Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Название:Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549501
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Бұл арада бір үлкен шатақтың барын біле қалып, енді Шоң сұраған:
– Айттырып қойған қыз ба?
– Ол жағын білмеймін. Қыз біздің жігітті сүйіп, өзі келді.
– Бұл халық қызық болып барады. Барлық дауды жылқы ұрлаумен бітіреді. Баяғы заман жоқ, енді орыс келді. Олар өздерінше шешеді. Ел арасында осындай дау туғызып жүрген адамды енді Сібірге айдайды. Олар үшін ең оңай жолы сол. Ал біздің қазақ оны түсінбейді.
Мына сөзді естігенде Кеттебектің жүзі өзгеріп кетті. Орыстар талай адамдарды Сібірге айдап жібергенін де білетін. Солар есіне түсіп кетті де сөзі бітіп қалғандай болды.
– Дау, өзің айтқандай, қызға байланысты ғана шығып отыр ма, әлде тағы бірдеңе бар ма?
– Басты себеп сол қызда болып отыр ғой. Басқа ештеңе жоқ.
– Әке-шешесі қалай қарайды екен?
– Бар мәселе сонда жатыр. Ана Қаракесектерден бірдеңе алып қойған тәрізді. Сондықтан олардікін жөн деп отыр олар да.
– Кеттебек, сен бұл дауды ушықтырмай, Қояншы-Тағайлардан барып кешірім сұра. Қыз сіздерге өзі қалап келіп отырса, әке-шешесінің сөзі түк емес. Кешірім сұра.
Мына сөз Кеттебектің намысына тиіп кеткендей болды. Кеттебек ойлады, мына Шоң олардан бірдеңе алып қойған ғой, маған әкесі айтса да, бетін бұрмай сөйлеп отыр. Осында келер алдында Телқозыға барып жолыққанда ол айтқан, Шоң айтқанды жасайды дегендей мән жатқан сөзінде. Кеттебек те Шоңның әкесінің айтқанын орындайтынына сенімді болатын. Бірақ бұл өз ойынан шығатындай сөз айтпай отыр.
– Шоңке, Алтай-Қарпық балаларымыз, пәлен жылдан аталарымыз көрші болып келеді. Менің намысымды Қаракесектерге бермейтін шығарсыз. – Туысқандықты еске салған соң Шоң мынаның әбден қысылып келіп отырғанын түсінді.
– Әрине, өзің айтқандай болса, олардікі орынсыз. Сөйлесіп көруге болады. Ең дұрысы, өздерің барып сөйлескендерің, болмаса билердің отырысына қойыңыздар, оған көнбесе, ояз алдына мен қоямын.
Мына сөзі де Кеттебек көңілінен шықпады. Билер талқысына салса көп билер өзіне қарсы шығатынын біліп отырған. Шоңның әлі иілмей отырғанын білді, дегенмен ояз алдына қоямын дегеніне қуанып қалды. Әлі де Каракесектердің айтқанына кетіп қала ма деген күдігі бар еді, соған орай:
– Қаракесектер мың құбылтып сөйлеуге шебер халық қой. Олар өтірікті шындай көрсетуге келгенде алдына жан салмайтын ел. Сол жағын еске алыңыз, Шоңке.
Бұл сөзі осы шаруаға кірісіп, маған жығып бер дегенмен бірдей еді. Енді Шоң күдігі тіптен күшейді.
– Кеттебек, әуелі өзің барып сөйлескендерің жөн шығар. Келісімге келу керек. Екі араға түсіп, делдал болған менен гөрі, өздеріңіздің сөздеріңіз өтімді болар. Баяғыдан бері көрші, туыстай болып кеткен адамсыздар. -Дастархан басында бұл екінші мәрте «өзің барға» сілтеген сөз еді.
Шоңның мына сөзі тағы да тілегінен шықпады. Ойлаған, Ақмолағы ояз алдында беделі бар, туысқандығымыз, көршілігіміз бар, Шоң Қаракесектерді маған жығып береді деген ұйғарыммен келген. Оның үстіне Телқозыға екі жылқы беруде де есеп болатын. Алайда, Шоңның мына айтқаны ойлағандай болмай отыр. Шоңның бұл ұйғарымына қарсы сөз де айта алмады. Сәл отырып барып:
– Сіздің солай дегеніңіз дұрыс қой, бірақ сол Бәрлен жүзін көргім келмей отыр. Әбден көңілім қалып қойыпты. – Бұл жолы да «сізге» деп, кішірейіп сөйледі. Шоң сонда да икемге келмей қойған.
– Кеттебек, күнде көрісіп жатқан көршілеріңіз. Бәрібір түбінде көресіздер. Өмір бір қалыпты осылай сіресіп тұрмайды. Бүгін араз болсаңыздар, ертең татуласасыздар. Сен Бәрленді көргің келмесе, басқаларымен қатынас жаса. Ешқайда кете алмайсыңдар, әлі талай жүздесесіздер. Ертеңгі күні бір жастарыңыз Қаракесектерден қыз алып келсе, бір дастархан басына отырасыздар амалсыздан. Бәрібір сіздерді жастар араласстырады. Жылы араны суытпаңыздар!
– Шоңке, қайталап айта бересіз. Мен айтып отырмын ғой, олардың жүзін көргім келмейді.
Шоң сөзі біткендей сәл отырып қалды да:
– Менің сізге берер соңғы кеңесім, өздеріңіз тіл табысыңыздар, – деді. Бұл болыстың айтқанын жасағысы келмей отырғанын түсініп, Кеттебек орнынан тұрды да, ләм деместен шығып кеткен еді. Шоң да бір түсініксіздеу күйге беріліп қала берген. Мынау ана Қаракесектерге қатты ренжіген ғой, әлгі айтқандарым орынсыздау болды ма деген ойға қалған өзі де. Алайда, құдандалы ел бірінен-бірі кетпейді, өздері тіл табыссын деген ойға келген сол арада. Арада бір күн өткенде әкесі Телқозы келді. Үйге сөйлей кірген болатын:
– Сен анау Кеттебекті неге ренжітіп жібердің?
– Ренжитіндей, мен оған басы артық сөз айтқам жоқ.
– Сен өз болысыңның адамының шаруасын ана Каракесектерге барып, реттеп қайтпайсың ба?
– Барғанда, сізге екі жылқы бергені үшін барамын ба?
– Екі жылқыда емес мәселе, пәлен жылдан бері көрші отырған ел. Екіншіден, сенің болысына қарайды Кеттебек. Солардың бір тілегін орындасаң нең кетеді. Дұрыс пен қисықтын арасында билік айту сенің міндетің!
Шоң әкесінің қатты ашулы екенін білді. Кеше өзінен шыққаннан кейін Кеттебек әкесіне барғанын түсінді. Екі жылқыға әкесінің көңілі қатты кетіп отырғанын да сезді. Телқозы бұдан басқа сөз айтпай шығып кетті. Сол бойы үйіне тартып кеткен еді. Рас, Кеттебектің айтқанындай болса жақсы, бірақ бір нәрсені жасырып отырғандай көрінді Шоңға. Барудың, бармаудың қай жағына шығарын білмей біраз ойланған. Ауыл арасы жақын, кешінде інісі Малай келді. Інісінің қатты ашумен келгенін сезді:
– Шоң, әкемді ренжітіп жібергенің не?
– Телқозы сенің әкең болса, менің де әкем. Онда жұмысын болмасын… Көзіме көрінбей, кетші өзің…
Малай Шоң алдында басы артық сөз сөйлемейтін, ағасының өзінен артық туғанын білетін, жақсы сезетін. Сондықтан сыйлайтын, бір жағынан Шоң қол көтере ме деп де қорқатын. Баяғыда бала кезінде екі-үш рет ұрып та алған. Ағасының сол мінезі көз алдында тұратын. Қазір Малай Шоңнан әлде қайда денелі, ірі болып өскен. Ұстаса кетсе шамасы келетінін білетін. Бірақ ағасының жағасынан қалай ұстайды. Дегенмен, ағасына әдеттегісінен дауыс көтеріп сөйлегені ұнамады. Інісінің мына қылығы да Шоңның ашуын келтіргендей. Малай сөзді одан әрі өрбітпей, үйге кіріп кетті. Үйде Әйімкүл отыр екен. Екеуінің ренжісіп қалғанын сезді. Баяғыда жеңгеге санап шай құйып жатып отырған жеңгесіне қазақ тәртібімен қол жүгірткені бар еді. Өткен жолғыдай қасына қисая кеткен Малайдың мына жатысы ұнамады. Содан кейін Әйімкүл: «әрірек жатшы» деген.
– Сен олай деме, мен сенің әмеңгеріңмін. – Бұл сөзді Малай құлағына бірде Телқозы салған. Шоң ауырып жүр, ол олай-бұлай болып кетсе Әйімкүлді саған қосамын деген. Мына сөзді содан кейін айтып отыр еді. Малайдың өзі де білмейді, Әйімкүлге құмарлық бар еді. Әйімкүл Малайдың сөзіне ашуланып қалды да:
– Сен өзің осы үйден шықшы, – деді.
– Мен сенің үйіне емес, ағам үйіне келдім.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: