Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Сіздер мына Шоң Телкозиновичке қызмет етесіздер ме? – деп сұрады ояз.

Қу Әлсен айтты:

– Біз сізге, патшаға қызмет етеміз.

– Мен оны білемін. Сіздер алдымен мына Шоң Телқозиновичке қызмет етіңдер. Бұл кісіге еңбек еткендерің патшаға жасағандарыңыз болып табылады. Өйткені, бұл кісі біздің сол жақтағы өкіліміз. – Бұл сөзді ояз саясатпен айтып тұрғанын білді Шоң.

– Жасаймыз, – деп, үшеуі бірдей жарыса сөйледі.

– Олай болса, мен сіздердің би болғандарыңызға қарсы емеспін, – деді ояз.

Ояз ауылдағы билер тәрізді ортаға алып, біраз емтихан алғандай әуре ете ме деп қорқып келген бұлар. Мынасы тіптен оп-оңай болды. Тысқа шыққан соң Әлсен:

– Мына ояз қарсы емеспін дейді. Осының алдына әкелмей-ақ бізді би сайлауыңа болады екен ғой.

– Әлсен, бұл да саясат қой, ертеңгі күні ауылдағы билерге айтуға жақсы болады. Сендерді би сайлауға ояздың өзі қолдады деуге…

Қайта Қоңырқұлжа үйіне келді. Шоң Әйімкүлді салт атпен алып кетпек ойы бар еді. Бірақ ұзақ жолға салт атпен өзі екіқабат әйелді алып жүру қиын екенін түсініп, ол ойынан қайтты. «Сен бұл жолы асықпа, кейін атарбамен Жойқынбекке алғызамын» – деді.

Бірақ Әйімкүл Шоңның айтқанына көнбеді. Сол салт атпен бұлармен бірге жүріп кеткен еді.

Дос көңілді адам

Шоң келгенде анда-санда Карбышев оны үйіне ертіп апарып, болыстардың жұмысы туралы ақылдасатын. Ояз мұны қазақ психалогиясын жақсы білу үшін жасайтынын Шоң сезетін. Оның өзі де бала кезінде жергілікті халық арасында болған. Қазақ жайында мәліметі мол еді. Сонда да Шоңнан сұрайтын. Мұнысы Шоңның өзін де жақсы білу үшін жасайтынын сезетін. Содан кейін сөзден ұсталып қалмау үшін неше түрлі құйтырқы сөздер араластырып сөйлейтін.

Шоң кезекті бір келгенінде ояз оны үйіне ертіп апарды. Қазақтын мінез-құлқын Шоңнан артық ешкім білмейтініне оның көзі әбден жеткен. Сондықтан ана болыс солай жасап жүр, соған не істеуге болады деген тәрізді сұрақтар беріп, ақылдасып отыратыны бар еді. Шоң Карбышевтың мұны қулықпен жасайтынын білетін. Үндемей қалуға тағы болмайды. Онда ояз ренжиді. Шоң дұрысын, әділін айтуға тырысатын. Бүгін де пікір алу үшін шақырған шығар деген оймен үйге кіріп келсе бір бейтаныс орыс отыр екен. Карбышев сөз бастап кетті.

– Петр Константинович, сізге айтқан адамым осы кісі болады. Орыс тілін менен де жақсы біледі.

Мына сөзді естіп әлгі адам қуанып қалды. Орнынан тұрып, Шоңға қолын берді.

– Мен жергілікті адамдармен сөйлесуім қиын бола ма деп қауіптеніп жүр едім, бұл кісінің орысша білгені қандай жақсы болды!

Карбышев жасырған жоқ, турасына көшкен еді.

– Петр Константинович Санкт-Петербургтегі шенеуніктер алдында кінәлі болып қалып, осылай жіберген екен. Шоң Телқозинович, бұл адам киргиздардың арасында тұрамын дейді. Оған қалай қарайсыз?

– Мен бұған қуанбасам, ренжімеймін!

– Ендеше, сіздің аулыңызда тұрсын. Қанша тұратынын Петр Константиновичтың өзі де, мен де білмейін. Ол мәселе жоғары жақтың қолында.

Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін саясатпен сотталған адамдарды, жер аударылған адамдарды Сібірмен қоса осы жаққа жер аударып тұру әдетке айналған еді. Шоң оны жақсы білетін. Ақмолада істеп жүргенде мұндай адамдардың санын көрген. Оларды көбіне Ақтау, Ортау тәрізді кісі аз бекіністерге, жаңа құрыла бастаған Атбасар сияқты орыс станцияларына жіберетін. Қазақ ауылына жібермермейтін. Оның үстіне тілді білмегендіктен бе, олар қазақ арасына баруды қаламайтын. Ал мына кісі өзі киргиздар арасына баруға сұранып отырғанын біліп, қуанып кеткен. Мұндай адамдар орталықта не болып жатқан, саясаттағы жағдайды жақсы білетін, бір ғажабы жасырмай ашық айтатын. Шоң осы жаққа жер аударылып келген бірлі-жарым адамдармен сөйлесіп, көзі соған әбден жеткен еді. Мына адамға осынша қамкорлық жасап, өзінің тілеген жеріне жіберуіне қарағанда Карбышевтің бір жақын таныс адамы деп ұққан еді Шоң. Біраз таныстықтан соң Карбышевтің пәуескесімен екеуі Нұра бойына жүріп кетті. Жолай келе жатқанда конағы айтқан, мені Сібірге қарай жіберіп коятын еді. Санкт-Петербургте бір жолдасым бар еді, сол Омбыдағы бір жолдасына хат жазып берді. Сол кісінің арқасында осылай – онтүстікке қарай жіберді.

Бұл адамының аты – жөні Петр Константинович Карпов екен, былай шыққан соң әлгі адам өз өмірінен біраз хабар берген. Осылайша Шоң қонағының өз аузынан өмірі жайлы біраз мәлімет алған. Содан екеуі жақсылап танысып алды. Карпов Шоңнан бұл жақтағы ауа райы туралы сұрады. Ептеген өкпе ауруы бар еді, содан қорқып келе жатқанын да жасырған жоқ. Шоң оның қазақ аулына келуінің тағы бір сырын білгендей болды. Кейбір орыстың өкпесі ауыратын мықтылары Ақмолаға келіп, қазақтарға өзен жағасына бірнеше бие байлатып, жаз айларында жатып қымыз ішетінін білетін. Содан Шоң оның қойған сұрағына байланысты жауап берген.

– Біздің жақтың жазы ыстық, қысы суық болады. Суығы Сібірден бір кем емес екенін, орыстардың өз аузынан естіген еді Шоң.

Мына сөзді естіп ол қорқып кеткендей болды.

– Мен байқап келе жатырмын, киргиздардың көбісі киіз үйлерде отыр екен. Ондай суықта қалай тұрады?

– Жақсылап жан-жағын дұрыстап жапқан киіз үйлер жылы үйден кем емес, ортасына от жағады да отыра береді. Киргиздар көшпелі халық қой, тіршілігі соған үйренген.

Қонағы оның мына сөзіне не сенерін, не сенбесін білмеді. Карбышев алдында айтқан, бұл кісі жалған сөйлемейді, дұрысын айтады деген. Алайда, қонағы күдігін де жасырмады.

– Мен тәрізді ауру адамдарға қиын болатын шығар. – Қонағы жолай жылы үйлерді көріп келе жатқан, соны көрсетіп, мына үйлерде сонда кім тұрады деп сұраған еді.

– Ал байлар жылы үйлер де салып алады. Бір сөзбен айтқанда, орыс ағайындардан көріп, солардың тұрмысына да ыңғайланып келеді. Енді бір он жылдан кейін келсеңіз, қыс айларында киіз үйде отырған қазақтардың бәрінің жылы үйге көшкенін көресіз. – Бұл сөзді де Шоң өзінің ішкі есебімен айтып отыр еді. Қазақтардың орыс тұрмысына көшкенін мына білімді адам ана жақтағы мықтыларға жеткізетіне сенімді еді. Бұлай сөйлегенде қазақ тұрмысын жақсартуға көмегі тие ме деген үміті де бар еді. Карпов отырып айтқан еді:

– Мені бұл жақта ұзақ мерзімге қалдыра ма деп қорқамын. Бұл жақтың тұрмысына үйренбеген адаммын ғой.

– Бұл жаққа талайлар сіз тәрізді келіп, мерзімінен бұрын қайтып кеткендері көп. Сізге де соны жасауы мүмкін.

– Сіздің айтқаныңыз келсін. Санкт-Петербургте мені талай жұмысым күтіп тұр. Соған асығамын. Әйтпесе, бұл жақта сіз тәрізді адам тұрғанда маған жақсы жағдай жасалатынына сенемін.

– Петр Константинович, мұнда өзі үйіңдей сезінесіз. Барлық жағдайды жасаймын. – Шоңның өзі де осындай білімді адам кездескеніне қуанып келе жатыр еді. Ресей өмірінен біраз жаңалық еститініне сенімді болатын.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x