Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Название:Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549501
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Тоқадан болыс сайланып жатса, неге ренжимін? Мен саған ойын үшін айтып отырмын ғой. Бұл басы артық сөзді доғар да, үйге кір.
– Басты шаруамды орындадым, сәлем бердім. Енді үйге кірмеймін.
Әлсен Шоңның әлгі өзінің ат айдағанына, әкенің мына сөзіне ренжіп қалғанын білді де:
– Әкей әзілдеп айта береді. Соны көңіліңе алдың ба?
Ауылдан шыққалы бұзылған Әлсеннің көңілін тағы да бұзғысы келмей Шоң үйге кірген еді.
Дастархан басында жап-жақсы әңгіме басталды. Көңілдері келісіп, Шоң Шөмішпен ұзақ әңгімелерге барып, түннің бір уағында дейін отырды. Шөміш бұл жолы Шоңның ойынан шыққан біраз әңгімелер айтты:
– Сен болған соң, Әлсен би болып сайланды. Мұның кисық мінезі бар. Алдында осында өзім қатарлы талай би шалдарға айттым, бірі қолдамады. Ақыры сенің арқаңда өтті.
– Әлсен турасын айтып тастайды. Сол себепті шалдарға жақпайтыны, тікесінен айту да әділдіктің белгісі. Нағыз өзіңізге тартқан. – Бұл сөзді Әлсеннің айтқан сан сөздері есіне түсіп айтып тұр еді. Әлсеннің кейде басы-көзі демей айтып салатынын білетін Шоң.
– Сен оны да, мені де мақтама. Талайдан сөз естідім. Содан өзімнен төмендер өтіп кетіп жатқан билікке зор дегенде өткемін кезінде. Сен мұны мақтай берме, арасында теріс-бұрысын да айтып қойып отыр.
Шөміштің бұл айтып отырғаны шын еді. Кезінде би боламын деп сан рет түсіп, өте алмаған. Кейін Қабайдың аузын алып, талай малын шашып зорға өткен. Билікке өтудің қаншалықты қиын екенін білетін. Баласының би болғанына риза еді. Бұның Шоңның арқасында өткенін түсінетін. Әлгі әңгімелері сөз тудыру үшін айтып отырғаны әзіл тәрізді сөздері еді.
– Мен Әлсеннің ол жағын білемін, тек кейін менің балама қатты кеттің деп ренжіп жүрмеңіз…
– Шындықты, әділін айтсаң неге ренжимін. Мына сөзіңе қарағанда сенің бойыңда үлкен әкең Жанкелдіге тартқан бір қасиет бар тәрізді.
– Енді мақтай бастадыңыз ба, маған мақтау да, жамандау да керегі жоқ.
– Екеуі де емес, шындықты айтып отырмын.
Шоң Шөміштің мына сөзіне қуанып қалды. Қанша дегенмен қандай жағдайда болмасын дұрыс жағына бұрып сөйлейтінін білетін. Шоң сол сәтте, бағана Әлсенге қос жорғасын бекер жеккізбедім-ау деп ойлады… Түн ортасында қайыра дастархан жасалып, тағы ет келді. Шөміш сөз айтқан болатын.
– Келін, мына Шоңды күтіп ұста!
Әйімкүлдің де ретті жерінде сөз жібермейтін пысықтығы бар еді. Болыс әйелі екенін сезіне ме, кіші болсын, үлкен болсын айтатынын айтып салатыны бар еді. Уақыт өткен сайын ол қасиеті тіптен күшейіп кеткен. Манадан бері тамақ істеп жүрген Әлсеннің әйелімен әңгімелесіп отырған, бұлардың арасында не әңгіме болғанын естімеген. Туралап айтып жіберді.
– Аға, немене, Шоңкең сізге менің үстімнен арыз айтып отыр ма?
– Шоң сен жайында ештеңе айтқан жоқ. Мен біраз өмір сүрдім. Қандай жақсы еркек болсын, оның қадірі әйелімен артады. Айтпағым сол еді. Өмір жастарың ұзақ болып, өмірде көрер қуаныштарың көп болсын, – деп бетін сипады. Әйімкүлдің бұл үйдің табалдырығын аттап отырғаны бірінші рет емес еді. Келген сайын осылай батасын беретін Әйімкүлге. Шоңның осындай өрлеп, ел құрметіне бөленіп жүргені осындай адамдардың батасының арқасы шығар деп ойлайтын ол да.
Осы арада Шөміштің көңілін көтеретін бір сөз айту керек екенін түсініп Әйімкүл:
– Шоңкеңнің ел көзіне түсіп, шалқып жүргені сіздердің арқаларыңыз ғой.
– Келін, Жанкелді еңбегі де соның тәрбиесі болар. Оның үстіне Шоң жаратылысында басқалардан артық туған адам.
– Шөмке, енді мені мақтай бастадыңыз ба? – деді Шоң.
– Жоқ, мен шындықты айтып отырмын.
Шөміш бір сөз айтса, батасы қоса жүретін. Бұл жолы да сөйтті. Қолын жайып батасын берді. Оның мұнысына Әйімкүл риза болып қалды.
Жанкелді Шоңның жас кезінде үнемі құлағына әртүрлі жайды құйып отыратын. Сонау хан заманында да талай оқиғаны басынан өткізген. Шоңның осындай дәрежеге жететінін білгендей, ыңғай пара алу деген адамды азаматтық жолдан кетіретінін айтып отыратын. Тура Шоңның осы дәрежеге жететінін біліп отырғандай айтатын. Сондықтан да Шоң парадан қашып жүретін. Елдің беріп жатқандарының бәрі парадай көрінетін оған.
Ертеңінде жүрер алдында Шөміш өзі алып келіп, өз қолымен Шоң мен Әйімкүлдің арқасына қасқыр тон және күзен ішік жапқан еді.
– Шәке, бұл тонды не үшін жауып отырсыз? – деді Шоң. Баласы Әлсеннің би болғаны үшін беріп отырған пара тәрізді сыйлығы ма деп те ойлаған. Бірақ Шөміш сөздің ретін тауып кетті.
– Сенің, бабаң Жанкелді алдында кінәм болған соң беріп отырмын. Ал мына Әйімкүл келін өткен жолы келгенде бір жағалы киім кигізе алмай қалып едім. Келіннің біздің үйден жағалы киім киюі керек еді. Сол кемшілігімді түзетіп беріп отырмын.
Шөміш шын ауырып қалды ма, әйтеуір бабасы Жанкелді қайтыс болғанда топырақ салуға келмей қалған. Бірде үлкен әкесі Жәметтің аузынан әкем Жанкелді қайтыс болғанда мына іргелес отырған, бізге күйеу бала Тілен Шөміш те келмеді деген сөзді естіген. Сонда үйде біраз адамдар отырған еді. Солардың біреуі Шөміш құлағына жеткізгенін сезді. Мынасы сол өткеннің есесін қайтарудың амалы екенін Шоң біліп отыр еді. Айтар сөз бар еді, бұл арада айтпады. Орынсыз көрді.
Әкесі Жәметтің бұлай сөйлейтін жөні бар еді. Өйткені, Шөміштің әйелі де Ерназар тұқымынан еді. Бабасына топырақ салуға әкесінің келмегенін бірде әзіл қосып айтып кеткен Шоң Әлсенге. Әзіл астарында шындық жататын. Дәл іргеде отырып келмегенін жақтырмайтын. Соны сезді ме, соған орай өзіне тон кигізіп, Әйімкүлге ішік жауып отырғанын білді. Шоң соған орай сөйледі:
– Шөмке, үлкен атама топырақ сала алмағаныңды кінәләймін, оны еске алмай-ақ қойыңыз. Менің алдында айтқандарым ағайындық назым ғой, сіздің сөзіңіздің ретіне қарай айттым оларды. Ол үшін маған қасқыр ішік жаппай-ақ қойыңыз. Алмаймын.
– Алмасаң өкпелеймін. Жанкелдіге жапты деп есепте. Оның үстіне Тоқада сенен биік тұрған адам жоқ қазір.
Шөміштің Жанкелдіге шапқан шапаным дегені ауырлау болып кетті. Қазір алмай кетсе, бабасының аруағын сыйламағандай болып табылады. Ертеңгі күні мына әкесі де, баласы да талай жерге жеткізеді. Соңғы кезде шапан жапқан адамдар көбейіп кеткен. Шоң ол шапандарды өзіне емес, болыстығына жауып отырғанын сезетін. Мына тон астарында сондай мән жататынын сезгендей болды Шоң. Соған орай сөйлеген:
– Маған тон кигізгеніңмен ол Жанкелдіге жапқан болып есептелмейді. Егер олай десеңіз бабама арнап бір құран шығарыңыз кейін. Содан ол кісінің аруағы да, мен де риза боламын, – деп бастай келіп Шоң көкейінде тұрған сөзін айтты, – Шәке, кім болыс болмай жатыр? Бір жағынан менің болыстығымды сыйлап беріп отырған шығарсыз. Олай болса, бұл тоныңызды кимеймін.
– Болыс көп болғанмен, солардың ішінде саған жетері жоқ. Сен айрықша болыссың…
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: