Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Название:Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549501
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Кеттебек жай жүрген жоқ шығарсың, негізгі шаруанды айта отыр, – деді Шоң.
– Біріншіден, көптен бері көріскеміз жоқ, амандасуға келдім. Екіншіден, бір ойламаған жағдай болып қалды… Сөзінің жартысын жұтып үндемей отырып қалды Кеттебек. Бәрін әкесіне айтқан, соны Шоң аузынан есту ойы бар еді. Содан кейін бастамай отырған еді. Шоң отырып:
– Кеттебек бір шаруамен келген шығарсың. Келген шаруанды айта отырсайшы.
– Менің шаруамды сізге Телекең айтқан болуы керек.
– Сенің өз аузыңнан естігім келіп отыр.
Осы арада Кеттебек ағытылып кетті. Мына Қояншы-Тағайлар күн көрсететін емес. Таяуда бір үйір жылқымызды айдап әкетті.
– Ол сіздерге баяғыдан жақсы құдандалы адамдар емес пе, қалай айдап әкетеді?
– Дуанды мына орыстар басқарған соң күшейіп тұр ғой. Ыбырай уақыты болса көрер едім, ығымнан жүрмес еді. Орыстар билеген соң мықты болып барады.
Шоң мына сөзіне қарай қарсы сұрақ берді.
– Қояншы-Тағайлар басқа уездің адамдары. Ақмола орыстарымен қалай тіл табысып жүр екен?
– Қалтаға салған ақша тіл тапқызып жүр ғой.
– Сонда кімге берді деп ойлайсың?
– Кім білген? Қазір Ақмолада анау Герасимов деген орыс бар, содан бастап бәрі пара алады. – Кеттебек әдейі ояздың атын атамай отырған. Өйткені, Шоңның көңілі онымен жақын деп білетін. Содан кейін ояздың атын аузына алмай, тек Герасимовтың ғана атын атаған. Бұл Кеттебектің өзіндік саясаты еді. Өткен жолы Ақмолаға барғанда Ыбырайды салып еді, ол да оязға жол таба алмаған. Болыстарды сайлау билігін Карбышевтың өзі алған соң Ыбырай одан қорқа бастаған еді. Содан екеуі Герасимовқа барған еді. Герасимов отырып, «Ол жақта Телқозин бар ғой, соны саласыңдар ма, оны ояз қолдайды» – деген. Герасимов та бұл шаруаға араласса, Карбышевтен жақсы сөз естімейтінін біліп отыр еді. Содан кейін осылай сөйлеп отырған болатын. Әйтпесе, Герасимов та пара алудан қашпайтын. Ана жолы Ортау болысына Кеттебекті сайлап келгенде Карбышев жақтырмай Герасимовке біраз сөздер айтып тастаған еді. Сірә, ояздың мұнысы Шоңның айтқанымен болып отыр деп топшылаған еді сонда. Кейін Шоң Ақмолаға бір барғанда Герасимов Шоңның өзіне айтқан, анау Кеттебек атты киргиз маған пара берді, бірақ мен алмадым деген. Мұнысы Шоң арқылы Карбышевке жеткізіп қалудың амалы болатын. Алайда, ол туралы Шоң оязға айтпаған еді.
Оның себебі бар еді, Кеттебек болыс болып тұрған жылдары болысындағы адамдарға қырғидай тигенін Карбышев те естіген. Содан оған дұрыс қарамай кеткен. Шоң Кеттебектің сондай қылықтарын жақтырмайтын. Бұрын көңілдері дұрыс болса да содан кейін суып кеткен. Енді міне, амалсыздан алдына келіп отыр.
Кеттебектің өз аузынан есту үшін Шоң одан сұраған еді:
– Өзіңмен дауласып жүрген қайсы?
– Анау Бәрлен бай. Ол пара берген болуы керек. Ақмола да соны жақтап отыр.
Қояншы-Тағайдың бұл байын Шоң сырттай жақсы білетін. Бірақ көріп, сөйлескен адамы емес еді. Шоң оның мына сөзіне ренжіп қалды да, содан кейін айтқан:
– Сіздер құдандалы адамсыздар, барып өзің сөйлеспейсің бе? Екіншіден, олар Ақмолаға қарамайды. Қарқаралы уезіне барып арыз айтыңдар. Менің білетінім, орыстар оларға жайдан-жай көмектеспейді. Дұрыстап айтсайшы, кімге пара бергенін, олай болмаса арты дау, бос сөзге айналып кетеді.
– Шоңке, өз көзім көрген жоқ. Орыстар бірдеңе берсе ғана қимылдайды. Олар қазақты сыйламайды, берген парасын сыйлайды. Сізге ғана айтып отырмын. Қаракесектің Қояншы-Тағайлары берсе бере берсін, онда жұмысым жоқ, менің бір-ақ тілегім бар, ұрлаған малымды қайтарсын!
Шоң Кеттебектің мына сөзінде жалған да, шындық та барын сезді. Орыстардың қазақтардан көрсеткен қызметі үшін пара алатынын білетін. Олар кінә болса, Кеттебектің де, Қояншы-Тағайлардың есін шығаратынын біліп отырған. Алайда, Шоң Кеттебектің мына сөзіне күмәнданып қалды.
Ақмоладан түк бітіре алмаған соң келіп отырған. Каракесектердің үстінен арыз айтып барғанда Ыбырай айтқан: «Ояз менің тілімді ала бермейді, анау Шоң оязбен жақсы, соны пайдаланыңдар» деген. Шоң да Ыбырайдың дуанбасы болып тұрғанда Аралбайлармен жақсы болғанын білетін. Осы жаққа келіп жүріп Ыбырайдың көңілінен шығып, Құтжан би Ыбырай төренің бір қызын, қара қазақ болса да, баласына алып берген. Содан Ыбырай мен Құтжан бұрыннан да жақындасып кеткен. Сол кезде Кеттебек сырттау қалған. Ыбырай құдандалығын пайдаланып, Құтжанға Ортау болыстығын алып берген. Содан екі ағайынды Аралбайлардың арасында бір реніш барын сезетін Шоң. Соны біле тұра айтқан:
– Ана Құтжан ағаң бар ғой, соған неге барып айтпайсың? Олар Ақмола оязына арыз жазса, сендер Қарқаралы оязына соны жасаңдар.
– Ол кісінің үстінен біреулер арыз түсіріпті. Содан кейін ол кісіге бара алмадым. Оның үстіне біздің ауыл сізге қарайды ғой. Сіз тұрғанда оған қалай барамын?!
Шоңның іші сезе қалды. Кұтжан үстінен арыз жазылып жатса, оны ұйымдастырып отырған Кеттебектің өзі екенін білді. Әйтпесе, Құтжан Аралбайлардың өз арасындағы дауға араласпай қалмайтын. Құтжанға бармай өзіне келіп отыр. Өйткені, Құтжанның көмектеспейтініне Кеттебек сенімді. Әйтпесе, Шоңға келу ойында жоқ еді. Ойламаған жерде Аралбайдың бір байының үйінде Телқозымен кездесіп қалып, орыстың жылқылары туралы сөз шығып кеткен еді. Сонда Телқозыға айтқан, Шоң менің бір тілегімді орындаса сізге мен орыстың денелі, етті екі жылқысын беремін деген. Арнайы ертіп апарып көрсеткен де еді.
Малсақ Телқозы өзі денелі, өзі ірі жылқыға қызығып кеткен. Сол жолы біраз биелерін айғырдан шығарып алуға онымен келісіп кеткен. Сонда Кеттебек айтқан: «Телеке, балаңыз айтқанымды орындап берсе осы екі жылқыны сізге біржола беремін». Осылайша алдында Телкозының аузын алып қойған. Соған сеніп жүр еді. Бірақ алдыңғы күні Телқозы келіп айтқан: «Кеттебек, мен айттым, сен өзің де Шоңның алдынан бір өтсейші». Өз аузыңнан естісін дегені еді. Кеттебектің Шоң алдына баруға онша көңілі тартпай отыр еді. Дегенмен, бармай қалуға тағы болмайды. Қаракесектер Ақмола жаққа арыз беріп жатыр деген сөзді Ыбырайдан соңғы барғанда естіп келген. Бір жағынан намыс кетіп барады. Ақыры амалсыз келген. Шоң Кеттебектің сөзін тыңдап алды да:
– Сол Бәрленнің өзі ме, әлде басқа біреуге көмектесіп отыр ма? – деді. Өйткені, әліде де кінәлі адамының атын туралап атамай отырған Кеттебек.
– Ұйымдастырып отырған сол Бәрленнің өзі. Ар жағын білмеймін, Шоңке, мен сізге неге өтірік айтамын?!
Ақмолаға арыз жазып жатса, бұл оңай шаруа еместігін сезген Шоң.
– Олармен қыз берісіп, қыз алысып, жақсы туыс болып кеткен адамдарсыздар ғой, оны олар неге жасап жүр?
– Маған ерегісіп жасап отыр. Мына іргеде жатқан Тамалардан бір қызды келін етіп түсірдік. Соны біздің қалындығымыз дейді. Соған өздерінше қайтарған амалдары ғой…
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: