Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Русское современное. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Қарақозы:

– Мына Алдажұман бүгін құбылып сөйлеп отыр. Осы берген қалың малды азсынып отыр ма, білмеймін. Әлі де балаларыңмен тағы бір сөйлесіп көріндер дейді. Ол не сөз екенін түсінбедім…

Былтыр Телқозы баяғы берген қалың малды қайтарыңдарды айтып барғанда осы қызын Шоңға бермеші болған. Бұл құбылысына Алдажұманның Жамал да түсінбеді. Содан кейін ешнәрсеге түсінбегендей ой білдірді. Соңында айтқаны:

– Қалың малды азсынып отырса тағы да мал береміз…

Қарақозы келінінің айтқаның жеткізуге Алдажұмаға қайыра барды.

Қарақозы келіп Жамал айтқан сөзін жеткзігенде ол, көңілінде түрған күдікті сөзін ашық айтты:

– Мал жағын қойшы, мен сол берген малға ризамын. Менің ойлап отырғаным қазіргі баламның бақыты. Осы сіздердің балаларыңыздың жаратылысында бір кіәрат бар ғой деймін.

Қарақозының аңқаулығы бар еді, әуелінде Алдажұманның сөзіне түсінбей:

– Ол қандай кінәрат? – деп сұрады

– Әйелге шабыты жоқ, тәрізді. Екі күн қасында жатқанда қасына бір бармай ма?

Қарақозы Алдажұманның сөзін енді түсінді. Қарсы айтар сөзі жоқ сияқты көрінді.

Қарақозы қайтадан келіні Жамалға келді. Алайда, Алдажұман аузынан шыққан сөзді айтуға дәті бармады. Ұялды. Басқаша сөйледі.

Ол Жамалдан Шоңның анау Ақмола жақта алайын деп жүрген қызы жоқ па деп сұрады.

Ондай болса айтар еді ғой, айтқан жоқ, -деді Жамал.

– Аналар қыздан қашып жүр дейді. Мынасы ұлкен ұят болды, ішіңнен шыққан бала ғой, өзің сөйлесіп көрсеңші.

Шоңның бұл қылығы шешесін де таңқалдырды.

Жамал Қарақозыны Ағеке дейтін. Сонысына салып:

– Ағеке, Телқазы айтып отыр, қай бала әкесіне қарсы шығады.

– Жамал мен байқап жүрмін, осы баланың мінезінде бір өзгешелік бар. Орысша оқығанның әсері ме, білмедім. Түсініксіздеу өзі…

Жамал Қарақозының сөзіне қарсы ештеңе айта алмады. Ақыры, Шоңды оңаша шақырып алып сөйлескен еді.

– Мына құдалар реніш білдіріп отырған көрінеді. Сен қызына бірдеңе дедің бе?

– Осы сіздердікі қызық, мен көрмей жатып құда түсесіңдер де, енді келіп маған ал дейсіздер. Мен әлі де ойланамын, қызды сынап көремні. Содан кейін барып өз пікірімді айтамын. Қазір қызтуралы ешқандай пікірім жоқ.

Шоңның бұл сөзінде қулық бар еді. Кейінге салып алмай кету ойы бар болатын.

Шешесі басқаша қаттырақ айтқысы келіп еді, көңіліне қарап оны жасаған жоқ.

– Шоң қалқам оның ұят болады. Әкең құда түсіп қойды, енді аласың. Қыздың саған несі ұнамай қалды. Қыз жап-жақсы бала…

Сіз қалай-қалай сөйлейсіз. Қыз сіздерге емес, маған ұнауы керек алдымен…

Енді Жамал қаттырақ кетті.

Қазақтың ежелден келе жатқан ата дәстүрі бар, бала әкенің айтқан жерінен әйел алуға тиісті.

Егер көңілімнен шықпай тұрса қалай аламын?

– Кейін ұнатасың, бәрі де ретке келеді.

– Сіз Телқозыға қосылғанда ұнаттыңыз ба?

Мына сөзді естігенде Жамал сасып қалдыда, есімде жоқ дей салды.

– Сіз енді бұлай жалтармаңыз. Әр уақытта сүйіп алып, сүйіп тию керек. Күміс те мені ұнатпайтын секілді. Екеуміз бір-бірімізді ұнатпай қалай өмір сүреміз.

Жамал сөзі таусылып қалғандай үндемей қалды. Шоң бұдан кейін үйден шығып кетті. Жамал баласының бұл қылығын Қарақозыға айтқан болатын. Ол мына хабарды естігенде ойланып қалды да:

– Бұл жастар өзгере бастаған екен. Біз жас кезімізде әкемізге қарсы сөз айтпай, ал дегенін ала беруші едік.

– Бұл Шоңның мінезі ешкімге ұқсамайды, осындай бір тік кететіні бар.

– Мен әкем мен Телқозыға баланы орысша оқытпаңдар деп баяғыда айтқанмын. Мына орысша оқудың әсері.

– Ағеке бұл одан емес. Шоңның жаратылысы сондай. Мінезінде мен түсінбейтін қылықтар бар. Білмеймін. Кішкентай күнінен бір айтқанынан қайтпайтын мінезібар. Сонысына салып отырған тәрізді.

– Олай болса бұл баланы мына қызға телудің қажеті жоқ. Шатыстырмайық. Содан Қарақозы үйден шығыпкеткен еді. Тыста мұны күткендей Алдажұман отыр екен. Сөзді Алдажұман бастады.

Бұлар да Жамал Шоңмен сөйлесіп жатқанда әйелі екеуі қыздарымен сөйлескен еді. Екі түн бойы қасына жуымаған жігітке бармаймынды айтып, ат тонын ала қашқан екен. Күміс бұл жолы тіптен қатты кетті. Кімге бар десеңдер де барамын, бірақ мына жігітке бармаймын. Бұл сөзі әйелі арқылы Алдажұмыан құлағына да жеткен. Қыздың сол сөзі әсер етті ме, екеуі оңаша сөз бастаған еді, Алдажұман:

– Қареке, мен сіздерге қызымды бермеймін.

Қарақозы ашуланып кетті де турасын айтқан:

– Олай болса алған қалың малды қайтар! Мен қайтармаймын. Мен қыз бермеймін дегенім жоқ. Балаларың анадай мінез көрсетіп отыр. Барлық кінә сіздерден. Сондықтан малды қайтармаймын. Алдажұман тентек адам еді. Сол екі арада екеуі шатасып қала жаздап, зорға тоқтаған. Мұның артынан үлкен жанжал бет алып бара жатқанын түсініп Қарақозы айтқан еді:

– Жастарда ондай-ондай бола береді. Қайда кетер дейсіз, түсінеді де. Бұл баланың әуелден сондай мінезі бар. Әкеміз Жанкелді еркелетіп жібергендіктен бе, білмеймін…

Алдажұман ақыры көкейінде тұрған сөзді айтқан.

– Мен сіздерге баланы бермеймін демеймін. Сіздерде өсіп келе жатқан жастар көп қой, солардың біреуіне берейін. Бұл екеуін әуре етпейік. Қарақозы ойлаған, егер құдалықты бұзып барсам, Телқозы улкен шу шығарады. Пәлен бас мал босқа кеттіні айтып, соңынан қалмайтынын білген еді. Жанкелді тұқымының малдарының барлық билігі Телқозықолында еді. Базарға апарып сатып, Жанкелді тұқымына қарасты шаруаның бәрін Телқозы атқаратын. Одан асып ешбір әкесі қимыл жасамайтын. Жанкелді оған тұңғыш немересі болғандықтан барлық билікті беріп қойған. Бабасы Жанкелді, әкелері алдында Телқозыда еркін сезінетін. Қазір Қарақозы Телқозыға не айтып барамын туралы ойға берілген еді. Бір байламға келе алмай ұзақ отырды. Алдажұман да оны асықтырмай күтіп отыра берді. Әлден уақытта Қарақозы тіл қатты.

– Ондай жағдайда өмірде бола береді. Оған не істейміз. Рас, Жанкелдіде ұрпақ көп, болмаса солардың біреуіне алып береміз. Бәріміз де Алтайдан тудық. Туыстығымыз да, құдалығымыз да сол қалпында қалсын.

Бұл Алдажұман тілегінен шыққан сөз болды да ол былай деді:

– Менің де сіздің өзіңіз де менің ойыммен ұштасып бір жерден шығып отыр. Бірақ осы сөзді Телқозы аузынан естиін. Әйтпесе, етреңгі күні ол келісімді бұзуы мүмкін. Алдажұман Телқозыберген малдарын алатынын ойлап қорқыңқырап отыр.

Қарақозы барлық жағдайды айтып ауылға Малайды шаптырған. Телқозы Қарақозының сәлемін естіп алып Малайға айтқаны.

– Олай болса Алдажұманның қызын сен ал.

– Менен бес жас үлкен көрінеді. Қалай аламын? Ана шешең де менен үлкен. Онда тұрған ештеңе жоқ. Қызтисе алабер. Мен де алдым ғой. Қайта өзіңнен үлкені жақсы болады. Ақылы толған, бәрін үйретіп отырады.

Әкесінің мына сөзіне қарсы Малай ештеңең айта ламды. Жаратылысында өзі жуас еді. Әкесінің сәлемін айтып келген. Бірақ Малай көңілінде мазасыздық бар еді. Бұған Шоң қалай қарайтынды ойлаған. Телқозының айтқанын әуелі шешесіне жеткізді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x