Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
- Название:Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549471
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Мына сөз ауыр тиіп тұрса да, Таубай енді Жанкелдіні ақтағандай етіп сөйледі.
– Жанкелдіні кінәламаңдар. Бәрін жасап отырған оның балалары. -Жас күнінен мінезін жақсы түсінетін ол Жанкелдінің олай жасамайтынына сенімді еді.
– Бәрін шақырыпты, бізді кедей болған соң көзге ілмейтін тәрізді. Осы манайдағы Алтай-Қарпық балаларына түгел хабарлапты. -Бұл сөзді айтып отырған тағы да кіші баласы Байсары еді. Тойға өздерін шақырмағанға ол қатты ренжіген.
– Казір адамнан гөрі, байлықты сыйлайтын заман туды ғой, -деді осы жастардың ішіндегі үлкені Ашықбай.
– Барып Жанкелдінің кез келген баласының бір үйір жылқыларын айдап алсақ, дұрыс болатын еді, -деді біреуі.
– Одан ел арасында жанжал туады, одан түк бітпейді. Ауыл арасы бүлінеді, ештеңе ұтпайсыңдар!
– Көке, сіз қалай түсінбейсіз, олар бізді кедей деп кемітіп отыр, -деді баласы Байсары тағы да.
– Олар кеміткенімен кем болмаймыз, Құдай кемітпесін, басқасы ештене етпейді…
Сатыпалды балаларының ішінде кедей болса да Елгелділер маңдайынан жүйрік ат арылған емес еді. Санрет ру аралық, аймақтық ат жарыстарында бірінші, ең бомағанда екінші орынды алып отыратын.1834 жылы өткен Тәнірбергеннің Қонысбайының асында «отыз желком» атанған Елгелдінің көкбестісі бірінші келіп, жарты жолдан қосылғанды шығарып сылтау айтып, басқарып жүрген Сапақ, Лау мен Телқозы билеп жүлде бергізбеген еді. Бұл да ұмытылмай іште жүрген өкпе болатын. Сондықтан бұл туыстардың арасында ауыларалық араздық бар еді. Содан бірімен бірі онша қатынаса қоймайтын. Жанкелді немересінің ішіндегі пысығы, барлық шаруаны басқарып жүретін Телқозыға өкпелері бар болатын бұлардың. Бір бірін суық ұстаудың бір сыры да осында жатыр еді. Бұл жолы да Елгелділер той жарысына ақ боз атты алып келе жатқан. Оның үстіне мінгізуге он үш жасар атқа мықты Жәмкені әкеле жатыр еді. Бұл бала атқа жақсы шабумен қатар, өлең-жыр айтуға шебер, ел арасында айтылып жүрген мың-сан қисаларды жатқа білетін. Әншілігі де күшті.
Ол кезде қай ауылда болсын үлкені де кішісі де қиса десе ауызынан суы құрып тыңдайтын. Елдің сондай қасиетін білетін Байсары әдейі елдің бетін өзіне қарату үшін Жәмкені алған болатын.
Елгелділіктер түс ауа Жанкелді ауылына жақындап келді. Айналасы қаптаған киіз үйлер. Жік жоқ. Жанкелдінің өзі келген қонақтарды төбе басында қарсы алып отыр. Төрт жағы ашық, күн түспесінмен төбесіне ши ұстатып, биіктеу жерде отырған. Бұлай етіп жасап қойған себебі, шығыстан да, батыстан да, оңтүстіктен де, терістіктен де келген қонақтарды Жанкелді бірінші көру үшін әдейі осылай жасаған еді. Кешеден бері осы жерде отырып қонақтарды қарап отырған. Таусылар түрі жоқ. Шығыстан Қаржастар, Каракесектер, оңтүстіктен Тамалар мен Наймандар, батыстан Темештер мен Нұра бойынан ағайындас Жабағы, Құлымбет, Тілен, іргедесі Тиес, Аққошарлар он-жиырма атты болып келіп жатыр. Әуелі биікте қырқа басында отырған Жанкелдіге сәлем беріп, бәрі төменде тігілген киіз үйлерге жайғасып жатқан еді… Бүгін соңғы күн еді, ертең той басталады. Күн бесіндіктен асқан кезде батыстан он шақты салт атқа мінген адамдар көрінді. Көруі нашарлай бастаса да Жанкелдінің кәрі көзі шалып қалып:
– Менің көзім онша анықтай алмай тұр, мыналар кім? -деп сұраған қасында отырғандардан.
– Бұлар дәуде болса «отыз желком» Елгелділер болар, -деді біреуі.
– Қой, олай демеңдер, естіп қалса бұл Елгелділер шамқой ел, жанжал шығаруы мүмкін, -деді Жанкелді. Алайда, іргеде отырып кешігіп келе жатқан Елгелділерге ренішті еді. Ең жақын туыстардың бірі ең соңынан келе жатқаны қалай екенін түсінбей отырған Жанкелді. Бірақ бұл туралы ешкімге ештеңе айтпады.
Ауыл сыртынан қонақтарды қүтіп алып жүрген жігіттер, Таубайларды қарсы алып Жанкелді отырған араға қарай бағыттап жіберді. Таубай келіп бірінші болып аттан түсті. Жасы келіп бойы біраз отырса да әлі бойшаң еді Таубай. Сондықтан еңкейіп келіп түкті кілем үстінде отырған Жанкелдіге сәлем берді.
– Таубай батыр, жер алыс болған соң кешігіп қалдың ба? Бұл сөзде ашу да, әрі өкпе де бар еді.
– Жәке, менің келмей қалуым да мүмкін еді. Дәл іргеде отырған бізге той болатынын неге хабарламаған?
Жанкелді қасына отырған үлкен баласы Зейнетке қарады.
– Сендер Елгелділерге алдымен хабарламайсыңдар ма?!
– Әке, ол жағын мен білмеймін. Хабарлау жағын басқа біреулер алып жүрген.
– Егер мына Таубай айтқандай, хабарламағандарың рас болса, ұят болған екен…
– Туыс адамдар шақыруды күтіп жата ма, өздері келе бермей ма? -деді тағы да баласы Зейнет.
– Міне, келіп отырмыз ғой, шақыру адамды сыйлау, қадірлеу болып табылады. Жасың бірталайға келді, өзің де біздей шал болдың. Сен бәрін біліп отыруға тиістісің, ол жағын ұмытпа, -деді Таубай Зейнетке.
Бұл Елгелдіктер енді сөзді көбейтіп жібереді. Алдияр тақсыр, кешірім өтінемін, -деді Зейнет. Оның мына сөзінде бір кекету, әрі кесірлік бар еді. Таубай оны сезді. Алайда, Жанкелді алдында дауласуды жөнсіз көрді.
Таубай ойлады, рас болса рас шығар бір жағынан, бір-біріне сеніп, шатасып жүріп ұмытқан шығарға болжаған. Кеудедегі реніш әлгі Жанкелді сөзінен кейін осылай оп-оңай тарқағандай. Сол-ақ екен, көңілшек Таубай Жанкелдіні құшақтап қайыра төсін түйістірді. Бұл бауырластықтың, туыстықтың белгісіндей еді.
– Таубай, інім денсаулығың қалай? -Жанкелді Таубайдан бір жылдай үлкендігі болатын. Соны пайдаланып атына інімді қосып сөйлейтін.
– Жәке, бұрынғыдай емес, жүріс азайып кетті. Жас кезде алған жаралар, сыр беріп жүр. Сізбен де жолықпағалы бір талай заман болды. Әйтпесе, баяғыда келіп амандасып кетемін ғой.
Жанкелді қазақ-қалмақ соғысына қатысқан жоқ болатын. Жастық шағының бәрін сонау Самарқант, Бұхара қалаларынан әртүрлі бұйымдар әкелумен өткізген еді. Саудамен айналысқан. Содан жастайынан-ақ байып кеткен. Ел арасында жақсы мінезімен, байлығымен аты шыққан. Оның үстіне ананы-мынаны шалатын ақылы да бар. Сонысы үшін ағайындары қатты сыйлайтын. Бесімдіктер Жанкелдімен ақылдаспай қимылдамайтын. Бұл келіс немересі Телқозыдан туған шөбересін қолпаштау емес, Жанкелді шақырған соң келе жатқан адамдар еді.
Жанкелдінің арқасында мал да, басқа да байлықтар мол жинаған балалары Зейнет, Жәмет, Әнет, Байқозы, Қарақозының аттары байлықпен шыққан. Бұл балаларының әрқайсысы әкелерінің арқасында мыңды айдаған байлар еді. Олардан туған балалары да бай болатын. Сондықтан малдары бүкіл Қараағаш бойына сыймай жататын. Байлық адамды кеуделі етеді. Жақын туыстары Елгелділерді менсінбей, оларды ұры атауының бір сыры, сонда жатқан еді. Мына тойға шақырмаудың бір сыры осында еді. Қатар өскендіктен бе, Жанкелді Таубайды қадыр тұтып, жақсы көретін. Баяғыда, он жеті-он сегіздегі кезінде Бұхардан дүние алып келе жатқан Жанкелдінің керуеніне қазақтардан бет қарамайтындай болып жеңілген қалмақтар енді ашық соғысқа шықпай керуен жолдарын андитын. Ойламаған жерден елге жақындай бере Жанкелділер соларға кездесіп қалған болатын. Олар дүниелерін алып қана қоймай, адамдарын да қырып тастайтын, болмаса байларын құлдыққа алып кететін. Кейін құн сұрайтын. Жанкелдінің ажалы жоқ па, қалмақтар соңына түсіп жүрген Таубайлардың жасақтарына кездесіп қалып, Жанкелдіні сол жолы бір ажалдан құтқарып қалған еді. Сан жылдар өтсе де Жанкелді Таубайдың сол жақсылығын ұмытқан емес. Қазір де сол алыста қалған күндер еске түсіп сөз бастаған.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: