Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Бұл кезде Телқозы Шоңның Қызылағаштағы қысқы қонысынан он шақырымдай жерде бөлек тұратын. Шоң үйіне күн құрғатпай келіп жүретін. Бүгін де келе жатып екі ақ боз ат жетегінде бар Әлсенге қарсы жолықты. Ол Шоңның пәуескесіне мұның көрімдік әкелмегеніне ренжіп жүрген болатын. Көрімдікке әкелгенін біле қалды да, сонда да әдейі сұраған:

– Мына аттарың не?

– Шоңның пәуескесіне көрімдік әкеп едім, пара деп алмай қойды. Содан кейін қайтып әкетіп барамын, – деп шынын айтқан Әлсен.

Телқозы екі бозды көріп қызығып кеткендей болды. Шөміштің боздарының көбісі жорға болатын. Жібергісі келмеді.

– Ол алмаса, мен аламын. Маған тастап кет.

– Телеке, ол ненің ақысы? – деді Әлсен.

– Білесің бе, баяғыда сені шақырып алып, би болуға мен өткізгем. Ол пара алмаса, болыс болып ала алмай отыр. Әлі үйренген жоқ. Біртіндеп үйренеді. Кейін мен оған ретін тауып айтамын. Әкелдің екен, енді аттарды тастап кет. Қайта алып кетуің ұят болады…

Әлсен Телқозыға бергісі келмей тұрса да, Шоңға сыртынан бірдеңе айтып араздастырып қояр ма деп қауіптеніп амалсыздан тастап кеткен болатын. Кешкісін тысқа шыққан Шоң есік алдында байлаулы тұрған екі ақбоз атты көрді.

– Әлгі Әлсен аттарын тастап кеткен бе? Апарып беріңдер. Мұның арты жақсылыққа апармайды. – Шоң қандай шаруаны болмасын ойлағанда бір қырынан емес, сан қырынан ойлайтын. Қазір де сонысына салып тұр еді. Ел естісе Шоң Әлсеннен би болуға өткізгені үшін пара алыпты деп айтып, сан саққа жүгіртетінін білетін. – Қажет емес өзіне қайтарып беріңдер! Өзінің әдетімен екі рет қайталап айтқан. Шоңның екі рет қайталап айтуы өз сөзінен қайтпайтындығының белгісі еді. Телқозы баласының мұндай сөзінен кейін қайтуы қиын екенін білді. Телқозы екі бозды қимай тұр еді. Содан кейін:

– Бұл аттарды маған әкелген.

– Әлсен сізге атты не үшін әкеледі?

– Әкесі Шөміш баяғыда жылқысына қосылып кеткен үш жылқымды қайтармаған. Сол үшін саған әкелген осы екі атты мен алдым.

Шоң әкесінің мына сөзіне ренжіп қалды да:

– Олай болса Шөміштің өзінен даулап алмайсыз ба? Маған әкелген атты неге аласыз?

– Сен не айтып тұрсың, баласынан алайын, өзінен алайын, оның қандай айырмашылығы бар? Бос сөз сөйлеме! Жарайды, ол жағын кейін сөйлесемін. – Телқозы екі бозды алып кеткен. Осымен сөз біткендей болды.

Көктемде Азна күйеу баласы мен қызын жарты омыртқаға шақырды. Азнаның құда болғалы әдетіне енген, қыста соғымына құдасы Телқозыны шақырып, көктемде күйеу баласы мен қызын жарты омыртқаны сылтауратып тағы да бөлек шақыратын. Баяғы Нартайдың қылығынан кейін соны жасап жүрген. Уақыт өкпені жазады. Телқозы да, Шоң да, Әйімкүл де Таубайдың ол жүйрігін ұмытып, өкпе тарқаған. Ақмоладан келгелі Әйімкүл төркін жұртына барымпаз болып алған. Дегенмен, Шоңның жарты омыртқаға бұл жолы барғысы келмеді.

– Осы немене, бірдеңені сылтауратып сен үйіңе бара бересің? Ол ұят болады. Ана енең де ренжиді. Ыңғай шапқылайсың да жүресің!

Шоңның бұлай деуінде себеп бар еді, Жамал да бірде ренжіп баласына айтқан: «Сенің әйелің үйіне барымпаз болып алды. Басқа келіндер де көріп, соны жасайды».

Шоң шешесінің бұл сөзінде шындық жатқанын білетін. Сондықтан Әйімкүлдің мына айтқанын жақтырмай отырған. Бірақ ол болмады.

– Арнайы шақырып отыр. Бармағанымыз ұят болар. Басқа уақытта бармаймын, осы жолы барып қайтайық, – деді Әйімкүл. Шоң ешқашан ілуде-шалуда болмаса Әйімкүл көңілін қалдырмайтын. Бұлар бір ұйғарымға келе алмай отырғанда, үйге Телқозы кірді. Әйімкүл атасының көзінше тағы айтқан. Келіннің сөзін коштағандай етіп сөйледі ол да.

– Барыңдар, көп болмайды. Бармасаңдар Азна ренжіп қалады, – деді естіп отырған Телқозы.

Шоң іштей жақтырмай тұрса да, екі жақтан қолдап тұрған соң бармаймын деп айта алмады. Баруға келіскен. Сол сәтте Әлсен келе қалды. Би болғалы ол Шоң үйінен шықпайтын. Ренжісіп қалғанда да артынша қолма-қол ұмытып келе беретін. Ананы айтады, мынаны айтады, әңгімелесу үшін сөз табыла беретін. Кейде Шоңның оған беретін тапсырмасы да болатын. Көрші отырған адамдар кейде шабындыққа таласып қалады. Бірінің бірі малдарын ұрлап дауласып жатады. Ел арасындағы жанжал-дау көп, мұндай шаруаларға көбіне билерді жіберетін. Сондайлардың ретін тауып, шешіп келетін билердің бірі Әлсен еді. Әлсен басқа билердей сөзді көбейтпей, қиысын қисық деп, дұрысына жөнді ашығын айтып орындап келеді. Шоң оның осы қасиетін жақсы көретін. Онымен қоса Әлсен әңгімешіл еді. Жақсы сөздерімен Шоңның да, Әйімкүлдің де көңіліп тауып отыратын. Әлсен кіріп жайғасып отырған соң Шоң:

– Әлсен, біз Әйімкүлдікіне жүргелі отырмыз. Сен бізбен бірге жүр.

Алдында Жойқынбекке де пәуескені дайындау нұсқауы Әйімкүлден түскен еді. Әдетте, Шоң бір жерге барғанда ыңғай түрлері бірдей, бір қалыптан шыққандай бірімен бірі егіздей екі атты парлап жеккізетін. Жойқынбек Әйімкүлден сұраған еді. Әйімкүл өзің біл деген. Ауыл іргесінде жатқан жылқылардан Жойқынбек барып екі қаракер атты жегіп дайын тұрған. Оған үйден шығып Әлсен:

– Шоң күйеу жұртына мен берген екі ақбоз атпен бармақшы, соларды алып кел.

Бұл жалған сөз еді. Әлсен Шоңның екі бозға қалай қарайтынын білу үшін әдейі айтқан. Жойқынбектің ойында ештеңе жоқ, барып алып келген. Көктем туып қар кете бастаған кез еді. Жойқынбек пен Малай екеуі пәуеске шананы арбаға айналдырып, төрт дөңгелекті қойған. Шоң жылы киініп тысқа шықса, күймеге екі ақ боз ат жегілген, пәуеске дайын тұр.

– Мына екі атты неге жектің? – деп сұрады Шоң Жойқынбектен. Алдында Әлсен мен емес, Әйімкүл жеккізді деп айт деп үгіттеп қойған. Ол жеккізді десе Шоңның үндемейтінін білетін Әлсен. Жойқынбек не дерін білмей, сасқандай болып тұр еді, есік алдына шыққан Әйімкүл сөзге араласып:

– Мен жеккіздім, – деді. Алдында оған да Әлсен мен берген екі ақ бозды кім жеккізді десе, сен мен жеккіздім де, сонда Шоң ренжімейді деген. Әкесінің үйіне екі қара атты өзгертіп, екі боз жеккізіп сәнімен баруды ойлаған ол да. Соңғы кезде Әйімкүл сәнді киініп, қай жағынан болмасын билердің, байлардың әйелдерінен арттық көрінуге тырысатын. Үстіндегі киімдері де айрықша болатын. Алтын жіптен тіккен камзол-желет. Басында кұндыз бөрік. Тойларда бір жерде кездесіп қалғанда киім киісі басқа болыстар мен билердің әйелдерінен ерекшеленіп тұратын. Мықтылардың әйелдері Әйімкүлге ұқсауға тырысатын. Бірақ оған жете алмайтын. Әйімкүлдің қолы ұзын, қалаға барғанда неше түрлі киім сатып алады. Оның үстіне өзіне жарасатын киімдерді жақсы білетін, талғамы бар еді. Кейде кейбір болыс, бай әйелдері, Әйімкүлге ұқсау үшін сондай киім тауып алып кигенде жараспай тұратын. Не тар, не кең болып, көзге олпы-солпы көрінетін. Кейде түр келбетіне келмейтін. Тіпті, кейде кейбіреулер күлкіге айналдырып жіберетін. Содан көңілі жақын әйелдер Әйімкүлден сұрайтын, саған жарасады, маған неге келмейді деп. Әркімнің жаратылысы әртүрлі. Соған дене бітіміне, өз түріне орайластырып киіну керек, дейді ондайларға Әйімкүл. Бұл сөзді естіген әйелдер, осының бәрін Шоң айтып үйретіп отырғанға бағалайтын. Шын мәнінде, Әйімкүлдің өзіне құдай берген өз қабілеті бартын, қалай киіну жайында оған Шоң ештеңе айтпайтын. Әйелдің талғамы дұрыс екенін ол да білетін. Содан кейін ләм демейтін. Ал Әйімкүл бір жаққа барғанда киініп шыға келгенде, тіптен жасарып кеткендей болып көрінетін. Байқағыш еркектер оны байқап қалатын. Оның үстіне Әйімкүлде зор көңіл бар еді. Шоңның басқалардан артықшылығын білетін. Содан кейін, барлық жағынан басқалардан артық болуға тырысатын. Сәнді киім, сәнді пәуеске, оған көрікті, сұлу ат жегіп жүруге тырысатын. Шоң Әйімкүлдің айтуымен бір жерге барса үнемі бір түсті аттарды парлап жеккізетін. Соған Шоң да үйреніп алған. Бүгін де Әлсеннің айтқаны көңілінен шығып, Әйімкүл ол берген екі боз жорғаны жеккізген. Сыртқа шыққан Шоң екі жорғаның жегулі тұрғанын көріп, жақтырмай қалды:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x