Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Менің білуімше, сіз әкеңізден әлдеқайда ақылды сияқтысыз.

– Менің одан бір артықшылығым бар, орысша білемін. Сол арқылы білімімді жетілдірдім. Ол өз тұрғысынан ойлайды. Сондықтан өзімді одан ақылдымын деп айта алмаймын. Ол егер орысша оқығанда басқаша ойлап, менен жоғары болуы мүмкін еді. Менен тәуірлеу ойлауы ғажап емес.

Карпов Шоңның мына сөзінде бір тағылым, тәрбие жатқанын аңғарып үндемей қалды. Шоң да орыс арасында тұңғыш рет осындай кісіні кездестіріп отырғанына өзін бақытты сезінген еді. Ешбір орыс қазақ тарихы туралы тыңдауға ыңғай танытпайтын. Сіздерде қалыптасқан тарих жоқ деген сөзді де талай естіген. Сонда сол орыспен сөзге де келіп қалған. «Біз онда көктен түстік пе?». Сонда орыс айтқан: «Сіздер жүз жыл бұрын, мың жыл бұрын да осылай өмір сүргенсіздер. Сондықтан сіздерде тарих жоқ» – деген Шоңға.

Шоң мына сөзге шыдай алмай кетті де, сонда «Алтын Орданы» қайда қоясың деп сұраған. «Алтын Орда» ол – монғолдар. Сіздердің оған ешқандай қатынастарың жоқ!».

Шоң түбінде қазақ тарихын сондай орыстар шатасыратынын ойлап қауіптенетін. Карповпен кездескеннен бастап орыстарға көзқарасы өзгере бастағандай еді. Көңілдегі мұңын да айтқан болатын оған.

– Орыстар қазақтардың тарихын былай қойғанда, бізді дұрыс атымен атамайды. Сіз өзіңіз естіп отырсыз, бізді киргиз-қайсақ деді. Бұл халықты кемсіту болады. Соған қарсы патша үкіметі заң шығармай ма?

– Асықпаңыз, ол да болады. Әр нәрсенің өз уақыты болады. Бұл алғашқы қадам ғой. Сіздерден сіз тәрізді талай білгірлер шығады. Соларды түбінде орыс шовинистері де мойындайды. Амалсыздан соны жасайды олар.

Шоң парасат-пайымы жоғары адамның аузынан шыққан мынадай сөзге қуанып қалды.

– Қазақ тарихын орыстардың зерттеуі енді басталады. Шындыққа кейін көздері жетеді. Солардың бірі мен деп біліңіз.

Күн сайын Карповпен осылай жарасымды әңгімелер болып жүрді. Бір күні ол:

– Бірінші Петрден бері қарай бізде шовинистік көзқарас қалыптаса бастады. Өздері немістерден, француздардан үйрене отырып, әлі де өздерін солардан артық санайтындар бар. Шығысқа көзқарас өзгерді. Іргесінде жатқан шығыс халықтарын адамға санамайды. Бір кезде Шыңғысхан балалары басып алып, тас-талқанын шығарғанын ұмытты. Қазір орыстардың жоғары дәрежелі адамдарында неміс, француз, ағылшындардың қаны бар. Орыстардың өмірге өзіндік көзқарасы өзгерді. Мұның ақыры не болатынын келешек көрсетеді.

– Петр Константинович, монғолдардың орыстарды жаулап алғанын сіз мойындайсыз ба?

Бұл қитұрқы сұрақ еді. Алайда, Карпов әділін айтты.

– Мен енді түсіндім, орыстарды жаулап алған монғолдар емес, қыпшақтар ғой.

– Әскери күш қыпшақтар болғанымен басқарып отырғандар Шыңғысхан ұрпақтары болды ғой.

– Бұл айтқан да шындық. Олар дұрыс басқара білді. Содан кейін жеңіске жетті.

– Петр Константинович, тарихты халық жасайды, ал оны тек ақылды адамдар басқарғанда жеңіске жетеді. Шыңғысхан өз заманының ақылды адамы болды. Соның саясаты арқасында балалары сонау бір шеті Қытайдан бастап, Индияға, Ресейге билігін жүрді.

– Сондай адамның болғанын қалар ма едіңіз?

– Шыңғысханда жауыздық көп. Сондықтан оның саясатын қаламас едім.

– Ал Ресейге қалай қарайсыз?

– Мен Ресей туралы қазір түк айта алмаймын. Қазақ ұйықтап жатқан халық еді. Орыстар келді де оларды дүр сілкіндіріп оятты. Оның арты не болатынын білмеймін. – Шоң көкейде тұрған ойларын айтқан жоқ, жасырып қалған еді.

Уақыт деген жылжып өте берді. Аптасына бір-екі рет Шоң Карповпен кездестіп әңгіме-дүкен құратын. Жойқынбек Ақмоладан оралған сайын маған хат бар ма деп сұрайтын Карпов. Ақыры, қыс аяғына таман Жойқынбек Карповтың көптен күткен хатын алып келді. Ол қатты қуанған еді.

– Шоң Телқозинович, маған жоғары жақ қайыра Санкт-Петербургте тұруға рұқсат беріпті.

Содан ертеңінде Карпов Жойқынбекпен Ақмолаға жүріп кеткен. Кетер алдында Карпов: «Сізге ризалығымды қалай жеткізерімді білмей тұрмын. Әйімкүлдің күтуімен денсаулығымды жақсартып, сіздің қызықты әңгімелеріңіздің нәтижесінде қазақ өмірінен көп мәлімет алдым. Мен Санкт-Петербургке басқа адам болып кетіп бара жатырмын», – деген.

– Петр Константинович, мен де сіздей дос тапқаныма ризамын. Мен қазір өзіңіз айтқан, Мәскеу университетін сырттай бітіргендей күйде жүрмін.

– Шоң Телқозинович, мен сізге хат жазып тұрамын.

– Петр Константинович, байқаңыз анау Карбышевтің өзі де тексереді.

– Ондай әдет Ресейде бұрыннан бар, мен ол жағын жақсы білемін.

Карпов орыс әдетімен Шоңның бетінен сүйіп қоштасты. Шоң өзінің бір жақын туысқанымен қоштасқандай сезініп тұрды.

Сәнді пәуеске

Шоңның Қоңырқұлжа, Карбышевтердей пәуеске міну ойы бар еді. Файзуллаға тапсырғанына екі жылдың жүзі болды. Ол әлі созып келеді. Ақыры күдер үзіп қойған болатын. Соңғы кезде Ақмолаға барса да сұрамайтын болған. Тек, анда-санда Жойқынбектің құлағына салып қояды, ана татар менің шаруамды не істеп жүр екен дейді. Ал Файзулла саспасын, жасап беремін деуден танбайтын. Шоң соңғы кезде оның жасап беретініне күмән келтіре бастаған. Содан кейін өзі барып сұрамайтын. Файзулла жасамаса басқа біреуге жасатуды ойлап жүрген. Соңғы рет Жойқынбектен тағы да айтып жіберген. Ол Шоңның сәлемін естіп, «Шоңға айттым ғой, жасап беремін» – деді.

Алдында Шоң Қоңырқұлжаның пәуескесін көрсеткен, соның үлгісімен жасаңыз деп. Файзулла көріп айтқан:

– Бұл пәуеске менің колымнан шыққан. Бұдан да артық етіп жасаймын.

Сұлтанның пәуескесі Шоңға қатты ұнайтын. Бұл өзі артықтау сөйлеп тұр ма, деп ойлаған, бірақ ештеңе айтпады. Елге қайтып кеткен.

Содан бері де күз өтті, кыс өтті, әлі пәуеске жоқ. Енді Файзулла сөзіне тіптен күдік күшейді. Бірде Ақмолаға бара жатқан Жойқынбекке тағы да:

– Анау татар менің шаруамды не істеп жатыр екен? Соны білші.. – Шоң ешқашан Файзулланы татар деп сөйлемейтін. Ыңғай Файзеке дейтін. Мына сөзді ашумен айтып отырғанын білді Жойқынбек.

Шоң сәлемін естігеннен кейін Жойқынбекті алып барып, жасап жатқан пәуескесін көрсеткен. Мен өзім осындай жасау үшін әдейі Бурабайға барып осыған келетін кисық қайыңдарды бірнеше күн қарап, одан табанын жасауға таңдап алдым. Шоң асықпасын, көктемге дейін пәуескені дайын етемін деген. Жойқынбек көрген, білгенін айтып келген. Бурабайдың қайыңынан пәуескенің табанын жасап жатыр дегенде Шоң түсінбей қайыра сұрады.

– Файзекең тек қыста жүретін етіп жасап жатыр ма?

– Шоңке, қыста да, жазда жүруге лайықтап жасап жатырмын дейді. Ғажап пәуеске болатын түрі бар.

Шоң Файзулланың керемет шебер екенін білетін. Қолынан не шықпасын бір жаңалықты ойлап табатынын әуелден байқап жүрген еді. Шоң өзі көзімен көрген Бурабайдың қисық қайыңдарын көз алдына елестетті, бұл ешқандай қолдан иіуді қажет етпейтін дайын тұрған шана табаны екенін білді. Табиғаттың өзі иген қайыңдарды пайдаланып жатқанын білді. Іштей Файзулланың тапқырлығына, білгірлігіне риза болды. Оның пәуескені ойдағыдай етіп жасайтынына сенімі күшейген еді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x