Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Сіздің мына айтып отырғаныңыз ғажап тарих екен. Егер кезінде ұйымдастырушы адам болғанда ол мемлекет жер бетіндегі адам айтып болмас үлкен мемлекет болады екен ғой. Сіз қандай оқу орнын бітірдіңіз?

Бұл сұрақты бұрын Шоңмен кездескен адамдар жиі беретін.

– Үш жылдық татар-орыс мектебін бітірдім. Дұрыстап айтқанда, киргиз-орыс мектебі болар. Өйткені, оқудың бәрі татар-орысша жүргенімен негізінен киргиз балалары оқыды. Сондықтан қазір кейбір орыстар киргиз мектебі деп атап жүр.

– Әлгі айтқаныңыз ешкім білмейтін тарих ғой. Сол туралы жазыңыз!

– Петр Константинович, бір кезде мен «Омбы ведомосына» қазақ, казактың қайдан шыққаны туралы жазғам. Сол үшін менің өзімді кінәлап жазып жіберіпті. Карбышевтің арқасында қалдым. Әйтпесе, мені Сібірге айдатып жіберетін түрлері де бар еді.

– Әр нәрсенің өз уақыты бар. Одан озамын дегенмен түк шықпайды. Сіздерге де халқыңыздың дұрыс атауын уақыты келгенде амалсыздан береді, оған уақыт керек. Мен оған қанша заман керек екенін тап басып айта алмаймын. Шыдау керек. Бірақ сіз білгеніңізді қағаз бетіне түсіріп кетіңіз. Келешек ұрпақ сіз білгенді білмеуі мүмкін.

Шоң мына адамның дұрыс ойлап, дұрыс ақыл беріп отырғанын біліп, енді оған деген айрықша сенім пайда болды. Шоң еркін сөйлей бастады.

– Петр Константинович, бір кезде казіргі Ташкент қаласына жақын жерде Отырар деген шаһар болған. Бұл қала заманында дүние жүзіндегі ең үлкен қалалардың бірі болған. Соны Шыңғысхан алты ай қоршап жатып, ала алмаған еді. Шын мәнінде Шыңғысхан сол заманның ақылды адамы болған сияқты. Қала маңайында барлық қыпшақтар арасында үгіт жүргізіп, сендерге мына батыста жатқан халықты бағындырып беремін. Әрқайсың бай боласыңдар, ондаған құлдарың болады деген еді. Олар Шыңғыс ханның сөзіне сеніп қалды. Содан Отырардың ханы Қайыр ханды кыпшақтардың өзіне талқандатты. Әйтпесе, Шыңғысхан өздерінің аз төлеңгіттерімен орыстарды да, Орта Азияны жаулап ала алмас еді. Ел басшылығы ақылды болып, мықты әскері болса, оған қарсы келер күш жоқ. Шыңғысхан ақылды да, айлакер болған. Егер Қайыр хан одан ақылды болса, казіргі тарих басқаша ме өрбір ме еді, кім білген?!

– Бұл сөзіңде шындық жатыр. Тарих дөңгелегі басқаша айналар ма еді…

– Сіз өзіңіз айтқан ол жағдайды қалар ма едіңіз.

– Мен оған көз жеткізе алмаймын. Сондықтан айта алмаймын.

– Петр Константинович, патшаның басқа елдерді басып алу саясаты дұрыс деп ойлайсыз ба?

– Әрине, дұрыс емес. Кез келген ел өзінің елдігін сақтап қалғысы келеді. Ол үшін белгілі бір шекарадан шықпау керек. Кешегі Шыңғысхан құрған мемлекет қайда кетті? Темір құрған, Александр құрған империя қайда? Бірі жоқ. Сол сияқты Ресей де құшағы жетпейтінді құшақтайын деп отыр. Ол болмайтын шаруа. Оның азабын орыстардың ұрпағы көреді. Сондықтан көрші мемлекеттерді жаулап алу емес, олармен сауда-саттық жасап, сол арқылы тарту керек. Бейбіт сауда болған жерде жақсы өмір болады.

– Петр Константинович, сіз осы туралы неге жазбайсыз?

– Соным үшін таяқ жеп жүрмін ғой. Санкт-Петербургтен қуып жіберді. Сіз әлгі тарихқа байланысты хабарды қайдан алып жүрсіз?

– Қазақта жазылған тарих жоқ. Біздің қазақтардың бір қасиеті – атадан әкеге, әкеден балаға ауысып отыратын ауызша тарих бар. Солай сақталып келеді тарихымыз. Өз руының қайдан шыққанын әрбір қазақ жақсы біледі. Міне, осылайша халықтың тарихы жазылған. Халық арасында оны шежіре дейді. Әрбір рудың шежіре жазатын адамдары болған. Мен соларды көп жинаймын, зерттеп оқимын. Сонымен қатар, біздің тілімізге жақын татарлардың кітаптарын көп оқимын. Мен орыс тілі арқылы батыстың ғалымдарының да жазғандарымен танысып келемін. Оларда біздің тарихымыз туралы жазбалар жоқ. Тек Шыңғысхан туралы айтылған жайттар бар. Тіпті қазақ деген халық бар екенін де білмейді.

Екеуінің арасында басталып кеткен әңгіме бірнеше сағаттан астамға созылды. Бірталай мәселелер айтылды. Шоңның оған айтқан, Карповтың бұған айтқан әңгімелері екеуіне де қызықты болып көрінді. Шоң:

– Сіздердің тарихтарыңыз қағаз бетіне түскен. Ал бізде, өзіңіз естіп отырсыз, жазылған тарих жоқ. Кейбір адамдар ойына келгенді жазып, нағыз тарихты бүлдіргендер де бар. Көп жалғандық кіріп кеткен. Менің ойым – шамам келсе, қазақ тарихын жазып қалдыру мақсатым бар. Сіз оған қалай қарайсыз?

– Сіз оны жасасаңыз, үлкен жұмыс тындырдым деп есептей беріңіз. Біздің орыс тарихшылары мақтап жазады. Біз одан ұтпаймыз, керісінше ұтыламыз. Тарихты қоспасыз, сол қалпында жазу керек. Кемшілікті де көрсету керек. Сонда ғана келешек ұрпаққа пайдасы зор болады.

– Маған Карамзиннің жазған орыс тарихы ұнайды.

– Оның жазғанында да көп кемшіліктер бар. Патша маңайында отырғандардың ықпалына кетіп қалған сәттері көп. Солар мақұлдаған соң басып отыр. Онда көп орынсыз мақтау бар. Мен соны түзеткім келеді. Оны жасай алсам, үлкен іс тындырдым деп есептер едім. Оның жазғандарында шовинистік көзқарастан туындаған жайлар көп. Мен соны айтқаным үшін таяқ жеп жүрмін. Осы жаққа неге келдім дейсіз. Тарихи шындықты жазғаным үшін заң орындары жер аударып жіберді. Мен оған мойымаймын. Сіз де тоқтап қалмаңыз. Жаза беріңіз. Бүгін баспаса, келекшекте бір басады. Шынайы тарих қайтсе де шығады, оны тоң мойындар түбінде мойындайды, амалсыздан.

Мұның бәрі жолда болған әңгімелер еді. Ауылға келгенше бірін-бірі тыңдауға деген құмарлық тіптен күшейе берді.

Мына адамның тарихқа құмарлығы Шоңның онымен әңгімелесуін тіптен арттырып, күшейтіп жібергендей болды. Бұл адам да өзі тәрізді тарихқа құмар екен. Сол жағдай екеуін жақындастыра түскендей. Тарих туралы әңгіме күн сайын бірнеше сағатқа созылатын. Қараағашқа келген соң Карпов үшін он төрт қанат кең үй тігіп, сонда орналастырды. Шоң Әйімкүлдің өзіне тапсырған:

– Бұл адам көптің бірі емес, тамағын, бәрін өзің дайындап беріп отыр, – деген еді.

Әйімкүл де Шоңның айтқанын орындап жүрді. Шоң Карпов келгеннен кейін бір мол жұмысқа кіріскенін байқап, қонағының мазасын алмау үшін кіре бермейтін. Анда-санда ғана кіріп шығатыны бар. Бір күні Әйімкүл келіп:

– Ана кісі күнұзын жазумен отырады. Тамақ ішпейді. Тек қымыз ғана ішеді, – деді. Шоң бір кіргенде:

– Петр Константинович, сіз жылқының да етін жеңіз. Оның адамға әсері қымыздан кем емес. Өкпе ауруы қазақтар арасында да көп. Жылқы етін, қуырдақты көбірек жеп, қымыз ішкеннің пайдасы тиеді.

– Бұрын мен жылқы етін жеп көрген жоқ едім. Содан кейін онша ұната қоймаймын.

– Мен сізге қой етін беруді ойлап едім. Сіздің денсаулығыңызға байланысты жылқы етін бергізіп жүрмін әйеліме. Сіз әлі үйрене алмай жүрсіз. Үйреніп алған соң тек жылқы етін жейсіз. Жылқы етінің өзіне тән дәмі бар, сіз оған мән бермеңіз, кейін үйреніп аласыз. Сезбейтін боласыз. Мен бір күн жылқы етін жемесем, отыра алмаймын.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x