Ол нендей сұрақ?

Мерген . Жаңа маған Балхан Жүсіпованың продюсері келді.

Әкім . Не дейді?! Кәдімгі әнші Балхан Жүсіпованың ба?

Мерген . Иә, Балхан Жүсіпованың продюсері.

Әкім . (мырс етіп күліп) Ол мұнда неғып адасып жүр?

Мерген . (ол да ыржияды) Бұл қызық нәрсе, Басеке. О заманда қай заман бізге Алматының әртістері келмегені, Алматы түгілі, облыстық филармонияның өзі жоламайды, ал енді Балхан Жүсіпованың өзі гастрольмен келмекші.

Әкім . Жақсы. Келсін. Ал сонда оның продюсері не қыл дейді?

Мерген . Мәдениет сарайының концерттік залын сұрайды.

Әкім . Е, сұраса бер. Осы-ақ па сұрағың?

Мерген . Иә, алайда ол залды тегін бер дейді.

Әкім . Тегін?! Әй, қазіргі заманда тегін дегенді ұмытыңдар. Бұ несі ей!

Мерген . Соның есесіне концертті тегін қоямыз дейді.

Әкім . Міне қызық! Сонда не? Балхан Жүсіпова сонау Алматыдан бізге тегін концерт қою үшін келгені ме?

Мерген . Жалғыз бізге емес, бүкіл республикамызды аралап келеміз дейді. Берейін бе залды?

Әкім . Хм… Бұл бір бұрын естімеген жәйт екен. Бұнда бір гәп болып жүрмесін.

Мерген . Қандай гәп?

Әкім . Қайдан білейін! Неліктен Балхандай әйгілі әнші, эстрада жұлдызы, қаншама шығындалып, әр ауылға тегін концерт қойып жүреді? Ә?

Мерген . Білмеймін. Алайда ол онша шығындалған да жоқ шығар. Міне, концерттік залды тегін сұрап отыр.

Әкім . (біраз уақыт ойланып қалады) Жә! (екі алақанымен столды соғып қалып) Берейік мәдениет үйін Балханға. Ол бізге күнде келіп жатқан жоқ. Тек байқа – әлгі продюсерің алдап кетпесін. Концертті тегін қоямын деп, сосын билетті шытырлатып сатып жатпасын. Келісім-шартқа отыр, соған «концерт тегін қойылады» деген шарт енгіз. Түсіндің бе?

Мерген . Түсіндім, Басеке.

Әкім . Ал онда басқа сұрақтар болмаса бүгінше осы – Жұмағалидан басқаларың боссыңдар.

Жұмағали орнында қалады да өзгелері кетеді.

Әкім . Әлгі журналист… ол кім өзі? Жергілікті тұрғын ба, әлде келімсек пе?

Жұмағали . Негізі біздің ауданның тұрғыны. Бұрынғы «Жаңа дәуірден». Ал бірақ аталары кірме. Ертеректе Ресейден ауып келген.

Әкім . Бәсе! Бұл неге сонша орыстарға бауыры елжіреп тұр десем. Оларға деген малайлық қанына сіңіп кеткен ғой. Ал жаңағы маған қыр көрсеткен қатын кім?

Жұмағали . Жазира ма? Ол бұл жердікі емес. Кезінде казгудың журфакын бітірісімен жолдамамен келген. Біздің бір тентекке тұрмысқа шығып еді, ол тентегіміз қаңғып жүріп бір бомжды өлтірем деп сотталып кетті. «Оны ұстап берген өзінің әйелі» деседі жұрт. Яғни жаңағы Жазира. Бірақ сол сөздің, не шын, не өтірік екенін мен білмеймін – сотында болған жоқпын, сот облыс орталығында өткен.

Әкім . Өзі жеке меншік газетім бар дей ме?

Жұмағали . Иә. Бұл қатын бай, газеттен басқа да меншік сән салоны бар. Әкесі Алматыда дөкөй бастық болған деседі. Ал қазір бір банк ұстап отырған көрінеді.

Әкім . М-м… Жарайды… біз де осал емеспіз, арқамыздан демеп тұрған дөкөй банкир болмаса да баршылық… тәубә… (пауза) Әлгі жігіт… әгі… Қалкен бе еді?

Жұмағали . Иә, Қалкен.

Әкім . Соның қатыны бар ма?

Жұмағали . Бар. Мұғалім болып істейді. Және де бес пе, алты ма – әйтеуір бірсыпыра баласы бар.

Әкім . Ал жаңағы сұлу, Жазира… сонымен қандай қатынаста? Әлде жақындығы бар ма?

Жұмағали . Ешқандай жақындығы жоқ. Екеуі… қалай деп айтсам екен…

Әкім . Турасынан айтсей! (оң қолының алақанымен сол қолының жұдырығын уқалап) Мынадай жақындықта ма?

Жұмағали . Түсінбедім…

Әкім . Өй! «Ойнастары бар ма?» деймін!

Жұмағали . (мырс етіп күліп жібереді) Қайдан білейін, төсекте жатқан жерлерінде майшам ұстап тұрғам жоқ. Тек біреулердің «екеуі бір-бірімен тәуір» дегенін естігем.

Әкім . (екі қолының саусақтарын айқастырып орынбасарына жақындай түсіп) Иә, иә, айта бер…

Жұмағали . Бітті, бар білетінім осы-ақ.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қайыркелдi Руспаев читать все книги автора по порядку

Қайыркелдi Руспаев - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Төңкеріс. Пиесалар отзывы


Отзывы читателей о книге Төңкеріс. Пиесалар, автор: Қайыркелдi Руспаев. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x