Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Карповтың Орыс ханнан хабары бар екен, ол Шыңғыс тұқымынан емес пе деп сұрады.

– Кешегі Абылай да, одан кейінгі сұлтандар да – бәрі төрелер. Олардың бәрі моңғолдардан шыққан. Шыңғыс хан тұқымы болған соң, әлгінде мен айтқан төрелер деп аталады. Сондықтан олардың қазақтарды киргиз атауында жұмысы жоқ.

Карпов Шоңның мына айтқанына таң қалғандай, сенбеген адамдай біраз ойға беріліп отырып қалып барып тіл қатты:

– Сонда қалай, қазақ деген сөз орыстардың казагынан шыққан жоқ па?

Шоң мәселенің бәрі, шатасу да осында жатқанын білетін. Орыстардың қазақтарды өз атымен атағысы келмей, киргиз-қайсақтар деп жүргені содан екенін түсінетін. Келешекте қазіргі қазақтар мекендеген жерлерді казак жері деп жариялау мақсаттары бар екенін сезетін. Шоң жасырған жоқ, турасын айтқан, қазір казактарды біздің жерімізге көптеп көшіріп әкеліп жатыр. Оған ел басқарған төрелер де онша мән бермейді. Түбінде бұл жер казактардікі дейді. Бұл әріде жатқан саясат. Мен сізге айтайын, қазақтың қазағы орыстың казагынан шамамен бір ғасырдай бұрын шыққан.

– Сіз мұны қалай дәлелдейсіз?

– Өзбектер өздерін Алтын Орданың Өзбек ханы атымен атағанда, қазақтар да соған еліктеп, сонау Алтын Ордадан Шу бойына көшіп келген Жәнібек-Керей хандар мемлекет құрып, өздерін Қазақ хандығы атаған.

– Ал сонда қазақ деген кім?

– Ол төрелер де емес, қыпшақтан шыққан хан. Оңың мекені қазіргі Украина жерінде болған. Оның өз алдына хандық құрғанын көре алмаған Шыңғыс тұқымдары құртып жіберген кезінде. Ол хандық сол бойы жоқ болып кеткен. Біздің адамдарымыз ол туралы тіптен білмейді. Өзбек хандығына ыза болған Шыңғыс хан тұқымдары Керей-Жәнібек ана туысқандарына ерегісіп хандық атын Қазақ деп атаған. Бірақ негізгі халық қыпшақтардан болған соң осылай атаған болуы керек. Әлгі адамның қазақ болып аталуынын себебі, Түріктерде қазақ деген сөз болған. Біздің арғы тегіміз түріктерден шығады ғой. Осы араны бұдан пәлен ғасыр бұрын түріктер жайлаған. Мен ел арасындағы сақталған аңыздарға қарап осындай қорытындыға келдім. Үлкен әкем де осылай деп айтып отыратын. Ақсақ Темір өзін Барлас руынан дейді. Ол да қазақтардың Найман, Арғын деген рулары тәрізді. Кейін мемлекет басына келген Ақсақ Темір өзін Шыңғыс ханға жақындату үшін Барлас руынан шыққанмын деп жиі айта береді екен. Оған нағыз Шыңғыс хан тұқымынан болған хандар келіспеген. Олар мен Ақсақ Темір арасында араздық туған. Солардың арасында Керей-Жәнібек болған. Содан кейін олар Өзбек ағайындарына ерегісіп өздерінің мемлекетін қазақ атап кеткен. Кейін олар бұл атауды өзгертпекші де болған. Өз аттарымен атамақшы болған. Бірақ халықтың арасында бұл атау жайылып кетіп, түк істей алмай қойыпты хандар. Содан бері бұл жергілікті халықтан өздерін жоғары ұстау үшін Шығыс хан тұқымдары өздерін «төрелер» деп атап кеткен. Мұны менің Жанкелді деген үлкен әкем айтатын, ал орыстардың Ресей жерінен қашқан-пысқандары біздің шекарамызға келіп қоныс теуіп, көрші отырған қазақтарды көріп, соған лайықтап казак атап кеткен дейтін өздерін. Бұл сөзді Шоң Алексей аузынан естіген сөзге негіздеп айтып отыр еді. Казактың қалай пайда болғанын Алексей аузынан естіген соң сенімі күшейе түскен еді. Бірақ ол туралы мына адамға айтпаған, қиын деп білген. Сондықтан бұл жерге көшіп келген казактар жоғары жақтың нұсқауымен бізді киргиз, кейде қайсақ дейді. Терістікте қайсақ атауын алған аз халық болуы мүмкін. Бұл арада саясат араласқан.

Шоң бәрін жақсылап келтіріп тұрып айтқан еді. Алайда, бұл айтқаны Карповтың көңілінен шықты ма, шықпады ма, біле алмаған еді.

– Шоң Телкозинович, егер ол адам атақты болса, сіздің елдің тарихында қалай сақталып қалмаған.

– Мен сізге кезінде Шығысхан ұрпақтары оған жау болғанын айттым ғой. Тіпті, оны тас-талқан етіп жеңіп, соғыста болған адамды түгел өлтіріп жіберген. Ол Отырар ханы Қайып ханнан кейін қыпшақтан шыққан, Шыңғыс хан тұқымдарына қарсы тұрған екінші хан. Египет жерін де бір кезде Бейбарыс атты қыпшақ билеген. Шыңғыс хан тұқымдары оның да көзін құртпақ болған. Египетке қарсы соғысқа аттанған. Ал сол Шыңғыс хан тұқымдарының әскері Бейбарысты жеңе алмаған. Бірақ ол туралы бір қазақ білмейді. Бәрі насихатқа байланысты.

– Менің таңқалғаным, сол аталған хандықтарды Шыңғыс хан ұрпақтары сол қыпшақтардан шыққан әскерінің күшімен қырды ғой.

– Арада пәлен жүз жыл өткен. Олар қыпшақ екенін қайдан білсін. Петр Константинвич, есіңде болсын, есімі жиі айтылмаса адамдар тегін тез ұмытып кетеді. Менің сізге айтып отырғаным – сол қыпшақ мемлекетінің адамдарын түгел дерлік қырып жіберген. Турасын айтқанда, Шыңғыс хан тұқымдарының бастауымен қыпшақтарды қыпшақтар қырған. Содан қалған бірен-саран адамдар қазақ атын атауға қорыққан. Ал олардың балалары тіптен қыпшақ екенін де білмеген. Сондықтан ол хан есімі біржола ұмытылып кеткен. Менің ойымша тарих әділдікті жақсы көретін болуы керек, қараңызшы, ақыры сол қазаққа жау Шыңғыс тұқымдарының өзі өз хандығын соның атымен атап отырғанын. Ешбір қазақ казір ол хандық туралы білмейді деуге болады. Хан аты қазақ бар да, ал ол туралы ел жадында сақталған ештеңе жоқ. Қазақтар ол кісінің кім екенін де білмейді Хан тұқымдары оны елге жаманатты көрсету үшін кезінде кәззап, жендет деген сөздермен жайған көрінеді. Шын мәнінде, біздер, қазақтар өзімізді қазақ емес, қыпшақ деп атауымыз керек еді. Шыңғыс хан мемлекеті қыпшақтардың арқасында жеңіске жеткен кезінде. Хандар оны болдырмау үшін өз елдерін билеген хандардың атымен атаған еді. Бұл нағыз тағдырдың тәлкегі шығарға болжаймын. Олай болмағанда, қазіргі Өзбек, Қазақ деген ел болмай, өз алдына үлкен бір қыпшақ мемлекеті болар ма еді, кім білген…

– Сонда менің таңқалатыным – сіздердің халықтарыңыздың негізі қыпшақ болса, елді неге «қыпшақ елі» деп атамаған.

– Петр Константинович, әр хан өз мемлекеті болуын қалаған ғой. Әрбір монғол хандарында кеуде бар, олар ешқашан қыпшақ атауынан өздерін аулақ ұстаған еді. Бір бірінен айыру үшін ел басқарған төрелер әрбір хандықты өз атымен атаған. Содан бөліне берген. Славяндарды қараңыз, кейін қалай болды: орыстар, украиндықтар, хорбаттар, тағы да толып жатқан славяндар бар. Сірә, халық өздерінің өсіп-өнуіне байланысты, бос жерлерді қоныстанудан бөліне берген болуы керек. Соған орай ел атауларына байланысты жаңа атаулар туындай берген. Кез-келген атау өзінен өзі шықпайды. Оның себеп-салдары болады.

Карпов Шоңның орысшаға сауатты болуымен бірге, тарихи мәселелерді өте жетік білетін адам екенін де жақсы зерделеді.

– Сонда сіз айтыңызшы, жалпы, осы жерді мекендеген халықтар қайдан шыққан?

– Бұл жерді мекендеген Арғын, Найман, Керей, Уақ, жаңағы мен айтқан Темір руы Барлас, басқа да көптеген рулар болған. Қазіргі қазақ жерінде тұратын тайпаларды біріктірген тіл еді. Хан тұқымдары осы үш жүзді үшке бөліп, үш мемлекет жасамақшы болған. Алайда, бірінен бірі қыз алып, құдандалы болып отырған халық бөлінбеген еді. Сол үш жүз осы уақытта дейін сақталып келеді. Менің ойымша, татар, башқұрт, өзбек, өзіңіз айтып отырған қырғыздар бір кезде бір халық болған сияқты. Сол кезде бізге мұсылман діні келген. Кейін әр тайпалардан өз мықтылары шығып, өз алдына ел болып өздерін өздері билей бастаған. Бәрінің үстінен қарайтын хандар болған. Мәселен, қазаққа ең жақын халық өзбектер анау ар жағында жатқан ирандықтармен жақындасып, қазақ пен өзбек Алтын ордадан бөлініп шықса да, кейін бірін-бірі түсінбейтін жағдайға жеткен. Тілдері бірінен-бірі алшақтап кеткен. Ал біз олардан бұрын бөлініп кеткен татарларды жақсы түсінеміз. Біздің осындай елдіктен айрылуымызға алдымен ел басқарған адамдар кінәлі. Олар ел туралы ойлаған жоқ, өздерінің беделін күшейтіп, билігін молайту қамында болды. Бір кезде негізі бір Орыс ханмен Тоқтамыс бірімен-бірі соғысты. Бір халықты біріне-бірін жау етіп қойды. Осылай біртіндеп бір тілді, бір дінді халық әр түрлі халықтар болып кетті.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x