Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Ол екі атты Телқозыға беріп едің ғой, енді әкеп маған тықпалап отырмысың қалай?

– Бұл аттарды жеккізген мен емес, Әйімкүл, – деді Әлсен.

Шоң Әйімкүлге қарады.

– Шоңке, бұл аттар пәуескеге көрік бергендей болып тұр. Одан неге қашасыз? – деді Әйімкүл.

– Мен білемін, әкесі де, өзі де қызметі өтпесе босқа бермейді. Жойқынбек, мына екі атты доғар да, күндегі жегіп жүрген аттарыңның парын әкел.

Шоңның кейде бет-жүзге қарамай осылай тікке сөйлейтіні бар еді. Әлсен қатты ашуланып қалған. Шоң оған қараған жоқ, Жойқынбекке:

– Алып келіп басқа аттарды жек.

– Шоңке, ол аттарды өріске жіберіп қойып едім. – Жойқынбек Әйімкүл мен Әлсеннің көңілдеріне қарап айтып тұр еді. Өйтпесе, кейін екеуі өзіне ұрсатынын білетін.

– Сен Елгелді, сөзді көбейтіп жібердің ғой, асығатын ештеңе жоқ, екі қаракерді алып кел, – деді Шоң.

Жойқынбек атты доғаратын болып жатқанда бәрін естіп, көріп тұрған Әлсен атқа жармасты. «Осы екі бозбен барамыз» деді ол. Шоң мен Әлсен арасында реніш сөздер туып қалды. Араға Әйімкүл түсті тағы да.

– Шоңке, сіз қалайсыз? Әлсен сіздің ең жақын досыңыз. Соның әкелген атын пара дейсіз. Мынауыңды ел естісе ұят емес пе?

Шоң енді сөзді Әйімкүлге арнап сөйледі:

– Ел сен сияқты емес, басқаша ойлайды. Тағы да ертеңгі күні біреулер ақ боз ат алып келеді. Олардың да айтқанын жасай беремін бе? Олай болса, мен төркін жұртыңа бармаймын. – Үй сыртына қарай серуенге кетіп қалды Шоң.

Әйімкүл амалсыздан Жойқынбекті әлгі екі атты үй іргесінде жатқан жылқыға қосқызып жіберіп, олардың орнына екі қараны әкеп жегуге жіберген. Әлсен тұрып:

– Сенің күйеуіңді ел қанша ақылды дегенмен, осының есі дұрыс емес. Пара-пара деп қоймайды. Менің өз басым пара алмайтын адамды көргем жоқ. Анау ояздан бастап бәрі алады.

Әйімкүл Әлсеннің есі дұрыс емес сөзіне намыстанып қалды да, содан кейін айтқан:

– Шоңкең сондай таза адам, сондықтан соны жасайды.

– Бұл әлі үйрене алмай жүр, көреміз кейін талай пара алады. Онсыз болыс болып істей алмайды. Мен білемін, болыстардың алуы қандай көп болса, жоғары жаққа беру де сондай. Оны жасамаса біраз жылдан кейін Шоңды орнынан қуады.

Әлсеннің мына сөзі Әйімкүлге ауыр тиді. Енді Әйімкүл де Әлсенмен араздасып қалғандай еді.

– Сен Әлсен, аузыңа келгенді соға берме. Шоңкең осы жүрген болыстардың бәрінен де таза.

Әлсен тағы бірдеңе айтайын деп еді, сөз көбейіп кететінін білді. Және Шоң әйелінің тілін қатты алатын, кейін екеуін шатастырып қоятынын сезіп үндемей қалды. Жойқынбек басқа аттарды әкеп жекті. Сыртта біраз жүріп үйге кірген Шоңға Әйімкүл басқа аттардың жегілгенін хабарлады. Әуелідегі келісім бойынша Әлсен Әйімкүлдің төркін жұртына бірге баратын болған, Шоң мен Әйімкүлдің әлгі қылықтарынан кейін, қиқаңдай бастады:

– Мен бармаймын, өздерің жүре беріңдер.

Түндегі келісім болатын. Шоң жолай Әлсен үйіне соғып, әкесіне сәлем беремін деген. Біраздан бері есігін ашпаған. Әлсен әкесінің Шоңға өкпелі екенін өзі айтқан. Сондықтан міндетті түрде жолай соғып сәлем беріп кетпекші ойы бар еді.

– Әй, Әлсен сен ұмыттың ба, түнде жолда сенің үйіңе соғып әкеңе сәлем беруге келісіп едім ғой. Сенсіз барсам ол не дейді?

– Сен жүре бер, енді мен сенің пәуескеңе мінбеймін. Өзімнің салт атыммен барамын.

Бұлар жүріп кетті. Әлсен өзінің атымен салт келе жатты. Ауылына жақындай бергенде пәуескені тоқтатты да атын Жойқынбекке берді. Пәуескеге Әлсен мінді. Божыны алды, әлі ашулы еді, алдында бір қалыппен келе жатқан аттарды қамшымен тартып-тартып жіберді. Бұрын мұндай қамшы көрмеген, есі шыққан екі ат ала жөнелді.

Шоң үндемей отыр. Әйімкүлдің есі шығып кеткендей болды.

– Әлсен, өлтіресің бе? Бәрінен бұрын қазір пәуеске аударылып, мына балаға жазым болады.

Әлсен оны тыңдар емес. Аттарға қамшыны тағы басты.

– Ештеңе етпейді, Шоң аман болса, әлі талай бала табасың!

Шоң әлі үндемей отыр. Әйімкүлдің жаны шығып кеткендей болды. Аузынан сөз де шықпай қалған бір сәт. Әлсен сол аттың бар жүрісімен айдаған қалпы өз үйінің қасына келіп бір-ақ тоқтады. Шөміш көксау болатын, үй іші қапырық деп қысы-жазы есік алында отыратын. Пар ат жеккен пәуеске екпіндеп келіп есік алдына тоқтағанын жақтырмай қалды. Бірінші пәуескеден Әлсен түскен.

– Әке, Телқозының баласы саған сәлем беремін деп келді.

– Ол қай баласы?

– Әлгі болыс болған баласы.

– Атты айдап келген сол ма?

– Тап өзі!

– Телқозының мына баласы есірік екен ғой. Мені басып кете жаздады…

Бұл кезде Шоң пәуескеден түсіп, асықпай басып, Шөміштің қасына келген. Сөздің шет жағасын естіп қалды ол. Дәнеңе де деген жоқ, келіп қолын алды.

– Сен өзің атты қалай айдайсың?

– Сізге сәлем беруге асығып айдадым.

– Болыс болғандарға есірік тиеді деуші еді, сенде де сондай қасиет пайда болған тәрізді.

– Сізге сәлем беруге асығып келдім деп тұрмын ғой.

– Осы уақытқа дейін қайда жүрсің? Мынауың болыс болудың қызуы ма?

– Иә, болыс болғандар солай жүреді. Мына балаң айтқан, әкем қалжау деген, содан кейін асығып келдім, сәлем беріп қалайын деп…

– Жоқ, мен өлмеймін. Қорықпай-ақ қой. Қартайған өлмейді, ажал келген өледі.

– Ерназардың үлкені менің бабам, қартайған адам жасы жеткен соң күнін санап отырады дейтін. Қартайғанға ажал жақын жүретін көрінеді. Бұлай сөйлегенді қойыңыз!

Шөміш Жанкелді қайтыс болғанда ауырып қалып топырақ салуға бара алмаған болатын. Мына ұлы атасының атын атап алыстан әдейі шолып айтып тұрға болжаған Шөміш. Сөз таусылып қалғандай болды. Дегенмен, мына жас болысқа тигізіп бірдеңе айтқысы келді де:

– Сені орыстар жайдан жай болыс қойып жүрген жоқ екен. Сен жеңдің, мен жеңілдім. Сөзіңнің қатесі жоқ…

Шоң мына сөздің арғы түп-мағынасын түсіне қалды. Бірде әкесі сұраған: «Сені осы болыстыққа ояз қойды дейді. – Телқозы бұл сөзді елден естіген сөзіне байланынысты айтқан еді. – Сол рас па?» Шоң әкесінің бұл сөзіне ренжіп: «Осында өңкей билер сайлады ғой. Оны өзіңіз көрдіңіз!». Телқозының көкейінде «билер сені ояздан қорыққанынан сайлады» сөзі тұр еді. Оны айтпады. Ел әдейі Шоң ояз қарамағында істегендіктен сол үшін сайлап отыр, бастығын сатып алды сөзін ойы-шыны аралас айтқанын естіген кейбір мықтылардан Телқозы. Шоң сонда әкесінің аузынан сол сөзді естігенде ренжіп қалған. Бұл менің дұшандарымның айтатын сөзі деп, әкесіне қатты өкпелеп қалғандай болған сонда. Шөміштің мына айтқанында да соған ұқсас бір мағына жатқанын түсінді Шоң. Соған орай:

– Мені орыстар емес, осындағы сіздердің билеріңіз қойды ғой. Сіз неге келмедіңіз?

– Мен барғанда болыс болып сайланбай қалатын едің!

– Әлі не кеш емес, Ақмолаға біраз билерді ұйымдастырып арыз жасаңыздар, орнымнан шығарады да тастайды.

Шоңның шындап бара жатқанын сезді де, Шөміш артықтау кеткенін білді:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x