Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Мен жалпы майлы ет жемеймін. Шошқаның майын да тиіп-қашып жеймін.

– Өкпе ауруына бірден бір ем – жылқының майлы еті. Сондықтан сіз тоя жеп отырыңыз.

– Бұл сөзіңізге рахмет. Сіздің айтқаныңызды істеуге тырысамын. – Әйімкүл қазысы бес елі жылқы етін салған екен. Шоң соны біреуін алып турап, өзі де жеді, Карповқа да берді.

– Онша тартпай отыр, – деді Карпов.

– Қымызды босқа іше бергеннің пайдасы жоқ. Орыс дәрігерлері жылқы етінің қымыздан да пайдалы екенін білмейді ғой. Ет қымызды басады. Тәбет ашады. Содан кейін жегің келе береді.

Бұлар ет жеп отырғанда Телқозы кіріп келді. Ол Шоңның қонағының алдында тұрған бес елі қазыны көріп:

– Енді мына орысқа жылқының етін жеуді үйретіп жатырсың ба? Ертең бұлар жылқыдан жылқы қоймайды ғой.

– Бұл көп орыстың бірі емес, қазақты жақсы көретін орыстардың бірі. Содан кейін үйретіп жатырмын.

– Қазақты жақсы көретін орысты көргем жоқ әлі.

– Сіз орыстардың бәрін анау Захар старостасы мен оязбен салыстырып отырсыз ғой.

Телқозы Шоңңың оязды жамандағанына таң қалды. Ол Шоңды болыс сайлап отыр. Ал мынау ол туралы мынадай сөз айтады.

– Сонда Карбышев те жаман ба?

– Ол жауыздың жауызы ғой.

Телқозы Шоңның мына сөзіне түсінбеді. Содан кейін үндемей шығып кетті.

Телқозы кеткен соң Карпов сұрады:

– Ана кісі не деді?

– Ол кісі сізді тамақты неге аз ішеді дейді.

– Сіздің әкеніз қандай қайырымды адам! Жалпы, қазақ маған ұнайды. Карбышев айтады, киргиздар жеті атасынан асқанша өз жақынынан әйел алмайды дейді, сол рас па?

– Ол шындық. Қазақ жеті атаға дейін өз руынан әйел алмайды.

– Мұндай қасиет сіздерге мұсылман діні арқалы келген бе?

– Жоқ, арабтар өздерінің немересін де ала береді дейді. Мына төрелер де сондай. Немересін, шөбересін ала береді. Олардың ойынша, біздің қанымыз жақсы соны, сақтап қаламыз дейді. Төрелердің онысы дұрыс еместігін менің үлкен әкем Жанкелді деген кісі айтатын.

Карпов бұл туралы оқыған жоқ еді. Таңқалып, Шоңнан сұрады:

– Бәрі өмірден туындайды ғой. Бұл сонау аталарымыздан келе жатқан болуы керек. Кейбір тұқым қуалайтын ауру туыс адамдар жақындасса, бірінен бірі беріледі деген пікір бар. Сондықтан қазақтар жеті атаға дейін әйел алмайды. Мұндай қасиет сондай күдіктен туған болар.

– Қазақтардың онда медицинадан түсінігі мол екен.

– Ол жағын білмеймін. Егер бір рудың адамы өз руынан әйел алса, оны қазақтар өлім жазасына бұйырады. Бұл дәстүрге айналған.

– Бұл жайдан жай емес. Ондайлар тұқым қуалаушылық ауруына жол бермеу үшін жасалған болуы керек.

Бір сұрақтан соң келесісі туындай берген.

– Шоң Телкозинович, мені мазалап жүрген бір сұрақ бар. Осы Шыңғысхан монғол ма, әлде қыпшақ па?

– Жалпы, сол Шыңғысханның өзі де кім екенін білмеуі мүмкін. Бала кезінде сол монғолдардың арасында өсіп, тілі монғолша шығып, өзін монғолмын деп кетуі де ғажап емес. Сол кісі монғолдармен көрші отырған түрік тілдес халықтардың біреуінен болуы да мүмкін. Бірақ тура ашып айта алмаймын.

Оның бірінші әйелі монғол емес, сол маңда тұрған түрік тілдес халықтың бірінен шыққан. Бұдан кейін де Шыңғысхан бірнеше әйел алған. Бірақ біреуінің балаларын да ел билігіне жібермеген. Сол бірінші әйелі Бөртеден төрт бала туған. Әйелінің есімі қазаққа келеді. Бөрте түрік сөзі. Біздің шежірелердің айтуына қарағанда, сол кісі ақылды әйел болғанға ұқсайды. Көрші тайпалар ұрлап алып кетіп, біраз әйел етіп, кайтып келген соң одан бас тартпай, қайта алған Шынғысхан. Ол соның ақылына бас ұрған сияқты. Сол кісінін айтқанын орындаған тәрізді. Содан туған төрт баланың ұрпақтары бертін келе жаулап алған жерлерінде билік жүргізді. Оның ұрпақтары Абылай, Кенесары – сол хан тұқымынан тараған адамдар. Қазақтар соларды қолдап, оларды төре атап, қадыр тұтып, олардың сөзін тыңдап, соларға бағынған. Айтқанын жасаған. Бұл бізде төрелерді тындау әбден қанымызға сіңіп қалған әдет. Мен байқаймын, орыстар келгелі төрелердің беделі түсіп қалған сияқты. Патша солардың халық алдындағы беделін әдейі түсіріп отырғанға ұқсайды. Оны қазір қара қазақ атанып жүрген біздер де түсіне бастадық. Патша адамдары бұрын төрелерді тындап, қазақтарды адамға санамайтын. Казір ол өзгере бастаған тәрізді. Мен соны байқап жүрмін. Төрелерге суық қарап, киргиздарды өзіне тартатын сияқты.

– Бұл саясат қой. Қазақтар алдында төрелердің беделін түсіріп, орыс беделін өсіру ғой.

– Дұрыс айтасыз, мен де солай ұғамын. Петр Константинович, ол сөзде шындық бар. Қыпшақтардан монғолдар күшті емес. Шыңғысхан саясаты арқасында үш жүз жылдан астам орыстарға, төрт жүз жылға жуық қазақтарға билік жүргізді. Ел басқарушы ақылды адамдар болмағандықтан қыпшақтар пәлен ғасыр монғолдарға тәуелді болып қалды. Мен сізге қыпшақ ханы Қайыпхан жайында айттым ғой. Тағы да еске саламын, егер оның саясаты дұрыс болғанда казіргі тарих басқаша болар еді. Бірақ оның ақылы Шыңғысханнан артық болмады. Содан барып ол барлық қыпшақтарды өз жағына тарта алды. Қыпшақтар өз билігін жоғалтты. Қыпшақтарды қыпшақтар құртты.

Шыңғысхан, менің пайымдауымша, керемет ақылды болған сияқты. Алдағы мың жылын ойлап кеткен адам. Оның қай жерге жерленгенін ешкім осы уақытқа дейін білмейді. Кейбір сәуегей төрелер айтады, ол бізге аспаннан қарап тұр дейді. Ұрпақтарына жөн сілтеп тұратынын айтады. Әрине, бұл жалған. Ол шындық болса, Кенесарыға да жол сілтер еді. Кенесары мен Шыңғысхан балаларының дәурені бітті ғой деп ойлаймын. Сіз менің бұл пікіріме қалай қарайсыз?

– Бұл сөзде шындық жатыр. Орыстар енді оның ұрпақтарының көтерілуне жол бермейді. Мен оны орыстардың сөздерінен байқап жүрмін.

– Петр Константинович, сізге бір сұрақ бергім келіп отыр. Ресей ар жағындағы Польшаны, Финляндияны жаулап алды. Шыңғыс та теңізге барып тірелді. Бірінші жауы болған монғолдарға тиіспей отыр. Осыны қалай түсінуге болады?

– Оған қолдары тимей отырған шығар, – деді Карпов.

– Олар тимейін деп отыр емес, Шыңғысхан рухынан қорқады.

– Болса болар. Бір елді жаулап алмастан бұрын патша маңында отырғандар шіркеу басшыларымен де ақылдасады. Солар ұлықсат бермей отырған шығар. Сіздің мына сөзіңізде бір зандылық бар тәрізді. Рухтан кез келген ел қорқып, сыйлайды. Ресей патшалары да Шыңғысхан рухынан қорқатын болуы керек. Біздің дін орындары Шыңғысханның өмірін зерттеп жатқанын естимін. Бірақ анығын білмеймін.

– Шыңғысхан орнатып кеткен тәртіп пәлен ғасырға жететін саясат қалдырып кеткен болуы керек. Оның ұрпақтары да бертін келгенде соның дегеніне жүгінді. Соның арқасында жеңіске жетті. Саясат да бұйым тәрізді тозады. Уақыт өткен сайын оны жаңартып отыру керек. Ал оның кейінгі ұрпақтары оны жасай алмады.

– Бұл сөзіңіз дұрыс. Бір идея мәңгілік өмір сүрмейді дегеңізге қосыламын. Уақытқа байланысты идея да өзгеріп отыруы керек.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x