Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Название:Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549501
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Түсіп, біз мына үшеуіміз базар нарқын білгелі бара жатырмыз. Сен барасың ба? – деп Түсіп қарады. Ол әкесіне қараған.
– Бар, биыл біраз мал сатылуы керек. Мына орыстар жерді тарылтып жіберді ғой.
Шоң Қожамжардың орыстарды еске алып, сөзді ұзатып жібергелі отырғанын білді де:
– Ал, Қожеке, рұқсат болса біз жүреміз…
«Жолдарың болсын» айтып Қожамжар қала берген еді. Түсіп бұлармен бірге кеткен. Былай шыққан соң Түсіпке не себепті Ақмолаға апара жатқандарын туралап, ашық айтты. Түсіптің кәдімгідей көзі күлімдеп, қуанып қалды. Жабағылардың ішінен өзін таңдап алып әкетіп бара жатқан Шоңға риза болған. Ол әлгінде әңгіменің шет жағасын естіген Шоңның ойыны ма, шыны ма, әлі де біле алмай келе жатқан. Өйткені, оның шыны ма, ойыны ма, түсініп болмас, қулыққа толы сөздері мен мінезі көп екенін білетін. Әлгінде әкесіне базар нарқын білеміз деп, енді айтып келе жатқаны мынау. Ол қуанып қалды, алайда сол күйін сездірмеуге тырысты. Бірақ та оның көңіл-күйі неге көтеріліп қалғанын үшеуі де сезіп келе жатыр еді. Шоң сөзін жалғады:
– Сендер қазақтың жағдайын ойлайсыңдар ма, әлде патшаның саясатын қолдайсыңдар ма?
Қулығы мол Әлсен сұрады:
– Сен кімнің саясатын жүргізесің?
– Мен орыстың да саясатын жүргіземін.
– Біз де соны жасаймыз, – деді Әлсен.
– Халқыңның қамын ойламасаңдар, онда сендерден қандай би шығады. Кейін қайтындар, – деді Шоң.
– Сен өзің ғой, орыстың саясатын жүргіземін дейсің. Енді мен не айтуым керек?
– Мені болыс сайлап, соған мәжбүрлеп отыр. Амалсыз соны жасауым керек. Билер әруақытта алдымен ел қамын ойлауы керек. Ал сен орыс саясатын қолдаймын дейсің.
Әлсен бір пәлеге қалдым ба деп ойлады да:
– Сен өзің ашып айтсайшы, орыстың саясаты қайсы, қазақтікі қайсысы?
– Міне, казак-орыстар көшіп келіп жатыр. Мұның арты не болатын білмеймін. Сондықтан әзірге орыстың саясаты маған түсініксіздеу. Олардың ертең не істейтінін болжау қиын. Соңсоң сендерді ел камын ойлайтын шығар деп ертіп әкеле жатырмын. Би боламыз дейсіңдер. Қандай саясат жүргізетіндеріңді білмейсіңдер?
– Білмесек, сен айтсаңшы, – деді Әлсен.
– Сенің өз көңіліңде не бар?
Шоң болыс болып келгеннен бері, ыңғай оның аузынан ел тыныштығын ойлау керек сөзін Әлсен сан рет естіген. Сол ойына түсіп кетті де айтты:
– Мен елдің тыныштығын ойлаймын.
– Ойланғаның жақсы ғой, жеріңе орыс келіп қоныстанып жатса, ол бола қояр ма екен. Ертеңгі күні олар жақсы жерге қоныстанбақшы болады, қазақ бермеймін, бұл атамнан қалған менің жерім дейді, содан барып жанжал басталып кетеді. Сонда сендер не дейсіңдер?
– Қой, оны жасай қоймас, – деді Әлсен.
– Неге болмайды, олар келгенде Бетпақ далаға қоныс теппейді. Нұраның ең тәуір шұрайлы, сулы-нулы жеріне қоныстанады. Көріп отырсыңдар, мына Түсіптердің іргесіне келіп қоныстанып алды. Мұнымен тоқтамайды. Ертеңгі күні тағы келеді. Казақтың барлық жерінде сүйтеді. Қазір Көкшетау, Қызылжар аймағына жүздеген отбасы қоныс тепті. Темештермен іргелес жатқан Тоқаның жеріне де бірнеше отбасы келіп қоныстанып алды. Ал сен келесің де айтасың, оны жасамас дейсің. Бұл сөзіңді қалай түсінуге болады?
– Сонда қазақ не істеуіміз керек?
Шоң соңғы кезде басына мықтап кіріп алған сөзді тағы да қайталап айтқан еді.
– Қазақ бұрынғыдай шашырап, мал қамымен екі-үш үйден отырмай, бір үлкен ауыл болып отыруы керек. Ол ауылдар отыз үйден аз, елу үйден көп болуы керек.
Бұл сөзді үшеуі бұрын да Шоң аузынан естіген. Тура осы мөлшерде айтатынына таң қалатын. Тағы да Әлсен өзінің шыдамсыздығына салып:
– Мұндай мөлшерді неге сүйеніп айтасың? Неге екі жүз немесе жүз отыз болмайды.
– Жүз, екі жүз болатын халық көп емес. Ал елуден аз болса орыстардың тегеурініне шыдай алмайды. Бет-бетімен кетеді. Ал мен айтқан көлемде болса арасына орыс кіре алмайды, шоғырланып отырған халықты көшіре алмайды. Патша қанша мықты болғанмен, шоғырланып отырған халықтан қаймығады. Кем дегенде сендерден елу-алпыс шақырымдай алыстау аймаққа қоныстанады. Ал менің айтқанымды жасамасаңыздар, қазіргідей төрт-бес үйден отырған қазақтар қасына орыстар келіп қоныстананады да тіліне, дініне әсер етеді. Бұл екеуін жоғалтсаң елдіктен айрыласыңдар. Және екі-үш үй болып отырғанды көшіріп жіберу онай. Сен анау татарлардан мықты емессің, Қазанды орыс патшасы жаулап алған соң тоз-тоз болып жан-жаққа қаңғып кетті. Бір шеті қазақ жеріне келіп жатыр. Сендер би болсаңдар, елді руға бөлмей, бір үлкен ауыл болып отыруды насихаттауларың керек.
Ауыр мінезді Түсіп үндемей, көбіне тыңдап келеді. Қаспақ да әлі Шоңның айтқанын іштей толғап келе жатқан секілді. Екеуі де сөзге араласпайды. Тек тыңдаушы ғана болып келеді. Сөзге беріліп келе жатқан жалғыз Әлсен ғана. Ол тағы да сөз туындатып:
– Сонда негізгі тіршілік көзі болып отырған малды қайда жаямыз? – Бұл да, ақылдасып алғандай, Телқозының сөзін қайталап отыр еді.
– Мен бұл туралы сендерге сан рет айтқанмын. Неге қайталай бересің! Бүкіл Нұра бойына қатарлап Тоқалар қоныстанып отырып алса, арасына келіп бір орыс қоныстанбайды. Сонда бүкіл өзен бойы сенікі болады. Нұраның терістігі мен шығысында қанша жер жатыр, сол мал үшін нағыз өріс. Өзен бойынан алыс жерге барып орыстар қоныстанбайды. Қазақтың барлық тіршілігі бұдан былай жалғыз малмен қалмайды. Ана орыстар тәрізді огородтар салу керек. Тағы да қайталап айтамын, үлкен ауыл болып отырсаң, орыс жуымайды. Оларға әлгі огородтарын салу үшін су керек. Сол себепті олар сусыз жерге бармайды. Ал мықтап қоныстанып алған елді орныңнан көш деп айта алмайды. Түсіндіңдер ме, қазіргі мәселе малда емес, сулы жерде. Егер шашырап отырсаңдар енді бір жиырма, елу жылдан кейін бүкіл Нұра бойына орыс қоныстанады. Менің осы айтқанымды орындамасандар, Тоқалар жақсы жерден айрылады. Ішім сезіп отыр, қазақ жеріне орыстың қоныстануы алдағы уақытта күшейеді. Орыс деген халық жер болса болды жүре беретін көрінеді. Мен орыстардың газет-журналдарынан оқып отырмын, бір шеті сонау шығыста теңізге дейін кетіп қалыпты. Оған қатынайтын темір жол салып жатыр. Ал мына іргесіне жақын қазақ жеріне міндетті түрде келеді.
– Шоң, орыстар біздің ауылдың іргесіне келіп қоныстанып алды ғой, енді оны қайтеміз, – деді Түсіп.
– Түсіп, олай болса анау Үлкен көңдегі отырған туыстар мен Елгелділерді көшіріп алыңдар. Содан кейін бір орыс жуымайды. Тағы да келуі мүмкін. Оны жасамасаңдар сан орыстар көшіп келе береді, маңайларына.
– Сен оны қайдан білесің. Сенімен ана ояз ақылдасты ма? – деп сұрады Әлсен.
– Әлсен, есіңде болсын, ешқашан саған орыстар мына жерге көшіп келетінін айтпайды. Ол жасырын шаруа. Ал қазіргі саясаттың өзі орыстардың қазақ жеріне көптеп келетінін дәлелдеп отырғандай.
– Ана орыстар айтып отыр ғой. Біз енді қасымызға басқа жақтан бір орысты жібермейміз дейді, біздің көршілеріміз, – деді Түсіп.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: