Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Название:Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549501
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Сонда Кенесары сіздің жылқыларыңызды неге әкетпеді?
– Мен біздің елден Кенесарыға көмектесуге баратын болған адамдарға бір-бір жүйрік аттан берген едім. Соны ол барғандардан естіп, сол жақсылығым үшін жасаған болуы керек…
– Әділ болған болды ғой онда…
– Ел оны қатыгез, жауына да, досына да мейірімі жоқ дейді. Ол бос сөз. Ол жағдайға қарай іс жасайтын.
Мен бірде Қайқаң жағасында отырғанмын. Түс ауа Кенесары келді. Дастархан жасап, тамақ әзірлеттім. Сөйтіп отырғанда, Нұра жағасында балық аулап жүрген бес орысты ұстап алып келді оның адамдары. Қасындағы татар тілмашы арқылы қайдан келе жатқанын, қайда бара жатқандарын түгел сұрады. Мен ол орыстарды білуші едім, балық аулап ішкі Ресейге жіберетін. Кенесары отырып менен сұрады: «Лау, мына кісілерді не істейміз», – деді.
Менің жаным ашып кетті де «Сұлтан, мен бұларды білемін. Ешкімге зияны жоқ, балық аулап жүрген орыстар» – дедім. «Олай болса, жіберіңдер», – деді ол. Бұл да әділдік емес пе? Тек айтқаны, орыс жерінде өзендер көп, балықты содан барып аулаңдар деді. Сол күні күн бата Кенесарылар оңтүстікке қарай жүріп кетті. Арада үш күн өткен соң орыстың бір бастығы келіп тұр. Қасында мен босаттырған орыстың бірі бар. Кенесарыны конақ еткенді біліп келген болуы керек, маған тиісе бастады. «Ол патшаның жауы, сен оны үйіңде неге қонақ етесің?».
«Мен оның кімге жау екенін білмеймін. Үйіме келді. Қазақ тәртібімен қонақ еттім. Міне, сен келдің. Сені де қонақ етемін. Отыр!» – дедім. Ол отырмады. Қасына ерген, мен босаттырған орыстан сұрады.
Әлгі орыс бастығынан қорықты ма, менің айтқаным жалған деп айта бастады. Қаным қарайып кетті. Қасындағы татар тілмаш жағдайды айтып, зорға түсіндіріп, әрең құтылдым. Бұл орыстардың да жақсылыққа жамандық жасайтыны бар екен. Соны білдім. Сонда әлгі орыстарға жаман ренжідім.
– Леке, ондай адамдар кез келген халықта болады. Ол соның арасында бір шен алғысы келген адам болар. Ол үшін жалпы орысты жамандамаңыз.
Лау үндемей қалды. Осымен сөз бітіп қалғандай болды. Дегенмен Лау Шоңның мына сөзін жақтырмай қалғандай.
– Болыс болған соң солай сөйлеп отырсың ғой.
– Солай сөйлеу – менің міндетім.
– Сен кешегі Жанкелді ұрпағысың. Олай сөйлеу саған жараспайды.
– Заман солай сөйлетіп тұр. Оған көнуіміз керек. Онсыз болмайды. Бірақ та орыстардың айтқанын жасай отырып, қазақ жағдайын да ұмытпау керек…
Лау бұл сөзді түсінді ме, түсінбеді ме, әйтеуір бұдан кейін сөзді көбейткен жоқ, үндемей қалды.
Танертең тамақ ішкен соң олар жүріп кеткен. Асықпай жүріп отырып кешкісін Ақмолаға жетті. Шоң болыс болып кеткелі Әйімкүлге сан келген. «Тамағы тоқ, көйлегі көк» дегендей жүріп жатқан. Қаниса қызындай етіп ұстап отырған. Бұлар келгенде үйде Карбышев отыр екен. Оның анда-санда Қаниса мен Аққыздың халын біліп тұратын әдеті бар еді.
– Шоң Телкозинович, келіп қалдыныз ба?
– Семен Иванович, мына үш адам болашақ билер, әдейі сізбен таныстыру үшін әкелдім.
Ояз Шоңның мына би етуге алып келдім дегеніне онша мән берген жоқ. Карбышев қазақ билерінің орыс шенеуніктері алдында беделі жоғары тұруын ұнатпайтын. Сол себепті, болашақ билер деген сөзге көңіл аудармады. Шоң оның билерге мұндай көзқарасын жақсы білетін. Жалпы, ол қазақта осындай билік басты адамдар болатынын ұнатпайтын. Жоғары жақ билерді қолдаған соң, амалсыздан көнгендей түр көрсетіп жүргенін Шоң білетін. Мұнысын түсініп отыр еді. Содан ба, билер туралы сөз қозғамай, Карбышев Шоңмен біраз отырып ананы-мынаны әңгіме етіп кетіп қалған. Ол кеткен соң Қаниса айтты:
– Шоң, сенің осы жерден кетуіңнің қажеті жоқ еді.
Бұл сөзді Әйімкүл ықпалымен айтып отырғанын түсінді. Қазір патшаның саясаты туралы айтса сөз көбейіп кететінін білді. Ертеңгі күні ол Карбышев құлағына жетіп қалуы да мүмкін еді. Қаниса өзіне жамандық ойламайтын, алайда, сөз ретіне қарай Карбышевке айтып қойса жақсы болатынын білді. Соны түсінді де:
– Әркімнің өз отырған жері бар ғой, мен елге барып қызмет еткенді дұрыс деп білдім. – Бұл сөзді Шоң әдейі Әйімкүл үшін айтып отыр еді. Оның қасында болмай, осында қалғанын жақтырмайтын онша. Әйімкүл көңіліне қарап, осында қалғаны ұшін ештеңе айта алмаған.
Қаниса Шоңмен еріп келген конақтарға жақсылап тұрып тамағын бергізді. Содан кейін оларға кең бір бөлмеге төсек салғызып берді. Төсекке жатып, оңаша қалған соң Шоң Әйімкүлден сұрады:
– Сен Оспанды сағындың ба?
– Мына Бәтжан жоқтатпайды.
Мына сөзді жанағы Шоңның «ел» деген сөзіне байланысты айтып отыр еді Әйімкүл. Шоң оның жалған айтып отырғанын сезіп отырған. Әйтпесе, оны бір ғана Сақыжаннан туғаны үшін жек көретін.
– Сен шыныңды айтшы, Оспанды сағынбайсың ба? – Бұл сөзді әдейі қайталап айтқан. Әйімкүлдің ішкі сырын білу ойы болатын мұнысы. Әйімкүл оның бұлай сөйлеп отырған себебін түсіне қалған. Өткен жолы бір келгенде Оспанды ыңғай сағынамын деген. Енді бұлай сөйлеп отыр. Ақмоладан кеткісі келмей отырғанын түсінді. Сол сөздің дәлеліндей, Әйімкүл айтқан:
– Шоңке, сұранып осында қайтып келмейсіз бе?
– Мен мұнда енді ешқашан келмеймін. Орыстардың қазаққа қандай көзқараста екенін білемін. Сол туысқандарымның арасында, елімде боламын. Сен де қайт, мұнда жалғыз өзің не аласың?
Өткен жолы да осыған ұқсас сөз айтқан еді. Шоңның жақтырмай жүргенін енді жақсы білді. Мына сөзден кейін басқаша сөйледі.
– Шоңке, сізсіз жүре алатын емеспін. Осы жолы бірге қайтамын, – деді Әйімкүл.
Шоң мына сөзіне риза болып, құшағына кысты. Әйімкүл де күйеуін сағынып қалған ба, құшағына кіре берді. Әйімкүл: «Сізбен бірге жатқанның өзі маған ғажап тіршіліктей көрінеді» – деді. Шоң бұл сөздің мәнін түсінді. Бірақ үндеген жоқ.
Шоң ертеңіне үшеуін ертіп ояз кеңсесіне барды. Кешегі ояздың мінезіне қарап бірден алып ішке кіруді ыңғайсыз көріп, үшеуін ауыз үйде қалдырды да, өзі кірді. Ояз жақсы күйде қарсы алды Шоңды. Ол бірден Нұраның бойына келіп қоныстанған орыстардың хал-жағдайын сұрады. Шоң алдымен осындай сұрақ қоятынын біліп алған. Сондықтан Захар ауылына Ақмолаға жүрер алдында барып қайтқан.
– Олардың жағдайы жақсы. Малдарын өсіріп, огородтарын салып, балығын аулап тұрып жатыр.
Мына сөзге ояз риза болып қалғандай. Бұл жайында сөзді бітіріп:
– Кешегі қасыңдағы адамдарың қайда? – деді.
– Олар ауыз бөлмеде тұр.
Карбышев қазақтың билерін жақтырмайтын, соған орай сөйледі.
– Осы билердің санын көбейтіп қажеті қанша?
– Семен Иванович, қарт билер ескіге қарай тартады. Бүгінгі заман талабына байланысты, осындай жас билердің болғаны жақсы…
Мына сөз ояз көңілінен шыққан сөз болуы керек, «шақыр, кірсін» – деді есікте тұратын адамға. Үшеуі кірген. Кешегідей емес, ояз үшеуімен де қол беріп амандасты. Оның бұл қылығы үшеуінің де көңілдерін көтеріп тастағандай.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: