Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
- Название:Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549471
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Байсарылар ауылдан боз атқа мініп шабатын бала іздеді. Оның сөзін Шоң естіп тұрған еді:
– Бұл атпен мен шабайын, -деді. Баласынын бұл сөзін Телқозы жақтырмады.
– Шапсан, өзіміздін пуылдан да аттар қатысады. Соның біріне мін. Қайдағы бір Елгелдінің атымен шауып, солардың шашбуын көтеріп қайтесің? – Теоқозы Кербестінің бір тұқымын бермеген Елгелдірге өкпелі тағы да көрсетті.
– Мен сіздердің бірінші орынды алмайтын аттарыңмен шаппаймын. Кеше Көбен осы ат не бірінші, не екінші орын алады деген. Осымен шабамын, -деді Шоң. Жанкелді бауырынды өскен Шоң Телқозыны атымен атайтын.
– Телқозы, Ерназар да, Елгелді де Сатыпалды әулетінен. Сіз неге бөлесіз. Оның ішінде Дәулетбикеденбіз. Елгелдінің аты озса, сіздің де беделіңіздің өскені.
Телқозы баласының бұл сөзін сонда да мақұлдамады. Бірақ қарсы сөз де айта алмады. Қасында тұрғандардан ұялды.
Шоңның бұл сөзінде сыр бар еді. Дәулетбике хан қызы болатын. Баяғыда сонау Есімхан заманында хан бір топ батырларын алып жорыққа шығады. Ол қайтып оралғанша Жәнібек ханның тұқымы Тұрсын Түркістанды басып алып Есімханның отбасына үлкен қорлық көрсетеді. Соғыстан қайтып оралған Есімхан Ташкентте отырған Тұрсынды бір түнде басып алып, бүкіл еркек кіндіктен туғандарын түгел қырып, қыздарын қасындағы батырларына бөліп береді. Сонда Қуандық тұқымы Бесімге Дәулетбике бұйырады, Мейрамсопының басқа ұрпақтарына да бір-бір хан қыздарын қосады. Келе жатқанда Бесім ойға қалады, бұл қалай болар екен. Бәйбішем бар, хан қызы қалай тоқал болады, ойға беріледі. Ақыры қыздан сұрайды. Оған айтқан:
«Дәулетбике, менің бәйбішем бар, сен хан қызысын. Қалай болар екен… Сен маған шын көнілден тидің бе, әлде ханның қаһарынан қорыққаныңнан келістің бе? Егер шын көңілден тисең, ана бәйбішемді талақ тастап, сені аламын».
Сонда Дәулетбике айтыпты: " Бас ием, бұл да Құдайдың жазуы шығар, саған шын берілдім. Бәйбішеңді тастама, тоқал болып отыра беремін» дейді. Бесімнің бұрыннан Бөтей деген бәйбішесі бар еді. Содан Дәулетбике Бесімнің бәйбішесін ене атап кетеді. Содан Тоқалар бір бөлігі Ене тоқасы аталып кетті. Дәулетбикеден тараған балалар ұрпағы Дәулетбике Тоқасы аталған. Айтқожа, Барғана, Сатыпалдылар хан қызы Дәулетбикеден туғанын мақтаныш ететін. Шоңның айтып тұрғаны сол еді.
Телқозының өзі де хан қызынан туғанын мақтаныш ететін, бірақ баласының мына жерде Елгелділерді қосып айтқанын ұнатпай қалды.
Шоңнын боз атпен шабатынын Таубай естіп, бізден де қанға тартатын ұрпақ өсіп келе жатыр екен деп, Байсары да Шоңның шабатынын естіп мақұлдап, қуанған еді.
Өңкей он мен он бестің арасындағы балалар атқа мінді. Аттарды Қараағаштың шығыс-оңтүстік жағындағы кең жазықтан бері ауылға қарай шабатын болды. Балалар жол бастаушысы бар, солай қарай кеткен еді. Қонаққа келен билер мен байлар талай сәйгүлігін алып келген. Жүйрік аттар көз тұндырарлықтай көп екен. Бірінен бірі өткен, әр түрлі тұқымды жұйрік, сұлу, көрікті аттар еді.
Он жеті мың біткен Тәңірбергеннің баласы Сапақ атаяғы жетер жердегі жарыстың бәріне ат қосатын. Сонау жылдары Ақмоншақ аты болатын. Сол ат талай жерлерден бірінші орын алған. Содан оның есімі бүкіл осы маңайдағы рулар ішінде дүрілдеп тұрған. Жүйрік ат сонда, сұлу қызды сол алатын. Сапақ бұл тойға да бір жүйрігін әкелген болатын. Ауыл арасындағы жарыстарды бірінші орын алып жүрген бұл атқа үміті зор болатын. Анада ағасы Қонысбайдың асында Ақмоншақ аяғы ақсап қалып қойып бірінші орын ала алмаған еді. Ауыл арасындағы күндестік қозып кетте де, Сапақ өзі ала алмаған соң Елгелділерге де бергізгісі келмеді. Сонды Елгелдінің Кербестісі бірінші келіп, үлкен дау болып ретін тауып Телқозы, Сыртанбай, Лау, Сапақ төртеуі дау айтып бірінші орынды Кербестіге бергізбей төтеден қосылды сияқты сылтау айтып, басқа сырт адамына бергізген еді. Турасын айтқанда, бірінші орынды кедей Елгелділерге қимаған. Содан Елгелділер Сапақпен де, Телқозымен де онша емес еді. Таубай болмаған соң ру аралық туысқандықты бұзбайық үшін келген еді осы тойға.
Сапақ осы маңайдағы жүйрік аттарды бірнеше есе бағасын беріп сатып алатын. Жырыстың алдында, кейін Елгелділерге сан рет барып,«маған Кербестінің бір тұқымын беріңдер» деген. Оншақты жылқы берген орнына. Сонда да көңілдері қалған бұлар бермеген болатын. Сапақ Елгелділерге содан ушулы еді. Осы жолы қайтсе де бірінші орынды алмақ ойы бар.
Сапақ бұл тойға Каракесектерден сатып алған Теңбіл көгін салды. Оған өзіне әбден сыр мінез болған Айтан деген жігітті мінгізді. Жас кезінде бір келессіз аурумен ауырып, бойы өспей қалған. Он сегізден асып кеткен ол сырт адамға он бірдегі баладай болып көрінетін. Атқа жеңіл, оның үстіне шабыскер. Қандай жарыста, тойда болмасын Сапақ ынғай осы Айтанды мінгізетін.
Тамыз айының бір шуақты күні болатын. Күн онша ыстық емес. Әдейі ат жарысына тандап алған күндей еді. Жүйрік аттарға мінген балаларды басқарып жүрген жігіт Қараағашты бойлап оңтүстікке қарай кеткен. Жиырма бес шақырымдай болды-ау шамада жарысқа қатысатын аттарды тоқтатып қолын жайып бата беріп, балаларға жол болсын айтып қоя берген еді.
Бес жүздей ат қазылар отырған ауыл жаққа қарай лап қойды. Ат тұяқтарынан жер тітіркеніп кеткендей еді. Бәрінде бір үміт, бір тілек болатын. Әр рудың балалары аруақты аталарының атын атап аттарына қамшы басты. Шоң да боз атқа Дәулетбикелеп қамшы салған. Алғашқы кезде ат тұяғынан жерден көтерілген шаңнан ештеңені біліп болмайтындай еді. Меженің жарты жолына келгенде ат арасы сиреп, жүйріктер алға кетіп, шабысы қысқа аттар кейін қала берді. Межеге он шақырымдай қалғанда алдағы аттардың қатары саусақпен санарлықтай болып қалды. Шоң байқады, алдында бес-алты ат кетіп барады. Енді кешіксе алдағылар жеткізбей кететінін сезді. Атына тағы қамшы басты. Алдағылар аттарының есін шығарардай қамшы салып келеді. Өйткені, таяқ тастар жерде жеңіс тұр. Қазаққа ат жарысынан жоғары ештене жоқ, бұнда ел намысы, атақ-абырой бәрі осында еді. Кейбір ат үстіндегі балалар қалып бара жатқанын сезіп дауыс шағарып жылай бастады. Алға кеткендерге бірінші болып баруға үміт оянған. Алда мұнартып көрінген киіз үйлер айқындалып көріне бастады. Шоң енді байқады, алда кетіп бара жатқан аттардың бірі Сапақтың Теңбілкөгі. Уә, аруақ, Дәулетбикенің атып атап, Шоң атына тағы қамшы басты. Көк ат сәт ышқынып кеткендей болды. Жанын салып шабысына шабыс қосты. Алда бара жатқан Сапақтын атымен теңесе берді. Шоң бірінші орынның аулы алыс емес екенін енді сезді. Анамыз Дәулетбикенің аруағы қолдай көр айтып тағы кезекті рет қамшы салды.
Бесімнің Дәулетбикеден тараған Барғана, Айтқожа, Сатыпалдының қайсы болмасын атқа шапқанда, жауымен соғысқанда Дәулетбикенің атын атайтын еді.
Қандарына сіңгені сонша, өздері де қалай Дәулетбикелеп кеткенін білмей қалатын. Бұл әдет Шоңға да ес білгелі кіре бастаған. Дәулетбике анамның аруағы қолда деді тағы да. Мына сөз атқа да күш бергендей екпіндеп келеді. Шоң Айтанға қатарласа бергенде ол бщз атты кеңсірік тұсынан бір тартты. Мұндайды көрмеген ат бейшара аспанға атылып тұрып қалды. Бұл кезде Айтан аты біраз жерге кетіп қалған еді. «Жануар, күшінді жина, бәрібір қуып жетеміз» деді де Шоң атына тағы қамшы басты. Бірақ Теңбілкөк жеткізбеді. Мәреге Сапақтың аты бірінші, боз ат екінші келді. Шоң аттан түскенде ғана көрді. Аттың тұмсығынан қан ағып тұр екен. Сапақта, ағайындарында ес жоқ. Айтанды ат үстінен көтеріп алып, Теңбілкөкті мойынан құшақтап сүйіп жатыр. Шоңның қаны қайнап кетті. Жүгіріп барып қамшымен Айтанды екі-үш рет тартып-тартып жіберді. Мұны көрген Сапақтың да ашуы қозып кеткендей.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: