Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Русское современное. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Баласының мына оқудан келген демалысын пайдаланып келінде түсіріп алу болатын Телқозы ойы.

Шоң әкесімен, Алдажұман арасындағы жағдайды білмейтін. Әкесінің әйел ал деген сөзіне қарсы келе алмады. Көбеннің сөзінен кейін іштей онша жақтырмағанымен сырттай қарсы келмей араға екі күн салып Балқаш жақтағы Алтай-Мойын Алдажұман байдың аулына жүріп кетті. Бас құда болып Қарақозы, шешесі Жамал баратын болды, інісі Малай бар, бас-аяғы он-шақты адам еді. Шоңмен бірге Жәмке күйеу жолдас болып баратын болды, онымен қосып, өздеріне жақын тұратын Тілендерден дос көңілдес Әлсенді шақырып алды. Оның әкесі Ерназарлардан әйел алған. Туыстарымен жанқаласып осы әйелінің төркін жұртына жақын отырған еді. Ауыл арасы жақын болғандықтан Әлсен Телқозы ауылына жиі келетін. Күйеу жолдасқа Шоң осы екеуін лайықты көрген. Жәмке бойы тұнып тұрған өнер. Тойды қызықты ететінін Шоң түсінген.

Содан олар жүріп кеткен. Жолай Жәмке ән салып, домбыра тартып айналаны думанға бөлеп келе жатты. Жәмке өнері Шоңға тіптен қатты ұнаған еді. Содан ол жолда, сен менімен бірге Ақмолаға барып оқуға түс, -деген еді.

– Барамын, туысқандарым жіберсе…

– Ол кім?

– Сәтек деген немере ағам бар!

– Таубай ақсақал айтса жібереді.

Әңгіме осымен бітіп қалған. Эәмкеге Шоңның мына сөзі бір қанат байлағандай еді. Ол ерекше бір арманға бөленді. Көзі көреген жерге барып, оқу оқиды. Шоңның мына айтқаны түстей болып көрінді. Сыртқа шығармаса да іштей қатты қуанып келеді.

Қыз көру

Көбеннің айтқаны әсер етті ме, Шоң жол бойы үлкен толғаныста келе жатты. Қыз құшақтап, әйел алу сезімі соңғы жылдары ояна бастаған болатын. Қыз сүюге көңілде құмарлық бар. Көңілі, тек, Көбен айтқан сары қызды қаламайды,

Ақмолада оқып жүрген Шоңға төре қыздары қатты ұнайтын. Базарға барған сайын жиі көреді. Шеттерінен бір қалыптан шыққандай қара торы, Содан ба, қыздардың осындай түрлеріне көңілі құлап қалғандай. Бірақ төре қыздарының «ауылы алыс» екенін Шоң жақсы білетін. Өйткені, төрелер қара қазақтарға қыздарын бермейді. Қазақ алса байлығымен алатын, Сараң әкесі төрелердің сұраған малдарын бермейтінін білетін. Шоң көңілі тартып тұрса да төре қыздарына жуи қоймайтын. Мына жолы әкесі айтқан соң, көңілі жоқ болса да, қарсы келе алмады.

Шоң жолай басқалардан оңашаланып Әлсен, Жәмкемен ақылдасып қояды. Көңіліндегі күдігін жасырмады. Сары қыздарды ұнатпайтын, ондай қыздары сұбықаным сүймейді деген сөз айтып қояды, Егер қыз ұнамаса не істейтінін білмейтін. Жасы Шоңмен қатарлас Әлсен қызбен қатынастың қулық-сұмдықтарын жақсы білетін. Оның Шоңға айтқаны:

– Қыз адал емес екен түралы сылтау айтып тастап кет. Саған түк жасай алмайды. Солай оп-оңай құтыласың.

Әлсеннің мына айтқан сөзі көңілінен шықпады. Адал қызға ондай қылықты қалай жасаймын. Оным ұят емес пе, қызды бақытсыз еткенім ғой. Досының бұл айтқанына іштей келісе қоймады. Жол бойы Әлсен талай рет Шоңды солай үгіттеген. Әлі үйрене қоймаған, қыз жағдайын білмейтін Жәмке, бұл жағдайда сөзге онша араласпайтын. Көбіне келе жатқандардың тілегі бойынша ән салып, домбыра тартады. Жол бойы жақсы әндерімен Қарақозыға да, Жамалға да ұнап қалған.

Көңіл шіркін мың құбылды. Досының көңілін көтеру үшін Әлсен айтты: Сары қыздардың ішінде де әдемілері болады…

Бірақ көңіл шіркінде мықтап орнап қалған ба, қара торыға тарта береді. Дегенмен, Шоң ойланып, мына Әлсен сөзінде де дұрыстық бар шығарға тоқтаған еді. Жол бойы Шоң болашақ жарын көңілмен көз алдына елестетумен келе жатты, бірақ бір тоқтамға келе алмаған. Сан ойға кетті. Бір жағынан мен өз тұрғымнан ойлап келемін, ал егер қыз сүймесе, маған көңілі болмаса қайтемін. Қазақта қыз сүймеуі болмайды, жігіт сүйсе болғаны деген қағиданы да еске алды. Бұл сөз Шоң көңілінен шықпайтын. Қыздың да тілегі, оның да жүрегі бар. Ал егер оның ойынан шықпасаң қандай жар болады. Осыны ойлағанда жүрегінде бір жазсыздық пайда болады. Алғашқы рет қыз ауылына күйеу болып баратын Шоң не айтарын әлі білмейтін еді. Қызбен қалай сөйлесуі керек, бұл Шоң өтпеген мектеп еді. Көз алдына елестет алмайды. Егер бір ақылсыз сөз айтып қыз көңілін қалдырып алам ба, ол менй сүймесе, онымен қалай тұрамын. Көңіл шіркін тұрақсызданып сан тарапқа кетіп, құбыла береді. Алайда, бұл теренде жатқан күйді тіс жарып қасында келе атқан досы Әлсенге де айтпайды, Ол туралы сөз қозғаудың өзін ұят көрді.

Алдында Алдажұман ауылына жаушы кеткен еді. Бұлар құдалардың келуін күтіп дайындалып жатқан. Бұлар асықпай жүріп, араға бір қонып келесі түс ауа келді. Құдалардың келуі осы ауылға бір күй, бір сәнділік, қызық думан алып келгендей еді. Лезде тыныш жатқан ауыл өзгеріп сала берді. Құдалар күйеу баланы ауыл сыртында қарсы алып, қыз-жігіттер қуанысып жатыр, Бұрын көрмесе де әке-шешесі келісіп құда түскен соң қыздар болашақ жарының алдынан шығып қарсы алу салты бар еді. Бәрі келісіліп қойған, сондықтан Шоң да ойлап келе жатқан, қыз да алдынан шығып қарсы алады деген үміт те бар еді, бірақ қыз шықпады. Бұл жағдай Шоңды әртүрлі ойға жетеледі. Мына қыздың бұрын сүйген жігіті болып, маған ата-анасы зорлап, амалсыздан көніп отырғаны ма, осындайда көңілге не келмейді. Әуелден көңілі сүймей келе жатқан, оның үстіне қыздың өзінен бір жастай үлкендігі барын естіген. Мына алдынан шықпағаны әбден жігіттермен ойнап, қуланып алған шығарға болжаған. Бір сөзбен айтқанда, қыздың алдынан шықпағаны Шоңның көңіл күйін тіптен бұзды. Ауыл жастары қазақтардың ежелгі әдетіне беріліп, Шоңның атына жармасып, мініп те кетпекші болды. Шоң олардың бұл қылығын ұнатпай қалды. Ашуланған. Қарсы алушыларды бастап келген бір ересектеу жігіт тұрып:

– Балдыздарының жезделерінің атына мініп шабуы ежелден келе жатқан әдет ғой. Атынды сұрап тұрса бер, -деді.

– Мен әлі қызды да көргем жок, Сіздер бірден менің атыма неге жармасасыздар!

Шоңнын мына сөзі ауыл жастарын қарсы алуға бастап келген жігітке ұнамай қалды.

– Көрмесең, көресің, -деді ол да жақтырмай.– Ол тіктеу айтып тастады.

– Маған бұл әдет ұнамайды. Әуелі қызды көруім керек.

Күйеу баланың мына қылығы ауыл жігітінің ойынан шықпады. Мінезі қалай, өзі түсініксіздеу жігіт екен деп ойлады ол, бірақ ашық айтпады, үндемеді. Дегенмен, Шоңның мына қылығы бірге келе жатқандарды да бір жайсыздыққа түсіргендей еді,

Қыз, жігіттер қарсы алған соң, Қарақөзы мен Жамал жылдамдатып жүріп кеткен. Күйеу бала қасында қарсы алушы жастар ғана қалған. Әлгі ересектеу жігіт оңашалап Әлсеннен сұрады.

– Мына күйеу бала қалай өзі? Атына жармасқанға ренжиме.

– Шоң Ақмолада орысша оқу оқиды. Бұрын мұндай салтты көрмеген ғой. Содан кейін жасап тұр да, кейін үйренеді. Алайда, жігіт Әлсеннің айтқанына қанағаттанбады. Ауылда өскен қазақ баласы ел салтын қалай білмейді деп, өзінше бір байламға тоқтаған еді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x