Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Русское современное. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Бұл Елгелдінің Төлекбай атасынан бастап бар өмірі қалмақтармен соғыста өтті ғой. Бұлардың қазақтар алдында еңбегі зор. Соны ұмытпауларың керек.-Бұл сөзді балаларына арнап айтқандай еді. Қазір өзі де шал болып қалған Зейнет үндемеді. Таубай оның үнсіз қалғанын жақтырмады. Алайда, оған тиіспеді. Басқаша сөйледі.

– Жәке, оны елдің бәрі білуі міндетті емес, сіздің ұмытпағаныңызға рахмет, Алла жарылқасын. Уақыт өтеді жақсылықта та, жамандық та ұмытылады. Анау Тәңірбергеннің «бес перені»ағаларының асында ат жарысынан бізге бас сыйлықты бермеді ғой, баяғыда. Сол есімнен кетпейді.

– Өзің айтып отырсың ғой, өткеннің бәрі ұмытылады деп, сенде ұмыт, оны ендеше, -деді Жанкелді.

– Жай, сөз реті келген соң айтып отырмын.– Бұл арада Жанкелді балаларына өкпе бар еді, бірақ оны ашық айтпады Таубай. Және оны айтудың мына арада орынсыз екенін білген ол.

– Байлық деген қызық, біреулерге сәтін салады да, содан кейін байып кетеді. Тәңірбергеннің балалары да сондай сәтімен байыған адамдар еді. Сен байлықты ойлама, аталарымыз айтатын байлық бір жұттық дейтін. Тек ауылдың өсуін ойла.-Жанкелді Таубаймен кездескен сайын осы сөзді айтатын. Таубай да бұл сөзде үлкен мән беріп айтатынын жақсы түсінетін. Қазір де соны қайталап айтып отырған.

Бірақ қазақ кім көрінгенге қыздарын бере бермейді. Оның иелігіндегі малдарына қарайтын. Ал, Елгелділерде мал жағы аз еді, сондықтан бірен-саны болмаса Елгелділер екі әйел ала алмайтын. Мыңды айдаған байлар оларға қыздарын бермейтін. Би сайлауына да қатыстырмайтын. Жанкелді оның бәрін білетін. Бұларға әуелден байлықты мандайларына жазбағанын бір өкінішпен айтып отыратын. Өздерімен бірге туысқан Сатыпалдыдан тараған, оның үлкен баласы Елгелді ұрпақтарының осындай кедей болғанына іші ауыратын. Әуелінде әкелері үш баласына да бірдей байлықты бөліп берген. Басқалары байып кеткенде Елгелділерге мал құтаймай қойған. Содан ба олардың, Темештерден, алыста жатқан Қаракесектерден мал ұрлайтыны да бар еді. Олар дау шығарып, Жанкелді би алында сан келген. Бірге туған туыстарын қалай сатсын, сендер әуелі анығына жетіндермен қайтарып жіберетін. Сондықтан олар есе қайтару үшін Тоқалардың да малдарын ұрлайтын. Содан ба, Тоқалар арасында Елгелділер ұры деген лақап ат тарап кеткен. Сондықтан ұрласа да, ұрламаса да ұры атанған.

Жанкелді мына Таубайдың ренжіп келіп отырғанын біліп, біраз әнгімелесіп отырғаннан кейін Жанкелді немересі Телқозыны шақырып алды да:

– Сен мына әкен Таубайды жайлы үйге орналастыр, -деді.

– Жәке, дұрыс айтасыз, расында біз біраз дем алайық, жол ұзақ болмаса да мен шаршап қплыппын, -деді Таубай.

– Бұл сөзіңнің жөні бар. Менің басымда да сондай жағдай бар. Мына ұрпағым Телқозыдан туған Шоң шөберем ерте туған бала. Осында әлгі ағаш кесетін орыстан, соның тілін үйренген жастайынан. Содан мына Ақмолаға оқуға жіберіп едім. Сол оқудың бір жылын бітіріп келіпті. Оның үстіне қанша тірлігіміз қалды дейсің, талай адамдарды көрмегеніме көп болды, сағынған туыстармен жүздесу үшін әдейі осы тойды өткізуге өзім себепкер болып едім.

– Жәке, дұрыс жасағансыз. Енді түсіндім. Келешекте ұрпақтарымызды не күтіп тұрғанын кім білген, жауымыз Шығыстан деп жүр едік, батыстан мына орыстар шықты. Оның дос, дұшпан болатынын кім білген… Баяғыда Төлекбай атам айтты деуші еді, алдымен достың да, дұшпанның да тілін үйрен деп. Сол сөзде жөнділік бар-ау деймін, мына шаруаңыздан соны біліп отырмын. Дұрыс жасағансыз.

– Әрине, тіл арқылы бәрін білесің, тілмен басқа елдің өнерін үйренуге болады. Байқаймын, бізден гөрі орыстар өнерлі тәрізді. Олардан үйренгеннің кемшілігі жоқ. Жолдан шаршап келдің, дем ал.-Немересі Телқозыға:

– Сен мына Таубай әкенді кең, әрі бір жайлы киіз үйге қондыр.-Жанкелді айрықша сыйластық көрсеткісі келді ме, екінші рет қайталап айтты Жанкелдінің балалары әр ру басына жеке-жеке үй тіккен.-Сен Таубайға жеке үй бер, -деді немересінің адамдарды кедей, байға бөлетінін білетін Жанкелді, бұл сөзді әдейі қайталап айтып отырғаны сондықтан.

Телқозы Елгелділерге ренішті еді, Кербестінің бір тұқымын сұрағанда бермеген, оның себебі, Корыспайдың еске алу жиынындағы ат жарысында Сапақты жақтап кеткені де содан болатын. Телқозының Елгелділерге, олардың бұған теріс қарап кеткені содан еді. Көнілі қаламай тұрса да атасының жасап, Таубайдың бір өзін жеке киіз үйге жайғастырып, қасындағыларды түгел бөлек бір үйге түсірді. куәсіндей бәрі дерлік он екі қанат ақ үйлер еді. Таубайлар орналасқаннан кейін дастархан жасалып, ас келді. Қасындағылар тамақ ішіп алғаннан кейін жолдан шаршап келген Таубайдың демалуын ойлап, жеке қалдырып тамақтан соң Ашықбай бастаған басқалары тысқа шықты. Сыртта бәйгеге әкелген боз аттың қасында жүрген Жәмке жүгіріп келді.

– Аға, -деді Байсарыға- Біздің атты бір кісі қарап жүр.

Ол солай қарай беттеді. Расында, қаз-қатар байланған жылқылардың қасында бір адам жүр екен. Байсары бірден таныды.

– Көбеке, амансыз ба?

Көбен сыншы да бұл кезде сексенді алқымдап қалған кез еді. Содан да бір көрген адамын танымайтын болған. Әйтпесе, Елгелділердің талай жүйрігін жақсылап сынап берген кезінде. Көбеннің айтқаны мүлт кетпейтін еді. Бірақ қазір Байсарыны танымай қалған ол:

– Сен қай жақтан келдің?

– Мен мына Балықтыкөл-Байатардағы Елгелді боламын. Атым Байсары, танымадыңыз ба?

– Жас келді бұрынғыдй емеспін. Ылғи шатастырып аламын. Кешір, бауырым, сенің атың қайсы?

– Мына алдыңызда тұрған боз ат!

Осы арада Көбеннің көрегендігі ұстап кеткен тәрізді.

– Бұл Тәнірбергеннің Корысбайының асында шапқан Кербестінің тұқымы ма?

– Дәл өзі. Оны қайдан білдіңіз?

– Білген соң сұрап тұрмын ғой, бұл неше жаста?

– Биыл бестен асып барады…

– Ендеше, дәл бабында тұрған кезі екен.

Байсары да жас болса да жылқы жағдайын жақсы білетін. Ағаларына болмай осы бозды алып келген, сол еді.

– Кербесті қайда? -деп сұрады Көбен.

– Ол ақсап қалған.

– Одан неше тұқым алдындар?

– Содан туған жеті-сегіз жылқы бар. Бағын сынамақшы болып осы боз қасқаны алып келдік.

– Түр келбетіне қарағанда жүйрік ат болуы керек.

– Нешінші орын алады деп ойлайсыз?

– Өзінің бабында болса бірінші, не екінші орынды алуы мүмкін.

Көбен өзінің ат таңдағыш қабілетін түсіргісі келмей ме, біліп тұрса да жүйрік аттар осылай бірінші, екіншімен сөзін бітіретін, ылғи.

– Сіз осылай, бірінші, екінші деп айтасыз. Сыншы болған соң бірінші, екінші орын демей, туралап, бөліп-жармай айтпайсыз ба?!

– Айта алмаймын, – деді Көбен сыншы, -Өз қазақтарың айтады, ат шаппайды, бап шабады дейді. Осы тұрған аттардын бәрі де жүйрік. Айта алмаймын, -деді Көбен сөзін қайталап. Оның үстіне атпен шабатын балаға да байланысты. Ол атты қалай басқарса, солай болады.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x