Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Название:Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549501
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Анау Қабай кезінде өзіне жақын адамдарды билікке тартқан. Өткен сайлауда оны қалай қолдағанын білесің. Сен де мына ағайын-туыстарыңның арасынан би сайлап ал. Ертеңгі күні сөзіңді тындап, сені қолдайтын адамдар керек. Сондай адамдарды таңдап алмайсың ба? – Реті келгенде Телқозы ыңғай қайрағандай, осындай сөз айтатын.
Шоң әкесінің бұл сөзінде шындық жатқанын, Шоң әкесінің қандай адамдарды өткізгісі келетінін білетін. Ол ыңғай өзіне қолы ашық адамдарды таңдайтын. Ал Шоң болса ондай адамдар көңілінен шыға қоймайтын. Содан кейін әкесіне де, басқаларға да: «Билерді сайлауды қазір анау Ақмолада отырған ояз шешеді. Менің, осындағы билердің айтқаны емес, соның айтқаны болады» – деп, әкесіне: «Сіз көрінгенге уәде беруді қойыңыз» дегенді айтып, ескертіп қоятын.
Телқозы Шоңның бұл айтқандарын жақтырмайды. Бидің қалай сайланатынын жақсы білетін еді. Соған орай:
– Ол бұл жақтағы қазақтарды қайдан біледі. Сенімен ақылдасатын шығар…
Әбден маза бермеген соң Шоң әкесіне сіз осы жұмысқа араласпай-ақ қойсаңыз қайтеді деді. Шоңның бұл сөзін ол жақтырмай қалды. Өйткені, оның көкейінде не тұрғанын білетін. Егер Телқозы айтқанын қолдаса Жанкелді тұқымдарының, анау пара беріп жүрген адамдардың бәрі би болатынын Шоңның іші сезетін. Соған орай, әкесінің айтқанын жүре тыңдап сыртқа шығып кететін. Телқозы байқағыш, аңғарғыш адам еді, Шоңның ренжіп қалғанын бірден сезіп, үндемей қала береді. Шоңның көнілі-күйі түзелген шаманы байқап жүріп, өзінің үйреншікті сөзін бастайтын қайтадан.
Шоңның өзі де биге бірнеше адамды өткізіп алуды ойлап жүрген. Көңілінен шығып жүрген бірнеше адам бар еді. Бірақ бәрін бірден өткізуге болмайды. Шама-шарқынша екшеп, байқап өткізу керек. Көп адамды алып келгенді ояз да жақтырмайтынын білетін. Соған орай Шоңның өз ойы бар еді, бірақ бұл туралы тіс жарып әкесіне де айтпаған. Ондай адамдар ішінде жүретін. Бүгін әкесінің үйреншікті әдетіне айналған сөзінен кейін ойланып қалды да:
– Казір қазақта не көп, би көп. Көпшілігі ақылымен емес, байлықтың арқасында би болып алған. Сіз көрінгенді әкеп маған тықпалай бермеңіз, – деді.
Телқозы баласының мына сөзін ұнатпай, ренжіген рай танытып, дастархан басынан тұрып кеткен. Әкесі кетіп, дастархан басында жалғыз қалған. Шоңның Телқозы айтқан адамдардың көпшілігінің би болуын көңілі қаламайтын. Айтып жүрген адамдары ел арасында сыйлы болса да, көбісі Шоң ойынан шықпайтын. Содан кейінге сырғыта беретін. Айтар ойы бар адамдарды сайлатып алғысы келеді. Болыс болып келгелі бірталай уақыт өтсе де әлі билікке бір адамды да өткізбеген. Әзірге әлі де ойда жүрген еді.
Шоң үйде біраз отырып тысқа шықты. Сыртта біраз жүріп үйге оралса үйде Әлсен отыр. Күміс дастархан жасап қойыпты. Шай қайнап тұр. Баяғыда Күміс келін болып түскенде алып келгендердің бірі осы Әлсен еді, келіннің бірінші бетін ашқан ыстық болады дейді қазақ. Сол шындық болуы керек, Әлсен келгенде Күмістің жаны қалмайтын. Шайын жасап, қазанын көтеріп есі шығады да жатады. Шоң оны осында келгелі байқап жүр. Мына дастархан жасасы да соның белгісі еді. Әлсен де бұрынғыдай емес, Шоңның болыс болып келгенін сыйлай ма, әйтеуір, бұрынғы еркіндік жоқ, байқап-байқап сөйлейді. Шоң «жай жүрсін бе» деп сұраған еді одан.
– Мені Телекең шақыртып жіберіпті. Жаңадан билер сайлайды дейді ғой, соған сенімен ақылдасқалы келдім.
Телқозының Әлсенді шақыруында сыр бар еді, өйткені би болуға өнкей қаусаған шалдар тілек айтып келіп жүретін. Олар тым көп еді. Телқозы да ақылды адам еді, ондайлардың айтқанына жығыла бермейтін, қулықпен сөйлейтін: «Анау ояз айтады екен, билер жас болсын, жергілікті билердің алдынан өтпес бұрын маған әкел деп жүрген көрінеді. Сонсоң Шоң ешкімді өткізе алмай отыр ғой» дейтін. Телқозының мазасын алып жүрген жастардың бірі Әлсен еді. Келген сайын Телқозының миын жейтін. Төрт-бес тәуір жылқысын да, Шоңға сездірмей әкеп тастаған. Телқозы соған құлап қалған. Ол жақсы білетін, кейбір билер өзімен теңдесіп төрде отырған жастарды ұнатпайтын. Би болуға шаштары ағарған карттар құмар еді. Телқозы Шоңмен қатарлас адамдардың би болуын қалайтын. Олардың Шоңмен тіл табысатынын білетін.
Телқозы айтар сөзі бар, баласына көмегі тиетін адамдардың сайланғанын қалайтын. Сондай адамдардың біріне Әлсенді санайтын. Бір ғажабы, екеуінің көңілдері жақсы болса да, ол Шоңға тікелей бармай жүрген еді. Бүгін келіп Телқозыға тағы айтқан Әлсен.
– Телеке, менің осы үйдің алдында еңбегім бар ғой. Онымен коса туыс адамдармыз. – Әкесінің Ерназардан әйел алғанын көлденең тартып отырған еді. – Ана Шоңға бірдеме айтып жібермейсіз бе? Бұл жолы кейінге қалдырған жоқ Телқозы. Әлсеннің көңілін қимай барып Шоңға айтқан еді. Ол не болады, не болмайды деген жоқ, өзінің әдетіне салып жүріп кеткен. Жүріп кетуі ұнатпағандықтың белгісі екенін Телқозы білетін. Келіп Әлсенге айтқан еді:
– Мен айтып көрдім. Қатар жүрген құрбысың ғой, өзің де барып сөйлессейші.
Бұл әңгімені Әлсеннің бастағанына біраз уақыт болған. Енді соза бергісі келмеді. Ақыры, Шоңның алдына өзі барған.
Әлсен сөзді әріден бастап біраз сөйлеп би мәселесіне келген еді. Шоң да тындап отырды да, айтқан ақыры:
– Олай болса үйіңе қайта бер. Мен ешқашан Телқозы айтқан адамды би сайламаймын. – Би болуға келгендер ыңғай Телқозының тамағынан бірдеңе өткізіп жүргенін сезетін Шоң да.
– Ештеңе бергем жоқ. Кеше шақырып кісі жіберген соң, бүгін келдім.
– Мен өзіме жақын жүрген адамды ешқашан би сайлауға көмектеспеймін. Екіншіден, сен әлі би болу жасына келген жоқсың, үшіншіден сенің мінезің билік айтуға келмейді. Тым қызбасың. Сол жақтарың маған ұнамайды. Сол себепті, сені би етіп сайлауға келіспеймін.
Әлсен сөзге тапқыр еді. Сол арада Шоңды ұстап алған.
– Сен менің жасымда неге болыс болып отырсың? Сен өйтіп мені кемітпе!
– Мені ояз ұсынған, сені билер сайлайды. Ал сені Құдай біледі, билер өткізбейді.
– Ол қырт шалдардың өткізбейтінін білемін. Қазір билер ояз алдынан өтіп жатыр дейді ғой. Сен мені сол ояздың алдына апаршы, сөйлесіп көрейін. Ол мақұлдаса мұндағы билер түк жасай алмайды.
Әлсеннің мына сөзінде орынды бір қисын жатқанын Шоң білді. Сонда да айтқан:
– Әлсен, есіңде болсын, би болған адам болыстықтан да жоғары тұруы керек. Болыс анау жоғары жақтың айтқанын орындайды, ал би өз ақылына сүйеніп жұмыс істейді. Ақыл айтады. Ал қазіргі би баяғы заманның билеріндей болмауы керек. Өзінің руларының пайдасына тартпай, ел қамын ойлайтын және анау ояз көңілінен шығатындай билік айтуы керек.
– Сенің осы айтып отырғаныңның бәрін білемін. Мен өзің ойлағандай, бос қуыс кеуде адам емеспін. Осы саған келер алдында бәрін ақылға салып толғанғанмын.
Шоңға Әлсеннің мына сөзі ұнамай қалды. Баланың сөзіндей болып кеткендей көрінді.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: