Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Нені ойландың, нені толғандың? – деді Шоң.

Әлсен сол сәт аузына сөз түспей айтары болмай қалғандай, үнсіз қалды. Алдында елдің тәуірлерімен үлкен ауыл болу туралы сөз болғанда соларды жақтап жүргенін естіген еді Шоң. Сонысын жақтырмай қалған. Мынадай сөз айтып тұрғаны содан еді. Шоң отырып айтқан:

– Екеуміздің пікірлерміз қабыспай жатыр. Қалай бірігіп жұмыс істейміз?

Әлсен мына сөздің қайдан туындап отырғанын біле қалды да, сәлден соң сөз бастаған:

– Қазаққа үлкен ауыл болып отыр дейсің. Ал соны анау ояз қолдай қоя ма?

– Қазақтар өз жерінде үлкен ауыл болып жатса, орыстардың онда қандай ақысы бар?

Дегенмен Шоңға Әлсеннің мына сөзі Карбышевтің сөзімен қабысып жатқандай көрінді.

– Сен Нұра бойының Тоқаларының үлкен ауыл болып отырғанына неге қарсы шығып жүрсің?

– Мен қарсы шығып жүргем жоқ. Ана Телекең бастаған адамдар ғой. Сен әуелі әкеңді көндір, содан кейін мен қарсы болмаймын.

– Сен әуелі мені қолда, содан кейін биге өткізуді ойланып көремін.

– Сен әуелі мені өткізсейші. Содан кейін сенің айтқаныңды қолдаймын.

– Мына арада сен маған билікті қимай отырған тәріздісің. – Әлсеннің қатты ашуланғанда есікті тарс еткізіп жауып үйден шығып кететін әдеті бар еді, бұл жолы да соны жасады. Шоңға бар ашуын сонымен білдіретін. Телқозыға да кейде соны жасайтын. Телқозы оның онысына мән бермейтін. Әлсен кеткен соң Телқозы кірді. Ол Шоңнан сұраған еді:

– Сен ана Шөміштің баласын ренжітіп жібердің бе?

– Ренжісе қайда кетеді? Ертең айналып өзі келеді.

– Сен Шоң Әлсен тәрізді өзің қатарлы жастарды ренжітпе. Өзіңе тарта бер. Анау шалдармен ренжіскенде сені қолдайды.

– Мен Әлсенді ренжіткем жоқ. Мені ренжітіп жүрген сізсіз.

– Шоң, сенің өткен жолы айтқаныңды жасай алмаймын. Пәлен жүз жыл отырған ата қонысыңнан көш деген не сұмдық. – Осыны айтты да Телқозы орнынан тұрып кетті. Шоң оның мына сөзіне сөз таба алмағандай, үндемей қалған. Сөйтіп отырғанда үйге Малай кірген еді.

– Сен ана Тіленді шақырып келші, – деді Шоң інісіне.

Сәлден соң екеуі бірге кірді.

– Сен бара тұршы, – деді інісіне Шоң. Ағасының айтқанын екі етпейтін орындайтын Малай шығып кеткен болатын. Ол кетісімен Шоң сөз бастаған еді.

– Сен есікті неге қатты жабасың? Сол екі ортада мінезіңді көрсеткің келе ме? Сенен қандай би шығады?

Әлсен Шоңның мына айтқанына тосылып үндемей қалды. Оның кейде қанша даукес болса да, дұрыс жерінде осындайда тоқтайтынын ұнататын Шоң.

– Шоң есікті қатты жапқанымды өзім де байқамай қаламын. Ол үшін сен мені кінәлама!

Шоң оның мына айтқанына сенерін не сенбесін білмей қалды, бірақ сенді. Әлсеннің қызба екенін білетін.

– Сен менің есігімді де, басқалардың да есігін қатты жапқанды қой. Сен есікті қатты жапқанында елді басынатының жатыр. Сонымен қоса мені де басынып отырсың. Әлгінде, есікті қатты жапқаның мені басынғаныңның белгісі.

– Сен Шоң енді қатардағы адам емессің, болыссың. Есі дұрыс адам болысты басына ма?

Шоң Әлсеннің мына сөзінде бір шындық жатқанын білді. Бәрі қызбалықтан болып жүргенін түсінді. Енді іштегі бір ашу басылып қалғандай болды. Соның ықпалымен сөйлеген еді.

– Мен ертең Ақмолаға жүремін. Жолға дайындал. Ояз өткізсе би боласың.

Әйімкүлге бармағанына біраз уақыт болып еді. Қатты сағынып жүрген. Бара жатқанын пайдаланып осы жолы Әлсенді оязбен бір кезіктіріп қайтуды ойлады. Соған орай айтқан әлгі сөзді. Әлсен Шоңның мына сөзін шығарып салма сөз бе деп ойлап қалды. Шыдай алмады:

– Ол оязың да сенің айтқаныңнан асып кетпейді. Қай заманда қазақтың биін орыс сайлап еді. Сен турасын айтсайшы… – Әлі сеніңкіремей тұр еді. Шоң оның осы күйін түсінді де:

– Әлсен әр уақыттың өз заңы бар. Сен әуелі билердің талқылауына түспей тұрып, ояз алдынан өтіп алғаның дұрыс шығар.

Әлсен Шоңның мына сөзінде бір дұрыстық бар екенін, билер алдына бірден барса, оңдырмайтынын білді. Сол сөздің дәлеліндей Шоң айтқан:

– Ана кәрі қырт билер би саны көбейгенін ұнатпайды. Өйткені, онда олардың дәрежесі түседі. Қалтасына түсетін байлық азаяды. Үшіншіден, көпшілігі сенің мінезіңді ұнатпайды. Түсініп отырсың ба?

Әуелі Әлсен ләм демеді, артынан: «жарайды, сенің айтқаның болсын» деді.

– Ендеше, ертең дайын отыр, жолай сені Ақмолаға ала кетемін. – Шоңның өз көңілі мақұлданғанын осылай екі рет қайталап алатын әдеті бар еді. Әлсен оны білетін. Мына сөзді шын көңілден айтып отырғанын түсінді де, сол күні Әлсен үйіне қайтып кеткен. Шоң Әлсеннің әлгі сөзінен кейін ойланып қалған. Жалғыз Әлсенді би етуге ояз алдына апарады екенмін, барған соң үш-төрт адамды апарған дұрыс деген ұйғарымға келді ол.

Кешкісін Телқозы дастарханының басына Жанкелдінің тірі жүрген балалары Әнет, Қарақозыны шақыртты. Байқозы Түркістан жақта жүрген. Әлсенмен болған әңгімеден кейін Шоң көңіліне бір ой келген еді. Ертеңгі күні өзі ойлаған адамдарды би етіп сайласа, мына екі үлкен әкелері дау шығаруы мүмкін. Жанкелдінің бес баласынан тараған ұрпақтар толып жатыр, Әлсенді би болуға ояз алдына апарғанын естісе, біздің балалардың бірін неге би сайламайсың деп айтары анық. Шоң отырып дастархан басында сөз қозғады:

– Мен ертең Ақмолаға жүремін. Би болуға лайықты екі-үш адамды оязға апарып көрсетіп қайтпақшы едім. Жанкелді тұқымдарынан бір адамды би етіп сайлайық. Екеу етуге әзірге ертерек болады. Ертеңгі күні ел сөз етеді, ана жаңа болыс өз туыстарын би етіп жатыр дейді. Соған Жанкелді бабаның ұрпағынан кімді лайықты дейсіңдер?

Қарақозы мен Әнет отырып ана баласын, мына баласын айтып мақтай жөнелді. Әрқайсысы өзіне тартып отыр еді. Бұл адам жаратылысын қойыңыз, енді мынау бір қаннан жаратылып, бір жатырдан шыққан екеуі бөлініп әркім өзіне қарай тартып отыр. Есіне баяғыда Жанкелді бабасының айтқан сөзі түсті: «мал байлық, туысқандыққа қарамайды» дейтін. Атақ-дәрежені бөлуге келгенде сондай екенін ағайын екеуінің мына сөздері көрсетіп отырғандай еді. Бір мезгілде дастархан басында отырған Телқозы да әкелерімен жарыса сөйлеп кетті. Оны өзі де аңғармай қалғандай.

– Анау Жұман, Оң, Малайдың біреуіне билікті бермейсің бе? Бұл кісілер өз балаларын айтып отыр ғой. Сен, Шоң, мен айтқан үшеуінің бірін ояз алдына апар. – Шоң әкелерінің мына қылығына ренжіп қалды.

– Әрқайсыңыз өзіңізге қарай тартып отырсыздар. Ол болмайды. Би болу үлестіріп беретін дүние емес. Билік айту адамның ақылына, санасына байланысты. Сондықтан Жанкелді тұқымынан би болуға лайықты әзірге біреу болса, ол Қаспақ дер едім. Басқаларын қоя тұрыңыздар!

Қарақозы баласының атын атағанда «дұрыс, дұрыс» деген сөздің аузынан қалай шығып кеткенін де білмей қалды. Әнет Шоңның сөзін жақтырмаған күйде отырып қалған. Шоң оның бұл күйін байқады да, әдейі оны сөйлеткісі келді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x