Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Қаладан шыққан соң Шоң бір жерден қымыз ішіп алайық деді. Бұл жаққа жер аударылумен бірге емделу үшін де келе жатқанын білген Шоң ауыл шетіндегі кішкентай қоңыр киіз үйге бұрғызды аттың басын. Бұл Ағыстардың ішіндегі Таймас атты би болатын. Бұлар келгенде ол есік алдында отыр еді. Шоң пәуескеден түсіп келіп шалдың қолын алды.

– Таймас аға, денсаулық қалай?

– Құдайға шүкір, отырмын ғой…

Шоңның қасындағы орысты көріп, «Бұл бірге жақсылық оймен келе жатыр ма, әлде жамандық оймен жүрген орыс па» – деп сұрады.

– Таймас аға, оны өзім де білмейін…

– Білмесең неге ертіп жүрсің?

– Ояз тапсырған, содан кейін мен не істеуім керек?..

Шал сәл үндемей қалды да, кемпіріне қымыз алғызды. Кемпірі үлкен екі шараяқты толтырып қымыз әкелді. Шоң әуелі қасындағы серігіне берді. Екіншісін өзі алды. Таймас отырып, «Шоң, бүгін осында қон, мал сойғызайын» – деді.

– Ағасы, асығып барамын, тағы бір реті келгенде келіп қонармын. – Шоңды Таймас шалдың айтқан әңгімелері қызықтыратын. Қазақтың өткен-кеткен тарихын жақсы білетін. Сан рет қона жатып естіген. Бір ғажабы, бұл үйдін кемпірінің қолынан шыққан қымыз ғажап дәмді болатын. Шоң екі-үш рет Әйімкүлді Таймастың кемпіріне ертіп келіп қымыз дайындауды үйреткен еді. Шоң қонағына қазақ қымызының дәмін осы үйден көрсетуді ойлап әдейі алып келген.

Қымыз ішкен соң олар жүріп кеткен. Былай шыққан соң Шоң сізге қымызы ұнады ма деп сұраған конағынан.

– Қандай екенін білмеймін. Денсаулыққа жақсы болатыны туралы дәрігерлер айтқан соң, іше беремін. Карбышев әкелген қымыз ащылау еді. Ал мына үйдікі тұщылау ма, айыра алмай қалдым. Дегенмен, дәмді екен.

– Бұл кісінің бәйбішесі қымыз ащытуды біледі. Сондықтан жақсы. Ал үй иесі аристократ адам. Бұл уезде бұдан өткен аристократ жоқ!

Карповке Карбышев киргиздардың барлық аристократтары ақ киізбен жабылған үйлерде тұрады деген. Ал мына болыс ақ киізді үлкен үйге апармай, лашыққа әкелді. Көңілін мазалап кеткен сұрақты қойды.

– Бұл кісі киргиздардың аристократиясына жатса, неге нашар тұрады?

– Нағыз аристократ осы кісі. Бұл кісі атақты би болған. Сол міндетінен өзі сұранып шығып кетті. Қоңырқұлжа дуанбасы болып тұрғанда. Казір бұл кісіге билік айтуды сұрап ешкім келмейді. Бір кезде Кенесары Ақмола бекінісін талқандап, кейін ақыл сұрап осы биге келген. Сонда бұл кісі оған, сен бәрібір жеңілесің, патшамен келісімге кел депті. Сол сөзі үшін барлық малдарын айдап әкетіпті. Екі баласы бар еді, оларды да зорлап Кенесары алып кеткен. Олардан осы уақытқа дейін хабар жоқ. Сірә, соғыста өліп қалған болуы керек. Қыздарын алған құдалары бар. Олар қазір бұған қарамайды. Бұл да оларды ұнатпайды. Бұл адам өзінше тіршілік кешіп жатқан адам.

– Аянышты өмір кешіп жатыр екен. Мынадай адамды мемлекеттік жұмысқа тарту керек ғой.

– Бұл кісі патшаның жүргізіп отырған саясатын да жақтырмайды. Сондықтан Карбышевке ұнамайды. Және өмір бойы төрелермен айтысып келеді.

Карпов төрелер кім екенін білмейтін болып шықты. Содан кейін Шоң қонағына түсіндірді:

– Олар Шыңғыс хан тұқымынан шыққан адамдар. Пәлен ғасырлар бойы қазақтарды билеп келген. Сондықтан оларды төрелер атап кеткен.

– Олар көп ме?

– Хандар алты-жеті әйел алған. Олардың баласы да сөйткен. Содан кейін көбейген. Қазір олардың саны бірнеше мыңға жетеді.

– Олардың халық арасында беделі бар ма?

– Менің байқайтыным уақыт өткен сайын төмендеп келеді. Әуеліде төрелердің орыс шенеуніктермен ара қатынасы жақсы еді. Кенесары жеңілгеннен кейін, оларға да басқаша қарайтын болды. Бұрын осы Ақмола жерін дуан деп атайтын. Оны өзіңізге Семен Иванович айтқан шығар, Сәмеке ханның тұқымы Қоңырқұлжа деген аға сұлтан биледі. Ол кезде хан заманындағыдай киргиздарға төрелер билік жүргізетін. Енді уез атанды. Оны Карбышев басқарады. Биліктен айрылған төрелердің халық алдындағы беделі де төмендеп кетті.

– Сіз олардың беделінің төмендеуіне қалай қарайсыз?

– Мен әуелден оларға дұрыс қарамаған адаммын. Өйткені, халықты екіге бөлді. Ел билігіне ыңғай төрелерді тартты да, басқа төре еместерді екінші дәрежелі адамдар санады.

– Қазіргі уақытта олардың орыстармен арасы қандай?

– Бір кезде Шыңғыс хан тұқымдары орыстарға билік жүргізді ғой, содан қалған ыза бар тәрізді. Орыстар билікті өз қолдарына алған төрелерді енді сырғыта бастады.

– Төрелердің биліктен кете бастағанына қалай қарайсыз?

– Киргиздарды осы күйге жеткізген солар ғой. Оларға мен қалай қараймын…

– Ал сіз орыстарға қалай қарайсыз?

Шоң орыстармен орыстар туралы сөйлескенде сақ болатын. Қазір де сол сақтығына салып:

– Әзірге орыстар туралы ештеңе айта алмаймын. Оларға киргиздардың қандай көзқараста екенін болашақ ұрпақ айтады.

Шоң көбіне жол бойы «киргиздар» сөзін «қазақтарға» ауыстырып отырды. Орыс шенеуніктері Шоңның киргиздар сөзін қазақтармен ауыстырып сөйлегенін ұнатпайтын. Олар реніш білдіргенде Шоң айтатын: «Орыстар келмей тұрғанда біз бір-бірімізді қазақпыз дейтінбіз. Содан аузым үйреніп кетіпті». Орыс шенеуніктері үндемейтін, олардың бұл сөзге қалай қарайтынын білу қиын еді. Ал казак-орыстар жанжал шығаратын. Казактар сіздер емес, біз боламыз дейтін. Оларға қарсы шығуға болмады, сондықтан Шоң жеңілгендей болып қоятын.

Мына қонағы жалпы жергілікті халық қазақ аталатынын білмейтін болып шықты. Содан кейін сұраған:

– Бұл арада казактардың қандай қатысы бар?

– Петр Константинович, біз киргиздар емеспіз, қазақтармыз. Киргиздар Алатаудың ар жағында жатады. Қазақ біз боламыз. Орыстардың бәрі ыңғай қазақтарды қиргиздар дейді. Бұл дұрыс емес. Қателесу бар. Анау Ташкент қаласынан бастап Омбы қаласына дейін тұратын, сонау Саян тауларынан басталып, Каспийге дейінгі аралықта жатқан халықтар бір тілде сөйлейді. Олар өздерін қазақпыз дейді. Бәрін орыс тарихшылар шатастырып жүр. Әуеліде бұл жақтың халқын зерттеуші ғалымдар бізді «киргиздар» деп жазып қойған. Содан құтыла алмай қойдық.

– Сонда казак-орыстар қайдан шыққан деп ойлайсыз?

Шоң мына адам шын білмей тұр ма, әлде әдейі бір қулықпен сұрап тұр ма – білмеді, айтуына тура келді.

– Петр Константинович, әуелі қазақтар туралы анықтайық, орыс казағына содан кейін келеміз. Орыстың оқымыстылары шатасып бізді киргиз-қайсақтар дейді. Оған себеп болған Байқал жақтан Ыстықкөлге қарай көшіп бара жатқан киргиздарға кездесіп, олардан «сендер кім боласыңдар» деп сұраған сияқты, сонда олар «біз киргиз боламыз» деп айтқан тәрізді. Содан орыс оқымыстылары да айырмай келеді. Петр Константинович, сонау Ақсақ Темір заманынан бері қарай мен айтқан жерлерде тұратындар өздерін қазақтар деп атайды. Бір мың төрт жүзінші жылдың ортасында жергілікті халықтың хандығы құрылған. Оған дейін Шыңғыс тұқымдары билеген хандардың атымен атаған. Біздін біраз жерімізде Орыс хан билік жасаған. Одан басқа, тағы да Шыңғыс хан тұқымдары басқарған бірнеше хандықтар болған. Орыс шенеуніктері мен ғалымдары бізді қазақ атамай, киргиздер дейді. Мұндағы ойлары – келешекте мен атаған аймақты казактар жері деп атау ниетінен туып отырған жағдай болуы керек. Мен айтып отырған халықтың өздерін «қазақпыз» деп атауы – Темір өзін билеген жердегі қазақ тілдес халықтарды Өзбек елі атаған соң, осы жерде тұратындар өздерін Қазақ хандығы де атап кеткен.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x