Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Шәке, оны қайдан білесіз? Менімен бірге жүрген адамдай сөйлейсіз…

– Менде құлақ бар, елде жеткізетін тіл бар. Елден естіп отырамын. Қалың қазақ жайдан жай мақтамайды. Ел көңілінен шыққан бір шаруаларың бар ғой. Кешегі хан болған Кенесарыны да мақтағам жоқ. Сенесің бе, сенбейсің бе, өмірімде ешкімді мақтаған адам емеспін. Мен турасын айтып саламын. Бұл арада ешқандай мәймөңке жоқ.

– Мына сөзіңіз жалған болса да сенуге тура келеді. – Әлі де күдігі арылмаған Шоң әзіл араластырып сөйлегендей етіп айтқан. Оның мына сөзіне Шөміш ренжіп қалғандай.

– Мен осы қартайған шағымда сені мақтап, сенің алдында жақсы көрінейін деп отыр деймісің. Сөздің шынын айтып отырмын.

Шоңның бұдан да айтатын сөзі бар еді, балаңның ертеңін ойлап беріп отырсың деп айтпақшы болды да, бірақ айтпады. Шалдың көңіліне келіп қалатынын, Әлсеннің де ертеңгі күні өкпелейтінін білген еді.

Өзін мақтаушылар соңғы кезде тым көбейіп кеткен. Кейбіреуі көзін бадырайтып койып айтады, сонысы ұнамайтын Шоңға. Ыңғайсызданып қалады, солары жараспайтын сияқты. Олар мақтау емес, болысқа жағыну, жалбарыну, бірдеңені тапсыру үшін күн ілгері осылай сөйлеп отыратынын болжайтын. Сондай шамадан асып бара жатқан кейбіреулерін тоқтатып тастап отыратын. Қазір де Шөмішке соны жасамақшы болды, бірақ жасамады. Ондайда әкесі Шоңға ренжіп, сен адамның көңіліне қарамайсың дейтін. Ондайда Шоң әкесіне: «Телқозы, сен түсінбей отырсың бұлардікі болысқа жағынудың бір белгісі емес пе, ертеңгі күні оны ісіммен, сөзіммен қайтаруым керек. Ал мұны мен әркімнің көлгір сөзіне қарап орынсыз іс жасағым келмейді» – дейтін.

Шөміштің сөзін жақтырмай, әлі де құбылмалы көңілде отыр еді. Дегенмен, қадірлі шалға қарсы келуді лайықсыз көрді де, үндемеді. Қасқыр ішігін қанша алғысы келмей тұрса да, алды. Алмаса тентек шал жанжал шығаратынын білді. Ертеңінде атасының ауылына жүріп кеткен. Жолда келе жатқанда Әлсеннен сұрады:

– Осы әкең маған қасқыр ішікті сен би сайланған соң беріп отырған жоқ па?

Әлсен Шоңның мына сөзін жақтырмай қалды да, Шоң көңілінен шығатын бір сенімді сөз айтқан сол жерде:

– Алдыңғы жылы Қаржастан Шорманның Мұстафасының баласы келіп қонақ болып, сонда осы ішікті көріп маған бер дегенде, мен өлгенде келіп сүйегіме түсіп аласың, тірі күнімде бермеймін деген. Саған қалай бергеніне мен өзім де таң қалып келемін.

Шоңның тереңнен ойлап сөйлейтіні болғанымен, кейде кейбіреулердің сөзіне ренжіп қалып, асығыс бірдеңе айтып тастайтыны да болушы еді. Әлгі арада сөйткенін түсінді. Енді Әлсен аузынан әлгі сөзді естіген соң, басқаша сөйледі.

– Олай болса әкең шын көңілден берген екен, – деді. Баласының мына сөз Шөміштің айтқан сөзі шын, адал екенін дәлелдегендей болды. Жалпы, Шөміштің турасын айтатынын білетін. Әлсеннің кейбір сөздеріне көңілі толмай жүрсе де, мінезінде әкесіне тартқан турашылдық барын да білетін.

– Әлсен, маған берген екі бозды енді аламын, – деді Шоң.

– Жоқ, мен саған бергем жоқ. Телекеңе әкелгемін.

– Өтірік айтасың, маған әкелгенсің, білемін. Оның үстіне аттарың маған ұнайды.

Әйімкүл мырс етіп күліп жіберді. Әйелінің бұл қылығын жақтырмай қалды Шоң.

– Сен неге күлесің?

– Кеше аттарды жеккізбей, енді мына айтып келе жатқаныңды айтамын…

– Ол кешегі көңіл күй, ал бүгінгі басқа. Адамда ондай-ондай сәттері бола береді. Бұл Әлсен екеуміздің арамыздағы шаруа. Сен оған араласпай-ақ ақ қой, – деді Шоң.

Әйімкүл қасында жатқан әйелі болса да, Шоңнын осындай бір түсініксіз мінездеріне таң қалып отыратын. Қазір де сондай бір күйде еді… Шоңдар әуелі Әйімкүлдің үлкен әкесі Сәттібайдың үйіне ат басын бұрған еді, шалы өлгелі кемпірі оның орынын жоқтатпақшы боп бөлек отырған. Еркек орнында отырған кемпірге сәлем беріп, кіріп шығуы Шоңның соңғы кезде шал жоқ болса да әдетіне айналған. Бұл жолы да сөйтті. Кемпір мәз болып қалған. Сол екі ортада Азна бар, Сәттібайдың үлкен баласы Нартай бар, бәрі келген еді. Сәттібайдың кемпірі Әйімкүлді жаңа көргендей құшақтап бетінен сүйді. Бала кезінде Сәттібай үйінде өсіп еді. Қазір сол кездерін еске алып, кемпірдің көзінен қуаныштың жасы да шығып кеткен.

– Балам-ау, өзің өсіп кетіпсің ғой, – деді ұзара түскен тал бойына қарап.

– Тамағы тоқ, көйлегі көк, бұл семірмегенде кім толады, – деді Әлсен.

– Мен толғанын айтпаймын, бойының өскенін айтамын, – деді кемпір өзінің де, Әлсеннің де сөзін түзеткен болып… Енді ғана жиырма бестен асып, үшінші бала тапқан Әйімкүлдің бойының өскені рас болатын. Кемпір соны бірден байқап қалып, айтып отыр еді.

Расында, Әйімкүл еттеніп, үшінші қызын тапқан соң бойы ұзара түскендей әсер қалдырғандай еді, бұрын көрген адамға.

– Мұнда Әйімкүлден де көп өскен бір адам бар, – деп өзінің әзілқой әдетіне басып, Әлсен барды да пәуеске ішінде ұйықтан жатқан кішкентай қызды алып келді. Бәрі дуылдасып жүріп оны ұмытып кетіпті.

– Мына жиендеріңізге қайсыңыз көрімдік бересіңдер?

Елден бұрын келіп Нартай Әлсеннің қолынан баланы алды.

– Бұл Тілендер біледі, кімге көрімдік сұрайтынын, – деді ол.

– Өзің бір көрімдік алатындай сөйлейсің. – Әлсеннен Нартай біраз үлкен болса да оның қылықтарына қарай ретті жерінде кейде өзінің мінезіне салып еркін сөйлейтіні бар еді. Қазір де соны жасап тұр еді…

Нартай Әлсеннің сөз төркінін қайда бұрып бара жатқанын білді де жым болды. Нартай ана бір жылдары аулының бір қызын Тілендерге әкеп беріп соның ақысына жігіттен үш жылқы алған. Соны реті келгенде Әлсеннің Нартай өзі қарындасын әкеп беріп, ақысына жылқы алды деп мазақ етіп жүргенін естіген. Қарындасы мен күйеу баласының көзінше айтса ұят болатынын ұғып тұр еді ол да.

Сол орайда Тіленмен әзілдесудің қиын екенін түсінді. Қазір сол ойына түсіп кетті де, мына Азна Шоң көзінше бірдеңе айтып қоятынын ойлап, жым болды. Дегенмен Әлсен аузынан шыққан сөзді басуды ойлаған:

– Әлсен, көрімдік ешқайда қашпас, сөзді көбейтпесейші, – деп қоя салған. Осының аузын қалай жабамын деп жүрген Нартай тағы қайталап айтты. – Жиенімізге бермеген көрімдікті кімге береміз?

Мына сөзден кейін Әлсен де тоқтаған. Осы жолы қайтсе де Нартайға айтқанын жасататынына сенімді еді. Осыдан кейін екеуінің арасындағы етек алып кете жаздаған сөз басылып қалғандай еді.

Телқозының өкпесі

Бір күні келіп әкесі Шоң алдында сөз бастаған еді.

– Мына Қояншы-Тағайлар Кеттебекке біздің жылқыларымызды ұрладыңдар деп өтірік жала жауып жүрген көрінеді. Сен солардың болысымен сөйлесіп көрші…

Шоң білетін, Аралбайлардан Ортау болысына болыс болған Кеттебек еліне жақпай болыстықтан шығып қалған еді. Қазір туыстарымен ренжісіп, Шоң ауылына жақын жерде іргелес отыратын.

– Көрші отырған олардың дауы баяғыдан бері бар. Ол үшін мен жүре бермеймін, өздері шешіп алады. Ел арасында сәл бірдеңе болса мен шапқылай беремін бе осы? Ана билері отыр. Соларға неге жүгінбейді?

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x