Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Бүгін де әлгінде Малаймен болған қысқа әңгімеден кейін қайта кіріп жазуға отырған еді. Шабыты келіп жазғаны сонша, Шоң содан түскі тамаққа да тұрмады. Содан біржола жазуға беріліп кеткенін біліп Әйімкүл де тамаққа шақырып мазаламаған. Бесіндікке дейін отырған ол, орнынан көңілді тұрды.

– Әйімкүл ішіп-жейтін бірдеңең бар ма? – деп сұрады. Бұл жазу ойынан шыққан соң куаныштың белгісі еді. Жазуы сәтті шыққанда оның осылай жақсы күймен орнынан тұратынын Әйімкүл білетін.

Өзіне арнап жасалған түскі тамақты қайта жылытып дастарханға қойды. Әйімкүл екі-үш сағат тұрып қалған тамақты күйеуіне бермейтін. Баяғыда, анау Ақмолада тұрғанда бір жаққа шаруамен барғанда ұшынып қалғанын білетін, содан бері Шоң тамақты көбіне бөлек салғызып жейтін. Содан түн асқан түгілі, күн тұрған асты бермейтін. Шоң сұрап тұрған соң қайыра тамақ дайындауға мұршасы болмай, түсте дайындалған тамақты берген еді. Бұл ешкімнің қолы, аузы тимеген ас еді. Шоң өзінің биязылығына салып, асықпай ішіп-жеп сыртқа шығып кеткен.

Әкесі туралы да, Аралбай Кеттебек туралы да – бәрін бір сәт ұмытып, әлінше жазу үстелі басында туған ойлары қайта туындап, тыста жүре алмай тағы жазуға отыруға келе жатқан. Мұндайда айналада болып жатқан жағдайларға да мән бермейтіні бар. Тіпті, көрмейді деуге болады. Ішкі ойлар жетегіне беріліп сыртқы дүниенің бәрін ұмытатын әдеті еді. Шоң казір сондай күйде болатын.

Шоң жаза бастағалы мұндай сәттілік жиі болмайтынын түсінген. Ондайда қайта жазуға отыратыны болушы еді. Қазір сондай күйге беріліп, үйге қарай кері бұрылған. Кенет тура өзіне жақындап келіп қалған әкесін бір-ақ көрді. Жетегінде екі аты бар. Тура қасына келіп тоқтады.

– Мына аттарыңыз не?

– Мынауы айғыр. Етті орыс жылқысының тұқымы көрінеді. Бір өзінен қазақтың екі жылқысының еті түседі дейді. Сондықтан тұқым алу үшін екі айға Кеттебектен сұрап алдым. Қасында үйірі болмаса жылқы да тұрмайды ғой. Сол себепті, мына биесін қосып берді. Екі-үш биені айғырдан шығарып алған соң өзіне қайтып беремін.

Шоң әкесінің бұл қылығын жақтырмады. Көңілі онша емес адаммен жасап жүрген мұнысы дұрыс емес екенін айтса қазір әкесін ашуландырып алармын деп, үндемеді. Сонсоң екі жылқыға назар аударды. Екі жылқыны көзбен шолып өтті. Бойшаң, денелі, арқа-жоны жалпақ малдар екен. Әкесі айтса айтқандай, қазақтың екі жылқысынан шығатын еті бар әрқайсында. Соны түсініп тұр еді.

– Кеттебек бұл жылқыларды қайдан алған?

– Ақмола базарынан сатып алыпты…

– Сіз сонда сан барып тұрасыз, осындай тұқымнан сатып алмайсыз ба? -Бұл сөзі әкесінің Кеттебектен жылқы алғанын жақтырмағанының белгісі еді.

– Бұл жылқылар қыруар ақша көрінеді. Сатып алып жүргенше осы дұрыс емес пе?

Шоң әкесінің сараңдығын осы жерде тағы мына сөзінен көріп қалғандай болды. Алайда Шоң үндемеді. Дегенмен Кеттебектін жайдан-жай жанаса бермейтінін түсініп тұр еді. Әкесінің өзіне бұл берудің артында Кеттебектің бір талап, тілегі тұрғанын топшылады. Әлгі қысқа әңгімесі негізгісінің бастауы ғана екен, Телқозы сәлден соң сөзін әрі қарай жалғады.

– Кеттебектің саған бір тілегі бар екен, өткен жолы айттым ғой, Қояншы-Тағайлар көршілері біздің жылқымызды ұрлады деп пәле салып жатқан көрінеді. Соны реттеп берші. Оязға арыз түсіріпті. Ақмоладан біреу келіп тексеріп кетіпті.

Шоң Ақмоладан адам келсе өзіне соқпай кетпейтінін білетін. Кеттебекты мынасы күні бұрын жасап отырған сақтық екенін сезді. Сөзі жалған екенін түсінді. Ішін бір реніш жайласа да, оны сездірмей Шоң әкесінің бұл қылығын ұнатпай тұрса да, оны үндемей тындай берді.

– Сен мені тыңдап тұрсын ба?

– Айта бер, тыңдап тұрмын…

– Кеттебек пәлен жыл көрші отырған адам ғой, соған көмектесіп жібер.

– Телқозы, өткен жолы айтқанмын, Аралбайларға ешкім өз бетімен тимейді. Бар пәле сол Кеттебектің өзінде шығар. Тағы да айтамын, ана болыс, би Құтжанды жіберсін. Ол ана Ыбырай төремен құдандалы. Қаракесектер оның айтқанын екі етпей орындайды.

Шоңның кейін тартып тұрғанына әкесі ашуланып қалды да:

– Сен айтқандай Құтжан тәрізді басқа да билер толып жатыр. Сені өз болысыңның адамы Кеттебек әдейі айтып отыр. Ана Каракесектер көрінген билердің сөзін тыңдай бермейді. Сенің болысыңа қарайды, соны ескеруің керек. Әуелі тексеріп барып айтпайсың ба? Күні бұрын байбалам салғандай етіп тұрсың!

Әкесінің бұл айтқанында бір жөн бар екенін Шоң сезді. Қазір екі ру арасында бір шатақтын болайын деп тұрғанын да түсінді. Аралбайлар ешқашан біреуге пайдасын жібермейтінін білетін. Содан кейін іштей бұған араласудың жөн, әлде қисық екенін біле алмай тұрған. Бұдан кейін әкесі сөзді көбейткен жоқ, кетіп бара жатып ат үстінде дауыстады:

– «Көрші ақысы – тәңір ақысы» дейді қазақтар. Соны ұмытпа.

Шоң сәл ойланып тұрып қалды. Кеттебекті де жақсы білетін, ешкімге есесін жібермейтін. Онымен дауласқандар пәле үстіне пәле қосып алатын. Ел содан одан аулақ жүретін.

«Ойпырмай, ә… – деп ойлады Шоң. – Бұл Қаракесектер Кеттебекке қалай тиісіп жүр екен?» Шоң бір жағынан Каракесектер де жай жатпастың өзі екенін, бірақ олардың қай жерден, кімнен жылқы ұрлайтынын талдап-барлап қимылдайтын адамдар екенін жақсы білетін. Ес білгелі Қаракесектер көрші отырған Аралбайдан жылқы ұрлады дегенді естіген емес. Сірә, көршілікті сақтауды қадыр тұтатын Қаракесектердің іргесінде отырған руларға тиіспейтінін білетін. Аралбайлар да солай еді. Олардын ұрылары да көрші жатқан Қояншы-Тағайлардан мал ұрламайтын. Сонау Найман, Тобықтыларға шығып кетіп, сондай алыстағы рулардан ұрлайтын. Шоң оны естіп жүрген. Қолма-қол Ақмола базарына апарып сатып жіберетін. Содан оларды ешкім ұстай алмайтын. Кеттебек тәрізділер бұл үшін арнайы ұрылар ұстайтын. Шоң әрі-сәрі, екі ұшты ойға қалды, біріне де тоқтай алмады.

Шоң сыртта біраз жүріп, үйіне келсе Телқозы әлі кетпеген екен. Алып келе жатқан екі жылқысын сырттай қызықтағандай қарап, есік алдында тұр екен. Осы кезде тысқа Әйімкүл шықты.

– Келін, әлгі дәмді шайыңды қойып жіберші. – Бұл Телқозының Әйімкүлге жақсы күйде болғанда айтатын сөзі болатын. Әдетте, келіндеріне қатты Телқозы ретті жерінде келіндерін осылай мақтап жіберетін де әдеті бар еді.

– Көке, олай болса неге тұрсыз, үйге кіріңіз. Шай қайнап тұр, – деп ол да жалбалақтап қалды. Сармантай аулында да үлкендерін «көке» дейтін әдет бар екен, келін болып түскеннен кейін үлкен әкесі Сәттібай тәрізді, Телқозыны да солай атап кеткен. Телқозы бірден үйге кіріп кетпей, жақындап келе жатқан Шоңды күтіп тұрған. Ол қасына келген соң әлгі сөзін тағы қайталап айтты. Екінші рет Телқозының ескертіп айтуы, шаруасы маңызды болғанда жасайтын әдеті еді. Мұны Әйімкүл жақсы білетін. Әдейі келініне естірте айтып тұрған. Өйткені, Шоң Әйімкүл аузынан шыққан сөзді жөнсіз болмаса да қалт жібермей орындайтын. Телқозы да біліп алған. Сондықтан әдейі келінінің көзінше айтып тұрған еді, ол да:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x